Еңбекақының қызметі және оны төлеудегі қағидалар.
Кәсiпорында жалақы саясатын әзiрлеуде және оны ұйымдастыруда жалақының төмендегiдей принциптерiн еске алу керек:
- әдiлдiгi, яғни тең жалақы;
- жасалынбаған жұмыс есебiнiң қиындығы және еңбек бiлiктiлiгiнiң деңгейi;
- зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегiнiң есебi;
- еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адалдығы үшiн ынталандыру;
- ақау жiбергенi және өзiнiң мiндетiне жауапсыздықпен қарағандығынан жағымсыз жағдайлар болғаны үшiн материалдық жазалау;
- еңбек өнiмдiлiгiнiң өрлеу қарқыны орта жалақының өрлеу қарқынына қарағанда озық жүруi;
- инфляцияның деңгейiне сай жалақыны индекстеу;
- өндiрiстiң қажеттiлiгiн ең үлкен деңгейде қамтамасыз ету үшiн үдемелi нысананы және жалақы жүйесiн қолдану.
Еңбекақының қағидалары мен атқаратын қызметтері
Қағидалар | Қызметтер |
Еңбекақы нысандары мен жүйелерінің қолжетімділігі мен логикалығы (ақылға сиымдылығы) | Ұдайы өндіргіштік |
Нақты жалақыны өсіру өндіріс пен еңбек тиімділігінің өсу шамасына қарай | Реттеушілік |
Тең еңбекке тең жалақы төлеу | Ынталаушылық |
Мемлекеттік реттеу | өлшемдік – бөлу |
Еңбек нарығы ықпалын есепке алу | Ресурстық-орналастыру |
Саралау | Халықтың төлемқабілеттілік сұранысын қалыптастыру |
Еңбекақы төлеу жүйелерінің және нысандары мен түрлерінің қолжетімділігі мен ақылға сиымдылығы қағидасы олардың мәні жөнінде кең мағлұматпен қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді. Жұмыскерлер өздерінің еңбекақысы мен сыйақы жүйесі туралы нақты және анық білулері қажет. Сонда ғана олар өндірістің тиімділігін арттыруға мүдделі.
Нақты жалақыны өсіру өндіріс пен еңбек тиімділігінің өсу шамасына қарай қағидасы қажеттілік өсу экономикалық заңының жұмыс жасауымен байланысты. Бұл заң бойынша қажеттілікті толық қанағаттандыру өз еңбегіне материалдық игілікті барынша көбірек алған жағдайда мүмкін болады. Бұндай байланыс болмаған жағдайда еңбек ақыны төлемеу, инфляция, нақты еңбекақының төмендеуі орын алады. Нәтижесінде өсіп отырған қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіншілігі жойылып, еңбекақыны өсіру мүмкіншілігі азаяды.
Тең еңбекке тең еңбекақы төлеу қағидасы кәсіпорын ішінде жұмсалған еңбекке тең еңбекақы төлеу әділдігін қадағалауды білдреді.
Мемлекеттік реттеу қағидасы негізгі еңбекақы төлеу саясаты мен әлеуметтік нормативтер мемлекеттік деңгейде дайындалу керек.
Бұрын еңбекақы еңбектің күрделілігіне қарай, еңбек жағдайына, аумақтық жағынан тиесілігіне қарай, халықшаруашылық маңыздылығына қарай, жұмыскердің соңғы нәтижеге еңбек үлесіне қарай сараланатын(дифференциация) еді.
Жалақы дифференцияциясы материалдық тұрақтандыру сапасының басты жүктемесімен жүреді. Осы арқылы жұмысшылар жалақының әділдігін тексереді:
а) жұмысшылардың жеке салымын бағалауда;
б) ішкі біліктілікті салыстыру;
в) маманаралық салыстыруда.
Жалақы дифференцияциясының 3 түрі экономиканың дамуында маңызды роль атқарады: салалық, маманды-біліктілікті, аймақтық.
Жалақы дифференцияциясы еңбектің күрделілігіне, жұмысшының тәжірибесіне және біліктілігіне байланысты тарифті-білікті анықтамалар, тарифті топтар (жұмысшылар үшін) және қызметкерлер жалақысының схемасы (басшылар үшін, мамандар және қызметкерлер үшін) және жалақының аймақтық коэффициенті кіреді.
4 Тарифтік жүйе, оның мазмұны және элементтері.
Еңбекақыны ұйымдастыру деп еңбек саны мен оған төлеу шамасы арасында өзара байланыс орнатуды және оны қамтамасыз етуді және оның құрамдас бөліктерінің жиынтығын айтады. Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі элементтері тарифтік жүйе, еңбекақы төлеу формалары мен жүйелері, еңбекті нормалау.
Тарифтік жүйе – жұмыскердің біліктілігіне, еңбек жағдайына және географиялық орналасуға байланысты еңбекақы деңгейі тағайындалатын түрлі нормативтік материалдар жиынтығы. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері –бұл еңбектің саны мен сапасына қарай еңбекақыны тағайындау механизмі.Еңбекті нормалау –еңбек пен оның нәтижелерінің ғылыми негізделген шығынын қою (уақыт нормасы, адам нормасы, қызмет көрсету, өнімділік нормалары мен нормаланған тапсырмалар қою, оларсыз жеке жұмыскердің жалпы нәтижедегі үлесін анықтау мүмкін емес).Еңбек ақының тарифтік жүйесінің құраушы элементтеріне тарифтік ставкалар, бірыңғай тарифтік тор, аудандық коэффициенттер және тарифті- біліктілікті анықтамалар жатады.Тарифтік ставка – уақыт бірлігіндегі еңбекақының абсолюттік шамасы.Тарифтік тор (сетка) тарифтік ставкалар мен коэффициенттер шкаласы.Тарифтік разряд – жұмыстың күрделілігінің, жұмысшының біліктілік деңгейінің көрсеткіші.
Тарифтік коэффициент – берілген разряд ставкасы бірінші разряд ставкасынан неше есе артық екендігін білдіретін көрсеткіш.Тарифті - біліктілік анықтама жұмыскерлерге разряд беру үшін және жұмысты тарификациялау үшін белгіленген нормативтік құжат. Бұл өндіріс бойынша және жұмыс топтары бойынша бөлімдерге топталған барлық мамандар мен жұмысшылар үшін тарифті біліктілікті сипаттамалар жиынтығы. Тарифті біліктілікті анықтама арқылы жұмыстың әр түрі оның орындалу деңгейі бойынша және жұмысшы біліктілігінің деңгейі бойынша өлшенеді. Мамандықтың тарифтік біліктілік анықтамасы және қызметкерлер қызметтерінің біліктілік анықтамасы халық шаруашылығындағы жұмыстың барлық түрінің тарифті торының белгіленген разряды бойынша оларды орындаудың ұйымдық және техникалық жағдайларын ескере отырып бөлу үшін қызмет етеді. Біліктілікті анықтамалар үш бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімде өзінің мамандығы мен біліктілігіне сай жұмысшы өзінің құрал жабдығы жөнінде, жұмыс режимі туралы, өңделген материалдарының, технологияның және өңдеу процестерінің тізбектілігінің қасиеті, құрал туралы, құрал жабдық жұмысының ұтымды режимі туралы, сондай-ақ құралдарды таңдауға және жөндеуге қойылатын талаптар туралы білу керектігі айтылған.
Тарифтік - біліктілік анықтамаға сай жұмысшыға белгілі бір разрядты берудің негізгі шарты - берілген разрядқа қатысты жұмыстың орындалуына қажетті білімі және еңбекке қабілеті болуы қажет. Жоғары разрядты жұмысшылар осы мамандық бойынша төмен разрядталатын жұмыстарды орындай білуі қажет.Жұмысшыға біліктілік разрядын беру және оны өзгерту кәсіподақ комитетінің келісімімен кәсіпорын әкімшілігі арқылы жүзеге асады. Бұл құрамына әкімшілік өкілдері, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, өндірістік техникалық қамту бойынша және техникалық қауіпсіздік мамандары кіретін комиссия жұмысшының теориялық және практикалық білімдерін тексергеннен кейін жүзеге асады. Бұндай тәртіп жұмысшының тәжірибесі мен білімін бағалауға мүмкіндік береді.Экономиканың барлық саласында ұйымдар әрекет ететін кәсіптердің Бірыңғай Тарифтік Біліктілік Жүйесі мен қызметкерлер қызметінің Біліктілік Жүйесінің Бірыңғай тарифтік торы негізінде тағайындалған тәртіптегі кәсіптік сипаттамалар бойынша кәсіптен мен қызметтерді жіктейді.Жұмысшыларды қайта тарификациялау үш жылда бір рет өткізіледі.Тарифтік ставкалар жұмысшының әртүрлі тобы мен категориясының жұмыс уақытының бірлігіне шаққандағы еңбек ақысының абсолютті көлемін анықтайды. Сондықтан да сағаттық, күндік, айлық тарифтік ставкалар деп бөлінеді. Олар біліктілікті разряд бойынша белгіленеді.
Уақыт нормасын белгілеу арқылы нормаланатын жұмыстарда сағаттық тарифтік ставка қолданылады, ал өңдеудің сменалық сағаты бойынша жұмысты нормалауда күндік тарифтік ставка қолданылады. Жеке мамандықтағы жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу үшін айлық тарифтік ставка қолданылады. Мұндай тәртіп өндірістің сандық нәтижесіне тікелей әсерін тигізбейтін мерзімді еңбек ақы алып жүрген жұмысшыға қолданылады.
Бірыңғай тарифтік тор халық шаруашылығы саласындағы барлық категориядағы жұмысшылардың тарифтендіру мен жалақы сызығын көрсетеді. Кез келген мамандықты біліктілікті топ ,мамандық, қызмет төменгі деңгейдегі жұмысшылардан бастап ұйым, мекеме, бірлік, кәсіпорын басшыларына дейін бірыңғай тарифтік торда разрядтардың сәйкес диапозонына ие.
Разряд бойынша еңбек ақы ставкасының дифференциациясы бірыңғай тарифтік торда орындалатын жұмыстардың, қызметтік лауазымдардың күрделілік белгісі бойынша және жұмысшы біліктілігін есепке ала отырып жүзеге асады.
І разрядты төлеу ставкасы заңмен енгізілген минималды еңбек ақы деңгейінен төмен болмауы қажет. Разряд бойынша төлем ставкасының өсуі жұмыстардың күрделілік деңгейінің өсуін білдіреді.
Бұрынғымен салыстырғанда қазіргі Бірыңғай тарифтік тор ерекшелігі:
-І разряд ставкасы минималды еңбек ақы болып белгіленеді.
Сондай- ақ қазір 1-4,24 құрайтын тарифтік коэффициент диапазоны қысқартылды.
Еңбек ақыны ұйымдастырудың Бірыңғай тарифтік тор негізінде алмасуы бұл еңбек ақы реформасы болып табылады.
Еңбек ақыдағы аудандық коэффициент кәсіпорындардың орналасқан жеріне байланысты еңбек ақы көлемінің өзгергендігін көрсетеді және жалақыны аймақ аралық реттеу құралы болып табылады. Мұндай реттеу тұтыну құрамының әрбір аймақтағы айырмашылығын көрсетеді.
Тарифтiк сетка кез келген саладағы маман еңбегiнiң бiлiктiлiгi мен бiлiксiздiгiнiң арасын айқындауға қызмет етедi. Сетка белгiлi сандық разрядтардан тұрады және оған сай келетiн коэффициенттер болуы керек.
Тарифтiк ставка жұмыскердiң разрядқа байланысты уақыт өлшемiнде еңбекақы размерiн айқындауға қызмет жасайды. Тарифтiк коэффициент әртүрлi разрядтың ставкасы қанша ретке өскендiгiн 1-разряд ставкасымен салыстыра көрсетедi.