Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
12. Пәндік нәтижелер.
13. 9-сыныптың соңында оқушылар:
1) антропогенез үдерісінің мәні мен ерекшеліктерін;
2) адамның шығу тегінің негізгі тұжырымдамаларын, адам өмірінің ерекшеліктерін, адамның мүмкіндіктері мен қабілеттерін, құндылықтар мен идеалдарды;
3) қоғамдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үдерістердің себеп-салдарлық байланыстарын;
4) адам іс-әрекетінің құрылымы мен мотивтерін, түрлерін;
5) экономика және нарықтық экономика ұғымын;
6) қоғамдағы экономиканың ролін, өмірдің сапасы мен экономиканың өзара байланысын;
7) қоғамның әлеуметтік құрылысын, оның элементтерін;
8) қоғамның саяси жүйесін;
9) Қазақстан Респбуликасының негізгі заңы - Конституцияны;
10) қоғамдағы құқықтық қатынастар, еркіндік, құқық, міндеттерді;
11) Конституциялық кепілдемелерді;
12) мораль және адамгершілік ұстанымдарын;
13) қоғам дамуындағы негізгі заңдылықтардың қазіргі заманғы мәліметтері мен түсіндірмелерін;
14) Қазақстандық құқықтың негізгі салаларындағы басты ұғымдарды білуі тиіс;
14. 9-сыныптың соңында оқушылар:
1) адамның рухани әлемін, мәдени жетістіктерін сипаттай білуді;
2) мемлекет саясатының мәнін түсіндіре білуді:
3) жаңа материалмен дербес жұмыс істеу, ізденісті жұмыспен айналысуды;
4) оқытылып отырған тақырып бойынша материалдарды жалпылау, дербес талдай білу, бастыларын анықтауды;
5) қоғам өмірінің оң және теріс құбылыстарына дербес баға беруді;
6) экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелер бойынша жеке көзқарасын білдіре білуі мен оны дәлелдеуді;
7) тест тапсырмаларымен жұмыс істей білуді;
8) тірек конспектілер, схемалар, кестелер құрастыруды;
9) ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі (мәтін, карта, кесте, схема, аудиовизуальды материал) ақпараттарды талдай білуді;
10) әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік нормалардың дамуындағы себеп-салдарлық байланыстарды және заңдылықтарды айқындауды;
11) мәдениеттің көп түрлілігі, қоғамның саяси жүйесі, экономиканың дамуы туралы алуан түрлі ақпарат көздерінен мәліметтерді тез таба білуді;
12) моральдық, этикалық, адамгершілік және құқықтық нормаларды талдау және жалпылауды;
13) қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық инстиуттардың қызметі мен материалдық өндірісті бағалау және оған сипаттама беруді;
14) жеке көзқарасын қалыптастыруды;
15) құқықтық және қоғамдық өзекті мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу, алынған мәліметтерді дәлелдеу үшін талқыланатын мәселелер бойынша жеке көзқарас қалыптастыру, құбылыстар арасындағы себеп салдарлық байланыстарды орната білуді;
16) оқып-меңгерген материалының нәтижелерін конспект, рефераттар мен рецензиялар түрлерінде көрсете білуді;
17) қазіргі замандағы құбылыстарға қатысты өз көзқарасын анықтай білу, өзінің іс әрекеттерін әлеуметтік мінез-құлықтың бұрынғы формаларымен сәйкестендіре білуді меңгеруі тиіс.
15. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және құқықтық тәртіпке сыйластықпен қараудан;
2) азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды қорғау мен оған қызмет етуден;
3) мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуден;
4) туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік көрсетуден;
5) салауатты өмір сүру, өзін қорғау және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;
6) этикалық нормаларды сақтау мен адамзат тілдесуінің жоғарғы мәдениетін көрсетуінен;
7) өз бетімен білім алу және өзін өзі жүзеге асыра білу, жасампаздық еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен;
8) үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен;
9) әлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды, идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.
16. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелерде.оқушылар:
1) ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді;
2) ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана алуы;
3) танымдық, жобалау, құрастыру және іздену, шығармашылықпен қолдану әдістерін;
4) қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды;
5) жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті қолдана білуі тиіс.