Жеке және мүліктік сақтандыру ерекшеліктері
Жеке сақт/ру адамның мүліктік қызығушылықтарын қорғау, өмірмен, денсаулықпен, еңбек қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырумен байл/ты ж/е жеке сақт/рудың түрлі әдістерімен ж.а. ҚР/ның Азаматтық Кодексінің 809 бабына сәйкес жеке сақт/руға өмірді, жұмыс қабілеттілігін, денсаулықты ж/е адаммен байл/ты т.б. мүмкіншіліктерін сақт/ру жатады.Жеке сақт/руға жатқызылатын адамдар:-16 жастан бастап жұмысқа қабілетті де, қабілетсіздер де сақтандырыла алады;-1 топтағы мүгедектер сақт/руға жатқызылмайды.Жеке сақт/рудың сыныпталуы:1Тәуекел көлемі б/ша: сақт/ру мерзіміне дейін өмір сүруі н/е қайтыс болу жағдайын сақт/ру, мүгедектікке ұшырау н/е жұмыс қабілеттілігінен айырылуынан сақт/ру, медициналық шығындарды сақт/ру 2Жеке сақт/рудың қосалқы салаларға бөлінуі б/ша: өмірді сақт/ру, жазатайым жағдайдан сақт/ру.3Шарттағы тұлғалардың саны б/ша: жеке, ұжымдық.4Сақт/румен қамт ету мерзімі б/ша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.5Сақт/румен қамт ету төлемдер б/ша: сақт/ру сомаларын бір мезетте төлеу, сақт/ру сомаларын рента формасында төлеу.6Сақт/ру сыйақылары б/ша: сақт/ру бірден төлеу, сақт/ру төлемдерін жыл сайын төлеу, сақт/ру сыйақыларын ай сайын төлеу.Мүліктік сақт/руда жеке сақт/рудан ерекшелігі сақт/ру төлемін бірден төленеді. Мүлікті сақт/ру сақт/ру оқиғасы туындағанжағдайда сақт/ру сомасызиянды толтыру мақсатында төленеді, бірақ сақт/рушарты тоқтатылады.Мүліктік сақт/ру былай сыныпталады:1) өнеркәсіптік ұйымдардың мүліктерін сақт/ру (аяқталмаған құрылыстың объектілерін, ғимараттарды, транспорттық құралдар, ауыл шаруашылық малдарын ж/е құстарын, ауыл шаруашылық егіндіктерін сақт/ру)2) ауыл шаруашылық ұйымдарының мүліктерін сақт/ру (а/ш өнімдері, көп жылғы көшеттер, жеміс-жидек беретін ағаштар,а/ш малдары, терісі бағалы аңдар,бал араларының ұясы, көлік құралдары)3) азаматтардың мүліктерін сақт/ру (үш жыл бойы а/ш дақылдарын бермегендер, 70% артық тозуы бар жеміс ағаштары, уақытша салынған құрылыстар, құжаттар, б.қ. ақша бірліктер).
Жеке басты сақтандыру: объектілері, субъектілері, қағидаттары және ерекшеліктері/Жеке сақт/ру адамның мүліктік қызығушылықтарын қорғау, өмірмен, денсаулықпен, еңбек қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырумен байл/ты ж/е жеке сақт/рудың түрлі әдістерімен ж.а. ҚР/ның Азаматтық Кодексінің 809 бабына сәйкес жеке сақт/руға өмірді, жұмыс қабілеттілігін, денсаулықты ж/е адаммен байл/ты т.б. мүмкіншіліктерін сақт/ру жатады.Жеке сақт/руға жатқызылатын адамдар субъекті:16 жастан бастап жұмысқа қабілетті де, қабілетсіздер де сақтандырыла алады;1 топтағы мүгедектер сақт/руға жатқызылмайды.Жеке сақт/рудың сыныпталуы:Тәуекел көлемі б/ша: сақт/ру мерзіміне дейін өмір сүруі н/е қайтыс болу жағдайын сақт/ру, мүгедектікке ұшырау н/е жұмыс қабілеттілігінен айырылуынан сақт/ру, медициналық шығындарды сақт/ру Жеке сақт/рудың қосалқы салаларға бөлінуі б/ша: өмірді сақт/ру, жазатайым жағдайдан сақт/ру.Шарттағы тұлғалардың саны б/ша: жеке, ұжымдық.Сақт/румен қамт ету мерзімі б/ша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.Сақт/румен қамт ету төлемдер б/ша: сақт/ру сомаларын бір мезетте төлеу, сақт/ру сомаларын рента формасында төлеу.Сақт/ру сыйақылары б/ша: сақт/ру бірден төлеу, сақт/ру төлемдерін жыл сайын төлеу, сақт/ру сыйақыларын ай сайын төлеу.Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметкерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және обылысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру, және т.с.с.Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік құралдарының иелері азаматтық–құқықтық жауаптылығы, әскери қызметшілердің жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы қызметкерлері сақтандырылады
Мүліктік және жеке басты сақтандыруға тән экономиқалық қатынастар қоғамдық өндіріс үдерісінде, егер бұл үдеріс дүлей апаттар мен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса - зиянды өтеуге байланысты болады. Пайда болатын зиян ынтымақтастық негіздерде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен өтеледі, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.
Мүліктік және жеке басты сақтандыру көбінесе дүлей апаттардан ысыраптарға, апаттардан (авариялардан), өрттерден, жазатайым уақиғалардан, іскерлік конъюнктураның өзгерістерінен, ұрлықтан болатын залалдарға таралады. Сақтандырудың жалпы категориясының бір бөлігі бола отырып, мүліктік және жеке басты сақтандыру қосалқы категория ретінде мынадай белгілермен ажыратылады:
сақтандыруға қатысушылар арасында залал сомаларын бөлу кезіндегі тұйық қайта бөлгіштік қатынастар сипатты;
сақтық қорының қаражаттары сақтанушылар (сақтандырылушылар) арасында пайдаланылады;
сақтандыру залалды бөлуді кеңістікте де, сондай-ақ уақытта да алдын ала қарастырады;
тиімді кеңістікті бөлу үшін сақтандырылушылардың үлкен аумағы мен саны қажет болады;
уақиғалардың жазатайым сипатына байланысты залал үлестірмесі (таратып салу) бір жыл шеңберінен шығып кетеді және көп жылдар бойы әрекет етеді;
сақтанушылар арасында қатынастардың баламалығы.
Сақтық қатынастарының бұл бөлігінің баяндалған ерекшеліктері мүліктік және жеке басты сақтандыру дегеніміз өзіндік ерекшеліктері болатын біршама дербес экономикалық қосалқы категория болып табылады деп түйін жасауға мүмкіндік береді. Бұл қатынастардың ұйымдық нысаны қаржы жүйесінде, «Коммерциялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары» буынының құрамында одан ары баяндалған ерек- шеліктерді ескере отырып осы буынға тән жұмыс істеуінің барлық аспектілерімен қарастырылуы мүмкін.
Сақтандырудың өзара сақтандыру сияқты нысаны бөліп көрсетіледі, мұндай нысан кезінде әрбір сақтанушы өзара сақтандыру қоғамының мүшесі болып табылады. Өзара сақтандыру қоғамы - өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсаттарында тұтыну кооперативінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңи тұлға. Өзара сақтандыру «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша жүзеге асырылады; бұл ретте қоғам, жарғыға сәйкес, сақтандырудың бірнеше сыныптарының белгілері мен мазмұнын үйлестіретін сақтандырудың түрін әзірлеуге құқылы.
Қазақстанда міндетті экологиялық сақтандыру - өмірге, денсаулыққа, үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіргендіктен және (немесе) авариялық ластанудың нәтижесінде пайда болған міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік болған кезде жеке және заңи түлғалардың заңды мүдделерін мүліктік қорғау бойынша қатынастар кешені қолданылады.
Сонымен бірге міндетті нысанда көлік құралдары иелерінің азаматтық- құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жүргізіледі.
Міндетті сақтандыруға әскери қызметшілердің, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, салық службалары органдарының жеке құрамы жатады.
Міндетті сақтандыру егіншілікке - қолайсыз табиғат құбылыстары болғанда төленетін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді - жеке және заңи тұлғаларды кіріктіретін ауыл шаруашылығының саласына таралған.
Қазақстанда сонымен бірге туроператор мен турагенттің - туристік өнімдерді қалыптастыру, жылжыту және іске асыру бойынша қызметті жүзеге асыратын заңи және жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізілген.
Сақтық органдарына сақтандырудың жаңа тәуекелдік түрлерін дербес әзірлеуге және енгізуге құқық берілген. Қазақстанда сақтық қорғаудың ассортименті ұзақ мерзімді жинақтаушы сақтандыру -
өмірді өңірлік сақтандыру,
жер сілкінгенде төленетін сақтандыру,
әскер қатарына шақырылғандарды сақтандыру,
әйелдер босанғанда төленетін сақтандыру,
жануарлар ұрланғанда төленетін сақтандыру,
азаматтардың жеке меншігіне сатып алынған пәтерлерді сақтандыру сияқты сақтандырудың түрлерін кіріктіреді.
Коммерциялық банк секторының дамуы жеке тұлғалардың банктік депозиттерін сақтандыруды енгізуді талап етті.
Сақтық ассортиментін әзірлеу екі бағытта жүзеге асырылады:
сақтанушының тілегі бойынша белгілі бір тәуекелден немесе тәуекелдер тобынан азаматтардың мүлкін сақтандыруға мүмкіндіктер беру;
кез келген материалдық құндылықтарды, әрі тұтастай барлық мүлікті емес, оны жеке-жеке сақтандыруға мүмкіндіктер беру.
Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандырудың мынадай түрлерін ажыратады: ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды, құрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді (соның ішінде банк салымдарымен банктік операцияларды, бағалы қағаздар рыногындағы операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын (мұнай шығару, оны өңдеу және тасымалдау жөніндегі) және т.б. сақтандыру.
Мүліктік сақтандыруға міндетті нысанда көліктің барлық түрімен тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі мен автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылады. 1996 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірісін: көп жылдық екпелерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжымалы жәнежылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат-климат жағдайларынан, эпизоотиялардан және басқа дүлей апаттардан міндетті сақтандыру қайта қалпына келтірілді.
2005 жылдан Қазақстанда «Сақтық төлемдеріне кепілдік беру қоры» жұмыс істейді. Қордың мақсаты мәжбүри жойылатын сақтық ұйымының міндетті сақтандырудың келісімшарттары бойынша болған сақтық жағдайлар бойынша сақтанушылардың, сақтандырушылардың, пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
Өзінің міндеттерін орындау үшін қор мынадай функцияларды жүзеге асырады:
сақтық ұйымдарының-қатысушыларының міндетті және төтенше жарналарын (резервтік қаражаттардың жетіспеуі жағдайында) тартады;
кепілді және өтемдік төлемақыларды жүзеге асырады;
жарналардың сақталуы мен көбеюі мақсаттарында инвестициялық қызметті жүзеге асырады.
Қор «Сақтық төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» заңға сәйкес жарғылық капиталында Ұлттық банктің 100%-дық қатысуы болатын акционерлік қоғам нысанында құрылған. Қордың қатысушылары сақтандырудың тек міндетті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары болады. Бүгінде сақтандырудың оншақты түрі бар (қабылданған заңдарға сәйкес):
әлеуметтік сақтандыру,
көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы, жекеше нотариустар мен аудиторлардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру,
турагенттер мен туроператорларды, еңбек міндеттіліктерін атқару кезінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына залал келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру,
қызметі үшінші тұлғаға (зауыттар, скважиналар, заправкалар және т.с.с.) залал келтіру қауіпі бар объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жаүапкершілігін, өсімдік шаруашылығында сақтандыру,
экологиялық және
медициналық сақтандыру.
Сақтық операцияларын дұрыс ұйымдастыру және жүргізу үшін актуарлық есеп-қисаптардың - сол немесе басқа объектіні сақтандыру бойынша шығыстар мен шығындарды математикалық және статистикалық есептеулердің, сақтық қызметтеріне тарифтердің жүйесі пайдаланылады. Актуарлық есеп-қисаптар келтірілген залал салдарлары жиілігінің сақтық оқиғасы мен ауырлық дәрежесінің ықтималдығын анықтауға құрылады. Бүл сақтық операцияларының өзіндік құнын, сақтық резервтерін, кемітілген (редукцияланылған) сақтық сомаларын, сақтық ісінде пайдаланылатын басқа мөлшерлерді анықтаудың ғылыми-негізделген әдістері
Билет