Салааралық стандарттау
Салааралық жүйелер мемлекеттік (ұлттық) және мемлекетаралық; стандарттар түрінде қалыптасады. Келешекте жалпытехникалық; жүйе рөлін атқаратын салааралық стандарттардың жүйелері техникалық реттеудің жалпытехникалық жүйесіне айналады. Өйткені олардың құрамына ұлттық стандарттар ғана емес, сонымен қатар техникалық регламенттер де кіреді.
Барлық салааралық стандарттарды шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
1. өнімнің (көрсетілетін қызметтің) сапасын қамтамасыз ететін стандарттар;
2. басқару және ақпараттық стандарттар;
3. әлеуметтік саланың стандарттары.
Өнімнің (көрсетілетін қызметтің) сапасын қамтамасыз ететін стандарттар ретінде мыналарды келтіруге болады:
1. өндірісті техникалық дайындау стандарттары;
2. өнімнің сапасын оны пайдалану кезінде қамтамасыз ететін стандарттар;
3. сапа жүйелерінің стандарттары;
4. өнімнің кейбір қасиеттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарттар;
5. сертификаттау жүйесінің стандарттары;
6. аккредиттеу жүйесінің стандарттары.
1. Машинаның және прибордың бөлшектерін өндіруде оны техникалық дайындаудың негізін конструкторлық және технологиялық дайындау құрайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қосыла отырып, бұлар бөлшекті өндіру және оның сапасын қалыптастыру сатысын құрайды. Бұл деңгейде өтініш берушінің, жобалаушының, дайындаушының және тұтынушының мүдделері тоғысады. Осыған байланысты қарастырылып отырған сатыдағы басты мақсат - жоғары техникалық деңгейдегі бұйым жасау, жобалаудың және жаңа техниканы игерудің мерзімі мен еңбек сыйымдылығын азайту болып табылады.
Тиімділігі жоғары өнім шығаруға мына салааралық стандарттар жинағы бағытталған:
-жобалау және өнімді өндіріске енгізу жүйесі;
-конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі;
-технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі;
-автоматтық түрде жобалау жүйесі.
Аталған стандарттар жинақтарының ішінде техникалық құжаттарды стандарттауға көп көңіл бөлінеді. Стандарттаудың тиімділігі құжаттарды басқа мекемелерге бергенде, оларды қайтадан жасаудың қажет еместігінде, құжаттардың мазмұны оңтайландырылғандықтан құжаттың мәтіні мен сызбасын дайындау және жасау шығыны азаяды, жобалауда үйлестіруді кеңінен қолдануға болады. Мысалы, конструкторлық құжаттардың бірыңғай жинағын қолдана отырып, жобалау жұмысының еңбек сыйымдылығын 25-30% кемітуге болатындығы анықталған.
Өнім сапасын қамтамасыз етудегі автоматты түрде жобалаудың рөлін еуропалық сапа мекемесінің деректерінен көруге болады: техника жұмысында болып тұратын тоқтап қалу себептерін бағалағанда «70-20-10» ережесі анықталған, яғни тоқтап қалу 70% деңгейінде жобалау жұмыстарындағы жіберілген кемістіктерге, ал 20% деңгейінде жасау кезінде жіберілген кемістіктерге, 10% деңгейінде пайдалану кезінде жіберілген кемістіктерге байланысты.
Өнімнің сапасын оны пайдалану кезінде қамтамасыз ететін стандарттар - пайдалану құжаттарына қатысты стандарттар жинағы, пайдалануда басшылыққа алынатын стандарттар,паспорттар, этикеткалар (тауарға жабыстырылатын қағаз), т.б. Сапалы жасалған пайдалану құжаттары техниканы, әсіресе күрделі техниканы, дұрыс пайдаланудың, яғни пайдалану ережелерін бұзбаудың кепілі.
Ақпараттық қауіпсіздік және стандарттау
Денсаулық сақтау және стандарттау
Денсаулық сақтау саласындағы стандарттау ережесі
Жалпы ережелер
1. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы " 1999 жылғы 16 шiлдедегi, " Денсаулық сақтау жүйесi туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi және денсаулық сақтау саласында стандарттау жүргiзудiң тәртiбi мен шартын белгiлейдi. K090193
2. Денсаулық сақтау субъектiлерi өзiнiң қызметiнде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi - уәкілетті орган) белгілеген денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды басшылыққа алуы тиiс.
3. Денсаулық сақтау саласындағы стандарт - қызметтiң әртүрлi түрлерiне немесе олардың нәтижелерiне қатысты ережелердi, жалпы қағидаттарды немесе сипаттамаларды денсаулық сақтау саласында жалпыға ортақ және көп дүркiндiк пайдалануды белгiлейтiн мүдделi тараптардың келiсiмiнiң негiзiнде уәкiлеттi орган әзірлеген құжат.
4. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттау - нақты қолданыстағы немесе әлеуеттi мiндеттерге қатысты жалпыға ортақ және көп дүркiндiк пайдалану үшiн саладағы ережелердi ретке келтiрудiң оңтайлы дәрежесiне жетуге бағытталған уәкiлеттi органның қызметi.
5. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар:
1) ұйымдастыру технологияларын;
2) медициналық қызметтер көрсетудi;
3) медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру процесiнде пайдаланылатын технологияларды;
4) дәрiлiк заттарды және медициналық бұйымдарды өндiрудi, сатудың шарттарын олардың сапасын;
5) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн;
6) есепке алу-есеп беру құжаттамасын қамтиды.
6. Денсаулық сақтау стандарттары денсаулық сақтау ұйымдары және жеке медициналық iс-тәжiрибемен айналысатын жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.