Леуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері

Қоғамдық өмірде әлеуметтік мәселелерді талдау талпыныстары ерте кезден басталса да, әлеуметтану жеке ғылыми пән негізінде 19 ғасырдың 30-шы жылдары ғана қалыптасты. Осыған қарамастан, қоғам жөнінде белгілі көріністер көптеген ғасырлар тоғысында дамып келді.

Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі.

Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар).

Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы).

Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары.

Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80 жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.

63/ Ежелгі дүниедегі әлеуметтік ойдың тарихы (Платон, Аристотель, Сократ, Гераклит, Герадот, Анаксимандр, Анаксимен, Лао-Цзы,, Мо-Цзы, Конфуций)Ежелгі Грекияның саяси ой-пікірлері. Грекияда мемлекет (полистер) — жеке қала-мемлекеттер б.з.д. 1-мыңыншы жылдары пайда болды. Онда саяси ой-пікірлердің қалыптасуы 3 дәуірге бөлінеді: ерте дәуір (IХ-YI ғасырлар). Бұл Гомердің, Гесиодтың және атақты «7 данышпанның» шығармалары дүниеге келген заман. Кейінірек бұл дәуірге Пифогор мен пифогорлықтар, Гераклит енеді. 2-дәуір б.з.д. Y-IY ғасырдың бірінші жартысы. Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель заманы. 3-дәуір IY-ғасырдың екінші жартысы – II ғасыр. Үшінші дәуір эллинизм дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдің аяғы Македонияның және Римнің ықпалына енуімен ерекшеленеді.

64/ Жаңа заманның әлеуметтану ілімі .(Т.Джефферсон, Ш.Л.Монтескье, Дж.Локк, Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо).ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.

5.Англиямен қоса, бүкілевропалық антисхоластикалық, буржуазиялық философияға серпін берілді. Т. Гоббс философиясы

Негізгі еңбектері: Дж.Локк (1632-1704) – Бэкон мен Гоббстың философиялық идеяларын дамытып, Жаңа Замандағы ағылшын философиясының эмпиристік және материалистік дәстүрін жалғастырды.

Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл – ойы туралы тәжірибе».

Дж. Локк философиясының негізгі қағидалары:

1.дүние материалды;

2.таным негізінде тек қана тәжірибе жатады («сезімде болмаған нәрсе адам ойында (ақылында) болмайды»);

3.адамға «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;

4.сана – әр адам өз өміріндегі тәжірибемен толтыратын бос бөлме (empty cabinet) тәжірибе жазылатын «таза атқат» (tabula rasa);

5.тәжірибе көзі – сыртқы дүние;

6.философия мақсаты – адамның өз әрекетінде табысқа жетуіне көмектесу;

7.адам идеалы – сабырлы, занды тындайтын және заңды сыйлайтын, адамшершілікті ұстанатын, өзін жан-жақты жетілдіріп, өз саласында жақсы жетістіктерге жеткен джентельмен;

8.мемлекет идеялы – биліктің заң шығарушы, орындаушы және федеративті (сыртқы саяси) болып жіктелген негізде құралған мемлекет.

Мемлекеттегі билік бөлінісі туралы бірінші айтқан Локк болды

«Азамат туралы бастапқы негіздеме»

«Левиафан – материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».

Т. Гоббс (1588-1679) – Бэконның философиялық дәстүрін жалғастырушы шәкірті:

1. теологиялық схоластикалық философияға қарсы шықты;

2. философия мақсаты – ғылыми-техникалық прогреске жол ашу, адам әрекетінің практикалық нәтижелеріне қол жеткізу деп түсінді;

3. эмпиризмді жақтады. Декарттың рационалистік флилософиясын сынады;

4. нағыз материалист болды;

5. қоғам мен мемлекет мәселесін маңызды философиялық мәселе деп санады;

6. мемлекет теориясын жасады;

7. мемлекет пайда болуының негізінде қоғамдық келісім жатыр деген идеяны алғаш ұсынды.

Гоббстың философиялық зерттеу пәні – гносеология және мемлекет мәселесі.

Гоббс адам танымы негізінен сезімдік қабылдау арқылы өтеді деп санады. Сезімдік қабылдау – сезім мүшелерінің (көз, құлақ, т.б.) қоршаған дүниеден сигналдарды қабылдап, өңдеуі. Ол сипаттарды Т. Гоббс «белгілер» деп атап, былайша жіктейді:

1.Дыбыстар – жануарлардың өз әрекетін немесе ниетін (білдіретін сигналдар (құстар «әні», жыртқыштардың ырылы, т.б.);

2.Ен салу – қатынас барысында адам ойлап тапқан белгілер;

3.Табиғи белгілер – табиғат «сигналдары» (найзағай, бұлт, т.б.);

4.Еркін коммуникативті белгілер – тілдегі сөздер;

5.Белгілер рөліндегі белгілер – азшылыққа ғана түсінікті, арнайы шифрланған сөз (ғылыми тіл, діни тіл, жаргон, т.б.);

6.Белгілердің белгісі – атаулардың атауы – универсалиерлер (жалшы ұғымдар).

Таным әдістері ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қатар қолдануды жақтады. Философтың мақсаты адамға оның өз әрекеттерінде практикалық жетістікке жетуге көмектесу болғандықтан, ал адам қоғамда, нақты мемлекетте тіршілік ететіндіктен өоғам мен мемлекет мәселесі философиядағы басты сұрақтар.Т. Гоббс өзінің әйгілі кітабы «Левиафанда» қоғам және мемлекет теориясын негіздеді. «Левиафан» («Құбыжық») – Кромвельдің диктатурасы кезінде 1651 жылы жарық көрді. Ол теорияның мәні мынадай:

1.Адам табиғатынан залым;

2.Адам әрекеттерінің қозғаушы күштері – жеке пайда мен өзімшілдік, әрікімнің өз қажеттіліктері, аффектілері;

3.Аталған қасиеттер әрбір адамның өзінің барлық нәрсеге құқылығын сезінуге жетелейді;

4.Әрбір адамның бәріне құқылығы басқаның мүддесін аяқасты етуіне, адамдардың бірлескен дұрыс өімірі мен экономикалық прогреске мүмкіндік бермейтін және жеңімпазы болуы мүмкін емес «бәрінің бәріне соғысына» әкелді;

5.Аман қалу үшін адамдар өзара «қоғамдық келісім» жасап, «бәрінің бәріне құқығын» және иеленуге ұмтылысын шектеді;

6.«бәрінің бәріне соғысын» болдырмау, шектен шыққан өзімшілдікті тоқтату үшін қоғамдық өмірді жүйелеудің қоғамдық механизмі (институты) – мемлекет пайда болды;

7.міндеттерін нәтижелі орындау үшін мемлекет аса болуы қажет;

65/ О. Конттың позитивті әлеуметтануы және оның Г.Спенсер теориясында дамуы.

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр. Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасы3н, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.

Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.

Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.

О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер. О. Конттың «позитивтік» әлеуметтануы одан әрі әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі Герберт Спенсердің (1820—1903 ж.ж.) ілімінде дамыды. Бұған Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясы ғылыми негіз болды. Осыны басшылыққа ала отырып, Г.Спенсер, біріншіден, қоғамды биологиялық организм ретіңде қарастырды, екіншіден, эволюция заңын әлеуметтік даму үдерісіне пайдаланды. Ағылшын әлеуметтанушысының ойынша, қоғам тірі организм, соңдықтан оған биологиялық заңдар тән бола алады. Осыны негізге алу арқылы ол өзінің барлық әлеуметтанулық ой-тұжырымдарына қоғамның эволюциясын және оның әлеуметтік құрылымын тануды мақсат етті. Ол эволюция мәнін қарапайым нәрседен күрделіге, бір тектіден әр тектіге өзгеру, үдемелі қозғалыс ретінде қарастырды. Бұл қоғам дамуының әр кезеңін зерттеуге мүмкіндік берді.Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биолгиялық заңдар тән Ч.Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г.Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы,ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты. Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болды. Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік ұрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ,1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген. Г.Спенсер әлеуметтаншулардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді. О.Конт пен Г.Спенсердің кезінде әлеуметтану ғылымында өзінше ерекше ой-пікір айтып әлеуметтанудың айырықша тұжырымдамасын жасаған Карл Маркс (1818-1883 ж.ж.) болды.

66/ Қазақстанның әлеуметтік ойының тарихы. Ш. Уәлиханов )1835-1868) әлеуметтік идеялары.

Шоқан Уэлиханов (1835-1868). Шоқан - қазақ тарихы мен эдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ұлы ғалым. Ол - публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтық көзқарастарындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары. Шоқанның фольклор, эдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбекткрі. Шоқанның қазақ ақындары өнері, Абылайхан жэне қазақ батырларына арналған тарихи жырлар туралы жазғандары. Шоқанның қырғыз тарихына жэне фольклорына байланысты жазғандары, зерттеулері. Ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылық- публицистік, суреткерлік шеберлік белгілері. Шоқанның хаттары, ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары.

67/ Тұлғаның әлеуметтануы.

1.Әлеуметтену-адамның бүкіл ғұмыр бойына жалғасатын үздіксіз үрдіс. Әлеуметтену ұрпақтарды байланыстырады. Баланың өмірге келуі оны тәрбилеуге жауапты адамдардың өмірін өзгертеді.

“парыз” ұғымы қалыптасады. Әлеуметтендіру құралдары:
2.Құндылы.норма
3.Біліктілік,қабілет
4.Әлеуметтік

1.Тіл статус
5. Әлеуметтік роль

68/ Тұлғаны әлеуметтендеру түсінігі және оның сатылары.

Тұлғаның әлеуметтенуі тек әлеуметтік – бақыланатын және бағыттылық – ұйымдасқан жағдайлар жиынтығынан ғана емес, сонымен қоса, аяқ - асты жағдайларын да тәуелді болып келед

әлеуметтену үш сатыда болады деп бөледі. Олар:

еңбекке дейінгі,

еңбектегі,

еңбектен кейінгі

Тұлғаның құрылуына әсер ететін аспект болып мәдениет саналады

Калыптасу механизмдер)

Имитация ,идентификация, жеке бақылау

69/ Біріншілік және екіншілік әлеуметтендіру агенттері .Әлеуметтендіру агенттері - (лат. agens - іс-әрекет етуші) - объективті түрде жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесіне қатысушы әлеуметтік институттар мен факторлар. Әлеуметтендіру агенттеріне отбасы, оқу орындары, саяси және қоғамдық институттар, дін, БАҚ, мүдделер тобы, оқиғалар және қоғамдық өмір процесі, құбылыстар жатады. Бұлардың барлығы да жеке тұлғаның әлеуметтік сипатының қалыптасу процесіне маңызды ықпал етеді. Жеке тұлға өмірінің әр кезеңіне (балалық шағына, жасөспірім кезіне, еңбекке дейінгі, ақыл тоқтатқан, зейнетке шыққан) сай келетін өз агенттері бар.

70/ Девиантты мінез-құлық қоғамның, әлеуметтік топтың әлеуметтік нормалардан ауытқу ретінде. Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.

Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.

Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);

• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);

• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).

Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.

2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

3. Наша сату және тарату

71/ Әлеуметтік стратификация.

Әлеуметтік стратификация- иерарихиялық рангтегі адамдар жиынтығының (тұрғындардың) таптарға бөлінуі. Ол жоғарғы және төменгі жіктердің болуынан көрінеді. Оның негізі мен мәні- құқықтар мен артықшылықтарды, жауапкешілік пен міндеттерді тең бөлмеу, әлеуметтік құндылықтарды, биліктің болуы немесе болмауы. Әлеуметтік стратификацияның негізгі түрлері әртүрлі және көпқырлы. Қандай да бір қоғам мүшелерінің экономикалық мәртебесі бірдей емес, яғни олардың арасында ауқатты және кедейлер болса, онда бұл қоғам экономикалық жіктелумен сипатталады. Ешқандай жағдай кіріс, өмір сүру деңгейі, тұрғындардың бай және кедей жіктерінің болуы түрінде көрінетін экономикалық теңсіздікті өзгерте алмайды. Әлеуметтік стратификацияның нақты түрлері алуан түрлері. Бірақ оларды негізгі үш түрге топтастыруға болады: экономикалық, саяси және кәсіби стратификация. Олар өзара тығыз байланысты. Жоғарғы экономикалық жік өкілдері бір уақытта жоғарғы саяси және кәсіби жіктерге қатысты болады. Төменгі тап өкілдері азаматтық құқықтары шектелген және кәсіби иерархияның төменгі жігіне қатысты болады.
Еңбек бөлінісінің және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму дәрежесіне байланысты әлеуметтік құрылымның тарихи тұрғыда әртүрлі түрлері қалыптасты:
1) құлиеленушілік қоғамның әлеуметтік құрылымы- құлдар және құлиеленушілер
табы, қолөнершілер, саудагерлер, жерөңдеушілер, еркін шаруалар, ғалымдар,
философтар, ақындар, мұғалімдер, дәрігерлер және басқалар;
2) феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы- феодалдар, крепостной шаруалар,
сословиелер және интеллигенцияның әртүрлі топтары. Бұл қоғамның соңғы
кезеңінде буржуазия және пролетариат пайда болды.
3) капиталистік қоғамның әлеуметтік құрылымы- буржуазияның әртүрлі топтары:
орта тап және жұмысшылар, монополистік буржуазия, сонымен қатар ірі
өнеркәсіпшілер, бизнесмендер, банкирлер;
4) социалистік қоғамның әлеуметтік құрылымы- жұмысшы табы, кооперативтік шаруашылық, интеллигенция, жекеменшік кәсіпкерлер жігі, кәсіби және демографиялық топтар, ұлттық қауымдастықтар.

Әлеуметтік мобилдік- адамдардың әртүрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен бір әлеуметтік жіктен басқасына ауысуы. Әлеуметтік мобилдік горизонталды және вертикалды болады.
Горизонталды мобилдік- адамдардың қоғамның әлеуметтік құрылымының бір деңгейінде тұрған бір әлеуметтік топтан басқасына ауысуы.
Вертикалыд мобилдік- адамдардың иерархиялық тәртіпте әлеуметтік орнын ауыстыруы.

72/ ҚР Әлеуметтік стратификация.

73/ Миграция. Престиж, статус, кіріс деңгейі әлеуметтік стратаны бөлу және тұрғындар өсуін бақылау үшін негіз ретінде. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: касталар; сословиелер; таптар.Жеке адамның әлеуметтік статусы — бұл индивидтің әлеуметтік топтардағы және бүтіндей қоғамдағы позициясы. Ол табиғи (жынысы, жасы) және әлеуметтік сипаттамалар (мамандық, кәсіп түрі, табыс, қызмет жағдайы және т.б.) арқылы анықталады, сондай-ақ, туа біткен (ұлттық, әлеуметтік тегі, туған жері) және қол жеткізілген (білім, мамандық, біліктілік) статустар болады.Әлеуметтік статустар иерархиясы қоғамдағы немесе әлеуметтік қауымдастықтағы, қабаттағы, топтағы адамдардың белгілі бір позициясының маңыздылығын бейнелейтін «престиж» ұғымымен бекітіледі. Мамандық, лауазым, қызмет түрлері престижді болуы мүмкін. Престиж – адам тілектерін, ниеттерін, әрекеттерін қозғаушы, ал престиждік бағалау – кәсіби жұмыс бастылықты, әлеуметтік орын ауыстыруды, тұтыну құрылымын анықтайтын т.б. адам мінез-құлқын реттеуші болып табылады

74/ Қоғам және тұлға мәселелерін әлеуметтік тану. Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады.

75/ Қоғамды жектеудегі тарихи тәсілдер Қоғамдық өмірде әлеуметтік мәселелерді талдау талпыныстары ерте кезден басталса да, әлеуметтану жеке ғылыми пән негізінде 19 ғасырдың 30-шы жылдары ғана қалыптасты. Осыған қарамастан, қоғам жөнінде белгілі көріністер көптеген ғасырлар тоғысында дамып келді. Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі.Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар).Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы).Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары. Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.

76/ Әлеуметтік-топтық қауымдастық. Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда «әлеуметтік құрылым” ұғымы «әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. «Әлеуметтік құрылым” түсінігі «әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады — әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. «Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, «әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.

77/ Жанұя әлеуметтануы. Жанұяның даму кезеңдері.

Бастапқы кезең – жұбайлардың бір-біріне бейімделу жүреді. Статистика бойынша бір жылдық бірге тұру кезінде некенің 30 пайызына дейінгі мөлшерде бұзылады.

Екінші кезең – көп уақытты арнауға қажет ететін балалардың пайда болуы жұбайлардың професионалды өсу мүмкіндіктерін, бұрынғы қызығушылықтарын қанағаттануын шектейді, балалардың професионалды бағдарлануы оларды тәрбиелеу бойынша мәселелерде қарама-қайшы ойлар пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдай жеке тұлғааралық шиеленістерге әкелуі мүмкін.

Үшінші кезең – жаңа отбасы мүшелерінің- келін, немере және келесі жақтын ата-аналардың отбасына қосылуы. Қартайған шақ және үлкен жастын ұлғаюы өзінді проблемалар туғызады. Әрбір осы кезеңдер өзіндік арнайы шиеленістік жағдайлар мен шиеленіспен сипатталады. Отбасының дамуының кез-келген шағында жеке тұлға аралық шиеленістердің пайда болуына әртүрлі сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін. Ең алдымен бұл қоғамда жүретін өзгерістер, мысалы, моралдық және мәдениеттік критерилердің өзгеруі, культың дұрыстығы және сезімдік қажеттіліктердің (уақыт және ішкі энергияның шығының қажет ететін интелектуалдыққа қарама-қайшылық) қанағанттандыруды бағдарлау,отбасының әлеуметтік қорғаныштың және т.б. болмауы.

Шиеленістің себеп-салдары.

Бірінші кезеңде, яғни жұбайлардың тану кезеңінде көбінесе шиеленістің себебі болып осылар болып табылады:

Жекетұлғааралық сәйкес келмеушілік;

Лидерлікке ұмтылу;

Жоғары болуға ұмтылу;

Үй жұмыстарын басқаруға ұмтылу;

Тумаластардың және достардың кенестеріне сүйену;

Жыныстық – жекелік бейімделу;

Жеке тұлғааралық сәйкестік бір-бірінің құндылық бағдарлануының, әлеуметтік ойларының, қызығушылықтарының, мотивтерінің, қажеттіліктерінің, мінездерінің, темпераментерінің, жеке тұлғалараның даму деңгейінің ұқсас болуының негізінде құрылады. Жекетұлғааралық сәйкесіздік осы жеке-психологиялық сипатамаларға әрбір жақтың басқа жаққа қарама-қарсы ойларының болуының әсерінен пайда болады. Бұндай шиеленістерден құтылу жолы бір-бірінің мінездерінің ерекшеліктерін білу және оларды ұстауды бірге үйрену. Екі пішінделген «мен» нен бір «бізге» келу оңай емес. Дегенмен бір-бірінің әдеттеріне төзімді қарым-қатынас, өзіні

78/ Жанұяның тарихи түрлері.

Отбасы әлеуметтануы

1. Отбасының пайда болуы және даму түрлері

2. Отбасының құрылымы мен қызметтері

3. Отбасының типтері

4. Отбасы әлеуметтік институт ретінде

Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға , оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады.

Отбасының құрылымы мен қызметтері. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.

Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметті. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметті болып келеді.

Отбасының қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік қызметі: оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік - мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірбиесін жас ұрпақа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке – шешенің маңызды міндетті.

Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы. Патриархальды туыстар тобы (туы стық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады

Отбасы әлеуметтік институт ретінде. Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамнының қалыптасуы мен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

Отбасы – кіші әлеметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.

79/ Білім әлеуметтануы Өткен уақыттағы оқу, білім беру жүйесінің бір артықшылығы –ол оның адамгершілік (гуманистік) бағытының күштілігінде болды. Қоғамның белгілі бір тобыгың өкілдері тілді, әдебиетті, көркемөнер, суретті талдай білуі қажет болды. Жалпы адамзаттық құндылықтармен танысу олардың қоршаған дүниені терең, кең түсіне білуіне әсер етті. Зиялы қауым - әрбір қоғамның мақтынышы. Бұлар бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдардың ішінде қалыптасады, істелінеді.

Қандай да бір басқару түрі болмасын, зиялы қауымның өкілдері қоғамның кішігірім әлеуметтік тобын құрайды да әрбір ұлттың терең парасатын, шығармашылық қабілетін жария етушісі, жақтаушысы ғана емес, сонымен бірге ұлттың адамгершілік, мәдени, рухани үлгісі (эталон) болып саналады.

Қоғамның әр түрлі даму кезеңдеріне сай университтердің білім жүйесіндегі оқу процестері әр түрлі дәрежеде, деңгейде қызмет атқарады, соған орай оның беделі де әр түрлі болды. Алғашқыда университтерде өнерге қатысты пәндер оқытылмайтын еді, ондағы гуманитарлық қоғамдық ғылымдар жартылыс және техникалық ғылымдардың өлшем-үлгілерімен жүргізілді. Ақыл –ой, еңбектің бір түрі ретінде жүргізілетін ғылымдарға шек қойылып, тек қана нақтылы тиімді, пайдалы ғылымдар (мысалы, математика, физика, химия, биология, техникалық ғылымдар, т.с.с. жүргізілді.) Ал, адамның жеке тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамуына, оның адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне назар аударылмады. Сондықтан бүгінгі күннің басты мәселесі-бұрынғы университетті қайта жаңғырту. Оның алуан түрлі мәселелерінің ішіндегі басты, негізгі мәселе-қоғамдық гуманитарлық білім беруді қайта қалпына келтіру. Мұның өзі- гуманитарлық факультеттерді көбейту деген ой емес, ол оқу орындарын бітіруші мамандардың жоғары дәрежедегі мәдениетін қалыптастыру болып табылады

80/ Мектеп оқушылардың мемлекеттік тапсырыстың жасырын оқу бағдарламасын меңгеруін қамтамасыз ететін мәдени қайта өндіру элементі. Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңға байланысты білім беру құрылымына, мазмұнына, оқу жоспарына, бағдарламаларға, оқулықтарға өзгерістер енгізілді. Заңда «Бәріне бірдей білім беру» моделінен «Таңдау бойынша білім беру» моделіне көшу арқылы жүзеге асыру көзделген.Қазіргі мектептің болашағы туралы Н.Назарбаевтың Жолдауында (2004ж.) былай делінген: «әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет. Мектепке дейінгі даярлық бірінші сыныпқа сәйкес келетін болады. Балаларымыз он жыл оқудан кейін не жоғары оқу орнына түсуге дайындалуға, не тиісті кәсіптік-техникалық білім алып, өз бетінше еңбек жолына түсу жөнінде шешім қабылдауға тиіс. Мұғалімдер мен балалардың жайлы мектепте оқып, жұмыс істеп, оқу жабдықтарының, кабинеттердің, спорт алаңдарының тапшылығын сезінбегені өте маңызды. Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуге тиіс».

Мектеп реформасы оның құрылымына өзгеріс енгізуді, оқу орындарының жаңа түрлерін құруды, оқытудың әдіс-тәсілдері мен мазмұнын жаңартуды, тәрбие жұмысының жаңаша түрлерін іздестіруді қарастырады.Мектептің ерекше оқыту жағдайына байланысты түрлері:

Жалпы орта білім беретін мектеп – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс істей алатын үш сатыдан: бастауыш, негізгі, жоғары сатыдан тұратын жалпы орта білім беретін оқу орны.

Жалпы орта білім беретін мектептің мақсаты – жеке адамның ақыл-ой, адамгершілік, эмоционалдық, дене дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктерін барынша ашуға, баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде гүлденуіне әртүрлі жағдайлар жасауды қамтамасыз ету.

81/ Қазақстандағы жекеменшік ЖОО-ның пайда болу алғышарттары.

Жоо-дағы тәрбие ісінің тұжырымдамасында тәрбиелеу білім берудегі бірінші дәрежелі басымдық ретінде айқындалады, ал азаматтық жауаптылықты, құқықтық сана-сезімді, руханилық пен

мәдениетті, бастамашылықты, дербестікті, тағаттылықты, қоғамдағы табысты түрде әлеуметтендіруге қабілеттілікті қалыптастыру маңызды міндеттер ретінде қаралады,Жоо шеңберінде тәрбиелеу жұмысының негізгі міндеті – тіршілік етудің негізгі: танымдық,

кәсіптік, отбасылық, рухани-мәдени, қоғамдық-саяси салаларда өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, біліктілігі жоғары маманды даярлау;

ЖОО-ның тәрбие кеңістігінде студенттерді тікелей ынталандыру кезінде басқарушылық ықпалмен тәрбие жұмысының барынша жоғары нәтижесіне қол жеткізілетін осындай жүйені құру және қолдау.осыған байланысты білім алушылардың тұлғалық-кәсіптік қалыптасу проблемасы өзекті болып табылады. Бұл тұрғыда жүйелілік, практикалық-бағдарлық, ғылыми негізділік, болжамдық тәсіл қағидаттары негізінде әзірленетін тәрбиенің мазмұны мен ұйымдық нысандарын жаңарту аса мәнге ие боладыТәрбие процесін жүйелі көре білу және осы жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін қажетті факторлардың тұтастай кешенін бөліп көрсету Жоо-ның тәрбие ісін бағалаудағы қазіргі заманғы тәсілдердің ерекшелігі болып табылады.

Студентке жаһандану жағдайларында дүниетанымдық қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру арқылы салауатты өмірлік бағдарды таңдауға белсенді көмек көрсету және оның мәні өзекті қажеттіліктер адамды белгілі бір іс-әрекетке жетелейтінін мойындаудан тұратын мінез-құлық тәсілі жоғары оқу орнындағы тәрбиенің негізін қалайды.Жоо-дағы тәрбие жұмысының негізгі қағидаттарының бірі студенттің өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға және жастарды әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін «құрдас-құрдасқа» немесе

«тең адам тең адамға» деген қағидат болып табылады. Студенттің жеке басының мүдделері мен қажеттіліктерін бақылау Жоо ның тәрбие процесінің негізін құрайды.Студенттің өзін-өзі басқару нысандарын дамыту Жоо-дағы тәрбие жұмысының жүйесін құрудың ба

сым міндеттерінің бірі болып табылады. Студенттің өзін-өзі басқару нысандарын дамыту Қазақстанның Болон процесіне қосылуымен байланысты өзекті сипат алады, ал студенттік өзін-өзі ұйымдастырудың осы түрінің болуы оның негізгі талаптарының бірі болып табылады.Қазақстандық қоғамға, жұмыс берушілерге бүгінгі таңда белсенді өмірлік ұстанымы, көшбасшылық қасиетті бар, икемді танымға ие, халықаралық ынтымақтастыққа дайын құзыретті, иманды, іскер жас адамдар қажет. осыған байланысты

82/ Жастар мәдениеті

Жастар – бұл объективті қоғамдық құбылыс, және ол әдетте жас категориясы ретінде ғана ауқымды орын алады. Жастар – қоғамның бөлшегі, жастар – қоғамның бөлшегі. Ресей философы И.М. Ильинский жастар табиғатының таным кілті тұтас пен бөлшектің диалектикасында деп санайды. «Жастар өмір сүріп отырған қоғамды түсінбейінше, жастардың өзін және оларға тән мәселелерді түсіну қиын. Осы қоғамның жастарын түсінбей, оның барлық, соның ішінде, жалпы қайшылықтары мен мәселелерін білмей қоғамның одан арғы болашағын болжап айту мүмкін емес. Қоғамдағы мәселелер бастауын жастардан алады, осы тұрғыда ол жастар мәселесі болып қаралады. Бұл дегеніміз жастарды қоғамнан тыс зерттеу абстрактылы, толық емес және мәнсіз болып табылады» дейді орыс философы Шындығында, жастар өзі өмір сүріп отырған жағдайдың әлеуметтік шындығы көрініс алатын айна болып табылады. Егер де жастар ортасында теріс әрекеттер көрініс алса, қиыншылықтар туындаса, ол ең алдымен әлеуметтік ортаның «күнәсі». Қоғам қалай тәрбие берсе, жастарымыз солай өседі. Жастарды жастық, рухани және әлеуметтік даму кезеңінің құндылығы ретінде жаңаша түсіну қажет. Жастық – ғасырлар бойы есептеліп келгендей, жастық дамудың қызметтік-дайындық фазасы емес, ол қазіргі таңда болып жатқан өзгерістердің қайнар көзі

83/ Мемлекеттің жастар саясаты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді

1. Жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.4. Жастардың денесін шынықтырып, интел- лектуалдық дамуына жағдай жасау.5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру проңестеріне тарту. Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртүтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар мүддесіне орай іске асырылуы қажет:жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;өркендеу мен жаңашылдық;тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, үлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымынақара- мастан жаппай қамту;жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау. Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс

84/ Әлеуметтік санкциялар. Бақылау әдістері.

Санкция-жағымсыз жағдайларды көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Әлеуметтік бақылау – (социальная контроль) әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың әс - әрекетіне қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.1. Бақылау әдісі- қоғамдық құбылысты қабылдаудан, жазып қоюдан және түсіндірме жазудан тұрады.Санкция, ықпалшара (лат. sanctіo – аса қатаң қаулы) — құқық,тық норманың бір бөлігі, шаруашылық және қаржы қызметін қалыпты жүргізу ережелерін, келісімді, шарттық немесе басқа да міндеттемелерді бұзушыларға қатысты мәжбүрлеу жолымен ықпал ету шаралары. Мынадай түрлерге бөлінеді: әкімш.-құқықтық Санкциялар (айыппұл‚ қамауға алу); тәртіптік-құқықтық Санкциялар (қызметін төмендету‚ жұмыстан босату); қылмыстық-құқықтық Санкциялар (ірі көлемдегі айыппұлдар‚ бас бостандығынан айыру); мүліктік Санкциялар (шығынның орнын толтыру‚ айыппұлдар‚ тұрақсыздық айыптары‚ мәміленің күшін жарамсыз деп тану‚ т.б.). Халықаралық Санкция — мемлекет өзінің халықар. міндеттемелерін немесе халықар. құқық нормаларын бұзғанда осы мемлекетке қолданылатын ықпал ету шаралары. Банктер тапсырыскерлеріне несие ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын экон. және басқа ықпал ету шаралары несие Санкциясы деп аталады. Шаруашылық шарттардың (өнімді жеткізу, т.б.) бұзылғаны үшін қолданылатын ықпал ету шаралары (айыппұл, тұрақсыздық айыбы, өсімақы) тиісті ережелермен және жеткізілімнің ерекше шарттарымен, қағидалармен және жарғылармен айқындалады.

Санкция, ықпалшара (лат. sanctіo – аса қатаң қаулы) — құқық,тық норманың бір бөлігі, шаруашылық және қаржы қызметін қалыпты жүргізу ережелерін, келісімді, шарттық немесе басқа да міндеттемелерді бұзушыларға қатысты мәжбүрлеу жолымен ықпал ету шаралары. Мынадай түрлерге бөлінеді: әкімш.-құқықтық Санкциялар (айыппұл‚ қамауға алу); тәртіптік-құқықтық Санкциялар (қызметін төмендету‚ жұмыстан босату); қылмыстық-құқықтық Санкциялар (ірі көлемдегі айыппұлдар‚ бас бостандығынан айыру); мүліктік Санкциялар (шығынның орнын толтыру‚ айыппұлдар‚ тұрақсыздық айыптары‚ мәміленің күшін жарамсыз деп тану‚ т.б.). Халықаралық Санкция — мемлекет өзінің халықар. міндеттемелерін немесе халықар. құқық нормаларын бұзғанда осы мемлекетке қолданылатын ықпал ету шаралары. Банктер тапсырыскерлеріне несие ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын экон. және басқа ықпал ету шаралары несие Санкциясы деп аталады. Шаруашылық шарттардың (өнімді жеткізу, т.б.) бұзылғаны үшін қолданылатын ықпал ету шаралары (айыппұл, тұрақсыздық айыбы, өсімақы) тиісті ережелермен және жеткізілімнің ерекше шарттарымен, қағидалармен және жарғылармен айқындалады.

85/ Қазақстан Республикасындағы экологиялық қозғалыстар мәселе

Наши рекомендации