Электр энергиясын тиімді тарату

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

а) Баламалы энергетика- сарқылмас қуат көзі

б) Электр энергиясын тиімді тарату

Орытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Энергияны тұрақты пайдалану және өндіру

Кіріспе.

Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде анықтайды. Технология саласындағы әр түрлi қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер қоғамдастықтардың функционалды тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады.

Электр энергиясын тиімді тарату - student2.ru

Негізгі бөлім

.

Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың асқынуына әкеп соқтыратыны белгілі жайт. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр.

Соңғы жылдары елімізде де қалпына келетін энергия көздеріне энергетикалық кешенді дамытудың бір тармағы ретінде қарай бастады. Мемлекет пен бірқатар бизнес құрылымдар тарапынан оны қолданысқа енгізуге зор күш салынып жатыр. Оның өз жөні бар. Ең алдымен, қайта қалпына келетін қуат көздерін тиімді пайдалану энергияны үнемдеуге мүмкіндік берсе, екіншіден экологиялық мәселелердің түйінін тарқатады деуге болады. Қазақстанда қалпына келетін энергия көздерінің тұрақты кешенін құру мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асатын шаруа болғандықтан, бұл мәселе үкімет деңгейінде қолға алынған.
Қазақстан қалпына келетін энергия көздерін пайдалануда зор әлеуетке ие. Зерттеулерге сүйенсек, Қазақстанның жалпы су әлеуеті жылына 170 млрд кВт/сағатқа жетеді екен. Солай бола тұра, қазіргі таңда Қазақстанның басты қуат көздеріндегі СЭС-тің үлесі тек 12,3%-ды құрайды. Әрине, бұл көрсеткіш экономикасы дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Дегенмен, бұл салада жүргізілген жұмыстар нәтижесіз емес, Қазақстан бірнеше, атап айтсақ, қуаты 300 МВт-қа тең Мойнақ СЭС-і, 49,5 МВт-ты құрайтын Кербұлақ СЭС-і мен қуаты 68,25 МВт Бұлақ СЭС-і сияқты ірі жобаларды іске асыруды бастап кетті.
Географиялық орналасуы жағынан Қазақстанның жел энергетикалық әлеуеті де жоғары, жылына 0,929-дан 1,82 млрд кВт/с-қа жетеді. БҰҰ-ның Жел энергетикасы бойынша даму бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеулер Қазақстанның бірқатар өңірлерінде, яғни 50 мың шаршы метрге тарта аумақта желдің жылдамдығы 6 м/с-тан асатынын дәлелдеп берді. Бұл ретте, Жоңғар қақпасының жел энергетикалық ресурстары мен Балқаштың климаттық жағдайы ерекше маңызға ие. Балқаш өніріңде Сарыарқаның аңызық желі үздіксіз соғып тұрады.

Жалпы, қалпына келетін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Оларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Сол себепті, еліміз 2011 жылдың наурызында Жамбыл облысында екі бірдей ірі жобаны – Жаңатас (400 МВт) және Шоқпар (200 МВт) жел энергетикалық кешенін іске асыру жұмыстарын бастады. Олардың құрылысына құйылған инвестиция көлемі 1 млрд долларға жуықтады. Сонымен қатар, 2014 жылға қарай мемлекеттің қолдауымен 51 МВт қуаттылықпен Шелек дәлізі, Жоңғар қақпасы (алғашқы кезеңде 50 МВт) аумағында, ШҚО Ұлан ауданында (24 МВт) және өзге де өңірлерде жел энергетикалық кешені құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Желді адамдар мыңдаған жылдар бойы энергия көзі ретінде пайдаланып келді. Жел энергиясы арқылы желкенмен жүзген. Дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін жел диірменін пайдаланды, қажеттілігіне жаратты. Осыдан-ақ адамзат үшін жел энергиясының маңызы ешқашан жоғалмайтынын пайымдауға болады.
Қазақстанның климаттық жағдайы күн энергиясын пайдалануға қолайлы болып табылады. Елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 млрд кВт/сағатқа бағалануда. Қазақстан солтүстік ендікте орналасқанына қарамастан, республика аумағындағы күн радиациясының әлеуеті өте жоғары. Сонымен қатар, өңірде күн энергиясы электр қуатын өндіру үшін ғана емес, жылу алу үшін де пайдалануға болады. Ол үшін орталық электр және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінен шалғай жатқан аудандарда күн қондырғылары орнатылуы тиіс.
2015 жылға дейін жалпы қуаттылығы 91 МВт күн қондырғыларын іске қосу қарастырылған. Сонымен бірге, Қазақстанда күн энергетикасын дамытуға қажетті кремний және фотоэлектрлік элементтер шығаратын өндірістік база құруға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. Күн батареялары қатты кремний материалынан жасалынады, бұл жер қойнауындағы оттегіден кейін ең көп таралған элементтердің бірі. Фотоэлектрлік станциядағы 1 келі кремний өндіретін энергияның көлемі жылу электр станциясында 75 тонна мұнай жұмсап өндірілген энергиямен пара-пар. Сондықтан кремнийді 21 ғасырдың мұнайы десек те артық айтпаймыз.
Биологиялық отынды қолдану белгілі бір көлемде қордың жиналуына ықпал ететінін атап өту керек. Ауыл шаруашылығы өндірісі қалдықтарын қайта өңдеу есебінен жыл сайын 35 млрд кВт/с электрлік және 44 млн гигакалориялы жылу энергиясын алуға болады екен. Биогаз өміріміздегі экологиялық, энергетикалық, агрохимиялық проблемаларды шешуге қауқарлы. Биогазды жарықтандыруға, үй жылытуға, тамақ пісіруге, көлік, электр генератордың роторларын қозғалту мақсатында қолданады. Ғалымдардың есептеуінше, 1 м2 аумақты жылыту үшін жылына 45 м3 биогаз қажет, ал су жылыту үшін күніне 5-6 м3 биогаз керек.
Қазақстанда қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың басты мақсаты энергетиканың қоршаған ортаға кері әсерін төмендету екенін айттық. Әлемдік тәжірибеде солай. Мысал үшін, бір ғана 2009 жылдың өзінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі көрсеткендей, атмосфераға шығарылған ластаушы заттардың көлемі 3,4 млн тоннаны құрап, оның 85%-ы 43 ірі кәсіпорынға тиесілі болған. Оның үстіне, қазіргі таңда Қазақстанда жалпы өндірілетін электр энергиясы 85%-ға дейін органикалық отынды – негізінен, жергілікті көмірді және аз көлемде көмірсутекті шикізаттарды жағу жолымен алынатынын ұмытпаған жөн. Стационарлық көздерден еліміздің атмосферасына қалдықтардың 10%-ға жуығын және улы қалдықтардың басым үлесін мұнай және ілеспе газ өндіру саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар шығарады. Осы ретте, қалпына келетін энергия көздерін қолдану арқылы энергетикадан бөлінетін парник газдарын 500 мың тоннадан 2,5 млн т СО2-ге дейін азайтуға мүмкіндік бар.
Қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың экономикалық тиімділігі де бар. Атап айтсақ, оны электр қуатын өндіру және жеткізу үшін қолдану арқылы Қазақстанның энергияға тапшы өңірлерінде үнемділікке қол жеткізуге болады. Сонымен қатар қайта қалпына келетін энергетика елдің шалғай өңірлерін дамытудың маңызды факторына айналмақ.
Мемлекеттік деңгейде шаралар қабылданып жатқанына қарамастан, Қазақстанда қайта қалпына келетін және баламалы энергетика кенже қалған. Өкінішке қарай, бірнеше құрылысты, атап айтқанда, жел энергетикасы кешендерін салуға талпыныс жасалғанымен республикамызда бүгінгі күнге дейін бұл салада бірде-бір ірі жоба іске қосылмаған екен. Мәселен, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 2010 жылы баламалы энергия көздерінің үлесі 0,03%-ды құраған. Яғни, жалпы энергия көлемінің бір пайызына да жетпейді. Бұл дегеніміз, бұл саланы әлі де болса жетілдіре түсу қажет екенін көрсетсе керек. Салыстыру үшін айтсақ, тіпті, озық қалпына келетін энергия көздерін қолдану бойынша әлемдік аутсайдерлердің қатарына кіретін Ресейде де оның үлесі төмен, жалпы өндірілген энергияның бар-жоғы 1%-ын құрайды. Сонымен қатар оның базасында алынған жылу энергиясы 3%-ға жуықтайды.
Ірі су электр станцияларында өндірілген энергияларды есепке алғанда Қазақстанның энергия балансындағы қалпына келетін энергия көздерінің үлесі 12,3%-ға әрең жетеді.
Қазақстанда соңғы жылдары қалпына келетін энергия көздерін қолдауға бағытталған заңнамалық базалар мен бірқатар салалық бағдарламалардың қабылдануы бұл саланың дамуына оң ықпал етеді деп сенеміз. Республикалық заңнамалық базаның маңызды ережелерінің қабылдануына байланысты қазірдің өзінде Қазақстандағы қалпына келетін энергия көздері жобасына инвесторлардың қызығушылығы артып жатыр. Оның ішінде Қытай және Германия сияқты жетекші елдердің де инвесторлары бой көрсетуде.
Киота келісімдерін іске асыру аясында климаттың өзгеруі жөнінде Копенгагенде өткен коференцияда Қазақстан парник газдарды 1992 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2020 жылға қарай 15%-ға, 2050 жылға қарай 25%-ға төмендету бойынша міндеттемелер алды. Атап айтқанда, 2010-14 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарлама аясында 2009 жылмен салыстырғанда атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтарды кем дегенде 5,9%-ға төмендетуге уәде етіп отыр.
2009 жылы қабылданған «Қалпына келетін энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңы электрлік және жылу энергиясы өндірісі үшін қалпына келетін энергия көздерін пайдалануды ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін бекітті. Бұл Заң қайта қалпына келетін энергия көздері жобасына арналған инвестициялық артықшылықтар беруді, нарықта және оларды желілер бойынша беру кезінде «таза» электр энергиясын пайдаланудың басымдықтарын қарастырады, сонымен қатар мемлекеттің бақылауындағы сертификаттар жүйесі арқылы қолдау көрсетеді.
2020 жылға дейінгі Қазақстанның Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, электр энергиясын тұтынудың жалпы көлеміндегі баламалы энергия көздерінің үлесі 2015 жылға қарай 1,5%-ды, 2020 жылға қарай 3%-ды құрауы тиіс. 2010-14 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы қойған басымдықтар 2014 жылы қайта қалпына келетін энергия көздерінің көлемін жылына 1 млрд кВт/сағат деңгейіне жеткізуді көздейді.
Еліміз қайта қалпына келетін энергия көздерін дамытуды заңдық тұрғыдан мықтап бекітіп алған. Нақты жұмыстар атқарылуда. Оның үстіне, баламалы энергетиканы іске асыру үшін өзге елдердегідей шиеленіскен түйіндер жоқ бізде. Әлемдік монополистер «жүйеге қосылуға рұқсат бере ме, қуатымызды өткізе ме, жоқ па» деп бас қатырып жатпаймыз. Демек, баламалы энергетиканы қолдану ел экономикасын жаңғыртудың маңызды факторына айналатын күн де алыс емес деген сөз.

Электр энергиясын тиімді тарату

Электр энергиясын тиімді тарату - student2.ru

Бүгінгі күні елімізде ерекше өткір болып отырған мәселе - электр энергетикасы саласының негізгі құрал-жабдықтарының ескіруі. Электр стансаларындағы негізгі жабдықтардың ескіруі 70%-ды құраса, тарату жүйелері жабдықтарының 65 %-ы жарамсыз.

Елімізде 2024 жылға дейін орнықты даму мақсатында Қазақстанның энергиясы мен жаңартылатын ресурстарын тиімді пайдалану стратегиясы қабылданды. Бұл құжат 2008 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен бекітілгені белгілі.

Жаңартылатын энергия көздері – табиғат үрдістерінің есебінен тұрақты жаңаратын энергия көздері. Күн, су, өзендер, жел, топырақ жылуының, топырақтық және геотермалды сулардың сондай-ақ биологиялық отынның энергиясы белсенді пайдаланылады. Жаңартылған энергия көздері - қазіргі заманғы технологиялардың тез таралуының арқасында мүлдем таусылмайды және қолжетімді.

Елімізде электр энергиясы негізінен көмірді пайдалану арқылы өндіріледі. 2005 жылы Қазақстанда электр энергиясын өндіру 67,6 млрд. кВт.сағ. құрады. Бұл 1990 жыл деңгейінен 1,3 есе төмен. Алайда, қазіргі кезде экономиканың өсуіне байланысты тұтыну және өндірістің ұлғаюы байқалуда. Келесі 10-12 жылда (2018 жылға дейін) Қазақстанда энергияға сұраныс 50 %-ға артады деп күтілуде. Ал көмір қоршаған ортаға барынша кері әсерін тигізеді [2]

Электр энергиясын тиімді пайдаланудағы халықаралық тәжірибе

Мемлекет Үнемдеу жолдары
    Дания Энергияны үнемді тұтынудың "европалық" үлгісі негізінен үш тараптан тұрады: жаппай қолдану, энергия шығындарын азайту және барлық тұтынылған ресурстарды есепке алу. Осылайша, энергияны кешенді түрде үнемдеу нәтижесінде соңғы 30 жылда энергиялық сыйымдылығы 35%-ға азайды.
Жапония Күн модульдерін шығару 6 жылда 10 еседен астам (1997 жылы 35 МВт-тан 2003 жылы 364 МВт-қа дейін), ал дүние жүзінде осы кезеңде - 6 есе (125,8-ден 760 МВт-қа дейін) артты. Осаки қаласында 200 отбасына үнемдеудің 6 тәсілін ұсынған. "70 000 фотоэлектрлік шатырлар" үкіметтік бағдарламасы үйлердің шатырларында орнатылатын күн батареяларын өндірушілерге салықтық жеңілдіктер мен субсидиялар ұсынады. 1997 жылы осындай 9 400 жүйе орнатыпты, ал 2000 жылы олардың саны 70 000-нан асып түскен.
Ресей Қабырғалар арқылы жоғалатын жылу шығындарының алдын алу жылыту шығындарын 2-3 есеге азайтады. Ескі тозығы жеткен, кетеуі кеткен терезелерді жаңа энергия үнемдегіш терезеге ауыстыру нәтижесінде бөлмеден жоғалатын жылуды 30%-ға азайтуға болады. Энергетикалық тиімділікті арттырудың тағы бір бағыты - үйлердің инженерлік жүйелерін жаңғырту. Егер үйдің инженерлік жүйелерін жаңалайтын болса, жылытуға жұмсалатын энергияның 40%-ын үнемдеуге болады
Германия Қазіргі заманғы энергияны үнемдеу технологиялары көбірек қолданылады,Берлинде барлық бассейндер күн батареяларымен жарықтандырылып, тұрғындар электр энергиясын аз тұтынатын құрал-жабдықтар сатып алуға тырысады. Бастапқысында - 1000, ал екінші кезеңде 2250 үйдің шатырларын фотоэлектрлік қондырғылармен жабдықтау жөнінде жобалар бірте-бірте іске асырылады. 2000 жылдан бастап Германияда құнын 2 млрд. АҚШ долларына бағалауға болатын жаңа "100 000 шатырдағы фотовольтаика" бағдарламасы қолданысқа енгізілді.  
Швеция Барлық өнімдердің маркировкасына, кәсіпкерлік декларациясына электр энергиясын қолданудағы тиімді жақтарын басып шығару көрініс тапқан, яғни әр кез еске салып тұрады.
Корея 4% электр энергиясы желілерде қалып жойылады, ал бізде 30-40 % жойылып кетіп отырады.
Голландия "5000 күн шатырлары" жобасы іске асырылуда
Швейцария "Энергияға тәуелсіз Швейцария үшін" бағдарламасы шеңберінде қуаты 1000 кВт-ға дейін фототүрлендіргіштерде 2600-ден астан гелий қондырғылары салынған.
АҚШ 1997 жылы 2010 жылға дейін қарастырылған қазіргі кездегі ең ауқымды "Миллион күн шатырлары" бағдарламасы басталған болатын. Федералдық бюджеттен оны іске асыруға бағытталған қаржы 6,3 млрд. долларды құрайды.
Қытай   Жұмыс істеп тұрған 90 мың шағын ГЭС-тің 60 мыңы 25 кВт-дан кем қуатқа ие, яғни бұлар шағын ГЭС-тер. Олар үшін жабдықтар стандартталған және 12 кВт қуаттан бастап қолданылады. 1969 жылдан бастап органикалық материалды өңдеу технологиясын дамыту бағдарламасын іске асыра бастаған.
Индия 1998 жылдың аяғында шағын ГЭС-тің белгіленген қуаты 173 МВт-ны құрады және жалпы қуаты 188 МВт шағын ГЭС салыну сатысында тұр.

Энергия мен ресурстарды үнемдеу - шығындарды азайту әдісі. Сондықтан, энергия сақтау энергияның ең арзан және экологиялық таза "көзі" деуге болады. Энергия электр қуаты, мұнай немесе газ түрінде біз үшін пайдалы болып есептелмейді. Мысалы, электр қуаты мен газдың, кейде қауіпті болатын да жағдайлары бар. Екінші жағынан, мысалы, энергияны пайдалы қолдану әдісі саналатын, электр желісіндегі электр қуатынсыз күнделікті тіршілік ету мүмкін емес. Жарық, жылу, тетіктердің қозғалысы және басқа да пайдалы мақсаттарға энергияның көптеген түрлері қолданылуы мүмкін. Энергия күздерін осындай жолмен пайдалану энергетикалық қызметтер деп аталады.

Біздің еліміздің қайта құру экономикалық жүйесінің бірінші жоспарына экономикалық сала категорияларының еркін кәсіпкерлігімен бәсекелестігін шығарады.

Энергияны қолданудың негізгі 4 мақсаты бар:

- жылыту

- салқындату

- жарық түсіру

- механикалық қозғалыс

Электр энергияны үнемдеудің қарапайым түрлерін білу коммуналдық төлемдерді барынша төмендетуге мүмкіндік береді [4].

Келесі қадам – қазіргі заманғы электр үнемдеу электр-техникалық құрылғылар үйжайын жабдықтау (мысалы, ықшам люминесцентті шамдар, жарық реттегіштер, суретреле қозғалысын есептегіштер, бағдарланатын таймерлер, ымырт ажыратқыштар басқалары). Бұл белгілі бір шығындарды талап етеді, бірақ тәжірибе көрсеткендей электр энергияны және бюджетті ғана емес, сонымен қатар жайлы өмір сүруді қамтамасыз етіледі.

Электр энергиясын тиімді пайдалану құраладары

Аты Сипаттама
Ықшамлюминесцентті шамдар (ЫЛШ) Дәстүрлі қыздыру шамдары 95% дейін электр энергияны қыздыруға жұмсайды және жарыққа тек 5 % ғана. ЫЛШ өзгеше жасалған, жарық ашықтығын өзгертпей үнемдейді (олардың жұмысы кезінде қарапайым қыздыру шамдарымен жұмыстан қарағанда олар электр энергия 4-5 есеге аз жұмсалады). Тағы бір жақсы жері: қарапайым қыздыру шамдары қызметінің орташа қызмет мерзімі – 1000 сағат, ЫЛШ-да ол 15000 сағатты құрайды.
Жарықдиодтық шамдар Жарықдиодты қызмет мерзімі – 5 мың адам және жоғары, ол «қосу-ажырату» циклдер санына байланысты емес. Олар механикалық әсер мен дірілге аса төзімді және тұрақты (шам қаңқасы сынбайтын пластика мен алюминийден дайындалды), кернеудің түсуінен қорықпайды, -25% төмен температурада тез қосылады. Шамдар құрамы сынап және басқа зиянды заттардан тұрмайды, ультра күлгін және инфрақызыл сәулеленуді реттейді, оларда кез келген жарылу болмайды.
Инфрақызыл детектор Тікелей адамға әсер етеді, егер осы детекторға біреу тақалса, жарық жанады. Осы құрылғыға уақытты кешіктіретін ажыратқыш орнатылған, ол адам детектордан көз таса болған сәттен кейін бегілі бір уақытта жарықты сөндіреді. Жиі қозғалыс есептегіші жалпы пайдалану орындарында орнатылады. Дәлізде және сантехникалық торапта ифрақызыл детекторды орнатамыз.
«ымырт» ажыратқыш Жарықтың белгілі бір мәніне жөндейді, бұл ретте ол кәсіпорында жарық жеткілікті болса, жарықты жағуға мүмкіндік береді немесе, керісінше, қараңғылық түсетінін «сезеді» және қараңғы түскен кезде сыртқы жарықты жағады.
Жарық реттегіш Шам жарығының ашықтығын реттейтін құрылғы. Мысалы, егер сіз теледидар көріп отырсаңыз, сізге бөлмедегі ашық жарықтың қажеті жоқ. Ендеше сіз жарық реттегіштің тұтқасын бұрап, жарықты өшіресіз. Қонақ үй жағдайында бұл үшін қарапайым жарық реттегіш жеткілікті.  
Пластикалық карточка Беріліп, есікті ашуға болады, тұрақты орнына қойылған кезде жарық беріледі. Ал бөлмеден шыққанда пластикалық карточка тұрақты орнынан алынған кезде бүкіл жарық, электр энергиясы өшеді және есік те жабылады.
   

Кез келген энергиялық ресурстарды үнемдеу оның жалпы пайдалануын төмендетеді. Сондықтан, электр қуатын, суды немесе жылуды үнемдегенде, ақшаңды сақтаумен қатар, бүкіл планетаға ресурстарды үнемдеуге қатысамын. Тұтынушылардың үнемсіз пайдалануынан электр қуатының 20%-ы ысырап болады екен. Мұндай жағдай бос бөлмеде жарық жанып тұрғанда, теледидарды ешкім көрмесе де, қосып қойғанда орын алады. Бұзылған шүмектен ағып тұратын суық су тамшылары қосыла келе, үлкен тасқынға айналып, ішуге жарамды судың 20%-ы босқа канализацияға ағады.

Орытынды

өздерін пайдалануда зор әлеуетке ие. Зерттеулерге сүйенсек, Қазақстанның жалпы су әлеуеті жылына 170 млрд кВт/сағатқа жетеді екен. Солай бола тұра, қазіргі таңда Қазақстанның басты қуат көздеріндегі СЭС-тің үлесі тек 12,3%-ды құрайды. Әрине, бұл көрсеткіш экономикасы дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Дегенмен, бұл салада жүргізілген жұмыстар нәтижесіз ем

.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. http://www.expo2017astana.com/kz/page/energy/

2. http://e-history.kz/kz/contents/view/1509

3. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы

Наши рекомендации