Негізгі құралдардың есебі мен аудиті
Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір кезеңнен көп пайдалану болжанады.
Негізгі құралдар түрлері бойынша бөлшектенеді. Негізгі құралдардың түрі – бұл ұйымның қызметінде сипаты және пайдаланылуы жағынан бірдей активтердің бірігуі. Жекелеген түрлердің мысалдары мыналар болып табылады:
-жер;
-жер және ғимараттар;
-машина жабдығы;
-мал
-өсімдік
-автокөліктік құралдары;
-жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік;
-кеңсе жабдығы.
Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшектеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінденегізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақыланады; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетіледі және негізгі құралдардың қор қайтарымын анықталып, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігі негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін құрастырылады. Негізгі құралдарды түгендеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасайды және олардың нәтижесін сонымен қатар негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етеді.
2400 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған.Осы бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 2410, 2420, 2430.
Негізгі құралдардың келіп түсуі мен оның қозғалысынв 2410 – «Негізгі құралдар» шоты арналған.
Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.
Негізгі құралдардың амортизациясын шоғырландыру үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоттар тобы арналған.
Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындарды шоғырландыру үшін 2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар» шоттар тобына арналған.
Негізгі құралдар аудитінде қолданылатын ақпарат көздері кәсіпорын қабылдаған есеп саясатына тәуелді болады. Бұл есеп формасын таңдауда көрінеді: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі, қарапайымды, сонымен қатар қолданыстағы регистрлер тізімінде, олардың құрылуында, кезектілігінде және оларда жазу жүргізу тәсілінде. Бірақ есептің кез- келген формасында негізгі құралдар бойынша операциялар алғашқы есептік құжаттаудың бірыңғайлы ведомісті аралық формалары мен толтырылуы тиіс екендігін есте сақтау керек:
НҚ-1 формасы – негізгі құралдарды қабылдау - жіберу актісі;
НҚ-3 формасы – жөнделген, қайта құрылған және жетілдірілген объектілердің қабылдау – тапсыру актісі;
НҚ-4 формасы – негізгі құралдарды жою актісі;
НҚ-4а формасы – автокөлік құралдарын жою актісі;
НҚ-6 формасы - негізгі құралдар есебінің
НҚ-14 формасы – қондырғыларды қабылдау туралы акті;
НҚ-15 формасы - қондырғыларды монтажға қабылдау – жіберу актісі;
НҚ – 16 формасы қондырғылардың анықталған кемістігі туралы акті.
Негізгі құралдар қозғалысы мен олардың тозуының синтетикалық есебі №13,10 және 10/1 журнал – ордерлерде жүргізіледі, ал компьютерлік ақпараттық технологияларды қолданған кезде 01, 02 шоттары бойынша дебеттік және кредиттік айналымдар машинаграммосында жүргізіледі.
Негізгі құралдар есебінің аудитінің негізгі бағыттары келесілерді қамтамасыз етеді:
Негізгі құралдардың тұтастығы мен бар болуын бақылау;
Жабдықтардың негізгі құралдарға жатқызылу дұрыстығы;
Негізгі құралдардың есепте бағалану дұрыстығы;
Негізгі құралдардың түсуі мен шығуы бойынша операциялардың есепте көрінуі мен толтырылуы дұрыстығы;
Негізгі құралдардың тозуы мен жөнделуінің есепте көрінуі мен есептелу дұрыстығы;
Бухгалтерлік есеп пен есеп беруде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтердің көріну дұрыстығы.