Ылмыстың қайталануының (рецидив) түсінігі, түрлері және квалификациялау тәртібі.
Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін сотталғандығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. ҚР Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы 8 нормативтік қаулысына сәйкес: үкімде көрсетілген қылмыстың ауырлығына және жаза түріне қарамастан, бұрын жасаған қасақана қылмыстары үшін алынбаған және жойылмаған соттылығы бар адамның жаңадан қасақана қылмыстар жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың қайталануы фактілі және ресми болып бөлінеді. Адамның бірінші істеген қылмысы үшін сотталғандық атағының бар-жоғына қарамастан тағы да жаңа қылмыс істеуі фактілі қылмыстық қайталау деп танылады. Сотталғандық атағы жойылмаған немесе одан арылмаған адамның жаңа қылмыс істеуі ресми қылмыстық қайталау болып табылады. Ресми қайталау жалпы, арнаулы, жай, күрделі, пенитенциарлық, қауіпті, аса қауіпті болып бірнеше түрге бөлінеді.
Жалпы қайталануда бұрын соттылығы бар адам кез келген жаңа қылмысты жасайды. Мысалы,
алаяқтық қылмысы үшiн соттылығы бар тұлға екiншi рет адам өлтiредi. Жалпы қайталанудың заңдық мағынасына келсек, ол қылмыстың саралануына əсер етпейдi, бiрақ жаза тағайындау жəне жауаптылықты жеке даралау кезiнде ескерiледi. Мысалы, ҚК-тiң 54-бабының 1-бөлiгi а-тармағына сəйкес жалпы рецидив жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай ретiнде танылады.
Арнайы рецидив – бұрын соттылығы бар адамның жаңа ұқсас немесе бiртектес қылмысты жасауы. Арнайы рецидивтiң заңдық мағынасы, бiрiншiден, егер ол диспозицияда көрсетiлсе, ауырлататын немесе аса ауырлататын жағдай ретiнде танылады, екiншiден, жаза мен жауаптылықты анықтау кезiнде ескерiледi.
Жай қайталану - бұл қауiптi жəне аса қауiптi қайталану белгiлерiне жатпайтын түрi, яғни бұрын кез келген қасақана қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қайтадан қасақана қылмысты жасауы.
Күрделі қайталану екі немесе одан да көп сотталғандығы бар адамның жаңадан қылмыс істеуі.
Пенитенциярлық қайталану деп бұрын қылмыс істегені үшін бас бқстандығынан айыру жазасына сотталып, адамның жазаны өтеу барысында тағы да қылмыс істеп, бас бостандығынан айыру жазасына сотталуы айтылады.
Қауiптi қайталану мына екi жағдайда танылады:
1) Егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталған
болса жəне осы адам қайтадан қасақана қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
2) Егер адам бұрын қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса жəне осы адамның
қайтадан ауыр қылмысы үшiн сотталған жағдайда.
Аса қауiптi қайталану мынадай үш жағдайларда болды деп танылады:
1) Бұрын ауыр немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш рет бас
бостандығынан айыруға сотталған адамның қасақана қайта қылмыс жасауы;
2) Бұрын ауыр қылмысы үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталған немесе аса ауыр қылмысы үшiн сотталған адамның қайтадан ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталуы;
3) Бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамның қайтадан аса ауыр қылмыс жасауы.
53. Қажетті қорғаныс. Қажетті қорғаныс – озбырлық жасаушыға зиян келтіру жолымен қоғамдық қаупі бар озбырлықтардан заңға сәйкес заңды қорғану. Қорғану егер ол озбырлыққа және одан қорғануға қатысты бірқатар қоғамдық талаптарға жауап беретін болса, қажетті, қылмыстық жауапкершілікке әкелмейтін деп танылады.Озбырлық:
1) қоғам үшін қауіпті;
2) орын алған;
3) шынайы болуы тиіс.
Жеке тұлғаның мүдделеріне, қоғамдық мүдделерге, мемлекет мүдделеріне қоғамдық қауіпті озбырлық орны алуы тиіс. Озбырлық, заңның айтуынша, қауіпті, бірақ міндетті түрде қылмыстық болмауы тиіс. Мысал үшін есі дұрыс емес адамның немесе қылмыстық жауапкершілік пайда болатын жасқа жетпеген тұлғаның шабуылы қылмыстық деп қарастырыла алмайды, бірақ қауіпті сипатқа ие осындай адамдардың шабуылына қарсы қажетті қорғануға жол беріледі.Заңды, заңға сәйкес әрекеттерге (мысалы сот орындаушысының әрекеттеріне қарсы) қажетті қорғанысқа жол берілмейді.Озбырлықтың болуы уақыт ішіндегі қажетті қорғанудың шектерін анықтайды. Қажетті қорғану құқығы озбырлық әлі орын алмаған, бірақ оның шынайы қаупі бар кезде, ол анық, міндетті түрде болатын кезде пайда болады. Қатердің шынайылығы туралы нақты фактіге қатысты болған нәрсенің барлық жағдайларын талдаудың негізінде тұжырым жасауға болады. Дайындалып жатқан немесе күтілетін озбырлыққа қарсы қажетті қорғануға жол берілмейді. Егер озбырлық аяқталса: оған тойтарыс берілсе, ерікті түрде тоқталса, қажетті қорғану құқығы жойылады. Өзін-өзі қорғау актісі аяқталған озбырлық жасау актісінен кейін болған, бірақ істің жағдайлары бойынша қорғанушы үшін озбырлық жасаудың аяқталу кезеңі анық болмаған жағдайда қажетті қорғану қалпы орнын тапқан деп есептеліне алмайды. Озбырлық қиялда көрінген емес, шынайы (реалды) болуы керек. Жасалу қаупі болмаған, көрінген, яғни шынайы болмаған озбырлыққа қарсы қажетті қорғануға жол берілмейді. Сол себепті қиялдағы шындығында жоқ озбырлыққа қарсы «қорғанушы» тұлғаның әрекеттерін қажетті қорғану деп қарастыруға болмайды. Мұндай жағдайларда жорамал қорғану орын алды. Жорамал қорғану кезінде қажетті қорғануға тән барлық жағдайлар жоқ болады, бірақ та тұлғаның ой-қиялында олар бар және ең алдымен тұлға қауіпті озбырлық бар деп санайды. Жорамал қорғану – бұл іс жүзіндегі қатенің түрі, және жорамал қорғаныс кезіндегі тұлғаның жауапкершілігі туралы мәселе осындай қатенің кінәнің түріне әсерінің ережелері бойынша шешілуі тиіс. Мұндай жағдайларда, оқиғаның бүкіл жағдайлары қорғану құралдарын қолданған тұлғаға шынайы озбырлық орын алды деп санауға жеткілікті негіздер берген, ол өз тұжырымының қателігін түсінбеген кезде істің жағдайларына қарай тұлға не абайсыз әрекеттері үшін жауап беруі мүмкін, не қылмыстық жауапкершілікке мүлдем тартылмайды.Егер тұлға жорамал қорғану кезінде жәбірленушіге шынайы озбырлық жағдайларында мүмкін болатын зиянның шектерінен анық артық зиян келтірсе, ол қажетті қорғану шектерінен асып кеткені үшін жауапкершілікке тартылады.Қорғауға жататын қажетті қорғаныстың талаптары:
1) қажетті қорғану жолымен жеке, қоғамдық, мемлекеттік мүдделерді қорғауға болады;
2) қорғау озбырлық жасаушыға зиян келтіру жолымен жүзеге асырылады;
3) қорғану қажеттілік шектерінен аспауы керек.
Қажетті қорғаныстың шектерінен асып кетуді заң қорғаудың озбырлықтың сипаты мен қауіптілігіне сәйкессіздігі деп таниды, оның нәтижесінде озбырлық жасаушыға озбырлықтың алдын алу немесе тоқтату қажеттілігінен айқын туындамайтын зиян келтіріледі. Анық сәйкессіздік дегеніміз - озбырлықтың алдын алу немесе тоқтату үшін ауыр зиян келтірілетін кезде қорғаудың озбырлықтың сипаты мен дәрежесіне анық, күмән тудырмайтын қауырт сәйкессіздігі (ҚК 32-б. 3-бөл.).
54.Аса қажеттілікАса қажеттілік жағдайында, яғни аталған тұлғаның және басқа тұлғалардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына және заңды мүдделеріне, қоғам немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнетін қауіпті жою үшін, егер бұл қауіптің басқа құралдармен жойылуы мүмкін болмаса және аса қажеттіліктің шектерінен асып кетуге жол берілмесе, Қылмыстық Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.Аса қажеттіліктің заңға сәйкестігі төніп тұрған қауіпке қатысты және оны жоюға бағытталған болып бөлінеді. Төніп тұрған қауіпке қатысты аса қажеттіліктің заңға сәйкестігінің шарттары келесі белгілермен сипатталады: 1. Қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі мүмкін кез келген күш (стихиялы табиғат күштері: жер сілкінісі, су тасқыны, қарлы боран және т.с.с.), адам ағзасындағы физикалық процестер (ауру, аштық және т.с.с.), механизмдердің жұмысы (ұшақты сынау кезіндегі мотордағы ақаулықтар және т.б.) қауіп көзі бола алады.2. Қауіп орын алған, яғни ол көз алдында, өтіп кетпеген, іле-шала пайда болуы мүмкін болуы керек.3. Қауіп адам қиялының нәтижесі емес, шынайы, яғни нақты, объективті бар болуы керек. Егер істің жағдайлары бойынша тұлға қауіп іс жүзінде жоқ екенідігін түсіне алмаса және түсінуге міндетті болмаса және қылмыс белгілеріне жататын жорамал қауіпті жоюға бағытталған қандай да бір әрекеттер жүзеге асырылса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Төніп тұрған қауіпті жоюға бағытталған шараларға қатысты шарттар мынаны талап етеді:1. Аса қажеттілік жағдайында жеке, қоғамдық, мемлекеттік мүдделер қорғалуы мүмкін.2. Бұл жағдайдағы төніп тұрған қауіп зиян келтіруден басқа ешбір жолмен жойыла алмайды. Егер зиян басқа адамдарға зиян келтірусіз басқа жолмен тоқтатылса, аса қажеттілік болмайды.
3. Егер алдын алған зияннан аз зиян келтірілсе қорғау әрекеттері заңға сәйкес болады.Аса қажеттілік шектерінен асып кету деп төніп тұрған қауіптің сипаты мен дәрежесіне анық сәйкес келмейтін зиян келтіру және қауіп құқықпен қорғалатын мүдделерге алдын алған зиянға тең немесе одан айтарлықтай елеулі зиян келтірілген кезде жойылған жағдай танылады. Мұндай шектен асу тек қасақана зиян келтіру жағдайларында ғана жауапкершілікке әкеледі.
55. Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіруҚылмыс жасаған тұлғаға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа озбырлықтарды жасау мүмкіндігін жою үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай тұлғаны басқа құралдармен ұстау мүмкін болмаған болса және сол кезде ол үшін қажетті шаралардан асып кетуге жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау құқығына, ол үшін арнайы өкілеттіліктер берілген тұлғалармен қатар, сондай-ақ жәбірленушілер мен басқа азаматтар ие болады. Озбырлық жасаған тұлғаны ұстауды осы тұлғаны билік органдарына жеткізу мақсатымен қылмыс жасаған тұлғаға зиян келтіруден тұрған әрекеттер ретінде анықтауға болады. Әдетте, ұсталатын адамның еркінен тыс жүзеге асырылатын озбырлық жасаған тұлғаны ұстау физикалық бостандықты (қозғалу бостандығын) шектеу түрінде оның мүдделеріне зиян келтірумен қатар жүреді. Қылмыс жасаған тұлғаға дене зақымдануларын жасаумен немесе оның жеке мүдделерін (игіліктерін) басқаша елеулі бұзумен ілесетін неғұрлым елеулі күштеу қолданылатын ұстау жағдайлары да орын алады. Мұндай жағдайларда қылмыскерді ұстау бойынша шаралардың заңға сәйкестігінің шарттарын анықтаудың қажеттілігі пайда болады. Бұл шарттарды екі топқа бөлуге болады: біріншіден, олар болған жағдайда қылмыскерді ұстау құқығы өздігінен жүзеге асырылуы мүмкін болатындары, екінішіден, қылмыскерге оны ұстау кезінде зиян келтірудің заңға сәйкес шектерін анықтайтындары.Бірінші топқа екі шарт жатады:Бірінші шарт – ұстау үшін құқықтық негіздеменің болуы, яғни тұлғаның қылмыстық әрекет жасауы.Екінші шарт – ұстау кезіне қатысты болады және оның уақыттылығын анықтайды.Екінші топта келесі шарттарды бөліп көрсетуге болады:
- Ұстау кезінде қылмыскерге зиян келтірудің мақсаты болып оны билік органдарына жеткізу және сотқа табыстау табылады;
- Зиян лажсыз тигізілуі керек. Басқаша айтсақ, қылмыскерге зиян келтіру осы жағдайда оны ұстаудың жалғыз жолы болып табылады;
- Зиян тек ұсталатын адамға ғана келтірілуі мүмкін;
- Келтірілген зиян жасалған қылмыстың сипатына және қоғамдық қауіптілігіне және ұстау кезіндігі жағдайларға сәйкес келуі керек.
Ұсталатын адамның өмірін қию тек қылмыскер ұстау барысында ұстаушының немесе бөтен адамдардың өмірі үшін қауіпті белсенді қарсылық көрсеткен жағдайда ғана, яғни қылмыскерді ұстау іс жүзінде қажетті қорғаныс түріне ауысатын кезде ғана орын алуы мүмкін. Сол себепті ұстау барысында одан өлім қаупі тарамаған қылмыскерді қасақана өлтіру ұстаудың рұқсат етілген шектерінен анық шығуды білдіреді және қылмыстық-жазаланатын әрекет болып табылады. Тек ауыр қылмыс жасаған қарулы қылмыскердің қауіптілігінің аса жоғары дәрежесі анық болған кейбір, өте сирек жағдайларда ғана ақырғы шара ретінде оны жою туралы шешім қабылдануы мүмкін.Ұстау шараларынан асып кету олардың қылмыстың қауіптілігі мен ұстау кезіндігі жағдайларға оның сәйкессіздігі ретінде келесі жағдайларда мүмкін:
1) ұсталатын адамды оның тарапынан агрессивті қарсылық көрсету болмаған жағдайда өлтіру;
2) ұсталатын адамға іс жүзінде неғұрылым аз маңызға ие зиян келтірумен шектелуге болғанмен, анық қажеттіліктің болмауынсыз оған ауыр деен жарақаттары жасалған жағдайда;
3) зорлаусыз қылмыстар жасағаны үшін ұсталатын тұлғаға ауыр немесе азды-көпті ауыр дене жарақаттарын қолдану.
- Негізді тәуекел, оның құқыққа сай жағдайы.
Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлар дегенiмiз – сырттай қылмысқа ұқсас əрекеттердi заңды əрекеттерге, тiптi кей жағдайларда қоғамға пайдалы əрекеттерге айналдыратын жағдайлар.Заң əдебиеттерiнде орынды тəуекел ету институты бiраз уақыттан берi зерттелiп келгенiмен, қылмыстық заңда ол жаңадан қарастырылды. Заңға енгiзiлгенге дейiн құқық қолдану органдарының тəжiрибесiнде орынды тəуекел көп жағдайларда аса қажеттiлiк ережелерi бойынша шешiлiп жатты. Орынды тəуекел ету жөнiнде жеке бап енгiзудiң қажеттiлiгi қазiргi жағдайдағы ғылым мен техниканы жетiлдiру жəне қоғамдық даму процесiнiң жылдамдатылуы кезiнде жаңа техснологияларды игерумен байланысты кəсiби қызметтердi атқару белгiлi бiр тəуекелге баруға əкеп соғатындығымен түсiндiрiледi. ҚР ҚК-ң 35-бабының 1-бөлiгiнде қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткiзу үшiн орынды тəуекел еткен ретте қылмыс тық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайтындығын баяндайтын жалпы ереже қарастырылған.
Орынды тəуекел етудiң түсiнiгi ҚК-ң 35-бабының 2-бөлiгiнде берiлген: егер аталған мақсатқа тəуекелмен байланыссыз iс-əрекетпен қол жеткiзiлмейтiн болса жəне тəуекелге жол берген адам қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн қажеттi шаралар қолданса, тəуекел орынды деп танылады. Орынды тəуекел негiзiнен белгiлi бiр жаңа эксперименттердi жүргiзу, бұрын қолданылмаған аппараттарды сынау, жаңа технологияларды игеру кезiнде өндiрiс, ғылыми-техника, шаруашылық, дəрiгерлiк жəне т.б. қызмет салаларында орын алады. Осыған байланысты көптеген заң əдебиеттерiнде орынды тəуекелдi мынадай түрлерге бөлу қалыптасқан:
1). Өндiрiстiк тəуекел, яғни заңмен қорғалатын мүдделерге қауiп төндiру арқылы қоғамға пайдалы мақсатқа қол жеткiзу немесе өндiрiстiк қызмет нəтижесiндегi зиянды зардапты болдырмау.
2). Шаруашылық тəуекел етузаңмен қорғалатын материалдық мүдделердi қауiптi жағдайда қалдыру арқылы экономикалық пайда алуға ұмтылумен байланысты.
3). Коммерциялық тəуекелгебанктiк, биржалық, инвестиция жəне кəсiпкерлiк қызметтiң өзге де
түрлерiнде нарық қатынастарының ерекшелiктерiн пайдаланып белгiлi бiр пайда алуға ұмтылу жатады.
4). Ғылыми-техникалық тəуекелтəжiрибеге жаңа əдiстер мен зерттеу құралдарын енгiзуге ұмтылумен байланысты туындайды. Көрiп отырғанымыздай, орынды тəуекел ету кез келген кəсiби қызмет саласында орын алғанымен, кез келген адамның емес белгiлi бiр қызметпен кəсiби түрде айналысатын адамның əрекеттерiнде ғана көрiнетiн кəсiби тəуекел болуы қажет.
Орынды немесе заңды тəуекел етудiң негiзгi белгiлерi болып мыналар табылады:
а). əрекет немесе əрекетсiздiк қоғамға пайдалы мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталуы, яғни тəуекелге барушы адамның емес, басқа адамдардың, қоғам мен мемлекеттiң игiлiгi үшiн жасалуы қажет;
б). қоғамға пайдалы мақсатқа тəуекелмен байланысты емес өзге əрекеттермен қол жеткiзу мүмкiн болмауы қажет;
в). адам заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн жеткiлiктi барлық шараларды қолдануы қажет, яғни жасалған əрекеттер оны оң нəтижеге үмiттендiретiн қазiргi ғылыми-техникалық жетiстiктерге, кəсiби бiлiмiне, өмiрлiк əдiсiне негiзделуi тиiс;
г). тəуекел ету адамдардың өмiрi мен денсаулығына көрiнеу қатер төндiрумен, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзелiске немесе өзге ауыр зардаптармен ұштаспауы қажет.
Тəуекелдi орынды деп тануға негiз беретiн бiр немесе бiрнеше жағдайлардың болмауы кезiнде зиян келтiргендiк үшiн адамды жауаптылыққа тарту кезiнде ҚК-ң 53-бабының 1-бөлiгiнiң «зң тармағына сəйкес аталған жағдай жауаптылық пен жазаны жеңiлдетушы мəн-жай ретiнде қарастырылады. Қажеттi қорғану, аса қажеттiлiк, қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тəуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындаудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу жағдайларында қылмыс жасау – яғни ҚК-тiң 32- 37 баптарында қарастырылған əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлардың заңға сəйкестiк шарттарын сақтамау нəтижесiнде қылмыс жасауды түсiну қажет. Бұл мысалы, ҚК-тiң 98,99,100-баптарындағы адам өлтiру қылмысының жеңiлдететiн түрлерi.
Күштеп және психикалық мәжбүрлеу.ҚР ҚК –де алғаш рет әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығартын өзіндік жағдай ретінде физикалық және психикалық күштеуге арналған бап енгізілді. Тұлғаны талғамалы, сананың басшылығымен және еркін ерікпен әрекет ету мүмкіндігінен айыратын физикалық күштеу оның осының нәтижесінде заңмен қорғалатын мүдделерге тигізетін зиян үшін жауапкершілігін толығымен жоққа шығарады. Күштеудің сипатына байланысты құқықтық жағынан уәжделген әрекет пен кінәні жоққа шығартын жеңілмейтін күш әрекетімен немесе аса қажеттілік жағдайымен бағалас жағдайлар болуы мүмкін (мәселен, қинау кезінде адам мемлекеттік құпияны ашуы мүмкін, қатыгездікпен ұрып-соғылған адам тонауды жүзеге асыруға көмектесуге келісуі мүмкін).Егер физикалық күштеу жеке тұлғаны толығымен әрекеттерді таңдаудың бостандығынан (талғамдылығынан) айырмаса, бірақ оған одан кейінгі физикалық ықпал етуді болдырмау үшін оның заңға қарсы әрекет етуге немесе әрекетсіздік жасауға мәжбүрлесе, заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру үшін жауапкершілік туралы мәселе ҚР ҚК 34-бабына сәйкес шешіледі.ҚК 36-б. 2-бөл. психикалық күштеумен байланысты заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қашан да аса қажеттілік ережелері бойынша бағалануы керек деп негіздейді.
58. Бұйрықты немесе өкімді орындауЖалпы ереже заңды бұйрықты немсе өкімді орындау, тіпті оны орындау кезінде заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілген болса да, қылмыс болып табылмайтындығынан тұрады. Бұйрықтың міндеттілігі оның заңдылығынан шығады. Заңсыз бұйрық орындалмауы тиіс, болмаған жағдайда заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік пайда болады. Осындай бұйрықты берудің өзі де, оны орындау да жазаланады. Бұйрықтың заңсыздығы бұйрық беруші тұлғаның құқық өкілеттілігінің болмауынан, бұйрықтың белгіленген нысанын сақтамаудан (мысалы, жазбаша) көрінуі мүмкін, ал оның қылмыстылығы мазмұнымен, яғни берілген мекеменің (ведомстволықтың, ұйымның) қызметіне және тапсырыстарына сәйкессіздігімен, ал ең бастысы адам құқықтары мен бостандықтарына шек қоюмен анықталады, өйткені соңғылары кез келген билік органдары қызметінің мәнін анықтайды. Бұйрықтың немесе өкімнің заңға сәйкестігі әр нақты оқиғада тиісті бұйрық немесе өкім берген тұлғаның құзыретін анықтайтын белгілі бір заңдарды (заңға тәуелді нормативтік актілерді) талдау жолымен анықталады. Осылайша, бұйрықты немесе өкімді орындаушы тұлғаның әрекеттерінің заңға сәйкестілігінің бірінші шарты болып олардың заң талаптарына сәйкестігі табылады.Бұйрықты немесе өкімді орындау кезіндегі тұлғаның әрекеттерінің заңға сәйкестілігінің екінші (субъективті) шарты – бұл тұлғаның оның заңсыздығын түсінуінің болмауы. Егер бұйрықты (өкімді) орындаушы алдын ала оның қоғамға қарсы бағыттылығын білген болса, ал бұдан шығатыны оның нәтижесінде пайда болатын қылмыстық салдарды болжаса, ол қылмыстық жауакершілікке тартылады, өйткені мұндай жағдайда әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдайлар орын алмайды.Алдын ала қылмыстық бұйрық – оны берген тұлғаның құзыретінің шегінен анық, ешбір шүбәсыз шығып кететін және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңның мазмұнынан қайшы келетін бұйрық.
59.Жазаның тусінігі және мақсаттары.Қылмыстық жаза – заңмен белгіленген және қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қолданылатын мемлекеттік күштеу шарасы. Жаза қылмыстық әрекетке сәйкестей отырып қолданылады және оның қоғамдық қауіптілігіне және ауырлығына сәйкес болуы керек. Қылмыстық жаза қылмыстың қылмыстық-құқықтық салы болып табылады және қылмыспен күресудегі қажетті құқықтық құралдардың бірі ретінде танылады. Қылмыстық жаза адам және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, ұйымдардың меншігін, құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын және аумақтық тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің басқа да заңмен қорғалатын мүдделерін түрлі қылмыстық озбырлықтардан қорғау үшін қызмет етеді. Жаза қылмыскерге белгілі құқынан айыруды, қасіретті әкеледі. Олар физикалық, моральдық және материалдық сипатта болуы мүмкін. Осылайша, бас бостандығынан айырылған кезде сотталған адам тұтастай алғанда жеке құқықтарында шектеледі. Мүлікті тәркілеу, айып төлеу кезінде сотталған адамның материалдық жағдайы жамандайды. Белгілі бір қызметте болу немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыру секілді жазалау шарасы қызмет, кәсіп таңдаудағы құқықтың шектелуімен байланысты. Мұндай шектеулер кез келген демократиялық қоғамда қажетті. Бір де бір қоғам адамға шексіз бостандықты ұсына алмайды, себебі бұл қоғамның басқа мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына, бетімен кетуге және дау-жанжалдарға әкелетін еді. Жазаның мәжбүрлеу, күштеу жағы, яғни сотталған адамның заңмен көзделген құқықтары мен бостандықтарын айыру немесе шектеу қылмыстық құқықта саза деп аталады. Жазаның мақсаттары. Жазаның мақсаттары дегеніміз –бұл сот қылмыстық жазаның нақты түрін қолдануы бағытталатын әлеуметтік нәтижелер. ҚР ҚК 38-бабына сәйкес «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзету және сотталған адаммен, сондай-ақ басқа тұлғалармен жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу мақсаттарында қолданылады».Осылайша жазаның мақсаттары:а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;б) сотталған адамды түзету;в) сотталған адамның тарапынан жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу (арнайы алдын алу мақсаты);г) басқа тұлғалардың тарапынан қылмыстардың алдын алу мақсаты (жалпы алдын алу мақсаты).Жазаны қолданудың әр оқиғасы жиынтығын алғанда аталған мақсаттарды көздеуі тиіс.Жазаның мақсаты ретіндегі әлеуметік әділеттілікті қалпына келтіру қылмыспен бұзылған жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін толық және барабар қалпына келтіруді көздейді..Жаза сондай-ақ адамдардың әділдік сезімін қанағаттандыру үшін, ал бірқатар жағдайларда олардың қылмыскер жасаған зұлымдыққа зәр сезімін қанағаттандыру үшін қолданылады. Жазаның дербес мақсаты болып арнайы алдын алу мақсаты табылады, ол сотталған адамның тарапынан жаңа қылмыс жасалудың алдын алудан тұрады. Арнайы алдын алу мақсатына сотталған адамның жаңа қылмыс жасауға физикалық мүмкіндігінен айырылуы арқалы қол жеткізіледі. Мысалы, бас бостандығынан айыру, қамау секілді жазалаудың түрлері үнемі күзету және қадағалау, қоғамнан шеттетумен байланысты ұстаудың белгілі режимімен қатар жүреді. Белгілі бір қызметке ие болу құқығынан айыру кезінде тұлға бұрынғы қызметінде жұмыс істеу және оны жаңа қылмысты жасау үшін қолдану мүмкіндігінен айырылады. Сонымен қатар, кез келген жаза сотталған адамға құқықтарынан айрылу және қасіреттер келтірумен байланысты, ол кінәліні қылмыс жасаудан бас тартуға мәжбүрлейді, оны үстіне қайтадан қылмыс жасау үшін заң одан неғұрылым қатаң жазаны қарастырады. Қайтадан неғұрлым қатаң құқықтан айыру мен қасіреттерді бастан кешірудің алдындағы қорқыныш тұлғаның жаңа қылмысты жасаудан бас тартуына себепші болады. Оған қоса, жазаны өтеудің барысында сотталған адамның психикасы сотталған адамды түзетуге бағытталған белгілі бір психикалық ықпал етудің әсерінде болады. Жалпы алдын алуға келетиін болсақ, оның мәні жазалау арқылы басқа тұлғалардың, ең алдымен санасында заңдар мен басқа да нормативті заң актілерін орындауға деген қажетті тұрақтылық жоқ тұрақсыз азаматтардың тарапынан қылмыстың жасалуының алдын алуда жатыр.
60.Жазаның өзге құқықтық жауапкершіліктерден айырмашылығы. Жазаға тән ерекшелік — міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральды материалдық және басқада ықпал ету арқылы жүзеге асырылады, Жазалау жазаға тән ерекшелік бола тұрса да қылмыстық кодекстерде жазалау жаза мақсаты ретінде қарастырылмайды. Бұрынғы қылмыстық кодекстерде жазалау жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған. Дегенмен, бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде қарастырған. Атап айтқанда Н.А.Беляев былай деп жазды: “Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз жасаған. қылмысы үшін айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру”.1 И.И.Карпец пен А.Н.Тарбағаевтың еңбектерінде де осындай пікірлер айтылған. Мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазада соттылық сияқты өзіне тән сипат бар, ол кейін құқықтың және моральдық тұрғыдан өзінің теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса, оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән жай болып табылады. Бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның жаңадан қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Қайталанудың болуы тағайындалған жазаның түріне және мөлшеріне, сондай-ақ бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда колонияның нысанына әсер етедi. Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының басқа түрлерінен жазаның айырмашылығы сол - қылмыс жасаған адамға оның әрекетіне сот тек құқық тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар моральдық тұрғыдан теріс баға береді. Сондықтан да, жаза тағайындау дегеніміз қылмыс жасаған адамға мемлекет атынан берілген теріс баға. Сонымен қатар, қылмыстық жаза қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, оны қылмыс жасап айыпты болған адамға қатысты сот өз үкімімен қолданады, онда жазалау сипаты болады және осы қылмысты жасаған адамның айыбы мемлекет атынан бетке басылады. Жаза қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың нысаны болып табылатындықтан, мемлекетпен жеке адамның арасындағы туындаған шиеленісті жоятын, құқықтық тәртіптің қалыпты жағдайын қалпына келтіретін, тұлғаны әлеуметке қауіпсіз ететін, бірден бір тиімді құрал ретінде қарастырылады. |
61. Жазаның жүйесі және оның жаза тағайындаудағы ролі.. Жазалар жүйесі дегеніміз – қылмыстық заңмен белгіленген және сот үшін міндетті болатын жазалардың салыстырмалы ауырлығын есепке ала отырып белгілі тәртіппен (барынша қатаңнан неғұрлым төмен қатаңдыққа қарай) орналасқан жаза түрлерінің толық тізімдемесі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жазалар жүйесі 39-баптың 1-бөл. анықталған.Жоғарыда аталған анықтаманы талдау келесі негізгі сәттерді бөліп қарасытыру мүмкіндігін береді:
1) жазалар жүйесі қылмыстық заңмен көзделген;
2) сот құқық қолдану тәжірибесінде аталаған тізімді қатаң орындауға міндетті;
3) жазалар жүйесі – бұл жаза түрлерінің толық тізімі және сот одан басқа жазаларды қолдана алмайды.
4) Жазалардың түрлерінің тізімі олардың ауырлығына байланысты орналасқан.
Жалпы алғандағы жазалар жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі сотқа сотталған адамды түзету үшін неғұрлым мақсатқа лайықты шараларын таңдау мүмкіндігін беретін кінәліге ықпал етудің құралдарынан тұрады. Осы жүйеге сәйкес, соттар ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдармен қатар, неғұрлым аз қауіпті қылмыстар жасаған тұлғалара да ауырлығы бойынша алуан түрлі жазаларды қолдануға құқылы. Осылайша, жаза түрлерінің алуан түрлілігі қылмыстың да, қылмыскердің де қоғамдық қауіптіліген ескеру және жаза мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізетін әділ жазаны тағайындау мүмкіндігін береді. Заң шығарушы жазаның түрлерін неғұрлым аздан барынша көпке қарай принципі бойынша орналастырды. Мұндай тәртіп жеке қылмыстық әрекеттердің олардың маңыздылығына қарай жазаны таңдауды жеңілдетеді, ал сотқа жазалаушылықты нақты қылмыстың жағдайларымен және осы қылмысты жасаған кінәлінің ерекшеліктерімен салыстырып шамалау мүмкіндігін берді. Жазалар жүйесі құқық қолдану қызметі үшін айтарлықтай маңызға ие. Осылайша, жазалардың түрлерінің олардың әрқайсысын қолданудың нақты шектері мен қолданылуының тәртібі белгіленген толық тізімі сот қызметіндегі заңдылық пен объективтілік принциптерін сақтауға себін тигізеді. Оған қоса, қолданылып отырған жазалар жүйесі соттарды нақты істің және кінәлінің тұлғасының ерекшеліктерінен шыға келе жаза түрін жеке таңдау мүмкіндігіне бағыттайды.Жазаны мемлекеттік күштеу шарасы ретінде жоққа шығармастан, ақыр аяғында, адамға, оның сезімдері мен ойларына, идеяларына және көзқарастарына, оның өзінің жеке мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етудің әдісі ретіндегі мақсатқа бағытталған тәрбие ғана оның тұрақты көзқарастарын, дағдылары мен құқықтық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ете алатындығын атап өткен жөн.Қоғамдық өмірдің қазіргі реалийлері жазаның құдіретіне сенімнің жойылуымен сипатталатындағын және осыған байланысты ғалымдар орын алған жағдайдан шығудың жолдарын іздеп жатқандығын ескерген жөн. Бұдан күштеу мен мәжбүрлеу принциптеріне емес, сендіру және мәжбүрлеудің үйлесуіне негізделетін жазалау теориясы ерекше маңызға ие бола бастайды. Бұл теорияға сәйкес, жаза, қылмыскерлікпен күресудің маңызды және әлі қажетті құралы бола отырып, сонымен бірге жалғыз емес, және басты емес, тек қосалқы шарасы болып табылады. Қоғамның әлеуметтік өміріндегі жазаның рөлі жоғары гуманизммен және адамға деген қамқорлықпен анықталуы тиіс.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде бұл ережелер ескерілген, және жазалардың түрлерінің тізімі бұрын қолданылған заңнамамен салыстырғанда, айтарлықтай өзгерді. Жазаның бір түрлері сақталды, ал басқаларынан заң шығарушы бас тартты. Оған қоса, жүйеге қылмыстық жазаның жаңа түрлері негізделген түрде енгізілді: қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу және т.б. Жазаның кейбір түрлерінің атаулары өзертілді, және сәйкесінше олардың мазмұны да өзгерді. Мысалы, тәртіптік батальонға бағыттау түріндегі жаза тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен алмастырылды. Төмен тиімділігі мен мақсатқа сәйкессізділігінің себебінен Қылмыстық кодексте 1959 жылдың Қылмыстық кодексінде орын алған қоғамдық ұялту, жасалған зиянды жою міндеттерін арту, жер аудару, көшіру, қызметтен босату, тәрбие-еңбек профилакторийіне бағыттау, ата-аналық құқытардан айыру секілді жазаның түрлері жоқ. Қазіргі қылмыстық жаза жүйесінде сотталған адамға физикалық қасіреттерді шектіруден тұратын жазалаудың түрлерінен, сондай-ақ сотталған адамды мүгедек ететін және ар-ұжданы мен қадір-қасиетін төмендететін жазалар жоқ. Бұл өзінің сазалық бағыттылығына қарамастан қатігездікті шектеуге талпынуға тиіс қылмыстық заңнаманың гуманизмінің куәсі болып табылады..Қылмыстық кодексте көзделген қылмыстық жазалар белгілі белгілері бойынша жіктелуі мүмкін. Осылайша, тағайындаудың тәртібіне байланысты жазалар үш топқа бөлінеді: 1) негізгі, 2) қосымша, 3) негізгі, сондай-ақ қосымша жаза ретінде қолданылатын жазалар (ҚК 39-бабы).Негізгі жазалар – тек дербес түрлер ретінде тағайындыла алатын жазаның түрлері, оларды басқаларына қосымша ретінде қосуға болмайды, олармен жазаның мақсаттарына қол жеткізу байланысты болады. ҚК 39-бабына сәйкес жазаның негізгі түрлері мыналар: қоғамдық жұмыстарға тарту, түзету жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеулер, бас бостандығын шектеу, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру, өлім жазасы. Қылмыс жасаған тұлғаға ҚК Ерекше бөлімінде норма санкциясында анықталған негізгі жазалардың тек біреуі ғана қолданылуы мүмкін.Қосымша жазалар дегеніміз – бұл негізгі жазаға қатысты қосалқы сипатқа ие жазаның түрлері және олар тек негізгі жазаны қолдану жазалаудың мақсаттарын қамтамасыз етпейтін жағдайда ғана қолданылады.Қосымша жазаларға жазаның тек екі түрі ғана жатады: арнайы, әскери немесе құрметті атақтан, класстық шеннен, дипломатиялық рангтен, квалификациялық класстан және мемлекеттік наградалардан айыру және мүлікті тәргілеу.Қосымша жазаны қолдану кезінде келесі талапатар орындалуы тиіс:
- қосымша жазалар дербес тағайындала алмайды, тек негізгі жаза түрлеріне қосылады;
- қосымша жазалар негізгілеріне заңда аталған жағдайларда неғұрлым ауыр қылмыстарды жасау кезінде қосылады.
Қосымша жаза негізгі жаза түріндей бола алмайды, бұл бір жаза заңмен рұқсат етілген мерзімнен немесе шамадан үлкеніне артылатындыған білдіретін еді. Басты жазалау элементтері негізгі жазаның элементтерімен бірдей болатын қосымша жазаны тағайындауға болмайды (мысалы, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға қосымша белгілі қызметтерге ие болу құқығынан айыру).Егер жасалған қылмыс жіктелетін заң қосымша жазаны міндетті түрде тағайындауды көздесе, осындай жазаны қолданбау тек ҚК 55-бабында көзделген жағдайлар (осы қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жұмсақ жазаны тағайындау) болған кезде ғана орын алуы мүмкін. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының «Жазаны тағайындау кезінде соттардың заңдылықты сақтауы туралы»1993 жылдың 24 маусымындағы №3 Қаулысының 16-тармағында соттардан қосымша жазаларды тағайындау мәселелеріне көңіл бөлуді күшейту қажеттілігі талап етіледі, бұл негізгі және қосымша жазаның дұрыс үйлесімі оның нәтижесінде жекеленуі приницпін жүзеге асыруға, жазаның мақсаттарына табысты қол жеткізуге септігін тигізетіндігін білдіреді./1/Айып төлеу және белгілі бір қызметке ие болу құқығынан айыру немесе белгілі қызмет түрімен аналысу құқығынан айыру секілді жазаның түрлерін сот тек жазаның негізгі түрлері ретінде ғана тағайындап қана қоймай, ҚК 40-бабында (айып төлеу), ҚК 41-бабында (белгілі қызметке ие болу және белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыру) белгіленген қалған жағдайларда басқа жазаның түрлеріне қосымша тағайындай алады.