Контейнерден алу (Извлечь содержимое) командасы
Астана
Пәннің оқыту-әдістемелік кешені (ПОӘК) «5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандықтарына арналған Жұмыс оқу жоспары негізінде дайындалған.
Пәннің оқыту-әдістемелік кешені (ПОӘК) «Информатика және қолданбалы экономика» кафедра отырысында талқыланып, қарастырылған
№ ____хаттама, «_____» _____________ 2016 жыл.
Кафедра меңгерушісі______________________ Б.Серимбетов
Пәннің оқыту-әдістемелік кешені(ПОӘК) Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетітің Қолданбалы ғылымдар факультетінің Кеңесінде бекітілген.
Факультет кеңесінің № ____ хаттамасы, «___»____________ 2016 жыл.
Мазмұны
1.Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
2.Студенттерге арналған пәнді оқыту бағдарламасы
3.Дәріс кешені (тезистері)
4.Қорытынды бақылауды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулығы
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
Пәнің коды және аты:MTN 3221 «Мультимедий технология негіздері»
Мамандығы (шифр, атауы) 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламамен
қамтамасыз ету
Оқу түрі: күндізгі
Кредит саны | |
Курс | |
Семестр | |
Дәрістер (сағат) | |
Семинар/тәжірибелік сабақтар (сағ.) | - |
Зертханалық сабақтар (сағ.) | |
БОӨЖ (сағ.) | |
БӨЖ (сағ.) | |
Бақылау түрі | емтихан |
Астана
1. Оқытушы жөнінде мәлімет: | Сайтова Роза Болатқызы «Информатика және қолданбалы экономика» кафедрасының аға оқытушысы, магистрі |
2.Пәннің пререквизиттері | «Информатика»,«Қолданбалы математика», «Программалау» «Визуальді программалау» |
3. Пәннің Постреквизиттері | «Дипломдық жұмыс» |
4. Пәнді оқытудағы мақсаты
Графикалық жүйенің техникалық құрылғыларын қалыпқа келтіру және орналастыруға, ЭЕМ-да практикалық есептердің графикалық жүйеде рациональды нұсқасын таңдай білуге және ақпаратты бағдарламалық құрылғыларының рациональды нұсқасын таңдауға, кескіндемелерді талдауда графикалық жүйенің дамуының рациональды нұсқасын таңдау.
5. Пәнді оқытудың міндеттері
- CorelDraw -графиканың негізгі алгоритмдерін білу;
- Видеоадаптердің төменгі, орташа және жоғары деңгейдегі әдісі мен тәсілдерін оқып үйрену;
-Графикалық программалардың интерфейсін құруды, жазықтықта және кеңістікте графикалық сценасын программалауды білу қабылетін оқып үйрену
6.Пәннің күнтізбелі тақырыптық жоспары
№ | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | |||
Дәріс | Зертхана жұмысы | БӨОЖ | БӨЖ | ||
Кіріспе. CorelDraw фигуралар тұрғызу. | |||||
CorelDraw сызықтарды жасау. | |||||
CorelDraw қүрделі объектілер тұрғызу | |||||
CorelDraw заливка құралын қолдану | |||||
CorelDraw-ғы Интекративное перетекание құралы. Көлемді имитациялау | |||||
Powerclip. Растрлік бейнелерді өңдеу | |||||
Интерактивный объем құралы. Интерактивное искажение құралы. Көлем имитациясы | |||||
Барлығы |
7.Әр тақырыптың мазмұны
№ | Тақырып атаулары | Дәріс жоспары және мазмұны |
Кіріспе. CorelDraw фигуралар тұрғызу. | 1.Пайдаланушының жұмыс ортасы мен интерфейсі 2. Графиканың құралдар панелі | |
CorelDraw сызықтарды жасау. | 1. Қисық моделі 2. Сыну нүктелері 3. Тегістелген тораптар 4. Симметриялы торап 5. Тұйықталған, тұйықталмаған және қосылған сызықтар | |
CorelDraw қүрделі объектілер тұрғызу | 1. Объектілермен жұмыс істеудің қосымша мүмкіндіктері 2. Орналасу вкладкасымен жұмыс істеу мысалы | |
CorelDraw заливка құралын қолдану | 1. "Заливка" құралы | |
CorelDraw-ғы Интекративное перетекание құралы. Көлемді имитациялау | 1. "Интерактивное перетекание" эффектісі 2. "Интерактивная прозрачность" эффектісі | |
Powerclip. Растрлік бейнелерді өңдеу | 1. "PowerClip" командасының жиынтығы 2. Контейнерге енгізу командасы 3. Контейнерден алу командасы 4. Редактрлеу командасы 5. Растрлық бейнелерді өңдеу | |
Интерактивный объем құралы. Интерактивное искажение құралы. Көлем имитациясы | 1. Интерактивный объем құралы 2. Интерактивное искажение құралы. 3. Көлем имитациясы |
Дебиеттер
Негізгі әдебиеттер тізімі
1. Глушаков С.В.Кнабе Г.А. Компьютерная графика – Москва 2001.
2. Пантюхин П.Я., Быков А.В. Компьютерная графика Москва, 2008
3. Джакабаев Ж.Ж. Компьютерная графика, Алматы, 2001
4. Тимофеев Г., Тимофеева Е. Графический дизайн, Ростов-на Дону, 2004
5. Миронов Д. «Corel DRAW 12»: Учебный курс. –СПб.: Питер, 2004
Қосымша әдебиеттер тізімі
1. Мұхамбетжанова С. Т. Компьютерлік дизайн. – Алматы, 2007.
2. Балафанов Н., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. – Алматы, 2003.
3.Мюррей Д.Д., Райпер У. Энциклопедия форматов графических файлов. Пер. С анг. Киев: ВНҮ, 1997,
4. М.Н. Петров, В.П.Молочков Компьютерная графика. Учебник (+CD) /– СПб.: Питер, 2002
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
«Информатика және қолданбалы экономика» кафедрасы
Студенттерге арналған пәнді оқыту бағдарламасы
(Syllabus)
Пәннің коды және аты:MTN 3221 «Мультимедий технология негіздері»
Мамандық (шифры, атауы): 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету
Кредит саны | |
Курс | |
Семестр | |
Дәрістер (сағат) | |
Семинар/тәжірибелік сабақтар (сағ.) | - |
Зертханалық сабақтар (сағ.) | |
БОӨЖ (сағ.) | |
БӨЖ (сағ.) | |
Бақылау түрі | емтихан |
Астана
«Мультимедий технология негіздері» пәнінің оқыту бағдарламасы (Syllabus) 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандықтарына арналған Жұмыс оқу жоспары негізінде дайындалған
Оқыту бағдарламасы (Syllabus) «Информатика және қолданбалы экономика» кафедра отырысында қарастырылып, талқыланды
№ ____ хаттама, «_____» _____________ 2016жыл.
Кафедра меңгерушісі ________________________Б. Серимбетов
Оқыту бағдарламасы (Syllabus) Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетітің Қолданбалы ғылымдар факультетінің Кеңесінде бекітілген
Факультет кеңесінің № ____ хаттамасы, «___»__________ 2016жыл
1. Оқытушы жөнінде мәлімет: | Сайтова Роза Болатқызы «Информатика және қолданбалы экономика» кафедрасының аға оқытушысы, магистрі |
2.Кредит саны: 2 | |
3.Пәннің пререквизиттері | «Информатика»,«Қолданбалы математика», «Программалау» «Визуальді программалау» |
4. Пәннің постреквизиттері | «Дипломдық жұмыс» |
5. Пәннің сипатамасы:
5.1 Пәнді оқытудағы мақсаты:
Графикалық жүйенің техникалық құрылғыларын қалыпқа келтіру және орналастыруға, компьютерда практикалық есептердің графикалық жүйеде рациональды нұсқасын таңдай білуге және ақпаратты бағдарламалық құрылғыларының рациональды нұсқасын таңдауға, кескіндемелерді талдауда графикалық жүйенің дамуының рациональды нұсқасын таңдау.
5.2 Оқытудан күтілетін нәтижелер – компетенциялар (білу, үйрену, дағдылану)
Білуі: Компьютерде графикамен жұмыс істеу принциптерін, компьтерде ақпараттық графиканың негізгі модельдерін құруды,әмбебап графикалық жүйелері ортасында іске асырылған, сызба жұмыстарды автоматтандырудың жаңа технологияларын білу.
Қолдана білу:Графикалық ақпараттарды өңдеуде компьютерлік бағдарламаларды, конструктивті есептерді шығару үшін арнай құралдарды таңдау, мәтінді,кестелерді, әртүрлі деңгейдегі сызбаларды құрғанда құралдарды қолдану
Дағдылануы :жұмыс істеу кезінде заттың кешенді сызбаларын жасауды және өңдеуді, суреттер мен моделді ,объектіні тұрғызуда компьютерлік графиканы пайдалана білу.
6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
№ | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | |||
Дәріс | Зертхана жұмысы | БӨОЖ | БӨЖ | ||
Кіріспе. CorelDraw фигуралар тұрғызу. (Н.Ә-2,3;Қ.Ә-2,4) | |||||
CorelDraw сызықтарды жасау. (Н.Ә-2,3;Қ.Ә-2,4) | |||||
CorelDraw қүрделі объектілер тұрғызу. (Н.Ә-2,3;Қ.Ә-2,4) | |||||
CorelDraw заливка құралын қолдану. (Н.Ә-2,3;Қ.Ә-2,4) | |||||
CorelDraw-ғы Интекративное перетекание құралы. Көлемді имитациялау (Н.Ә-2,3;Қ.Ә-2,4) | |||||
Powerclip. Растрлік бейнелерді өңдеу (Н.Ә-5;Қ.Ә-3) | |||||
Интерактивный объем құралы. Интерактивное искажение құралы. Көлем имитациясы(Н.Ә-5;Қ.Ә-3) | |||||
Барлығы |
7. БӨЖ графикгі
№ | Тапсырмалар тақырыбы | Бақылау түрі | Тапсыру мерзімі (апта) |
Графикалық мәліметтер ұсынысы | Ауызша, Презентация | ||
«CorelDraw танысу» (оқытушының көрсетуімен) тақырыбы бойынша тапсырманы орындау | Ауызша, Зерттеу жұмысы | ||
«CorelDraw мәтінмен жұмыс» (оқытушының көрсетуімен) тақырыбы бойынша тапсырманы орындау | Презентация, Шығармашылық жұмыс | ||
«CorelDraw объект құру» (оқытушының көрсетуімен) тақырыбы бойынша тапсырманы орындау | Презентация, Зерттеу жұмысы | ||
«CorelDraw заливка құру» (оқытушының көрсетуімен) тақырыбы бойынша тапсырманы орындау | Презентация, Зерттеу жұмысы | 5-6 | |
«CorelDraw перетекание құру» (оқытушының көрсетуімен) тақырыбы бойынша тапсырманы орындау | Реферат Зерттеу жұмысы | 7-8 | |
Растрлік жұмыс. (оқытушының көрсетуімен) тақырыбы бойынша тапсырманы орындау | Тест жұмысы | 9-10 | |
Координаттарды түрлендіру (оқытушының көрсетуімен) тақырыбы бойынша тапсырманы орындау | Ауызша, Презентация, | 11-12 | |
"Интерактивная прозрачность" эффектісі (оқытушының көрсетуімен) тақырыбы бойынша тапсырманы орындау | Ауызша, Презентация, Шығармашылық жұмыс | ||
Жазықтықтағы фигуралардың кесілуі» | Презентация, Шығармашылық жұмыс | ||
Сұрақ бойынша емтиханға дайындалу | Ауызша, Cұрақ-жауап |
Дебиеттер
Негізгі әдебиеттер тізімі
1. Глушаков С.В.Кнабе Г.А. Компьютерная графика – Москва 2001.
2. Пантюхин П.Я., Быков А.В. Компьютерная графика Москва, 2008
3. Джакабаев Ж.Ж. Компьютерная графика, Алматы, 2001
4. Тимофеев Г., Тимофеева Е. Графический дизайн, Ростов-на Дону, 2004
5. Миронов Д. «Corel DRAW 12»: Учебный курс. –СПб.: Питер, 2004
Қосымша әдебиеттер тізімі
1. Мұхамбетжанова С. Т. Компьютерлік дизайн. – Алматы, 2007.
2. Балафанов Н., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. – Алматы, 2003.
3.Мюррей Д.Д., Райпер У. Энциклопедия форматов графических файлов. Пер. С анг. Киев: ВНҮ, 1997,
4. М.Н. Петров, В.П.Молочков Компьютерная графика. Учебник (+CD) /– СПб.: Питер, 2002
9.Бақылау түрлері
9.1 Білімді бақылау құрылымының формасы
Үлгерімді ағымдағы бақылауда білім алушының орындаған оқу жұмысының әр түрі үшін: дәріс, пратикалық сабақ, зертханалық жұмыс, өз беттік жұмыс оқу жетістіктері 100 баллдық шкала бойынша бағаланады. Үлгерімнің ағымдағы бақылаудың қорытынды нәтижесі академиялық уақыт арасында алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық қосындысын есептеу арқылы анықталады. Бұл кезде дәрістік, практикалық сабақтар, зертханалық жұмыс және БӨЖ-ның үлесті салмақтары рет бойынша келесідей бөлінеді: 30%, 30%, 40%.
Білім алушылардың рейтингісін қою шкаласы төменде келтірілген.
Білім алушылардың рейтингісін қою шкаласы
№ | Бақылау құрылымы | Апталар | Қорытынды | ||||||
АБ 1 | |||||||||
Дәрістік сабақтар | (700/7х30%) | ||||||||
Зертханалық жұмыс | (700/7х30%) | ||||||||
БӨЖ | (700/7х40%) | ||||||||
Барлығы |
№ | Бақылау құрылымы | Апталар | Барлығы | |||||||
АБ 2 | ||||||||||
Дәрістік сабақтар | (800/8х30%) | |||||||||
Зертханалық жұмыс | (800/8х30%) | |||||||||
БӨЖ | (800/8х40%) | |||||||||
Барлығы |
Пән бойынша қортынды баға пайыздық мөлшерде келесі формула бойынша анықталады:
Қ% = АБ1+АБ2 х 0,6 + Е х 0,4
2
мұндае: АБ1 – 1-ші рейтингт бағасының пайыздық мәні;
АБ2 – 2-ші рейтингт бағасының пайыздық мәні;
Е – емтихан бағасының пайыздық мәні.
9.2 Білімді баллдық-рейтингтік бағалау жүйесі
Әріптік баға бойынша бағалау | Сандық бағалау эквиваленттері | Меңгерілген білімдердің проценттік мәні | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
А | 4,0 | 95-100 | өте жақсы |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | жақсы |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | қанағаттанарлық |
С | 2,0 | 65-69 | |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,0 | 50-54 | |
F | 0-49 | қанағаттанарлықсыз |
10. Академиялық тәріп саясаты
Білім алушы міндетті:
· Барлық сабақтарға қатысуға және оқу процесіне белсенді қатысуға;
· Барлық сабақтарға бар ниетпен дайындалуға;
· ҚазЭҚХСУ білім алушыларының ар кодексін бұлжытпау орындауға;
· Себепсіз сабаққа кешікпеуге;
· Ұстамды, игілікті, мейірімді болуға.
Дәрістің кешені (тезисі):
Дәріс №1.Кіріспе. CorelDraw фигуралар тұрғызу.
Дәріс жоспары
1. Пайдаланушының жұмыс ортасы мен интерфейсі
2. Графиканың құралдар панелі
Дәрістің қысқаша мазмұны
1) CorelDRAW жүктеу Windows үшін стандартты басты меню көмегімен орындалады. Экранда программаны жүктегеннен кейін пайдаланушылық интерфейсінің негізгі элементтерімен CorelDRAW басты терезесі ашылады (1-сурет).
1-сурет. CorelDRAW пайдаланушысының жұмыс ортасы
Беттің параметрі мен өлшем бірлігін өзгерту
Жаңа құжат құрғаннан соң кейде баспа бетінің өлшемі бойынша қабылданған өзгерту қолданылады. Бұл операция атрибуттар панелінің элементтері көмегімен орындалады (2-сурет).
2-сурет. Атрибуттар панелі
Құжаттың баспа бетінің өлшемі атрибуттар панелінің сол жақ позициясында орналасқан ашылмалы тізім Paper Type/Size (Тип/Қағаз форматы) көмегімен таңдап алынады. Баспа бетінің өлшемі қағаз форматына сәйкес келуі қажет емес. Тек беттің өлшемінен аспаса жеткілікті.
2) Графиканың құралдар панелі
Графиканың құралдар панелі терезенің сол жағында орналасқан, CorelDraw графикалық құралдарының батырмаларынан тұрады, олар құру және редактрлеумен байланысты көптеген процедураларды жүзеге асырады. Оң жақ бұрышында кішкене үшбұрышы бар белгішелер ашылады. Ол үшін сол құралдың батырмасына курсорды орнатып, тышқанның сол жақ батырмасын біраз уақыт ұстай тұрып немесе сол үшбұрышқа тышқанмен шертуге болады.
Графика панелі төменде келтірілген CorelDraw құралдарына кіруді қамтамасыз етеді.
Көрсеткіш объектілерді өзгерту үшін ерекшелейді. | ||
Төртбұрыш– төртбұрыш салуға мүмкіндік береді. | ||
Эллипс эллипс салуға мүмкіндік береді. | ||
Мәтін –мәтінмен жұмыс істеуге арналған. | ||
Интерактивті ашықтық объектілердің ашықтығын басқарады. | ||
Фигуратобы құралдардан тұрады | ||
Фигура формыөзгерісін береді | ||
Пышақ– объектілерді кесу сызықтары бойынша бөлшектеуге арналған | ||
Ластик– объектілердің бөлігін жоюға арналған | ||
Қисық (Кривая)мына құралдардан тұрады: | ||
Қисық– «қолмен» сызықты салуға арналған; | ||
Қисық Безье тірек нүктелерде шерту арқылы түзу сызықтар салуға арналған | ||
Сурет салу (Живопись)тұрақты немесе айнымалы қалыңдықты перомен сурет салуды имитациялауға арналған; | ||
Өлшем (Размер) құралы чертеждерде өлшемді сызықтар мен белгілеулер қою үшін пайдаланылады | ||
Біріктіруші түзу (Соединительная линия)екі объектіні біріктіретін түзу сызықтар салуға қолданылады; | ||
Интерактивті біріктіруші сызықобъектілерге қосылатын және олармен бірге орын ауыстыратын, объектілерді сызықтармен қосуға арналған. | ||
Масштаб тобына мыналар кіреді: | ||
Масштабобъектілерді масштабтауға арналған. | ||
Панорама – барлық жұмыс столында көріну облысының орнын алмастыруға арналған | ||
Көпбұрыш (Многоугольник) тобы мына құралдардан тұрады: | ||
Көпбұрыш бұрыштардың берілген санымен көпбұрыш салады; | ||
Спиральспираль салуға мүмкіндік береді; | ||
Қағазды бөлшектеу | ||
Интерактивті құрал Заливка мына құралдардан тұрады: | ||
Интерактивті құрал Заливка объектілерді құю әдісімен басқарады. | ||
Бұрыштар бойынша интерактивті құю (Интерактивная заливка по углам)тірек нүктелермен шектелген, оларды жеке сегменттерге бөліп, құюды редактрлеуге мүмкіндік береді; | ||
Интерактивті алмасу (Интерактивное перетекание)мыналардан тұрады: | ||
Интерактивті алмасу аралық трансформацияның берілген санымен бір объекттен екіншісіне ауысуға мүмкіндік береді. | ||
Интерактивті контурқұралыобъекті контурының дубликатын құрады. Орын ауыстыру (орталыққа немесе ішке) бағытына байланысты дубликаттар сыртқы немесе ішкі контур түзеді. | ||
Итерактивті жылжу (Интерактивное искажение)құралыобъектінің тез деформациялауға арналған. Ол үшін қасиет панелінде деформация типтері таңдап алынады. | ||
Интерактивті қабықша (Интерактивная оболочка) құралытаңдап алынған объектілердің контурын модификациялауға мүмкіндік береді. | ||
Интерактивті басу (Интерактивное выдавливание)құралыпсевдоүшөлшемді бейне құрайтын үшінші координаты бойынша тегіс объектілерді «басуға» мүмкіндік береді. | ||
Интерактивті көлеңке (Интерактивная тень)таңдап алынған объекттен алынатын көлеңке эффектісін құрады. | ||
Пипетка тобы: | ||
Пипетка объектінің контур немесе элементін құю түсін ағымды етіп таңдап алуға мүмкіндік береді. | ||
Краска құралы көмегімен бұл параметрлерді басқа объектілерге қолдануға болады. | ||
Абрис контур параметрлерімен басқарады. Бірінші екі белгіше абрис перосы мен абрис түсі диалогтік терезесіне кіруді қамтамасыз етеді. | ||
Қалған белгішелер контур қалыңдығының стандартты мәнін таңдауға мүмкіндік береді. | ||
Құю (Заливка)құю параметрлерімен басқарады. | ||
Бейне масштабы
Стандартты құралдар панелінде үнсіз келісім бойынша Ұлғайту деңгейінің ашылмалы тізімі тұр. Оның енгізу өрісінде бейненің ағымды масштабы көрсетіледі. Оны өз ыңғайыңызға қарай өзгертуге болады.
3сурет. Қасиеттер панелінде масштабтау құралдары
Сонымен қатар, бейнені өзгертуге мүмкіндік беретін Масштабқұралы бар.
CorelDraw объект түсінігі
Векторлы форматтағы кез келген бейне көптеген құрама бөліктерден тұрады, олар бір біріне тәуелсіз редактрленеді. Олардың бейне құрылатын басты элементтері объект деп аталады. Объект болып бейне элементтері: түзу, қисық, эллипс, төртбұрыш, көпбұрыш және т.с.с. аталады. Бірнеше объектілердің комбинациясы көмегімен жаңа объект құруға болады. Сонымен қатар, CorelDraw объектілердің тобын бір бүтін объект ретінде топты ары қарай редактрлеу үшін құруға болады.
Дәріс №2. CorelDraw сызықтарды жасау.
Дәріс жоспары
6. Қисық моделі
7. Сыну нүктелері
8. Тегістелген тораптар
9. Симметриялы торап
10. Тұйықталған, тұйықталмаған және қосылған сызықтар
Дәрістің қысқаша мазмұны
CorelDRAW-да сызықтардың әр түрлі кластарын көрсету үшін объектілердің бірнеше класы қарастырылған. Объектілер жалпы құрылым белгісі бойынша бір класқа біріктіріледі.
Қисық моделі(Модель кривой)
CorelDRAW-да қабылданған сызық моделі негізінде екі түсінік жатыр: торап (узел) және сегмент. Торап деп бейне жазықтығындағы нүкте аталады. Сегмент деп екі айқас торапты біріктіретін сызық бөлігі аталады. Торап пен сегмент бір-бірімен байланысқан: тұйық сызықта қанша торап болса, сонша сегмент бар, ал тұйық емес сызықта – біреуге көп.тораптың үш типін ерекшелейді: тұйықталмаған қисықтың бастапқы торабы, түзусызықты (Line) және қисықсызықты (Curve).
1-сурет. Сызықтың сегменттері мен тораптары
2-суретте көрсетілген тораптың барлық компоненттері экрнада көрсетіледі, бірақ егер бұл торап Форма (Shape) құралы көмегімен алдын ала ерекшеленген болса.
2-сурет. Сызық торабының «құралы»
Сыну нүктелері
Торап сыну нүктесі деп аталады, бірақ торапта оған жататын екі сегментпен жүргізілген жанама бір түзуде жатпаған жағдайда аталады, ол бұрыш түзеді, оны бұруға болады. Сыну нүктелерінің мысалы 3-суретте келтірілген.
3-сурет. Сыну нүктелері: түзусызықты сегмент, түзусызықты және қисықсызықты сегмент, екіқисықты сегмент қиылысында
Тегістелген тораптар
Егер торап арқылы оның екі сегментімен жүргізілген жанама бір түзуде жатса, торап тегістелген деп аталады. Тегістелген торап мысалы 4-суретте келтірілген.
4-сурет. Тегістелген торап: түзусызықты және қисықсызықты сегмент қисылысында
Екі түзусызықты сегмент қиылысында жатқан торап тегістелген бола алмайды, егер екі сегмент бір түзуде жатса.
Симметриялы торап
Симметриялы деп тегістелген торап аталады, оның бағыттаушы нүктелері өзінен тең алыстатылған. Сыну нүктелері мен тегістелген торапқа қарағанда симметриялы тораптар жиі қолданылмайды. Симметриялы торап мысалы 5-суретте келтірілген.
5-сурет. Симметриялы торап мысалы
Тұйықталған, тұйықталмаған және қосылған сызықтар
Сызықтың шеткі тораптарының саны мен жағдайын қарастыруға негізделген сызықтардың тағы бір классификациясы бар.
Шеткі торап деп оның бір сегментімен ғана айқасқан сызық торабы аталады. Алдыңғы сегменті жоқ сызық торабы бастапқы деп аталады.
Бастапқы торабы бар сызық тұйықталмаған деп аталады. Шеткі тораптары жоқ сызықтар тұйықталған деп аталады.
Тұйықталған торапта бастапқы және шеткі торап ролін бір торап қана орындайды, сондықтан оның алдыңғы және соңғы сегменті бар. Демек, тұйықталған сызықта бастапқы торап жоқ, бірақ экранда Форма құралымен торапты таңдау кезінде құру кезінде сызықтың тұйықталған торабы бастапқы торап сияқты сондай дөңгелек бұрыштары бар ұлғайтылған квадратпен белгіленген. Қосылған сызықтар бұл бірнеше тармақтардан тұратын объектілер, олардың әрбіреуі тұйықталған және тұйықталмаған сызықты көрсетеді. Қосылған объектілер Соединить (Combine) командасымен объектілерді қосу операциясын орындау кезінде туындайды. Қосылған объекттің ерекше белгілері болып бірнеше тораптардың бір объектте ұлғайтылып белгіленген квадраттарының бар болуы табылады. Сонымен қатар, ерекшеленген объектте бірнеше тармақтардың бар болуы туралы мағлұмат Форма құралымен сызықты ерекшелеу кезінде тораптар санынан кейін күй жолында шығарылады. 6-суретте тұйықталған, тұйықталмаған және қосылған сызықтарға мысал келтірілген.
6-сурет. Тұйықталған (сол жақта), тұйықталмаған (ортасында) және қосылған (оң жақта) сызықтарға мысал
CorelDRAW кез келген графикалық объектісі қисыққа түрленуі мүмкін емес. Және керісінше, көптеген күрделі объектілер бір немесе бірнеше сызықтар негізінде құрылады. Сондықтан сызықтың модельдерін және сызықтармен жұмыс істеу қабілетін түсіну бейне құруда маңызды роль ойнайды.
Әртүрлі типтегі сызықтарды құруға мүмкіндік беретін құралдар CorelDRAWда Свободная форма (Кривая) құралының ашылмалы панелінде келтірілген.
7-сурет. Бос форма құралының ашылмалы панелінің батырмалары
Сызықтар мен құралдар
Бос форма құралы тышқанның орналасу траекториясын қисыққа түрлендіреді. Сонымен қатар сызықтың тораптары мен сегменттері Бос форма құралының баптау параметрлеріне сәйкес автоматты түрде түзеледі.
Кейде сызық тұрғызу кезінде басқа құрал – Безьені пайдаланады.
Сызықтар және Безье құралы
Безье құралымен жұмыс істей отырып, құрылатын қисық сызықты тышқанмен салуға әрекет салу қажет емес. Оның орнына болашақ қисық торабының орналасу жерін беру керек және құру процесінде оның бағыттаушы нүктелерінің орналасу жеріне әсер етуге мүмкіндік туындайды.
Сыну нүктесін құру үшін С (Cusp) батырмасын басып тұру керек. Пернетақта ол кезде латын тілін енгізу режимінде жұмыс істеуі керек. Перне-модификаторды басқаннан соң бағыттаушы нүктелер тораптың таңдап алынған типіне сәйкес салына бастайды. Тегістелген торапты құру үшін S (Smooth) пернет-модификаторы пайдаланылады.
CorelDRAWда қисықтың формасын редактрлеу оның тораптарына Форма құралының әсер етуне байланысты орындалады. Сегменттер үшін тек бір ғана редактрлеу операциясы қарастырылған, яғни сегменттің түзусызықтыдан қисықсызықты типіне өзгеруі немесе керісінше. Бірақ бұл жағдайда ең бірінші сегмент ерекшеленбейді, ал оған сәйкес қисықтың торабы ерекшеленеді.
Тораптарды редактрлеу
Меню командасынан басқа, тораптарды редактрлеу атрибуттар панелінің батырмалары көмегімен мүмкін. Ол төменгі суретте (8-сурет) көрсетілген.
Тораптарды қосу және жою
Қисыққа қажет форманы беру үшін оған жаңа тораптар орналастыру қажет. Оның қарапайым әдісі – жаңа торап пайда болатын қисықтың сол нүктесіне Форма құралының көрсеткішін екі рет шерту арқылы орындауға болады. Екі рет шерткен соң қайта құрылған торап ерекшеленеді, оған атрибуттар панелінің сәйкес батырмалары немесе контекстік меню командалары көмегімен қажет типті беруге болады.
Егер қисықтың бар торабын ерекшелеп, атрибуттар панелінде «плюс» таңбасымен батырманы шертсек, жаңа торап алдыңғы ерекшеленген торапқа сәйкес сегмент ортасына қойылады, сонымен қатар екі торап та (алдыңғы және жаңа құрылған) ерекшеленген болады. Торапты қосу батырмасын қайталап шретсек, екі жаңа тораптың пайда болуына әкеледі.
8-сурет. Қисықтың ерекшеленген тораптарының жиынтығы үшін атрибуттар панелі
Тораптарды тегістеу
Тораптарды тегістеу деп олардың орналасуын горизонталь не вертикаль бойынша орналастыруды айтамыз, яғни олар бір горизонтальды немесе вертикальды қисықта немесе түгел бірге орналасуы керек. Тегістеу тек қисыққа жататын біреуден көп торап ерекшеленген жағдайда ғана мүмкін. Бірнеше тораптарды ерекшелегеннен кейін Упорядочить – Выровнять и распределить командасын орындау керек және экранда торапты тегістеу диалогтік терезесі пайда болады (9-сурет).
9-сурет. Тегістеу диалогтік терезесі
Дәріс №3.CorelDraw қүрделі объектілер тұрғызу
Дәріс жоспары
3. Объектілермен жұмыс істеудің қосымша мүмкіндіктері
4. Орналасу вкладкасымен жұмыс істеу мысалы
Дәрістің қысқаша мазмұны
Объектілермен жұмыс істеудің қосымша мүмкіндіктері
CorelDraw программасы күрделі объектілерді құру және редактрлеу бойынша үлкен мүмкіндіктер береді. Упорядочить (Arrange) менюінде объектілермен әртүрлі операциялар орындауға мүмкіндік беретін командалар бар.
Түрлендіру (Преобразования )
Бұл терезеде объектілерді түрлендірудің барлық түрлері берілген. Олар бес вкладкадан тұрады.
Орналасу (Положение)
Объектілерді орналастыруға арналған. Г және В санағыштары объектілердің координаттарынан тұрады, олардың типі Относительное (Relative) жалаушасына байланысты. Егер жалауша алынса, онда координаттар абсолютті болып табылады, кері жағдайда – бұл объектінің бастапқы орнына қатысты орын ауыстыру координаттары. Терезенің төменгі жағындағы маркерлі тор нүктені таңдауға мүмкіндік береді, оның координаттары объектілер координаттарын сипаттау керек.
Енгізілген өзгерістер Применить батырмасын басу кезінде енгізіледі. Применить к копии батырмасы енгізілген өзгерістермен көшірме жасайды.
Келесі суретте терезені баптаудың әртүрлі режимі кезінде объектілердің орналасу параметрі келтірілген.
Орналасу вкладкасымен жұмыс істеу мысалы
Фигураның оң жақ шекарасын оның көшірмесін құра отырып, 20 бірлікке оңға жылжыту.
Бұрылыс (Поворот)
Фигураны бұру үшін пайдаланылады. Г және В санағыштары нүктелер координаттарынан тұрады. Относительно центра жалаушасы координат абсолюттігін немесе қатыстығын анықтайды. Угол санағышы фигура бұрылысының бұрышын анықтайды.
Бұрылыс вкладкасымен жұмыс істеу мысалы
Жоғары бұрышқа қатысты фигураны 20 градусқа бұру керек.
Масштаб
Объекті өлшемінің өзгеруі мен айна түрінде көрсетуі үшін пайдаланылады. Г және В санағыштары горизонталь мен вертикаль бойынша ұлғайту немесе қысу коэффициенттерінен тұрады. Отражение батырмасы горизонтальды және вертикальды осьқа қатысты айна түрінде көрсету үшін пайдаланылады.
Масштаб вкладкасымен жұмыс істеу мысалы
Фигураның өлшемін оның сол жақ төменгі бұрышысына қатысты пропорционалды өзгерту.
Фигура көшірмесін оның сол жақ төменгі бұрышына қатысты көрсете және оның масштабын кішірейте отырып, көшірмесін құру.
Өлшем (Размер)
Объектінің өлшемін өзгерту үшін пайдаланылады, бірақ мұнда өлшемнің тіркелген мәні көрсетіледі.
Өлшем вкладкасымен жұмыс істеу мысалы
Бұру (Наклон)
Г және В санағыштары горизонталь және вертикаль бойымен ауысу бұрыштарынан тұрады. Маркерлі тор тірек нүктені таңдап алуға мүмкіндік береді.
Бұру вкладкасымен жұмыс істеу мысалы
Теңбұрышты үшбұрыштан тікбұрышты үшбұрыш алу керек.
Тегістеу және Бөлу (Выровнять и Распределить)
Берілген ішкі меню құжат бетінде объектіні тегістеуге мүмкіндік беретін командалардан тұрады.
Сол жаққа қарай тегістеу (Выровнять влево)
Объектілердің сол жақтары бір вертикаль бойынша орнатылады.
Оң жаққа қарай тегістеу (Выровнять вправо)
Объектілердің оң жақтары бір вертикаль бойынша орнатылады.
Жоғары жаққа қарай тегістеу (Выровнять по верху)
Объектілердің жоғары жақтары бір горизонтальға шығады.
Төменгі жаққа қарай тегістеу (Выровнять по низу)
Объектілердің төменгі жақтары бір горизонтальға шығады.
Орталықты горизонталь бойынша тегістеу (Выровнять центры по горизонтали)
Объектілер орталығы бір горизонталь бойынша орналасады.
Орталықты вертикаль бойынша тегістеу (Выровнять центры по вертикали)
Объектілердің орталығын бір вертикаль бойынша орналастыру.
Бетте орталықтандыру (Центрировать на странице)
Объектілер олардың орталығы беттің орталығымен сәйкес келетіндей орналасады.
Бетте горизонталь бойынша орталықтандыру (Центрировать на странице по горизонтали)
Объектілер олардың орталығы беттің орталағымен сәйкес келетіндей орналасады.
Бетте вертикаль бойынша орталықтандыру (Центрировать на странице по вертикали)
Объектілер олардың орталығы беттің орталағымен сәйкес келетіндей орналасады.
Рет (Порядок)
Бұл ішкі меню объектілердің жоспар бойынша орналасу ретін өзгертуге арналған командалардан тұрады.
Құру (Формирование)
Берілген ішкі меню командалары қиылысатын объектілер формасын түрлендіруге мүмкіндік береді.
Біріктіру (Объединить)
Қиылысатын объектілер біреуге айналады және оның шекарасы объектілердің ішкі контуры арқылы өтеді.
Алып тастау (Исключить)
Объектілер қиылысу шекарасы бойынша қиылады.
Қиылысу (Пересечение)
Объектілердің қиылысу облысы алынып, жеке фигураға айналады.
Жеңілдету (Упрощение)
Қиылысу облысы төменгі объектіден жойылады.
Төменгі объектіден жоғарғыны алып тастау (Передние минус задние)
Жоғарғы объектіден қиылысу облысы жойылады, ал төменгі объектілер толықтай жойылады.
Алдыңғы объектіден төменгіні алып тастау (Задние минус передние)
Төменгі объектіден қиылысу облысы жойылады, ал жоғарғы объектілер толықтай жойылады.
Дәріс №4.CorelDraw заливка құралын қолдану
Дәріс жоспары
1. "Заливка" құралы
Дәрістің қысқаша мазмұны
"Заливка" құралы
"Заливка" құралы жеке топқа ерекшеленеді және келесі элементтерден тұрады:
7-сурет. Заливка құралдар панелі
· Бояу түсінің диалогтік терезесі. Пайдаланылатын түстік модельге сәйкес түсті таңдауға мүмкіндік береді.
· Градиентті бояу. Объектіні әртүрлі түсті және бір түстен екіншісіне ағымды ауысу әдістерін пайдалану арқылы бояуға мүмкіндік береді.
o Тип. Градиентті бояу типін таңдау (сызықты, радиальды, кондық және квадратты).
o Орталықтан ығысу (Смещение центра). Орталықтан тонның бөлінуі жүзеге асырылуына қатысты таңдауға мүмкіндік береді.
o Параметрлер. Бұл бөлім қосымша баптаулардан тұрады.
o Түстің ауысуы. Градиенттің бастапқы, соңғы және аралық түсін орнатуға мүмкіндік береді.
Дәріс №5.CorelDraw-ғы Интекративное перетекание құралы. Көлемді имитациялау
Дәріс жоспары
3. "Интерактивное перетекание"