Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара әрекеттесуі
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі
Жиынтық сүраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарын бір диаграммада орналастырып, AD-AS графиктік моделін шығаруға болады. Мұндағы қалыптасатын үш жағдай жиынтық ұсыныстың классикалық, кейнстің қалыпты және кейнстің шекті тәсілдемелеріне сәйкес келеді.
Әрбір жағдайда макроэкономикалық тепе-тендік AD және AS қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады. Бұл қиылысу нүктесі әрқашан да нарықтағы тепе-теңдік бағаны көрсетеді.
Классикалық жағдайда AD қисығының оңға-жоғары жылжуы қалыптасқан бағалар деңгейінде артық сұранысты тудырады. Содан кейінгі бағалар деңгейінің өсуі w/P нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады, нәтижесінде еңбекке сұраныс оның ұсынысынан артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан, оның өсуінің арқасында еңбек нарығында тепе-тендік жылдам қалпына келеді. Демек, жаңа тепе-теңдік жағдай жоғарылаған бағалар деңгейі шартында AS тік сызығы мен AD жаңа қисығының қиылысуымен анықталады (1-сурет).
1-сурет. Классикалық жағдайдағы AD-AS моделі
Кейнстің жағдайында атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сүраныстың артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген w атаулы жалақы шартында w/P нақты жалақы төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек жұмысшыларды жалдауға, нәтижесінде, шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан экономикада бағалар деңгейінің де, шығарылымның да өсуі байқалады (2-сурет).
2-сурет. Кейнстің қалыпты жагдайындагы AD-AS моделі
Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейін өзгертпейді (өйткені бағалар өте икемсіз), ал шығарылым деңгейін арттырады. Нәтижесінде, қысқа мерзім аралығында тұрақты бағалар шартында экономикада өндірістің өсуі байқалады (3-сурет).
3-сурет. Кейнстіц шектік жағдайындагы AD-AS моделі
Классикалық жағдай ұзақ мерзімді кезеңге, ал кейнстің жағдайы қысқа мерзімді кезеңге сәйкес келеді.
А нүктесі - экономикадағы толық жұмыстылық кезіндегі тепе-тендік нүктесі болсын (4-сурет). Жиынтық сұраныс азайғанда AD1 қисығы AD2 қисығына дейін жылжиды. Нәтижесінде, өндіріс азаяды да, шығарылым Y0-ден Y’ дейін азаяды, ал жұмыссыздық өседі. Аздап бағалар деңгейі Р0-ден Р’ дейін төмендейді. Диаграммада экономика В нүктесіне ауысады.
4 - сурет. Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдердегі AD-AS
Өндіріс көлемі азайғандықтан, w атаулы жалақының төмендеуі орын алады. Оның себебі: амалсыз демалыстар, қысқартылған жүмыс күндерінің пайда болуы, сыйақының жойылуы. Бірақ атаулы жалақы кідіріп төмендейді.
W атаулы жалақы төмендеген сайын w/P нақты жалақы да азаяды. Фирмаларға көбірек жүмысшылар жалдауға тиімдірек болады, жиынтық ұсыныс артады да, AS қисығы оңға жылжиды. Шығарылым бастапқы Ү0 деңгейіне оралғанға дейін бұл тенденция сақталады. Жиынтық үсыныс қисығы AS1-ден AS2 жағдайына ауысады. Экономика A→В→С жолынан өтеді.
Сонымен, ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты шығарылым шартында бағалар деңгейінің төмендеуі орын алады.
10. Инфляция: мәні, себептері, салдары мен түрлері. Инфляция дегеніміз бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді. Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Экономистер инфляцияны екі түрге бөледі:
1) Сұраныс инфляциясы. Экономикада кейде ұсынысқа қарағанда сұраныс шығындары көбірек болады. Артық сұранысқа өндіріс артық көлемімен жауап бере алмайды, өйткені барлық ресурстар қамтылған. Бұл артық сұраныс бағаның өсуіне әкеледі және сұраныс инфляциясын тудырады. Сұраныс инфляциясы – ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуы мен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция. Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы көтерiлiп, соның салдарынан төлем қабiлетi бар сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегi бiрқалыпты баға жағдайында өндiрiстiң оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтiп жиынтық сұраныс экономиканың өндiрiстiк мүмкіндiктерiнен жоғарылап, бағаның көтерiлуiне соқтырады. Сұраныс инфляциясы келесiдей факторлардың әсерiнен туындайды:
- әскери шығыстардың өсуi, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда
пайдалану қажеттiгiнен, нәтижесiнде ақша баламасы айналыс үшін артық
болып қалады;
- мемлекеттiк бюджет тапшылығы және iшкi қарыздардың өсуi, яғни мемлекеттiң қысқа және орта мерзiмдi мiндеттемелерiн шығару есебiнен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесiнде мемлекеттiң iшкi қарызы артады;
- несиелiк экспанциялау, яғни елдiң орталық банкiсінiң коммерциялық банктер мен үкiметке несие беретiн несиелер көлемiнiң ұлғаюын сипаттайды;
- импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттiлiктiң үстiне ұлттық валютаның эмиссиялануы;
- ауыр өнеркәсiп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.
2) Шығын инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы. Шығын көлемінің өзгеруінің және нарықтық ұсыныстың нәтижесінде де инфляция пайда болуы мүмкін. Жиынтық сұраныс артпағанына қарамастан, соңғы жалдары баға деңгейі өсті. Өндіріс көлемі де, жұмыспен толық қамтамасыз ету деқысқарған кездері де болды, бірақ осымен бірге жалпы баға деңгейі де өсті. Шығын инфляциясының теориясы баға деңгейінің өсуін орташа шығындардың өсуіне әкелетін факторлармен түсіндіреді.Шығын инфляцияның пайда болуына екі негізгі себеп бар: 1) атаулы төлемақының өсуі 2) энергия және шикізат сияқты ресурстарға бағаның өсуі. Шығын инфляциясы өнiмге баға белгiлеуде әсер ететiн ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуi. Шығын инфляциясы өнiмнiң әр бiр өлшемiнiң шығыны көтерiлiп, соған байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын элементтердiң тек бiреуi ғана. Сонымен қатар тауар өндiрiсi шикiзат, энергия көздерiн алу, транспорт қызметiн алу, транспорт қызметiн төлеу шығындары көтерiлуiне байланысты да қымбаттайды. Шикiзат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығынының өсуi бүкіл әлемде болатын заңды процесс. Оған қарсы тұратын фактор - өнiмнiң әр бiр өлшемiнiң шығындарын төмендететiн жаңа технологияны пайдалану.