Дәріс. Суармалы ауыспалы егісте дақылдарды өсіру технологиясы.
Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың саны, мерзімі және суару нормасынық мөлшерінің жинағын суару режимі деп атайды, Суару режимін жобалағанда дақылдын, өсіп-өну дәуірі кезінде пайдаланылатын суының жалпы мөлшерімен ауыспалы егістегі әр дақыл үшін суару және суармалау нормаларынын, мөлшерін және суару мерзімі мен оның санын анықтау, гидромодуль графигін жасап, суару рсжимін су көздерінің режимімен сәйкестендіреді.
Жобаланган суару режимі топырақта қолайлы су, ауа, көрек және жылу режимдерін қамтамасыз етіп, ыза судың деңгейін көтермей және топырақтың сорлануына жол бермеуі керек.
Ауыл шаруашылық дақылдарының пайдаланатын су мөлшері олардың даму кезеңінің ұзақтығы на, сыртқы жағдайларға (күн, температура, су, қорек және ауа режимдері) және дақылдардыц түрі мен сорттарының биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Мысалы, астық тұқымдас да қылдардың дамуында мынандай өте қиын мезгілдері болады: көктеу, түптену, масақтану, гүлдену және пісу. Өсімдіктердің даму кезеңінің әр шағында су иай-далану мөлшері әр түрлі болады. Мыса лы, астық тұқымдас дакылдар суды түптену және масақтану кезеңінде көп пайдаланса, ал мақта егісі суды гүлдену кезінде мол пайдаланады. Дақылдардың пісу кезеңінде суды пайдалануы азайып, ал оның аяқ шенінде мүлде тоқтайды.
Өсімдіктердің суды пайдалану мөлшері тіпті әр тәулік ішінде де өзгеріп тұрады және ол судың тапшылығымен ауа температурасынын және өсімдіктерге жарық түсу мөлшерінің көбейетін мерзімі - түс кезінде өте мол болады. Өсу мезгілінде өсімдіктердегі физиологиялық процестер де өте қаркынды болады. Ал бұған кері-сінше, түнде жоғарыда келтірілген көрсеткішітердің төмендеуіне байланысты су пайдалану мөлшері өте аз болады.
Өсімдіктердін. суды пайдалапу және оиың тиімділігін траиспи-рациялык коэффициент, су пайдалану жэне буланудың жалпы мөлшері арқылы байымдайды.
Транспирацияльщ коэффициепт деп өсімдіктердіқ 1 тонна құрғақ зат жасау үшін жүмсайтын (сабақтары, жапырақтары, тамырлары, дәндері т. б.) суының мөлшерін айтады. Әдетте бүл мөлшер текше метр есебімен саналады.
Ал суды пайдалану коэффнциенті деп топырақ бетінен буланатын және 1 центнер товарлы өнім (дән, шитті мақта, жеміс, кар-топ, шөп) жасау үшін жұмсалатын судын, мөлшерін айтады. Бұл мөлшерде текшеметр есебімен саналады. Бүл коэффициенттіқ мөлшері мына теңдік арқылы анықталады:
Е = Қ-У;
бұнда: Е — пайдаланылатын судың жалпы мөліпері, текшеметр
есебімен; К — су пайдалану коэффициепті, центнеріне текшеметр
есебімен; У — өнім, центнер есебімен.
Транспнрациялық коэффициент пен су пайдалану коэффициен-тінін, мөлшері әрбір жекеленген дақылдар үшін де өте тұрақсыз болады. Онық мөлшері өсімдіктердін. өсуі үіпін қажет факторлардың қолайлы үйлестірілген жағдайында аз болып, ал бұл үйлестірілу бұзылған жағдайда көбейіп кетеді.
Шаруашылық жағдайында топырақ құнарлығымен дақылдар-ды баптау агротехникасы жоғары болған сайын және өнім неғүрлым молайған сайын, соғұрлым бұл коэффициенттер мөлшері азая береді.
Жалпы булану коэффициенті деп топырақ деп өсімдіктер бетінсн буланған сумеп оның өсу дәуірі кезіндегі ауа дымқылдығы тапшылығының тәулік бойындағы орташа мөлшерінің қосындысы-ның арақатынасыи айтады. Орта есеппен бұл коэффициенттіқ мөлшері маусым-тамыз айларында мынандай болады: жүгері үшІн — 0,38, күздік бидай үшін—0,40, жаздық астықты дакылдар үшін — 0,40, қант қызылпіасы жәпе томат үшіп—0,42, жоңышка үшін — 0,45 және егілген көпжылдык, ағаштар үшін —0,40.
Пайдаланылатын судың жалпы мөлшерін анықтаудың әдістері. Пайдаланылатын судың жалпы мөлшерін эмперизм және жартылай эмперизм әдістерімен анықтайды.
Эмперизм әдісі. Еліміздің барлық аймақтарында мелиоративті — тәжірибе станциялары мен басқада ғылыми-зерттеу мекемелері орналасқан және олар көп жылдар бойы ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың ең қолайлы режимін зерттеп, тәжірибе учаскелерінде белгілі өлшеулер жүргізу арқылы дақылдардық суды пайдаланудың жалпы мөлшерін анықтайды. Ғылыми мекемелер осы зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес ұсыныстар береді.
Буланудың мөлшері Н. Н. Ивановтың формуласына арқылы анықталады:
Е = 0,0018-0,8(25- t)2-(100-а)
бұнда: t және а - ауаның орта температурасы және оның салыстырмалы дымқылдығы, % есебімен.
Суармалау нормасынын, мөлшерін анықтау үшін басқа да бір-қатар формулалар бар, бірақ олар жобалау жұмыстарында көп қолданбай келеді.
Суармалау нормасының қамтамасыздығы. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық дақылдарын суару режимі әр дақылдың су балансы тапшылығын 95%-ке қамтамасыз ететін жылға жобаланады. Ол үшін көп жылдар бойы (25 және одан да көп) жауын-шашын мен ауа ылғалдылығыпық тапшылығы жөнінде көрсеткіш-тер керек болады. Бұл көрсеткіштер жақын жерге орналаскан метеорологиялық станциялардан алынады.
Ауыспалы егістіктегі әрбір дақыл үшін осы көрсеткіштер арқылы су балансының тапшылығы, суару мерзімі мен оның мөлше-рі жанағы көп жылдардың әр жылы үшін анықталады. Есептеу жұмыстары ЭВМ машиналары арқылы жүргізіледі.
Суару мерзіміне байланысты барлық суару жұмыстары екі түрге өсімдіктердід өсу дәуірі кезінде суару және бұл дәуірден тыс мезгілде суару болып бөлінеді.
Өсімдіктердің өсу дәуірі кезінде жүргізілетін суаруды өсу дәуірінде суару деп атайды.
Ауыл шаруашылық дақылдарынаң бос алқаптарды суаруды өсу дәуірінен тыс мезгілде суару деп атайды.
Өсу дәуірі кезінде суару тобына көшет тігу кезінде, оны тіккеннен кейін және өсімдіктерді еккенен кейін суару жатады.
Көшетті тігу кезінде суару арқылы олардың көнігіп өсуі қамтамасыз етіледі.
Көшеттерді тіккеннен кейін суару арқылы бұрын отырғызылған көшеттердің тамырлануы және жаңадан отырғызылған көшеттердің көнігіп өсуі қамтамасыз етіледі.