Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Авторы, атауы, шыққан жылы Ақпарат көзі Қолда бары (дана)
Кітапханада Кафедрада
Негізгі әдебиет
1. Манюк В.И., Каплинский Я.И., Хиж Э.Б. и др. / Наладка и эксплуатация водяных тепловых сетей. Справочник, 1988г. – 359с.   Электронды түрінде
2. Соколов Е.Я. Теплофикация и тепловые сети. М: Энергоиздат, 1982. 360с.   Электронды түрінде
3. Сафронов А.П. Сборник задач по теплофикации и тепловым сетям. – М: Энергоатомиздат, 1985. – 230с.   Электронды түрінде
Қосымша әдебиет
1. Лямин А.А., Скворцов А.А., Проектирование и расчет конструкций тепловых сетей. М: Стройиздат., 1965г. – 296с.   - Электронды түрінде
2. Теплоснабжение / Козин В.Е. и др. М: Высшая школа., 1980г. – 408с.   - Электронды түрінде
3. Шубин Е.П. Основные вопросы проектирования систем теплоснабжения городов. М: Энергия, 1979г. – 359с   - Электронды түрінде
             

7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

7.1 Бақылау түрлері (ағымдық, аралық)

Аудиторлық сабақтар кезіңде ағымды бақылау жоспарлануда, ӨЖБ орындалу сапа бақылау; коллоквиум және тестилеу формамен екі аралық бақылау; ауызша емтихан формамен аралық аттестация.

7.2 Бақылау формасы

Ағымды бақылау – 20 %

ӨЖБ бақылау – 20 %

Аралық бақылау:

коллоквиум – 10 %

тестилеу – 10 %

Ағымды және аралық бақылаулар, кем емес - 60 %

Қортынды бақылау, кем емес – 40 %

Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады

Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық эквиваленті Пайыздық көрсеткіші Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Оқу пәнінің саясаты

Пәннің талаптары: аудиторлық сабаққа міндетті қатысу, сұрақтар талқылауда активтік қатысу, оқу-әдістемелік құралымен және негізгі әдебиеттпен дәрістерге және тәрижібелік сабақтарға алдын ала дайындалу, ӨЖБ тапсырыстарды сапалы және өзіннің уақысында орындалу, барлық түрлер бақылауда қатысу (ағымды бақылау, ӨЖБ бақылау, аралық бақылау, қортынды бақылау).

Глоссарий

Жылу энергетикасы – жылудың энергияның басқа түрлеріне (механикалық, электрлік, гидравликалық, т.б.) түрленуін зерттейтін жылу техникасының саласы.

Жылуландыру (теплофикация) – бір технологиялық жүйеде жылу мен электр энергиясын өндіру кезіндегі орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету. Немесе жылуландыру термині бір қондырғыда электр мен жылу энергияларын бірге өндіру, яғни аралас комбинирленген түрдегі электрмен жабдықтау дегенді түсіндіреді.

Жылу желісі – орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етудегі жылутасығыш (ыстық су немесе бу) жылуды жылу көзінен тұтынушыға және қайтадан жылу көзіне қайтып апаратын құбырөткізгіштер (жылуөткізетін) жүйесі.

Жылумен қамтамасыз ету (жылумен жабдықтау) – тұрғын-үйдің, қоғамдық ғимараттардың және технологиялық тұтынушылардың жылыту жүйесі мен ыстық сумен қамтамасыз етуін ыстық сумен (бумен) орталықтандырып жадбықтау. Жылумен қамтамасыз ету көзі – ЖЭО және орталық қазандықтар болып табылады.

Жылулық бу турбиналы электр станциясы (ЖБТЭС) – электр генераторының жетекгінің орнына бу турбинасы қолданылатын жылулық жлектр станциясы. Ол конденсациялық электр станциясы (мұнда тек қана электр энергиясын өндіреді) және жылу электр станциясы (электр энергиясынан өзге, жылу энергиясын да өндіретін ) деп бөлінеді.

Жылу құбыры – аз температура түсуімен үлкен жылулық қуатты беретін құрылғы. Жартылай сұйық жылутасығышпен толтырылған, герметирленген құбырдан тұрады,яғни жылу құбырының бір басында буланып, жылуды бойына сіңіреді де, құбырдың екінші соңында конденсацияланып, жылуды береді.

Жылу электрлік станциясы (ЖЭС) – жанатын отынның энергиясын пайдалана отырып, жылу мен электр энергиясын өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорын.

Жылу электр станциясы – отынның химиялық энергиясын электрлік энергияға немесе электр энергиясын жылуға айналдыратын электр станциясы болып табылады.

Жылу энергиясы – энергияның ретсіз формасы, калориямен өлшенеді.

Жылу электр орталығы (ЖЭО, жылуландыратын электр станциясы) – электр энергиясын ғана емес, сонымен бірге тұтынушыларға бу және ыстық су түрінде жіберілетін жылуды да өндіретін жылу электр станциясы болып табылады.

Дәріс кешені

Кіріспе

Жылу энергетикасы — жылудың энергияның басқа түрлеріне (механикалық, электрлік, гидравликалық, т.б.) түрленуін зерттейтін жылу техникасының саласы. Жылуды электр энергиясына түрлендіру жылу электр стансасында жүзеге асырылады. Ол үшін бұларда отын жанғанда немесе ядр. отын ыдырағанда бөлінетін энергия, сондай-ақ, Жер қойнауының қызуы мен Күн радиациясы энергиясы пайдаланылады. Жылу энергиясынан мех. жұмыс алу үшін қолданылатын негізгі энергет. агрегат – жылу қозғалтқышы.

Жылу техникасы — жылу энергиясын алу мен оны пайдалану әдістерін қамтитын ғылым мен техника саласы. Адамзат қоғамы пайдаланатын жылудың негізгі көзі — жанған кезде жылу бөлетін табиғи органикалық отындар. Ол қатты, сұйық және газ тәрізді отын болып бөлінеді. Отын сапасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерімен анықталады.

Қазақстанда пайдаланылатын энергияның 95%-тен астам бөлігі органикалық отын (негізінен көмір) жағу арқылы өндіріледі. Жылу энергиясының табиғи көздеріне — Күн энергиясы мен геотермиялық энергия (Жер қойнауының жылуы, жер асты ыстық сулары, вулкандық жылу) жатады. Органикалық отынмен қатар, 20 ғ-дың ортасынан бастап жылу энергиясын алу үшін ядролық отын пайдаланылады. Ядролық отынның негізгі түрі – уран изотопы (1 кг уран 109 ккал) энергия бөлінеді. Бұл энергия ядролық реакторда×109 кДж (20 ыдырағанда 84 жылуға айналады. Ақтау қ-нда қуаты 150 МВт атом электр станциясы (Маңғыстау энергокомбинаты) жұмыс істейді. Жылуды электр энергиясына түрлендіру арқылы да алуға болады. Өндірілген жылуды пайдалану Жылу техникасында екі басты бағытта жүргізіледі. Біріншісі – әр түрлі өндірістік пештер (қыздыру, күйдіру, балқыту және электрдоғалық, индустриялық, т.б. пештер) мен әр түрлі жылу алмасу аппараттарында жылуды пайдалану болса, екіншісі – күш қондырғылары (компрессор, т.б.) мен жылу қозғалтқыштарында (бу машинасы, іштен жанатын қозғалтқыш, т.б.) жылуды энергияға (механикалық, электрлік, т.б.) түрлендіріп пайдаланатын жылу энергетикасы. Жылу техникасының теориялық негізі – термодинамика, жану және жылу мен зат алмасу заңдылықтары. Жылу техникасы төменгі температура алу мәселесімен де шұғылданады

Энергетика– шаруашылықтың энергетикалық қорды және әр түрлі энергияны өндіру, түрлендіру, жеткізу, пайдалану мәселелерін қамтитын саласы; Жел энергетикасы, Жылу энергетикасы, Су энергетикасы, Ядролық энергетика.

Энергетикалық жүйе, энергожүйе – өзара және энергия тұтынушылармен электр энергиясын жеткізу желісі арқылы жалғасқан электр станцияларының жиынтығы (торабы). Энергиялық жүйенің құрамына: жылу электр стансасы, атом электр стансасы, су электр стансасы, электр энергиясын жеткізу желісі; қосалқы электр ст-лары, жылу және электр желісі, жылу және электр энергиясының қабылдағыштары енеді. Тұтынушыларды электр энергиясымен Энергиялық жүйе арқылы қамтамасыз етудің жеке электр ст. арқылы қамтамасыз етуге қарағанда төмендегідей артықшылықтар бар: энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі артады; жергілікті энергетикалық қор (отын және су энергиясы) тиімді пайдаланылады; электр стансаларының жүктемесін өзара тиімді етіп бөлу нәтижесінде электр энергиясының өзіндік құны кемиді, қуатты қондырғыларды пайдалану мүмкіндігі жасалады, резервтік қуат азаяды. Энергиялық жүйе әдетте бір орталықтан басқарылады. Бір жалпы оперативтік диспетчерлік пункттен басқарылатын бірнеше Энергиялық жүйе біріккен энергетикалық жүйе құрайды.

Энергияны өндіруде көп түрлерінің ішінен кең қолданыс тапқан екі түрі бар – олар, электр және жылу энергиясы.

Электрлік және жылулық энергияларды өндірудің басты ресурсы болып, негізінен органикалық отын (табиғи газ, көмір, мазут) жатады.

Жылуландыру (теплофикация) – бір технологиялық жүйеде жылу мен электр энергиясын өндіру кезіндегі орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету. Немесе жылуландыру термині бір қондырғыда электр мен жылу энергияларын бірге өндіру, яғни аралас комбинирленген түрдегі электрмен жабдықтау дегенді түсіндіреді.

Органикалық отынмен істейтін ЖЭС-ы: бу шығырлы электрстанциялар, олар тек электр энергиясын өндіретін конденсаторлық және электр мен жылу энергиясын қатар өндіретін ЖЭО болып бөлінеді.

Бу шығырлы электр станциясының негізгі қондырғылары: бу қазаны мен бу турбинасы.

Электр станция түріне қарамастан электр энергия орталықтан өндіріледі. Көп электр станциялар жалпы электр торабына параллель жұмыс істейді және олар электр энергиясын тұтынатын кең ауқымды территорияны қамтитын электр жүйесіне біріктіріледі. Өнеркәсіптің энергиялық шаруашылығы өзіне энергия тұтынатын қондырғылар сияқты энергожабдықтаушы қондырғыларды да қосады. Кейбір жағдайларда өнеркәсіп электр энергияның барлығын энергожүйеден, ал жылуды ЖЭО-нан және қазандықтардан алуы мүмкін. Барлық өндірілетін энергия түрлері ішінен кең қолданыс тапқан 2 түрі бар: электр энергия мен төменгі және орта потенциалды жылу.

Төмен потенциалды жылу деп температурасы 1500С-ге дейін жылу тасығышпен қанағаттандырылған тұтынуды айтады. Ал орта потенциалды жылу – температурасы 1500С-3500С-ге дейін болғандығы жылу тасығышпен қанағаттандырылған.

Жылуландыруды энергия жабдықтаудың 2 негізгі принципі жүзеге асады.

1. Жылу мен электр энергиясын аралас өндіру

2. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау, яғни бір жерден көп жылу тұтынушыларға жылуды беру. Кез келген жылумен жабдықтау жүйесінің негізгі міндеті тұтынушыларды қажетті жылу мөлшермен қамтамасыз ету болып табылады.

Наши рекомендации