Сулы жылулық желілер мен конденсатор - өткізгіштер үшін сорғылар сипаттамаларын анықтау
Желінің гидравликалық есебінің бірден бір сұрағы болып сорғылар сипаттамаларын анықтау табылады. Жабық сулық желілер үшін желілік сорғылардың жұмыстық тегеуріні мына формула бойынша есептеледі
, (5.9)
мұндағы - станцияның жылулық қондырғысында, бағыттық қазандығы мен станциялық байланысты (қалыпты жағдайда 20¸25 м) тегеуріннің жоғалуы;
- жылулық желідегі ( желінің гидравликалық есебімен анықталады) түсуші және керісінше сызықтарда тегеуріннің жоғалуы;
- тұтынушылық кіріс немесе топтық кіші станцияда тегеуріннің автореттеуіштерде жоғалуын есепке ала отырып желінің соңғы нүктесінде қажетті тегеурін.
мәні жергілікті жылу тұтыну қондырғысы мен оның жылулық желіге қосылу сұлбасына байланысты болады. Тұтынушылық кірістерде қосылу түйіндерін орналастыру кезінде келесідей мәндерін алуға болады:
- жылулық және желдеткіш құрылғылардың элеваторларды пайдаланусыз тәуелді қосылу кезінде, сонымен қатар беттік ысытқыштардың 6¸10 м көмегімен тәуелсіз қосылу кезінде;
- жылулық құрылғылардың 15¸20 м элеваторлардың көмегімен қосылу кезінде;
- 20¸25 м элеваторлық түйін мен ыстық сумен қамтамасыз етудің сулы жылытқыштарын тізбектей қосу кезінде.
Тұтынушылық құрылғылардың жылулық желісіне ГТП арқылы және мәндерін топтық қосу кезінде (5.9) формуласы жылу көзі (ТЭЦ, қазандық) мен ГТП арасында жылулық желінің түсуші және керісінше сызықтарында тегеуріннің жоғалуын көрсетеді.
Тұтынушылық құрылғылардың ГТП - дан бөлек жерде тәуелді қосылу сұлбасы кезінде жоғарыда айтылған мәніне тұтынушылық құрылғы мен ГТП арасында желілік судың құбырларындағы тегеуріннің жоғалуын да қосып қою қажет [9] келтірілген.
Станцияда орнатылған жұмыстық желілік сорғыларды жобалық тарату судың желідегі максимал шығынына сәйкес болуы қажет. Орнатылатын желілік сорғылардың саны екіден кем болмауы қажет, оның ішінде біреуі қосымша резервте болады. Параллель ұмыс істейтін желілік сорғылардың бестен көп құрылғылары санында резервті сорғыны қарастырмауға болады. Резерв сорғының өнімділіг бір жұмыс істейтін сорғының өнімділігіне сай болуы керек.
Жаздық жұмыс істеу режимінде жылумен қамтамасыз ету жүйесі ыстық сумен қамтамасыз ету құрылғыларына ғана қызмет көсететін кезде, жабық жүйелер үшін тегеуріні мен өнімділігі төмендеу болатын жаздық желілік сорғыларды орнату көзделген. Жазда жұмыс атқаратын сорғылар параметрлері тек ыстық сумен қамтамасыз ету үшін ғана арналған жылу таратқыш шығынына өндірілген гидравликалық есебі бойынша анықталады.
Жылумен қамтамасыз етудің ашық жүйелерінде жаздық уақытта желілік ретінде жылулық желі шығыстарын өтеу тек суды таратуға арналған жұтқыш сорғылар жұмыс істеуі мүмкін. Жұтқыш сорғылардың тегеурінін жүйенің жаздық жұмыс істеу режиміне байланысты келесі формуламен анықтайды
,
мұндағы - жылулық желідегі статикалық тегеурін (қарапайым жағдайда 60 м);
- жұтқыш сызық пен жүйенің жаздық уақытта жұмыс істеу режиміндегі жылулық желідегі тегеуріннің жалпы соммалық жоғалуы;
Z - судың жүйенің жұтылуы жүретін бактағы деңгейінің геодезиялық белгісі.
Жұтқыш сорғылар өнімділігі жұтқыш судың сағаттық санына тең деп алынады. Жабық жүйелер үшін жұтқыш судың сағаттық саны жылулық желілер құбырлары мен тұтынушылық жылудың қосылған жүйелеріндегі су көлемінің 0,5% мөлшерінде су шығынының өтелуі үшін анықталады.
Конденсатты сорғылар конденсатты конденсат - өткізгіштер бойымен жинақ бактарынан шығарып алу үшін арналған. Олардың өнімділігі конденсаттың максимал сағаттық шығыны бойынша таңдалады. Қос тұтынушыларда орнатылған конденсатты сорғылар тегеуріні былай анықталады:
,
мұндағы - тұтынушылардың жинақ багынан станцияның қабылдау багына дейін конденсаттың конденсат - өткізгіште есептік шығыны кезінде осы конденсат - өткізгіш тегеурінінің жоғалуы;
Z- станция багы мен тұтынушы багы геодезиялық белгілерінің айырымы.
Станция багы тұтынушы багынан төмен орналасса, онда Z геодезиялық белгілерінің айырымы теріс таңбаға ие болады. Конденсат шығуының түзу еместігін есепке алсақ, конденсатты сорғыларды таратуды конденсаттың максимал сағаттық шығынына тең деп алады.
Сорғыларды таңдау өнімділігі мен тегеурін бойынша жүзеге асады.