E) бойтұмар, айы-күні, алакөз
Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.
А) Көл жағасынан құдық қазба.
B) Үйінде озған – түбінде озар.
С) Ақыл – бастан, асыл – тастан.
D) Ақыл айтсаң – батыл айт.
E) Егінші – мәрт, жер – жомарт.
Түбір сөзді табыңыз.
А) Ақтау.
B) Дидар.
С) Орманшы.
D) Қосымша.
E) Бөлгіш.
Түбірдің ережесін анықтаңыз.
А) Негізгі ойды білдіретін бөлшек.
B) Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.
С) Жаңа мағына тудырушы бөлшек.
D) Қосымша жалғанған бөлшек.
E) Қосымша қосуға болмайтын бөлшек.
Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
А) Қасиеттер, парасат.
B) Сөздік, малақай.
С) Әділет, дәреже.
D) Шұңқыр, домалақ.
E) Бөлшек, жақсылық.
Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз.
А) - лық, -лік.
B) - -гер, -паз.
С) - сыз, -сіз.
D) - ырақ, -ірек.
E) - шы, -ші.
Туынды түбірлерді анықтаңыз.
А) Негізгі, мекені.
В) Өнім, жолдастық.
С) Тәрбие, сөздер.
D) Береке, көрімдік.
E) Елдік, баласы.
Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
А) Ағажан, әкетай.
B) Адалдық, рақымсыз.
С) Әлдірек, кеңдеу.
D) Жүрек, нашар.
E) Кес, кесер.
Бірге жазылатын сөздерді көрсетіңіз.
А) Кең өріс, балық шаруашылығы.
B) Қағаз бастылық, қалжың бас.
С) Дүние жүзі, бос сөз.
D) Ала аяқ, ал қызыл.
E) Ат спорты, ат жарыс.
Анатомиялық атауларға қатысты біріккен сөздерді көрсетіңіз.
А) Орынбасар, ешқашан, бүгін.
B) Сөзжұмбақ, Алакөл, ақсүйек.
С) Мойыномыртқа, сегізкөз, тазқарын.
D) Алтыбақан, асқазан, қаптесер.
E) Тоқішек, кейбіреу, қыстыгүні.
Кіріге біріккен қатардыкөрсетіңіз.
А) Әнеугүні, көкжөтел.
B) Білезік, әпер.
С) Өнеркәсіп, биыл.
D) Жағажай, саябақ.
E) Абайтану, әркім.
Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Аб жылан, ақ сұңқар.
B) Ағаш өңдеу, адал бақан.
С) Сықпа құрт, суық хабар.
D) Сән құмар, сасық кеуде.
E) Патша ағзам, мүйіз шақша.
Дыбыстық өзгеріске ұшырапқосарланған сөзді анықтаңыз.
А) Жүзбе-жүз.
B) Малды-малсыз.
С) Әп-әдемі.
D) Жалт-жұлт.
E) Қараптан-қарап.
Қос сөздің жасалу жолын анықтаңыз.
Кеше кешкілік көйлек-көншегін орамалға түйіп қойды.
А) Мағынасы бір-біріне жақын сөздер.
B) Мағынасы өзара қарама-қарсы сөздер.
С) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер.
D) Екі сыңары да мағыналы сөздер.
E) Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келген сөздер.
Қос сөзді көрсетіңіз.
А) Бел буу.
B) Бейне жазба.
С) Бәйге ат.
D) Бәле құмар.
E) Бәле жала.
Сын есімнен жасалған қос сөзді анықтаңыз.
А) Соңғы кезде ағамыз елдің гу-гуіне құлақ түретінді шығарды.
B) Топ-томпақ болған бала бейнесі көз алдымнан кетер емес.
С) Сөзінің соңы міңгір-міңгір бірдемеге ұласты.
D)Дәл қазір той-думанның көркіне айналғандай.
E) Кемшілік атаулыны түп-тамырымен жоятын кез жетті.
Қысқартуға болатын қатарды анықтаңыз.
А) Ат спорты федерациясы.
B) Жазушылар одағы.
С) Жаңа экономикалық аймақ.
D) Тәуелсіз Қазақстан.
E) Бұқаралық ақпарат құралдары.
Қандай сөздердің қысқартылып берілетінін табыңыз.
А) Тұрақты тіркестер.
B) Жаңа сөздер.
С) Біріккен сөздер.
D) Күрделі атаулар.
E) Қос сөздер.
Дерексіз зат есімді табыңыз.
А) Болат Бурабайды бұрын көрмеген.
B) Рәбиға зұлымдық пен зорлықтан қашып келеді.
С) Сен бесікте жатқанда, бала болып жыламадың.
D) Топтанып келіп жылқыға да шапты.
E) Екі беті алмадай қызарып кетіпті.
Жалқы есімдерді табыңыз.
А) Намыс, Ақтөбе, Құбылыс.
B) Шығарма, Кітап, Жомарт.
С) Баба, Жетісу, Айнұр.
D) Тайбурыл, Хайуан, Қарағанды.
E) Кәмшат, Едіге, “Қазақ әдебиеті”.
Етістіктен жасалған дерексіз зат есімді табыңыз.
А) Тіл байлығы – ой байлығы.
B) Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді.
С) Сол кезде бақыт дегенді бағалай білсемші!...
D) Қызық еді Аянның мінезі.
E) Қуанышыма ортақтаса келгендеріңе рахмет.
Жалқы есім де, жалпы есім де болатын дерексіз зат есімді табыңыз.
А) Ар.
B) Шаттық.
С) Көңіл.
D) Қайғы.
E) Мұң.
Туынды зат есімді табыңыз.
А) Тымақ – қысқы бас киім.
B) Ғасырлар сырын шерткен халық даналығы көңіліне ой салды.
С) Таңертең Батырбек көзін ашып, дереу сағатына қарады.
D) Мұндай шарт-шұрт қимылдар ұзаққасозылмайды да.
E) Жетектерінде жеңіл-желпі жүгін артқан жалғыз тайынша.
Күрделі зат есімді табыңыз.
А) Тарихшы Әбілғазының шежіресінде жазылған пікірді негізге алды.
B) Күнұзын аттан түспей, өзге жүргіншілерді бақылады.
С) Біз сапарға шығар алдында жазушы кітапханасын ақтарып, біраз кеңескен едік.
D) Біраздан кейін көзге түспей ғайып болды.
E) Жанын жеген әлдебір ішкі күйзелісін жасырғандай.
Етістіктен жасалған туынды зат есімдер қатарын табыңыз.
А) Күншілдік, білім.
B) Салауаттылық, зиялылық.
С) Айтыс, келісім.
D) Мұнайшы, жолаушы.
E) Жақсылы, ізгілік.
Бірігу тәсілімен жасалған күрделі зат есімді табыңыз.