Тауардың сапасы мен бәсекелестікке бейімділігі
Жасалынатын жаңа тауарлар бәсекелестікке бейім және сапаның жоғары деңгейіне ие болу керек.
Сатып алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесі бәсекелестікке бейімділігінің факторларына (параметрлеріне) тәуелді.
Оларға жататындар:
- техникалық параметрлер, тауардың сапасын және техникалық деңгейін сипаттайды. Техникалық деңгей – бұл тауардың техникалық жетілгендігі, ондағы ең жаңа ғылыми-техникалық жетістіктердің жүзеге асырған дәрежесін көрсету. Сапа тауардың белгілі қасиеттеріне сәйкес көрсеткіштермен (төзімділігі, қауіпсіздігі және т.с.);
- техникалық-экономикалық параметрлері (сенімділігі, зат сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы және т.с.);
- ұйымдастырушылық-коммерциялық параметрлері (баға, жеткізіп тұрушылық және төлемі, сервистік қызмет көрсету деңгейі және т.с.);
- жасап шығарушының (жабдықтаушының) іскерлік атағы және серіктестердің өз ара қатынастарының түрі.
Бәсекелестікке бейімділік – нақтылы нарыққа және сату уақытына анық байланған ұғым, бұны бәсекелестердің тауарларын өз ара салыстырумен ғана анықтауға болады.
Бәсекелестікке бейімділіктің параметрлер саны тауардың күрделілігіне және түріне тәуелді.
Тауардың бәсекелестікке бейімділігін талдау немесе бағалау үшін көбіне тауардың сапалық және бағалық параметрлерін салыстыруында негізделген әдіспен пайдаланады.
Бағаланылатын және бәсекелесетін тауардың техникалық параметрлерін салыстыруымен техникалық параметрлердің индексін анықтайды:
Iт.п. = ∑nί=1 ρί x qί (1)
Бұл жерде Iт.п. - техникалық параметрлердің индексі;
n – бағалау үшін таңдалған параметрлер саны;
ρί – (ρ)-дің барлық бірлестігінің әр параметрінің маңыздылығының коэффициенті:
qί – бағаланатын тауар сапасының көрсеткішінің сандық мәнін бәсекелесетін тауардың ұқсас көрсеткішіне бөлу жолымен анықталатын тауар сапасының шамаланған көрсеткіші.
Экономикалық параметрлер индексін (бағалар индексі) бағаланатын және бәсекелесетін тауардың тұтыну бағасын салыстыруымен анықтайды.
(2)
Бұл жерде Iэ.п. - экономикалық параметрлердің индексі (бағалар индексі);
S1, S2 – бағаланатын және бәсекелесетін тауардың тұтыну бағасы.
Неғұрлым мәңі жоғарырақ болса (яғни, сапалық бағаланылған параметрлер жоғарырақ дәрежеде бәсекелес тауардың сондайларын басып озса), соғұрлым бағаланылған тауардың тұтынушының сұранысына сәйкес дәрежесі биік болады.
Неғұрлым мәңі жоғары болса, соғұрлым бағаланылатын тауар сатып алушының сұраныстарына (күтулеріне) аз дәрежеде жауап береді.
Соныменен, бұл индекстердің ара қатысы тауардың бәсекелестікке бейімділігінің деңгейін (К) сипаттай алады:
(3)
Сапатауардың бәсекелестікке бейімділігінің анықтаушы факторы болып табылады. Төменгі сапалы тауар өте төмен бәсекелестік бейімділікке ие. Сонымен бірге, тиісті сапасы кезінде бірінші орынға ұйымдастырушылық-коммерциялық құрамалары шығады және, ең алдымен, өтім жолдарының тиімділігі,нарықтық стратегиялар.
Сапалы тауар ең алдымен мақсатты тұтынушының сұраныстарын және ұнатқандарын бәсекелескен тауарға қарағанда, әрі ол тиімдірек (немесе өте төмен) шығындар болған кезде толық қанағаттандырады.
Фирмалар сапа бойынша бәсекелестік басымдылықты өнім сапасын жүйелі басқару жолымен дегеніне жетеді. Сапаның кәзіргі замаңғы жүйелі басқаруы маркетинг зерттеулерде негізделеді. Алынған мәліметтер инновациялық процесс үшін қажет, сондай-ақ тауарлық ассортиментін өндеу және оңтайландыру (ең жақсы жағдайлар жинақтау) үшін, тауардың тіршілік циклін басқару үшін, тауар стратегияларын түзетпек үшін қажет.
3.5 Тауар саясатының маңызды элементтері ретінде тауардың