Дәрістің тақырыптық жоспары

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің аты «Микроэкономика»

Мамандығы «5В050900-Қаржы», «5В050800 –Есеп және аудит», «5В050600 –Экономика»
Пәннің коды Оқу түрі Mik 1203 күндізгі
Барлығы 2 несие
Курс
Семестр
Дәріс сабақтары 20 сағат
Практикалық, семинар сабақтары 10 сағат
АБ саны
СОӨЖ 15 сағат
СӨЖ 45 сағат
Емтихан 2 семестр
Еңбек сыйымдылығы 90 сағат

А С Т А Н А – 2012 ж.

«Микроэкономика» пәнінің бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен жоғары кәсіптік білім берудің Жалпығы міндетті білім беру стандартының дипломдандырылған мамандарды (бакалавр) дайындау деңгейіне және міндетті минимум мазмұны талаптарына (компонент міндетті, базалық пәндер циклы компонент) сәйкес ҚР Ғылым және білім министрлігінің жанындағы Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңесінің «6» маусым 2006 ж. шешімімен бекітілген, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» мамандықтары бойынша оқу–әдістемелік секциясы ұсынған («25» мамыр 2006 ж. № 4 хаттама) «Микроэкономика» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес дайындалған.

Бағдарлама Экономика және менеджмент кафедрасының мәжілісінде талқыланған. «____»______________2012 ж., № _______ хаттама.

Кафедра меңгерушісі: э.ғ.к., доцент Омашева А.Б. ____________

Бағдарламаға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер

200_/200_ оқу жылы

Бағдарламаға келесідей өзгерістер енгізілді:

Бағдарлама «Экономика және менеджмент» кафедрасының «__» ­­­­_______ 2012ж. отырысында қайта қаралып, бекітілді (хаттама №__).

Кафедра меңгерушісі: э.ғ.к., доцент Омашева А.Б. ____________

Енгізілген өзгерістерді бекітемін __________________

1. Оқытушы туралы туралы мәлімет:

Раматуллаева Г.А. - э.ғ.к., доцент

Курстың пререквизиттері

Микроэкономика” курсы базалық пәнге жатады, ал оның негізінде қолданбалы экономикалық пәндер қалыптасады: “Экономикалық теория”, “Философия”, “Менеджмент теориясы мен практикасы”, “Математикадағы экономика”, “Экономикалық-математикалық модельдеу”.

Курстың постреквизиттері

“Микроэкономика” теориялық пәні “Макроэкономика”, “Экономиканы мемлекеттік реттеу”, “Қаржы”, “ Кәсіпорын экономикасы”пәндерімен тығыз байланысты.

Курстың қысқаша сипаттамасы

Микроэкономика курсы «Экономикалық теорияның» негізгі бөлімі болып табылады және жұмыссыздық, Жалпы Ішкі Өнім, Жиынтық Ішкі Өнім, инфляция және тағы басқа да ұғымдарды кәсіпорын, үй шаруашылықтары деңгейінде қарастыратын ғылым. Бұл курсы игеру студенттер үшін ары қарайғы экономика саласында білімдерін ұштауға көмектеседі, өз беттерінше үлгілер жасауға, шешімдер қабылдауға үйретеді.

Курстың мақсаты: Жеке экономикалық тұлғалардың, соның ішінде жеке шаруашылықтар мен фирмалардың, белгілі өндіріс салалары мен нарықтардың шектеулі ресурстарды дұрыс пайдалану мақсатында баламалы шешімдер қабылдаудағы іс-әрекеттерін түсіндіру болып табылады.

Курстың міндеті: Студенттерге нарықтық қатынастар туралы, оның ішінде экономикалық тұлғалар арасындағы қатынастар төңірегінде теориялық білім беру мен тәжірибелік қабілеттер қалыптастыру.

Оқу уақытын бөлу

Тақырып атауы Дәріс Семинар СОӨЖ СӨЖ
1. Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы -   0,5
2. Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері– 0,5
3. Сұраныс және ұсыныс икемділігінің теориясы  
4. Тұтынушы талғамы теориясы  
5. Өндіріс теориясы  
6. Өндіріс шығындары  
7. Жетілген бәсекелестік нарықтағы ұсыны  
8. Монополия  
9.Монополиялық бәсекелестік  
10.Олигополия  
11. Өндіріс факторлар нарығы  
Барлығы:

Дәрістің тақырыптық жоспары

Тақырыптар және олардың көлемі (сағаттар). Бақылау сұрақтары Дәрістің мақсаты және міндеттері Мәселелік сұрақтар
1. Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы -1 сағат · Микроэкономика пәні. Микроэкономикалық теорияның мақсаты мен міндеттері. · Экономикалық ресрустар. Экономиканың негізгі үш мақсаты. Зерттелетін курс мақсаттары мен міндеттерін зерттеу: · микроэкономика пәні; · адамдардың қанағатының шексіздігі; · Нарық туралы түсінік; Позитивті және нормативті талдау; Тиімді және тең өлшемді модельдер. 1. Экономикалық білім берудегі микроэкономиканың мәні. 2. Қазіргі кезде қазақстандық экономика үшін қандай микроэкономикалық мәселелер актуалды болып табылады?
2. Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері –1 сағат · Құндылық туралы түсінік және бағалар. · Сұраныс. Сұраныс функциясы. Сұраныс көлемі. Сқраныс қисығы. · Сұранысқа әсер ететін факторлар. · Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыным қисығы. Ұсыныс өзгеруі. Зерттелетін курс мақсаттары мен міндеттерін зерттеу:
  • сұраныс. Сұраныс қисығы. сұраныс өзгеруі.
  • тауарлар мен қызметтер ұсынысы.
  • ұсыныс қисығының өзгерісі.
  • Сұраныс және ұсыныс заңдары.
  • Гиффен парадоксы.
  • Веблема нәтижесі.
  • Нарықтық тепе-теңдік.
 
1. Нарықтық экономикадағы бағалық және бәсекелестік механизм ролі. 2.Нарықтық тепе-теңдік не себептен өзгереді? 3. Сұраныс пен ұсынысқа қандай факторлар және қалай әсер етеді? 4. Сұраныс және ұсыныс икемділігін анықтаудың тәжірибелік мәні.
3. Сұраныс және ұсыныс икемділігінің теориясы -2 сағат · Икемділік туралы түсінік. · Сұраныстың бағалық икемділігі. · Сұраныс қисығының икемділігі. · Нүктелік және доғалық икемділік. Сұраныстың табыстық икемділігіне әсер ететін факторлар, Энгель заңы. · Икемділік туралы жалпы түсінік беру.
  • Сұраныстың бағалық, нүктелік, доғалық икемділіктерін ажырата білу.
  • Өте икемді және өте икемсіз сұраныс.
  • Сұраныстың бағалық икемділігіне әсер ететін факторлар.
  • Сұраныстың қиылысқан бағалық икемділігі.
 
1. Икемділік ұғымы нені білдіреді? 2.Өте икемді және өте икемсіз тауарларға қандай мысал келтіре аласыз ? 3. Энгель заңы дегеніміз не?
4. Тұтынушы талғамы теориясы - 2 сағат · Пайдалылық ұғымы, пайдалылықтың сандық теориясы. · Шекті пайдалылық, Госсеннің бірінші заңы- шекті пайдалылықтың азаю принципі. · «Баға-тұтыну» қисығы. · Сапалы және сапасыз тауарлар. Пайдалылықтың реттік теориясы. Тұтынушының пайдалылықты максималдау шарттары. Госсеннің екінші заңы. Реттіліктің толық жаңа аксиомасы. Тұтынушының тәуелсіздік аксиомасы. Тойымдылық аксиомасы. Талғамсыздық қисығы. Бірін бірі толық ауыстыратын тауарлар үшін алмастырудың шекті нормасы (MRS). Алмастырудың кемімелі шекті нормасы. Бюджет сызығы. Бюджет сызығының теңдеуі. Тұтынушының тепе-теңдік шарты. Кәдуілгі тауарлар, сапасыз тауарлар және Гиффен тауарлары үшін табыс және тұтыну икемділігі. 1. Шекті пайдалылық дегеніміз не? 2. Гиффен тауарларына мысал келтіріңіз. 3. Бюджет қисық сызығы нені білдіреді? 4. «Баға - тұтыну» қисығы және «Табыс-тұтыну» қисықтары? 5. Бірін бірі толықтырушы тауарларға мысал келтіріңіз.
5. Өндіріс теориясы - 2 сағат · өндіріс туралы ұғым, өндіріс факторлары. Өндіріс технологиялары. · Өндіріс функциясы және оның қасиеттері. · Изокванталар. · Кобба-Дуглас функциясы. Өндіріс масштабының тиімділіктері. · өндіріс факторлары және өндірістік функция; · фирма өнімдері және оның түрлері; · фирманың табыстары. · Шекті өнімділіктің азаю заңы. · Тұрақты және айнымалы өндіріс факторлары. · Қысқа және ұзақ уақыт мерзімдері. Технологиялық алмастырудың шекті нормасы (MRTS). 1. Капиталды еңбекпен ауыстыру мысалын келтіріңіз? 2. Қолданылатын өндіріс факторларының арасындағы белгіленген пропорция кезіндегі изокванта?
6. Өндіріс шығындары –2 сағат · Шығындар туралы түсінік. Өндіріс шығындары және балама шығындар. · Айқын және айқынсыз шығындар. · Изокоста. Шығындарды төменгі деңгейге жеткізу шарты. · Ұзақ мерзімдегі шығындар қисығының қысқа мерзімдегі шығындар қисығымен ұқсастығы. · Шығындар функциясы. · Ұзақ және қысқа мерзімдегі шығындар. · Бухгалтерлік және экономикалық пайда. · Кәдуілгі пайда және изокоста. · Тұрақты және айнымалы шығындар. · Орташа айнымалы, орташа жалпы және шекті шығындар. Олардың арасындағы қатынас. · Изокванталар және ауқымнан әр түрлі берілу мүмкіндігіндегі шекті және орташа шығындар. · Қысқа және ұзақ мерзімдегі шығындар арасындағы байланыс. 1. Шығындарды қалай түсінесіз? 2. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар арасындағы айырмашылық қандай? 3. айқын және айұынсыз шығындар мәні неде? 4. Шығындарды төмендету мәні?  
7. Жетілген бәсекелестік нарықтағы ұсыныс- 2 сағат · Нарықтық құрылымдарының алуан түрлері · Нақты және идеал құрылымдар. Жетілген бәсекелестегі нарық модельдеріне қойылатын шектеулер. · Қысқа уақыт мерзімінде пайданы мейлінше арттыру. · Қысқа уақыт мерзіміндегі шығындарды минималдау. · Қысқа уақыт мерзіміндегі фирманың ұсыныс қисығы. · Ұзақ уақыт мерзіміндегі бәсекелес фирманың тепе-теңдігі. · Тұтынушы және өндіруші ұтымдарына талдау. 1. Жетілген бәсеке жағдайындағы фирманың іс-әрекеті. 2. Қазақстанда қандай нарықтың түрлері дамымай қалған және оған қандай факторлар әсер етуі мүмкін?
8. Монополия– 2 сағат · Монополия түрлерінің алуандығы. Таза монополия. · Монополистің өніміне деген сұраныс. · Монополистің максималды пайда нүктесі. Монополиялық биліктің болуының тиімділігі. Бағалық дискриминация. · Монополияға жалпы сипаттама. · Қысқа мерзім кезеңіндегі монополиялық тепе-теңдікті графикалық талдау. · Ұзақ мерзім кезеңіндегі монополия. · Монополияның әкелетін зардаптары. · Баға белгілеудегі «бес бармақ» ережесі. Бағалық дискриминация моделі. Әділдік және бағалық дискриминация. 1 . Таза монополия жағдайындағы фирмалар әрекеті қандай? 2. Монополия не үшін қажет? 3. Қазақстанда қандай монополияға қарсы заңдар қызмет етеді?
9. Монополиялық бәсекелестік –2 сағат Жетілмеген бәсеке және өнімді сараптау. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Монополиялық бәсекелес фирманың шығыны. · Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. · Қысқа мерзімдегі баға мен өнім көлемін анықтау. · Ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирманың тепе-теңдігі. · Өндірістік қуат артықшылықтары. · Таратылым шығындары және бағаға байланыссыз бәсекелестік. 1. Монополиялық бәсекенің негізгі белгілері қандай? 2. Монополиялық бәсекелестіктің артықшылықтары? 3. Монополиялық бәсекелестіктің кемшіліктері?
10. Олигополия - 2 сағат · Олигополияның негізгі сипаттамалары. · Олигополиялық баға қақтығыстары. Курно моделі, Штакельберг моделі, Бертран моделі. · Картель құру. · Олигополиялық баға қақтығыстары. · Курно және Штакельберг тепе-теңдігін салыстыру. Әсер сызықтары. · Баға шектелімінің формуласы. · Картельдердің құрылуы. · Тұтқындар диллемасы. · Нэш және Парето тиімділіктері. Тұрақтылық мәселесі. ҚР қандай нарықтарды олигополиялық және монополиялық нарықтарға жатқызуға болады?
11. Өндіріс факторлар нарығы -2сағат 1. Өндіріс факторлары туралы түсінік. 2. Өндіріс факторларының нарығындағы сұраныс және ұсыныс. 3. Еңбектің нарықтық ұсынысы. 4. Өндіріс факторларының нарығындағы монополиялық билік. Қоғамның шығындарын сызба түрінде талдау. Экономикалық ресурстардың ұсыныс қисығы және оның икемділігі. Ресурстардың икемділігіне әсер ететін факторлар. Тауарлар мен қызметке деген сұраныстың туындысы ретіндегі ресурсқа деген сұраныс. Еңбек, капитал және жер нарықтарының қызмет ету механизмдерін игеру. · ресурс нарықтарының ерекшеліктері; еңбек нарығы және жалақы, кәсіпкерлік қызмет және пайда. 1. Қазақстандағы еңбек нарығының жағдайы. 2. Қазақстандағы еңбек нарығындағы кәсіподақтар міндеттері. 3. Қазақстандағы жұмыссыздық: себептері, көрсеткіштері және экономикалық өсуге әсері.
  Барлығы: 20 сағат    

6. Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары

Наши рекомендации