Дәріс. Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын лицензиялау тәртібі және оны құру

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып табылады, ол Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі тұралың заңына және басқа да нормативтік актілерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Ұйымдық құқықтық формасы акционерлік қоғам болып табылады, өзінің атауы ретінде жарғыда не жазылса, соны пайдаланады. Міндетті тәртіппен келесі ұжымдық құрылымдарды құрады:

1) директорлар кеңесі – басқару органы;

2) басқару атқарушы орган;

3) тексеру (ревизиялық) комиссия – бақылаушы орган.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысушылары мен құрылтайшылары ретінде Қазақстан Республикасының заңында және басқа да нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген талаптарға сәйкес, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес – заңды және жеке тұлғалары бола алады. Жарғылық капиталының 50% - нан көбі мемлекеттің үлесіне тиетін ұйымдар сақтандыру ұйымының қатысушысы және құрылтайшысы бола алмайды. Мемлекет сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері бойынша жауапкершілікті өз мойнына алады, егер оның жарғылық капиталына құрылтайшы немесе қатысушы шегінде қаражат салынса, осылайша, ұйымдық статусы бар, оффшорлы аймақта тіркелген заңды тұлға немесе осы аймаққа тіркелген, жарғылық капиталға тікелей қатысы бар заңды тұлғалар – құрылушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның (Қазақстан Республикасының резиденті) қатысушысы бола алмайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысушылары мен құрылтайшылары иеленген акцияларын ақшалай ұлттық валюта негізінде төлеуге міндетті.

Сақтандыру ұйымының акцияларын басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесі немесе акциясына төлем ретінде енгізілген активтер сомасын есептемегендегі, өзінің жеке капиталының шегінде ақшалай төлеуге құқылы. Бұдан басқа, заңды және жеке тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциясын төлеу үшін қарызға, кепілге алынған қаражаттар немесе басқа да тартылған қаражаттарды пайдалануға тиым салынады. Құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының минималды мөлшері оны мемлекеттік тіркеуден өткізу кезіне дейін оның қатысушыларымен толық төлеуі тиіс. Осылайша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерден жеке акция сатып ала алады, егерде келісім нәтижесінде сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне қатысты заңнамалық талапттар бұзылмайтын болса.

Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін сақтандыру ұйымы өкілетті органдарға келесі құжаттарды көрсетуі керек:

- лицензия беру туралы өтініші;

- мемлекеттік тіркеу мен статистикалық карточка туралы куәліктің нотариалді расталған көшірмесі;

- өкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген жеке капиталдың минималды мөлшері бойынша талаптарды орындау, жарғының капиталдық минималды мөлшерін толығымен төлегенін растайтын құжаттар;

- жұмысшылар қызметіне таңдалынатын, тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер;

- актуариймен расталған және өкілетті органның нормативтік құқықтың актілерінің талаптарына сәйкес жасалған сақтандыру сыныптары бойынша бизнес-жоспар;

- ішкі аудиттің қызметі туралы мәлімет;

- ұйымдық іс-шаралардың жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы есеп;

- міндетті сақтандыру келісімі бойынша сақтандыру ұйымының жойылып кетуі жағдайында сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерін төлеуге кепілдік беретін қорға қатысу келісімінің нотариалды расталған көшірмесі (егер сақтандыру ұйымының мұндай қорға міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілсе).

Мемлекеттік сақтандыру қадағалуының мазмұндық функцияларын,

сақтандыру қызметі бойынша мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:

- лицензиялау – сақтандырушыларды, сақтандыру аудиторлары мен брокерлерінің қызметін лицензиялау;

- нормо-шығармашылық функция - сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік актілерді жасау;

- бақылау функциясы – қаржылық бақылау, қаржылық тұрақтылықты бақылау, сақтандырушының құқығын сақтау аясында компанияның қызметіне бақылау, келісім бойынша өз міндеттерін және нормативтік акті талаптарын орындауға сақтандыру аудиторларының қызметін бақылау.

Сақтандыру саласында мемлекеттік ретеудің негізгі міндеттемелері мыналар:

1) Қазақстан Республикасының тұрақты сақтандыру жүйесін құру және қолдану, және ұлттық сақтандыру рыногының инфроқұрылымын қалыптастыру.

2) Сақтандыру рыногын реттеу қағидалары мен әдістерін және сақтандыру қызметіне қадағалау тәртібін белгілейді.

3) Сақтандыру негіздерін заңнамалық түрде бекіту, міндетті сақтандырудың түрлерін белгілеу, халықаралық сақтандыру жүйесін Қазақстан Республикасының қатысу принциптерін анықтау.

4) Сақтандырушылардың, сақтанушылардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау.

Сақтандыру аясында, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сақтандыру рыногындағы мемлекеттік бақылау, өкілетті және басқа да мемлекеттік органдармен реттеледі.

«Сақтандыру қызметі туралың Қазақстан Республикасы заңымен реттелмейтін басқа да мемлекеттік органдардың өкілеттігі міндетті сақтандыру түрлері барынша сәйкес заңнамалық актілерімен реттеледі. Өкілетті орган сақтандыру аясында өкілетті орган болғандықтан келесідей функцияларды атқарады:

1) сақтанушылардың және сақтандыру рыногының басқа да қатысушыларының заңды мүддесін қорғау, ұлттық сақтандыру рыногының инфроқұрылымын қалыптастыру және Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз етуі бірнеше мемлекеттік саясат жүргізу;

2) сақтандыру рыногын реттеудің әдістерімен принциптерін, сақтандыру қызметтерін қадағалаудың ұйымдастыру тәртібін анықтау;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, оларды бақылау құқығын иемденуге, олардың ерікті жойылуына қайта құрылуына рұқсат беру, сақтандыру ұйымдарының филиалдарымен өкілдіктерін Қазақстан Республикасының территориясында, сондай-ақ территориядан тыс жерде де ашуға келісім беру;

4) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру брокеріне, сақтандыру рыногында актуарлық қызметімен сақтандыру ұйымының аудитіне лицензия беру;

5) сақтандыру ұйымы және ондағы жарғылық, жеке капиталдық минималды мөлшері үшін пруденциналді нормативтер мен басқа да міндетті нормалар мен шектерді бекітуі және олардың сақталуына бақылау;

6) жойылушы сақтандыру ұйымдарының жоюшы (таратушы) комиссиясының қызметіне бақылау жасау;

7) сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін талдау, бағалау, бақылау;

8) сақтандыру ұйымының сақтандыру келісімдері (сақатандыру полисі) есебінің тәртібін белгілеу;

9) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, актуарий және өкілетті аудиторларының реестрін жүргізу;

10) Ұлттық Банкпен бірлесе отырып, өзінің бақылау және қадағалау функцияларын орындау үшін сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің қаржылық және басқа да есеп берулерінің формаларын, мерзімін және тізімін анықтау;

11) сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру рыногының басқа да қатысушыларының орындауындағы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабыладау;

12) сақтандыру қызметі субъектілерін инспекциялау (тексеру) жүргізу;

13) сақтандыру рыногының кәсіптік қатысушыларына санкциялар жүргізу;

14) Сақтандыру рыногының кәсіптік қатысушыларына берілген лицензияның күшін тоқтату және қайта шығару туралы шешім қабылдау.

Сақтандыру ұйымының қызметін реттеуде төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету – маңызды шарт болып табылады. Төлемқабілеттілік – ол қаржылық міндеттерін өз уақытында және толығымен орындау қабілеттілігі. Ұйымның төлемқабілеттілік көрсеткіштері олардың жойылуын ескеретін активтер мен қабылдаған міндеттемелер арасындағы нормативтік қатынастардың сақталуы болып табылады. Қаржылық тұрақтылық - ол қаржылық және басқа да сыртқы факторлардың жағымсыз әсерінен сақтандыру және қайта сақтандыру келісімі бойынша қабылданған міндеттемелердің әсер етуінің бүкіл мерзімі ішіндегі өзінің төлемқабілеттілік сақтап қалу қабілеттілігі.

Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері мыналар:

1) жарғылық және жеке капиталдың минималды мөлшері;

2) активтер құны және олардың диверсификациясының деңгейі;

3) төлемқабілеттілік көрсеткіштері;

4) сақтандыру резервтердің және басқа да міндеттемелер мөлшері;

5) сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелері көлемінің арақатынасы;

6) көрсетілетін сақтандыру және қайта сақтандыру қызметтерінің рентабельдігі (пайдалылығы);

7) іске асырылатын инвестициялық саясаттың тиімділігі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілік және қаржы тұрақтылық дейңгейін анықтауда оның активтерінің құны, олардың сапасы және жойылуы боиынша жіктеу есебімен есептеледі. Жеке капитал-сақтандыру резервтері мен басқа да міндеттемелер сомасына азайтылған барлық активтерінің құны. Қаржылық тұрақтылықты және төлемқабілеттілікті қадағалау-пруденциальді нормативтер мен басқада міндетті нормалар мен шектер бекіту арқылы жүргізіледі.

Пруденциалді нормативтер өкілетті органдармен бекітіледі және мыналарды қамтиды:

- Төлемқабілеттілік нормативтері;

- Қаржылық тұрақтылық нормативтері.

Сақтандыру және қайта сақтандырудың жеке келісімдері боиынша міндеттемелердің максималды көлемі жеке капитал мен сақтандыру резервтері сомасынан 10%-ға артуы мүмкүн емес.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жойылуы-банкротыққа ушырау негізінде өкілетті органмен бекітілген нормативтік құқықтық актілер және заң ерекшеліктерімен ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Ол келесі негіздемелер бойынша жойылуы мүмкүн:

1) өкілетті органның рұқсатымен құрылтайшылардың шешімі бойынша (ерікті жойылу);

2) ҚР заңнамасында қарастырылған жағдайларда сот шешімі бойынша.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі: [ 1. 39-48, 2 . 38-47, 5. 41-54 бет],

Қосымша: [ 9. 3-11 бет]

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай ұжымдық органдары сақтандыру ұйымдарын құруға міндетті?

2. Лицензия алу үшін қандай құжаттар қажет?

3. Сақтандыру аясында өкілетті орган қандай тапсырмаларды орындайды?

4. Сақтандыру аясында өкілетті орган қандай функцияларды атқарады?

Наши рекомендации