Бап. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру

1. Әлеуметтік, улттың, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлауға бағытталган қасақана эрекеттер, сол сияқты азаматтардың дінге көзқарасы, тектік-топтық, ұлттың, рулық немесе нәсілдік қатыстылығы белгілері бойынша олардың айрықшалыгын, артықшылыгын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бул іс-әрекеттер жария немесе бүқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтік, улттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткізгіштерді дайындау немесе тарату жолымен жасалса, -

2.Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган немесе бір-неше рет жасалған немесе күш қолданумен не оны қолдану ңатерін төндірумен ұласқан, сол сияқты адам өзінің ңызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдың бірлестік лидері жасаган дәл сол арекеттер -

3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган не ауыр зардаптарга акеп соққан іс-әрекеттер -

Қазақстан Республикасының Конституциясында: «тегіне, элеуметтік, лауазымдық жэне мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, на-нымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» (14-баптың 2-тармағы) делінген.

Қылмыстың тікелей объектісі - элеуметгік, ұлттык, рулық, нэсілдік немесе діни бостандықтар мен тендіктерді қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан элеуметтік, ұлттық, рулық, нэсілдік діни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлауға бағытталған қасақана іс-эрекеттер, сондай-ак азаматтардың дінге көзқарасына, тектік-топтық, ұлттық, рулық немесе нэсілдік қатыстылығы белгілері бойынша олардың айрықшылығын, артықшылығын немесе кемдігін насихаттау, егер осы эрекеттер көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана оты-рып жасалу арқылы сипатталады.

Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нэсілдік, діни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға эр түрлі ұлттардың, нэсілдердің, рулардың азаматтарының арасында жанжалдар туғызуға эрекеттер жасау жатады.

Азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сенімдерін қорлауға бағытталған қасақана іс-эрекеттерге оларды ұлттық немесе діни белгілері бойынша кем-сіту, келемеж ету эрекеттері жатады.

Азаматтардың дінге көзқарасына, тектік-топтық, ұлттық, рулық немесе нэсілдік бел-гілері бойынша олардың айрықшылығын, артықшылығын немесе кемдігін насихаттауға

- азаматтардың мінез-құлкы, қабілеті немесе ерекшеліктері туралы олардың ұлтқа, дінге, руға жататынына қарай бағалап, оны тарату эрекеттері жатады.

Осы жоғарыда көрсетілген эрекеттер көпшілік алдында жэне бұкаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Қылмыс құрамы формальдық болып табылады, ол Заңның диспозициясында көрсетілген эрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған есі дұрыс адам.

Қылмыстық кодекстің 174-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі

- адамдар тобымен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе бірнеше рет жасалған немесе күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, не қоғамдық бірлестіктің лидері жасаған нақ сол іс-эрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Адамдар тобының түсінігі Қьшмыстық кодекстің 31 -бабының 1 -тармағында, бірнеше рет жасалған қылмыс түсінігі Қылмыстық кодекстің 12-бабында берілген, күш көрсетуге жеңіл, орта дене жарақатын келтіру, ұрып-соғу, немесе бас бостандығынан еріксіз түрде айырулар жатады. Ауыр дене жарақатын келтірген жағдайда кылмыс жиынтығы бойын-ша сараланады (Қылмыстық кодекстің 106-бабы жэне 174-бап).

Күш қолданамын деп қорқытуға эр түрлі дене жарақатын келтіретін эрекеттерді жасауға сөз берулер жатады.

Адамның қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекетінің түсінігі Қылмыстьщ кодекстің 3-бабының 19-тармағында берілген. Осы баптың бірінші жэне екінші бөліктерінде көзделген қылмыстық топ жасаған немесе ауыр зардаптарға экеп соққан іс-эрекеттер осы қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (174-баптың 3-тармағы).

Ауыр зардаптарға - ауыр дене жарақатын алу, ірі материалдық зиян келтіру, қоғамдық көліктің біршама уақытқа жүрмей қалуы, үлтаралық жанжалдың шығуы т.б. жатады.

5-тарау. МЕМЛЕКЕТТЩ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ Қ¥РЫЛЫСЫНЫҢ

НЕГІЗДЕРШЕ ЖӘНЕ ҚАУШСІЗДІГШЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ

Наши рекомендации