Ауа райы жӘне климат

Ауа райы деп белгілі бір ауданда бір маусымда байқалатын атмосфералық өзгерістерді айтады. Ауа райының қалыптасқан көп жылдық режимін сол аймақтың климаты дейді.

Климат жағдайы жер бетіндегі экзогендік геологиялық процестердің қарқынды дамуына үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, ас тұзының және тас көмір қабаттарының немесе мұздық және желдік шөгінділердің пайда болуы және т.б. геологиялық әрекеттердің болу-болмауы климат жағдайының ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Жер бетінің климат жағдайы, оның географиялық орнына тәуелді келеді.

В.П.Кеппеннің жіктеуі бойынша, климаттық белдеулер – А-ыстық, В-құрғақ, С-қоңырқай жылы, Д-қоңыржай суық, Е-суық болып бес топқа бөлінеді. Бұл жіктелу барлық елдерде кең таралған. Климат жағдайының қалыптасуына құрлық пен теңіздің қарым-қатынасы, бедер ерекшеліктері, өсімдіктер жамылғысының болу-болмауы, тұрақты желдердің бағыты, ауаның ылғалдылығы, мұхиттар мен теңіздерде жылы немесе суық ағындарының болу-болмауы көп әсерін тигізеді. Тропикалық аймақтардың таулы аудандарында климат жағдайы вертикаль бағытта өзгеріп, алмасып отырады: төменде-ыстық, жоғарыда-бірқалыпты қоңыржай, ал ең жоғары биіктікте-суық болып келеді; жылы теңіз ағындары бар болса, онда климат жағдайы суық белдеулердің өзінде де едәуір жұмсарып отырады. Климат температуралық және ылғалдық жағдайларына қарай гумидті, аридті, нивальды болып ажыратылады. Әр түрлі зоналардағы климат жағдайының ерекшеліктері геологиялық процестердің даму жылдамдығына әсер етеді. Әсіресе, минералдар мен тау жыныстарының үгілуі, ыдырауы, денудациялық құбылмалы әрекеттердің әсері климат жағдайына тікелей байланысты.

Тапсырмалар.

1. Мәтіндерді оқыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

3. Қоңырқай, ылғалдылық, жағдай сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (13-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]

1. «Өсімдіктердің тіршілік формалары» тақырыбына шығарма жазу.

2. «Қазақстанның «Қызыл кітабы»»реферат.

3. «Ауа райы және климат» слайд.

Тақырып Аралық тест. Өсімдік және медицина. Айналадағы ортаны қорғау. Төл сөз. Төлеу сөз.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. №327 мультимедиалық кабинеттерде тест тапсыру.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

СІМДІК ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр - Әл Фараби, Әбу-Әли Ибн-Сина қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапияда, үй жағдайында кеңінен қолданылады. Ол үшін “дәрісіз ем-домды” дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы “Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады”. Емдік шөптер - үйіміздің жанында, бау-бақшамызда және далада, жол бойларында кездесетін шөптерде. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. “Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңнын түбінде өсіп тұр”. Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден - жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедақ, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып, жаңа сөздерді аударыңыз.

2. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемді көшіріп жазыңыз.

Жер жүзі...дегі дәрілердің 40%-ы өсімдік... дайында...ады екен.

Өсімдіктер сарқыл...йтын қазына емес, сондықтан о...ды орынды пайдалан..., қорғай білудің өмір... маңыз... зор.

3. Мәтіннен зат есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

4. Мәтіннен сан есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

5. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.

6. Жаңа сөздерді жаттаңыз.

Наши рекомендации