Бірге қатысушылардың түсінігі, түрлері.
Қылмыстық əрекет адамның кез келген əрекетi сияқты жалғыз жасалуы немесе бiр топ адам болып асырылуы мүмкiн. Əрине, бiр адамның жасаған қылмысына қарағанда бiр топ адамның жасаған қылмысы қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi өзгешiлiгiмен сипатталады.
Қылмысқа қатысушылықтың түсiнiгi туралы норма ҚР ҚК-ң 27- бабында қарастырылған: «екi немесе одан адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бiрлесiп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. анықтамадан көрiп отырғанымыздай, қылмысқа қатысу тек бiр қылмысқа кемiнде екi адам қатысқан ретте танылады. Жалпы алғанда бiрнеше адамның жасаған қылмысының қоғамға қауiптiлiгi бiр адамның жасаған қылмысының қауiптiлiк дəрежесiне қарағанда едəуiр жоғары болатыны белгiлi. Себебi, бiрнеше адамның қы
жасау күштерiн бiрiктiруi ойластырылған қылмыстық ниеттi ұтымды жүзеге асыруды жеңiлдетеді. Қол сұғушылық обьектiсiне ауыр зиян келтiруге жəне қылмыс жасаудың жетiк амал-тəсiлдерiн қолдануға мүмкіндік
бередi. Ондай қылмысты ашуда қиындық тудырады. Қылмыстық əрекеттiң ерекше нысанын құрай отырып, қылмысқа қатысушылық бiрқатар обьективтiк
субьективтiк белгiлермен сипатталады немесе кейде оларды сандық жəне сапалық белгiлер деп те атайды. Қылмысқа қатысушылықтың субьективтiк белгiлерiне мыналар кiредi:
а). Қатысушылардың қылмыс жасауға қасақана бiрiгуi
б). Тек қасақана қылмыстарды жасауға бiрiгуi.
Белгiлi бiр қылмысты жасауға қасақана бiрiгу деген əрбiр қылмысқа қатысушы өз iс - əрекетiнiң жəне қатысушылардың iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi екендiгiн ұғынатындығын, сонымен бiрге бiрлескен əрекетінен
туындайтын қылмыстық зардаптың болатынын алдын ала бiлуi жəне зардаптың болуын тiлеуi немесе сондай түрде оған жол беруiн бiлдiредi. Сонда қылмысқа қатысушылықтың субьективтiк жағы тiкелей немесе жаңама түрдегi қасақаналықпен сипатталады деген сөз.
Бiрлесiп əрекет еткен адамдардың қылмыстарындағы психикалық қатынасты табу олардың қылмысқа қатысу үлесiн, қатысушының жауаптылығын жекешелеуге көмегiн тигiзедi. Қылмысқа қатысушылардың қасақана əрекет етуi, олардың қылмыстың жасалуына деген ой – ниет бiрлестiгiн бiлдiретiн бiрден – бiр себеп
табылады. Субьективтi белгiлердiң екiншiсi - қылмысқа қатысу тек қасақана қылмыстарда ғана орын алады дегенді бiлдiредi. Қылмыстық жауаптылық туралы заң абайсыз жасалған қылмыстарда қатысушылықтың
алмайтындығын айтады, себебi бұл жағдайларда бiрнеше субьектiлер бiр қылмыстық нəтижеге қол жеткiзу өздерiнiң ерiктi күштерiн бiрiктiрмейдi. Сонымен бiрге, егер адам басқа адаммен бiрiгiп қылмыс жатқандығын ұғынбаса, бiрақ оны ұғынуға тиiс жəне ұғынуға мүмкiндiгi болса, бұл жағдайда да қатысушы орын алмайды.
Қылмысқа қатысушылықтың обьективтiк белгiлерiне мыналар жатады:
а). Қылмысқа кемiнде екi немесе одан да көп адамның қатысуы,
б). Қылмысқа қатысушылардың əрекеттерiнiң бiрлескен түрде болуы немесе бұл əрекеттердiң бiр-бiрiмен соған байланыста болуы.
39. Қылмысқа қатысушылықтың объективтік және субъективтік белгілері, олардың сипаттамасы. ҚК-ң 27 б қылмысқа қатысу деп қылмысқа бірнеше адамның қасақана қатысуы.Қатысудың анықтамасынан мына түсінік шығады, қатысу ерекше нысан ретінде белгілі объективті және субъективті белгілерден тұрады.Қатысудың объективті белгісіне жатады:
- қылмыс жасауда екі не одан да көп адамның қатысуы.
- Қылмыстық маңызы ретінде жүзеге асқанын тілейді.
- Қосымша деген әрекетті жасау сөйлесіп бірнеше адамның жасаған жағдайында көмек болуы және бәрі де қылмыс нәтижесінің жүзеге асуын тілеуі.
Соған қатысты әр қатысушы мен қылмыстық нәтиже арасындағы қажетті себепті байланыс атқарушы да болады. Қатысудың субъективті белгісіне заң көрсетілгендей "қатысу" ол қылмыс жасауда қасақана қатысу осыған байланысты қажетті:
- өзі емес біреумен жасағаны туралы сезіну
- жасаған әрекеттердің қоғамға қауіптілігін сезінуі
- қатысушы, атқарушы орындаған қылмыстың элементін сезіну
- қылмыстық нәтиженің бәріне бірдей тіленуі
40. Қылмысқа қатысушылардың түрлері, олдардың сипаттамасы.Қазіргі қылмыстық заңға сәйкес қатысушыларды түрлерге бөліп саралайды. Оларды атқаратын қызметіне байланысты бөледі. Орындау әрекетіне байланысты оларды орындаушы, ұйымдастырушы, көмектесуші және айдап салушыға бөледі. Қылмыстың орындаушысы болып тікелей қылмыс жасаған адамды айтады, яғни ҚК-ң Ерекше бөлімінде көзделген белгілерді оның әрекетіне жатады.Қылмыстың орындаушысы болып жауапкершілікті көтере алатын және қылмыстың субъектісіне сай келетін тұлғаны айтамыз. (Кәмелетке толуы), (есі дұрыстық) және соған көзделген қосымша белгілері бойынша жататынын көрсетуге болады. Осының мәні былай талқыланады: егер кінәлі адам қылмыс жасап, сол әрекет ҚК-ң ерекше бөліміне сәйкес арнайы субъектінің белгілері болуы керек десе бірақ кінәлі де ол белгілері болмаса лауазымды тұлға болмаса онда ол сол қылмыс үшін арнайы субъект ретінде атқарушы бола алмайды.Қылмыстың орындаушылары болып қылмыстық мақсатта субъект белгілері жоқ адамды (қылмыстылық жауаптылыққа толмаған адам) санаймыз. Соған сәйкес абайсыз немесе шатасып қылмыс жасаған кезде немесе оларды қолданған кезде сұрақтар осылай шешіледі.Қылмыстың объективтік жағы бірнеше адаммен жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда атқарушылық органға ие болады. Орындаушы болып қылмыс жасамаса да, бірақ тікелей көмек көрсеткен адамдарды санауға болады. (Яғни қылмыс жасау кезінде жәбірленушіні ұстап не байлап жатқаны). Атқарушының әрекеті ҚК-ң Ерекше бөліміне сай сараланады. (28 б сілтелейді). Қылмыстың аяқталуына байланысты әр қатысушының әрекет сараланады. Егер атқарушыны оқталу үшін жауапқа тарту керек (мысалы, ҚК-ң 24, 28, 96 б б сәйкес). Жауапкершіліктің шектері, саралануы әр қатысушының жасаған әрекетіне байланысты бағаланады.Қылмыстың субъективті жағы атқарушының жасағанына байланысты тікелей және жанама оймен негізделеді. Орындаушы өз әрекетінің қоғамға қауіпті екенін екнін сезеді және барлық қатысушылармен бірге оның жүзеге асуын тілейді.Қылмыстың ұйымдастырушысы - ол қылмысты ұйымдастырған және басқарған адамдыайтамыз .Бұл ең қауіпті қатысуша ретінде қатысады. Әлеуметтік зерттеулердің мәліметі бойынша (52% көбі) сотталған ұйымдастырушылардың көбі қылмыстық сотталғандар бар. Олар көбінесе жасы үлкен адамдар және қоғамдық жұмыстардан жалтарған адамдар.Ол ереже сияқты қылмыстық ұйымның негізгі мүшесі ретінде болады. Бірақ бұл басқа қатысушы кезінде де болады. ҚК-ң 28 б сай жауапкершілікті екі нысанды мүмкіндік үшін тартылады: қылмысты ұйымдастыру және оны басқару.Қылмысты ұйымдастыру қатысушыларды біріктіріп, жоспар құрып, бұл әрекеттерді басқаруда мінезделеді. Ұйымдастырушы қылмыстық топты құрып, оның ішінде өзінің күшімен, деңгейімен тәртіп орнатып басқарады.Қылмысты ұйымдастыру басқару нысанында қылмыстық мақсатқа жетудің жүзеге асады. Ұйымдастырушы барлық қылмыстар үшін қылмыстық ұйымның мүшесінің жасаған әрекеттері үшін толық жауапты болады, егер осы қылмыстар оның қасақана ойымен қоршалса. Осы ережеден кету жеке жауапкершілік қағидасын бұзады. Әр қашанда ұйымдастырушы қасақана түрде жасайды. Ол өзінің әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезеді және қылмыстың аяқталуын алдын ала көреді. Кейбір кезде заңнамашы қылмыстық әрекеттің қауіптілігін ескере отырып жауапкершілікті ҚК-ң Ерекше бөліміне сай сілтеуі мүмкін емес. Сілтеу мүмкін емес егер ұйымдастырушы ұйымдастыру әркееттен басқа атқарушынының әрекетін орындамаса. Егер ұйымдастырушы қылмысты ұйымдастырып немесе басқарса, бірақ объективті жағының орындалуына тікелей қатыспаса, онда оның әрекеті 28 б бойынша сараланады. Айдап салушы деп біз басқа адамды қылмысқа алдап, қорқытып немесе басқа әдіспен итерсе айтамыз. Айдап салушы - ол қатысушы адам, ол қылмысқа тікелей қатыспайды, яғни жасырынды түрде қатысады. Оның қызметі басқа адамдарда қылмыс жасауға ниет туғызып, нақты қылмыс жасатуын айтамыз.
Итермелеу - басқа адамды қылмыс жасауға, одан пайда көретініне бұрғызу. Нақты түрде оның қызмет психикалық түрде: қорқытып, сатып алу, алдау қорқыту ретінде жүзеге асады. Көмектесуші ретінде біз қылмыс жасауға жағдай жасаған адамды айтамыз. Ол жағдайлар былай мінездейді: ақыл айту, қару тауып беру, кейін қылмыскерді жасырып қойған адамды, қылмыс іздерін жойған жағдайлар. ҚК-ке сай көмектесушіліктің 3 түрі бар:
- нақты түрде көмектесу
- алдын ала жасырамын деп уәде беру
- қылмыстық жолмен алынған заттарды сатуға көмектесу.
Әдебиетте көмектесушілікті: құралдарды ұсыну, қару беру, қайшылықты жою (яғни қылмысты қалай жақсы түрде жасау).Тікелей көмектесу осыда мінезделеді. Ал интеллектуалды көмектесу (ақыл айту, жарлық айту) осымен мінезделеді.
41. Қылмысқа қатысушылықтың нысандары. ҚК-те қатысуды саралау үшін екі тұрғыны қолданады: қатысушылардың қарым қатынасының тәсілі және келісімдік дәрежесі (алдын ала келісіп алу).Осы тұрғыға сәйкес анықтайды: жай қатысу, күрделі қатысу, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғам, (қылмыстық ұйым).Жай қатысуға екі ерекшелік сай: 1.әркімге белгілі ролдің бөлінбеуі тек ұйымдастыру техникалық бөлу 2.қатысудың нақты орны мен уақыты.Қатысудың осы нысаны алдын ала келіскен кезде мүмкін болады және мүмкін болмаған кезде. Қылмыстылықпен жасалды деп егер де онда немесе одан да көп адам қатысса саналады (ҚР ҚК-ң 31 б 1 б ).Қатысушының әрекеті ҚК 28 б сай сараланады. Қылмыс алдын ала келіскен топпен жасалды деп егер де онда алдын ала келісіп қойған қатысу шаралары қатысса саналады. (ҚК-ң 32 б 2 б). Күрделі қатысу заңды түрде ролдерде бөлумен негізделеді, яғни атқарушы, көмектесуші, ұйымдастырушы.Атқарушының әрекет жасаған қылмысқа сай сол баппен сараланады. Басқа қатысушылардың әрекетін жасаған қылмысына ғана емес қосымша ҚК-ң 28 б сәйкес сараланады.Қылмыс ұйымдасқан топпен жасалды деп егер де ол тұрақты топпен жасалса, алдын ала бірнеше қылмыс жасауға біріксе. Ұйымдасқан топтың қатысушылары тұрақты қылмыстық байланыстары бар, ұйымдастыру жағдағдайлары дамыған, басқару қабілеттілгі жоғары. Қылмысты жоспарлай алу қатысушыларды таңдау ролдерді бөлу және т.б. Қылмыстық қоғам жоғары дамыған деңгейін айтамыз. Олар ұйымдасқан қылмыстың ерекше қауіпті нысаны болып келеді. ҚК-ң 34 б 4 б сәйкес:"Қылмыс қылмыстық ұйыммен жасалды деп егер де ол біріккен нақты ұйымдасқан топпен жасалса, олардың мақсаты ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау үшін ұйымдасқан".Жай қатысуда қатысушының әрқайсысына роль бөлінбейді.Күрделі қатысуда яғни жеке қатысушыларға ролдер бөлініп атқарушыдан басқа олар тікелей қылмыстың объективті жағын орындауға бағытталған - ұйымдастырушы, азғындаушы, көмектесуші. (олардың әрқайсысы).Жай қатысуда қатысушылардың әрекеті Ерекше бөліммен сараланады, ал күрделіде қосымша 28 б сәйкес сараланады.Алдын ала келіспей қатысу - бұл алдын ала келіспей бірнеше адамның қатысуы (дене зақымын топпен ұрған кезде келтіру).Бір топ - қатысқан бір немесе бірнеше атқарушының алдын ала келіспей қатысуы. Алдын ала келіскен топ қылмыс жасау кезінде алдын ала келісіп жасағанын айтады. Көбінесе осындай келісім қылмыс жасау орнына, тәсіліне байланысты болады. Қатысудың осы нысаны қатысушылықпен сәйкес келуі мүмкін, тығыз байланыста, яғни ролдерді бөлумен, соңғы жағдайда екіден төмен қатысушының қатысуы. Осындай қатысу нысаны ауырлататын мән-жайлар болып ескеріледі. (мысалы, ҚК-ң 175 б 2 б). Тұрақтылық - яғни қатысушылардың ойы. Бір ғана қылмыс жасауға емес, одан да көп қылмыс жасауын айтамыз. Бірақ бір қылмысқа жақсылап дайындалуды көрсетуге болады.Бірліктілік - қылмыстық ұйымда күрделі ұйымдастыру - техникалық байланыстың болуы, айналымда өте үлкен соммалардың болуы, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста болу, қорғау шаралар жүйесін дамыту (контрразветка) қорғаулардың көптілігі. Ұйымдасқан топпен және қылмыстық ұйыммен жасаған қылмысы ұйымдасқан қылмыс деп аталады. Бүгінгі күні ұйымдасқан қылмыстылық есірткі заттарды сатумен, заңсыз қару сатумен, т.б. тығыз байланысты. Криминологияда белгілердің жиынтығы көрсетілген, яғни осы белгілер ұйымдасқан қылмыстылықты былай мінездейді:
- қылмыстық ұйымның әрекет ету үшін техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасырынуға, тығылып жасауға, яғни әлеуметтік бақылаудан жалтару шараларын қолдану
- қаржыландыру: қылмыстық ұйымның заңсыз тапқан пайдасын бөлу және арнайы қажетті фондтарын құру
- орталықтандырылған ақпаратты қамтамасыз ету
- заңсыз тиісті емес үкімдердің жүзеге асуы, бұлар бұлтартпау шаралары сияқты мүліксіз қолданады
- экономика мен құқық қорғау органдары мен заңсыз байланысты жүзеге асыру.