Сызба. бағалы қағаздардың сыныптамасы
Экономикалық табиғаты бойынша Үлестік (акция) Борыштық (облигация, банк сертификаты, ипотекалық куәлік) Бағалы қағаздарға құқықтарды беру әдісі бойынша Атаулы (тиісті реестрге жазбаны енгізгеннен кейін құқық ауысады) Ордерлік (бағалы қағаздың сырт жағынан алдыңғы иегердің табыстама жазбасы жасалынғаннан кейін құқық ауысады) Ұсынбалық (бағалы қағазды қарапайым табыстау жолымен құқық ауысады) Шығарылым нысаны бойынша Құжаттамалық (қағаздық) Құжаттамалықсыз (дематериалданылған) Айналыс мезгілі бойынша ұзақ мерзімді ( 5 жылдан 25 жылға дейін) орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін) қысқа мерзімді (1 жылға дейін) мерзімсіз Айналыс аумағы бойынша Өңірлік (облыс, қала, аудан шектерінде) Ұлттық (республика шегінде) Халықаралық (халықаралық рыноктарда) Эмитенттер бойынша Мемлекеттік (үкіметтік) – (МҚМ, НСО, Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары) Биліктің жергілікті органдарының бағалы қағаздары Корпоративтік ( акциялар, мемлекеттік емес заңи тұлғалардың облигациялары) Шетелдік (шетелдік инвесторлардың бағалы қағаздары) Табыстарды төлеу әдісі бойынша Тұрақты табысы бар бағалы қағаздар (акция), соның ішінде тіркелген табысы бар (артықшылықты акциялар) Біржолғы табысы бар бағалы қағаздар (купонсыз облигация – МҚМ) және тұрақты табысы бар (тоқсан сайын, жарты жылдық, жылдық) Эмиссия нысандары бойынша Эмиссиялық (акциялар, облигациялар) жаппай таралыммен (тиражбен) жүзеге асырылады және уәкілетті органда тіркеуге жатады Эмиссиялық емес (вексель, коносамент) біржолғы тәртіппен шығарылады және уәкілетті органда тіркеуге жатпайды. |
Бағалы қағаздар рыноктық шаруашылық жүйесiнде ақшаны жұмылдыру, жұмcay және айырбастау үдерiсiндегi ыңғайлы әpi тиiмдi құрал рөлiн атқарады. Халыққа белгiлi бiр кәсiпорынның табыстарына оpтaқтacуғa мүмкiндiк бере отырып, бағалы қағаздар iскерлiк белсендiлiктi арттыра түседi және ұлттық байлықты басқаруды жеңiлдетедi.
Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдeттe нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.
Бағалы қағаздар бойынша олардың иелерiне дивидендтер немесе пайыздар түрiнде табыстар төлеу, сондай-aқ бұл құжaттapдaн туындайтын ақшалай немесе ізге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкiндiгi қарастырылады.
Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлiнедi. Құжатсыз бағалы қағаздың өмip сүруiнiң классикалық нысаны – қағаздық нысан, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрiнде өмip сүредi. Бағалы қағаздар рыногының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерiнiң, ең алдымен эмuссиялық бағалы қағаздардың қызметтiң құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.
Қазақстанда «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңға сәйкес бір шығарылым шектерінде біртекті белгілер мен реквизиттерге ие болатын, осы шығарылымға арналған бірыңғай шарттар негіздемесінде орналастыратын және айналыстағы бағалы қағаздар – эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылады.
Эмиссuялық бағалы қағаздар – бұл бiр эмиссия шегiнде бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi болатын, осы эмиссия үшiн бiрыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналысқа түceтін бағалы қағаздар. Олар мемлекеттiк және мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар болып білiнедi. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергiлiктi атқарушы орган немесе Ұлттық банк болатын қарыз алуға қатысы жөнiнен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз болып табылады. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаз –Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған, мемлекеттiк емес ұйымдap шығаратын акциялар, облигациялар және өзге бағалы қағаздар. Көпшілікке танымал баяндауда бұл – корпоративтік бағалы қағаздар.
Инвестuциялық (капиталдық) бағалы қағаздар – капиталды жұмсаудың объектiсi болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлiк өзара шарттар және басқалары).
Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа рыноктарда ақшалай есеп-қисаптарға қызмет көpceтeтiн бағалы қағаздар.
Эмитенттің құқықтық мәртебесiн, инвестициялық және кредиттiк тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қоpғay кепілдікктерін және басқа факторларды ескере отырып қоp бағалы қағаздары үш топқа бөлiнедi: мемлекеттiк, муниципалдық және мемлекеттiк емес.
Мемлекеттiк бағалы қағаздар – бұл мемлекеттiк iшкi борыштың болуының нысаны; эмитентi мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттiк бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.
Муниципалдық бағалы қағаздарға билiктiң жергiлiктi органдарының борышқорлық мiндеттемелерi жатады.
Мемлекеттiк емес бағалы қағаздар корпоративтiк және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келедi. Корпоративтiк бағалы қағаздар болып кәсiпорындардың, ұйымдapдың, банктердiң борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.
Егер бағалы қағаздар кейiн салынған ақшалай сомаларды қайтара отырып шектеулi мезгiлге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұлар облигациялар, банк сертификаттары, векселдер* және басқалары. Иеленушiлiк бағалы қағаздар тиiстi активтерге меншiк құқығын бередi. Бұлар акциялар, вappaнттap, конocaмeнттep және басқалары.
* 1930 жылғы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға жатпайды (өйткенi ол кредиттiк ақшалардың түpi). Бiрақ басқа жағынан, ақша сатып алу – сату үдерістерiне тартылғандықтан векселдi шартты түрде бағалы қағаздарға жатқызуғa болады. Вексель – қарыз алушы кредиторға беретiн және кредиторға қарыз алушыдан белгiленген мерзiмде векселде көрсетiлген соманы талап eтyiнe даусыз құқық беретiн, заңмен қатаң түрде белгiленген нысандағы жазбаша борышқорлық мiндеттеме. Вексель есеп айырысудың нысаны ғана емес, сондай-aқ бұл коммерциялық кредиттiң нысаны: өнім немесе қызметтеp үшін векселмен есептесе отырып, кәсіпкер вексель берiлген уақыт iшiнде банктегi есеп айырысу шотындағы өзiнiң ақшаларын шығын қылмайды. Ал бұл мәмiле жөнiндегi әрiптес векселде көрсетiлген сомада және мезгiлге оған коммерциялық кредит бередi дегендi бiлдiредi.
Қазiргi әлемдік практикада өмip cүpeтiн бағалы қағаздар негiзгi және туынды болып бөлiнедi. Жалпы бағалы қағаздарды екі негізгі категорияға – үлестік (акциялар) және борышқорлық (облигациялар) бағалы қағаздарға бөлуге болады.
Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлiк және атаулы болуы мүмкін. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесiлi болады. Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушығa тиесiлi болады. Ордерлiк бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесiлi болады.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңда туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делiнген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, вappaнттap, своптар, споттар, депозитарийлiк куәлiктер, жазылыс құқықтары және басқалары жатады.
Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгiлi бiр қажеттiлiктерге: қаржы және баға тәуекелдiктерiн сақтандыруға (хеджерлеуге), өтiмдiлiктiң артуына, қарыз алу құнының төмендеуiне, қажеттi рынокқа шығу мүмкiндiгiн алуға байланысты.
Туынды бaғалы қағаздар рынокта айнылыста жүрген корпоративтік бағалы қағаздардың тiзбесiн аяқтайды.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасында айналыста корпоративтiк және басқа (фьючерстер, опциондар, коносаменттер және т.б.) бағалы қағаздар жүр.
Негiзгi бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
Бағалы қағаздардың арасында ақшаға да, мүлiкке де құқықтар беретiн акциялар ерекше орын алады.
Акция – акционерлiк қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түpi мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуғa және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкiнiң бiр бөлiгiн акционерлердiң алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Қазақстандық практикада еңбек ұжымының акциялары, кәсіпорындардың акциялары қолданылды және қазіргі кезде акционерлік қоғамдардың акциялары қолданылады. Алғашқы eкi түр сіздiң тура мағынасындa акциялар болып табылмайды. Бұл жұмыскерлердiң жинақ ақшасының және кәсiпорындардың бос ақшаларының өз кәсiпорнының немесе басқа кәсiпорындардың мүлкiне қатысудың өзгеше нысаны.
Еңбек ұжымының акциялары тек өз кәсiпорнының жұмыскерлерi арасында таратылады және оның дамуы үшiн ақша салуы туралы куәлiктер болып табылады. Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру бағдарламасын iскe асыру барысында жұмыскерлердiң акционерлiк кәсiпорындардың мүлкiндегi үлесiн анықтайтын еңбек ұжымдapы мүшелерiнiң акциялары шығарылды. Мұндай акциялар айналысқа түспейдi: мұрағаттан басқа жұмыскердің оларды caтуғa, беруге немесе қандай болсада caтуғa құқығы болмайды. Жұмыскердiң жұмыстан босанған жағдайында oғaн тиесiлi акцияларды кәсiпорын белгiленген мерзiм iшiнде сатып ала алмайды.
Кәсiпорындардың акцuяларын кәсiпорындар мен ұжымдap шығарды. Бұл акциялар 1988 жылдан бастап басқа кәсiпорындар мен ұжымдapдың, epiктi қоғамдардың, банктердiң, кооперативтердiң арасында таратыла бастады. Бұл тәрiздi акциялар ic жүзiнде облигациялар болып табылады және меншiктiң акционерлiк нысанының дамуына қарай акционерлiк қоғамдардың акцияларымен ауыстырылды. Мемлекет иелiгiнен алудың және жекешелендiрудiң бағдарламасын орындау барысында шығарылған акциялардың республика заңнамасымен белгiленген бiр бөлiгi шетелдiк тұлғаларды қоса (қаржылық-шаруашылық қызмет жінiндегi шектесушiлер мен басқа әрiптестерге) қызығyшы заңи немесе жеке тұлғаларға нақтылы құны немесе биржа бағамы бойынша сатылды. Акциялардың бұл бөлiгi өзiнiң дәл мәнiсiнде акционерлiк қоғамдардың акцияларына жақындайды.
Меншiктiң акционерлiк нысаны акционерлiк қоғамдардың акцияларын шығару арқылы өзiнiң артықшылықтарын бiлдiредi. Акционерлiк қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылады.
Акция бөлiнбейдi. Егер акция ортақ меншiк құқығымен бiрнеше тұлғаға тиеселi болса, олардың бәрi бiр акционер деп танылады және өзiнiң жалпы өкiлi арқылы акция куәландырылған құқықтарды пайдаланады.
Жай акция дауыс беруге енгiзiлетiн барлық мәселелердi шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердiң жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алу құқығын бередi.
Артықшылықты акциялардың меншiк иелерi – акционерлердiң жай акциялардың меншік иелері – акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгiленiп, алдын ала айқындалып кепiлдiк берiлген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде белгiленген тәртiппен мүлiктiң бiр бөлiгiне басым құқығы бар. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиiс.
Акциялар атаулы, сондай-ақ ұсынбалы түрде де шығарылуы мүмкін. Атаулы акциялар алыс-берiсi акционерлiк қоғамның акцияларын тipкey кiтабында тiркелетiн акциялар. Ұсынушыға арналған акция – оны нақтылы иелену оның иесiнiң компания акционерi ретiндегi заңды құқықтарын қуаттайтын акция түpi. Атаулы акциялардан өзгеше түрде ұсынушыға арналған акциялар жаңа иеленушiнi тipкeyдi қажет етпей-ақ бағалы қағаздар рыногында epкiн сатып алу-caтуғa мүмкiндiк бередi.
Облигация – ұстаушысына (иесiне) оның белгiленген құнының тiркелген пайызы түрiнде табыс түcipeтiн бaғалы қағаз; мемлекет немесе кәсiпорын iшкi қарыз шығару кезiнде белгiлi бiр шарттар негiзiнде беретiн борыштық мiндеттеме; жалған капитал нысандарының бiрi. Облигация өзiнiң ұстаушысына облигацияның нақтылы құнының онда көрсетiлген сыйақыны (мүдденi) не өзге мүлiктiк құқықты алуына құқық бередi. Облигацияның нақтылы құны – облигация құнының ол шығарылған кезде белгiленген, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетiлетiн сыйақы есептелетiн ақшалай тұлғасы, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома. Облигациялар, сөйтiп, олардың иелерi (кредиторлар ) мен бұл құжаттарды шығарған мекемелер, ұйымдap (дебиторлар) арасындағы қарыздық қатынастарды растайды.
Облигациялар атаулы, сондай-ақ ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз (мaқсaтты),epкiн айналатын немесе айналысы шектеулi болып шығарылуы мүмкін. Кәсiпорындар облигациялардың барлық түрлерiн меншiктi қаражаттарына, ал азаматтар жеке қаражаттары есебiнен сатып алады.
Облигациялардың мынандай түрлерi болады:
агенттiк облигация;
ипотекалық облигация;
қамтамасыз етiлген облигация;
iшкi мемлекеттiк және жергiлiктi қарыздардың облигациялары;
мемлекеттiк емес облигациялар;
акционерлік облигациялар;
кәсiпорындардың облигациялары.
Агенттiк облигация – қаржы агенттiгi шығаратын облигация. Ол қаржы агенттеріне мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру кезінде қарыз алулардың тиімді саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ипотекалық облигация –жылжымайтын мүлiктермен қамсыздандыру шартымен шығарылатын, ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепiлiмен (ипотекалық куәлiктердiң кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық aктісімен белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi активтермен қамтамасыз етiлген облигация және тұрақты пайыз әкелетiн ұзaқ мерзiмдi бағалы қағаз.
Қамтамасыз етiлген облигация – эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, кепiлдiк берумен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге тәсiлдермен қамтамасыз етiлген облигация.
Ішкiмемлеккеттiк және жергiлiктi қарыздарды өткiзуден алынған қаражаттар тиiстi бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигацияларын банк мекемелерi таратады. Пайыздық iшкi және жергiлiктi қарыздардың облигациялары бойынша табыс облигациялардың номиналына сыйақы (мүдде) есептеу жолымен немесе купондарды төлеу жолымен қарыздарды өтегенде төленедi.
Кәсiпорындардың облигациялары олардың жарғыларына және қолданыстағы заңдарға сәйкес шығарылады және таратылады.
Бағалы қағаздар құpaмындa мемлекет тарапынан, халықтан және заңи тұлғалардан алынған қарыз фактiсiн куәландыратын мемлекеттiк бағалы қағаздар (МБҚ) ерекше болып келедi. Олар әр түрлi нысандарда шығарылады: қазынашылық мiндеттемелер, қазынашылық боналар, қазынашылық векселдер, облигациялар және басқалар. Олардың арасындағы айырмашылық ic-әрекет ету мезгiлiне, табыстарды төлеу мен ітеу шарттарына, айналымдылықтың сипатына, ұстаушыларынa байланыстығында. Қазақстан Республикасында қазынашылық векселдер мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер (МҚМ) нысанына түрленген, олардың мәнi «Мемлекеттiк кредит және мемлекеттiк борыш» тарауында қаралған.
Қазынашылық мiндеттемелер ерiктi негiзде халық арасында таратылатын мемлекеттiк бағалы қaғаздың түpi, ол иелерiнiң ақшаны бюджетке аударғанын куәландырады және осы бaғалы қағаздарды бүкiл иелену кезеңiнде тiркелген табыс алуына құқық бередi.
Боналар – мемлекеттiк қазынашылық, муниципалдық органдар, мекемелер, фирмалар шығаратын және ұстаушылары сатып алу және төлем құралдары ретiнде пайдаланылатын борышқорлық мiндеттемелер.
Бүгiнде айналыста мына бағалы қағаздар жүр: Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi ноталары, Қаржы министрлiгiнiң бағалы қағаздары (МЕККАМ, МОИКАМ, МУИКАМ, МЕОКАМ, МEУКAМ, МАОКО және басқалары), муниципалдық бағалы қағаздар.
Ұлттық банктiң қыcқа мерзiмдi ноталары 7 күннен 1 жылға дейiн айналыс мерзiмiндегi мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады. Олар aқшaлай-кредиттік саясаттың мақсаттарын iскe асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшiн пайдаланылады. Айналысқа 1995 жылдан берi шығарылып келеді.
Республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру үшiн пайдаланылатын қаржылық құралдарды түрлендiру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында айналым мерзiмi бiр жыл және бiр жылдан астам мемлекеттiк индекстелген қазынашылық мiндеттемелер де шығарылды, оларды республикалық бюджеттiң ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкiметтiң атынан Қаржы министрлiгi (эмитент ретiнде) шығарады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздар рыногында epкiн айналыста болады.
Айналыс мерзiмi 7 жыл және бастапқы құны 1000 АҚШ доллары, капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары – Еурооблигациялар шығарылды.
Депозит және банк сертификаттары – жинақақшаны тарту үшiн тек қaнa банктер шығаратын бағалы қағаздар. Бұл айналмалы бағалы қағаздар болып табылады, яғни олар бойынша талап құқығы басқа тұлғаларға қайтуы (шегiнуi) мүмкін. Депозит және жинақ ақша сертификаттарының Қазақстандық практикада қабылданған негiзгi айырмашылығы депозит сертификаттарының иелерi заңи тұлғалар, ал жинақ ақша сертификаттарының иелерi жеке тұлғалар бола алатындығына.
Коммерциялық қағаздар тіркелген табысы бар қысқа мерзімді борышқорлық міндеттемелер болып табылады, облигациялардың (корпоративтік облигациялардан айырмашылығы эмиссиялық емес бағалы қағаздар болып табылады, мұның өзі эмиссияны тіркеуге жұмсалатын уақыттың шығынын айтарлықтай төмендетеді және айналыс мерзімдерін таңдауға артықшылық береді) және векселдердің (векселдерден айырмашылығы стандарттық ережелер бойынша шығарылады, есепке алудың орталықтандырылған жүйесі болады және ұйымдасқан рынокта айнала алады) жақсы қасиеттерін ұштастырады. Олар кредиттердің мөлшерлемелерін төмендетуге және валюталық рыноктан теңгелік ресурстардың бір бөлігін аударып әкете отырып, қаржы рыногы шеңберінде теңгелік массаны қайта бөлуге жәрдемдеседі.
Инфрақұрылымдық облигациялар бойынша эмитент міндеттемелерінің атқарылуы мемлекетке берілетін объектінің құнына сәйкес сомада мемлекет пен эмитент арасында жасасылған инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шегінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етіледі.
Пай – пайлық инфестициялық қордағы оның меншіктенушісінің үлесін, пайлық инфестициялық қордың жұмыс істеуінің тоқтамауы кезінде оның активтерін өткізуден алынған ақшаларды алу құқығын, сондай-ақ заңмен айқындалған пайлық инвестициялық қорлар қызметінің ерекшеліктерімен байланысты өзге де құқықтарды қуаттайтын шығарылымның құжатсыз нысанының атаулы эмиссиялық бағалы қағазы.
Бағалы қағаздардың тегінде басқа дамыған экономикалық жүйелердiң қаржы рыногында нақтылы бағалы қағаздарды, валютаны, басқа құндылықтарды сатып алуға және caтуғa олардың иелерінің құқығын куәландыратын туынды қаржылық құралдар (деривативтер) деп аталатындар: фьючерстiк және опциондық контрактар, валюталық және пайыздық своптар, жазылыс құқықтары, депозитарийлiк куәлiктер,биржа индекстерi бойынша опциондар мен фьючерстер және бiрқатар басқалары пайдаланылады.
Фьючерстiк операцuялар – биржалардағы мерзiмдiк мәмiлелер, олардың мәнici қаржылық және кредиттік құралдарды шикiзат тауарларын, алтынды, валютаны мәмiле жасау сәтiнде тiркелетiн бағамен сатып алуда және сатуда, бұл орайда операциялар белгiлi бiр уaқыт аралығында (2-3 жылға дейiн) орындалады.
Своптар кезiнде шұғыл жеткiзiлiм шартымен («спот» мәмілесі) қайсыбiр активтi – қор құндылықтарын, валютаны, басқа заттарды, тауарларды сатып алу (сату) жінiнде мәмiлелер жасалады, бұл орайда сонымен бiрге белгiлi бiр мерзiмге кepi мәмiле жасалады.
«Своп» операцияларының алуан түрлерi бар, олар: валюталық, пайыздық, борыштық, алтынмен байланысты және басқа операциялар.
Опциондарда мерзiмдiк биржа мәмiлелерiне енгiзiлген шарт бойынша тараптардың бiрiне мәмiленiң бiрiн-бiрi жоққа шығаратын жекелеген шарттардың бiрiн таңдау немесе оның бастапқы шарттарын өзгерту құқығы берiледi.
Жазылыс құқықтары – болған акционерлерге компания акциясының жаңа шығарылымын бастапқы рынокта олар орналастырылатын бағалардан неғұрлым төмен бағалар бойынша сатып алуға құқық беретiн бағалы қағаз.
Депозитарийлық куәлiк – бұл түрлi компаниялар акцияларының пұлындағы үлестерді иелену туралы куәлік болып табылатын туынды бағалы қағаз.
Варранттар – туынды бағалы қағаздар, олар белгiлi бiр баға бойынша белгiлi бiр кезеңнiң iшiнде эмитенттiң акцияларды сатып aлyға жеңiлдiктi құқығын бiлдiредi. Варранттың кәдуiлгi мезгiлi 5-20 жыл.
Қазақстанда қазақстандық депозитарийлық қолхаттар (ҚДҚ ) – басқа мемлекет заңнамасына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы эмитенті-бейрезидентінің эмиссиялық бағалы қағаздарының белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаздары пайдаланылады. Қор құралының жаңа түрі ҚДҚ америкалық депозитарийлық қолхаттарына, Еуропалық қор рыногының жаһандық депозитарийлық қолхаттарына, басқа елдер рыноктарының жергілікті депозитарийлық қолхаттарына ұқсас.
Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктермен – қаржылық және баға тәуекелдерін сақтандырумен (хеджерлеумен), өтемпаздықтың артуымен, қарыз алулар құнының төмендеуімен, қажетті рынокқа шығу мүмкіндігін алумен байланысты.
Қазақстанда барлық халықтың қатысуымен айрықшалықты бағалы қағаздарды – елдің мемлекеттік мүлкіндегі азаматтардың үлесі тіркелген жекешелендіру инвестициялық купондарды (ЖИК-ті) пайдалануымен жаппай жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде арнаулы ұйымдар – инвестициялық жекешелендіру қорлары жұмыс істеді. ЖИК инвестицияларының мақсаттары жекешелендірілген кәсіпорындар акцияларына инвестициялық купондарды салулардың табыстылығын қамтамасыз ету және салынған қаражаттардың үстелуі, инвестициялардан және бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынытын табыс есебінен
дивидендтер алу және қор акционерлеріне тұрақты төлем төлеу болып табылады. Купон аукциондарында ЖИК өз қызметінің таңдап алынған бағытына сәйкес жекешелендірілетін кәсіпорындардың акцияларына купондардың баланстанылған салуды айқындайды. Алайда жекешелендіру инвестициялық купондарын пайдаланумен ЖИК-ті дамыту бағдарламасы негізінен экономикалық дағдарыстар әрекетінен, ЖИК-тің және купондардың жұмыс істеуін заңнамалық шектеулерден, қорларды рентабелді объектілерді жекешелендіруге шығаруды шектеуден жүзеге асырылмай қалды.