Несиелік тәуекел және оны басқару

2.1 Несиелік тәуекел мәні және оның классификациясы

Кез-келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне алып келеді. Несиелік тәуекелді минимизациялау несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет.

Несиелік тәуекел – қарызалушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын келісімге сәйкес өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Несиелік тәуекелге кеңірек түсінік беретін болсақ дебитордың, контрагенттің, бағалы қағаз эмитенттерінің қаржылық жағдайының нашарлауымен байланысты тәуекел деп түсіндіріледі. Банкке төленетін несие төлемдерінің уақытша тоқтауы немесе мүлдем төленбеуі банктің ақша қаражаттарының қозғалысына және банк өтімділігіне жағымсыз әсерін тигізеді. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Қаржы сферасындағы инновацияларға қарамастан несие бойынша проблемалар әлі де болса бірінші орында тұр. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс. Несиелік тәуекелді басқару қабілеті көп жағдайда банк басшылығы мен қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне байланысты.

Жалпы несиелік тәуекел классификациясы келесідей:

1)Факторлардың әрекет ету саласына қарай:

-Ішкі несиелік тәуекелдер;

-Сыртқы несиелік тәуекелдер;

2)Факторлардың банк қызметіне байланысына қарай:

-банк қызметіне байланысты несиелік тәуекелдер;

-банк қызметіне байланыссыз несиелік тәуекелдер;

3)Банк қызметіне әкелетін зияндылық дәрежесіне қарай:

-тікелей несиелік тәуекел;

-жанама несиелік тәуекел;

4)Несиелік операциялардың есеп алыну сипатына қарай:

-баланстық несиелік тәуекелдер;

-баланстан тыс несиелік тәуекелдер;

5)Пайда болу ауқымына қарай:

-іргетастық несиелік тәуекелдер, яғни активті және пассивті басқарумен айналысатын менеджерлердің қабылдайтын шешімдеріне байланысты;

-коммерциялық несиелік тәуекелдер, яғни банк клиенттерін несиелеу саясатына байланысты;

-жекеше несиелік тәуекелдер, яғни несиелік өнім, қызмет, операцияларға, қарыз алушыларға немесе өзге де контрагенттерге байланысты.

6)Басқару сипатына қарай:

-тікелей несиелік тәуекел, яғни қарыз алушыға қатысты несиелік тәуекел;

-қоржындық несиелік тәуекел, яғни несиелік қоржынның сапасына байланысты.

Несиелік тәуекел келесі себептере байланысты туындайды:

- қарызгердің жауапкершілігі негізінде;

- қарызгердің өз кінәсінан емес адекватты ақша ағынын жасау қабілетсіздігі;

- банк басшылығы тарапынан есептің дұрыс жүргізілмеуі, іскерлік және экономикалық ортадағы болжанбаған өзгерістер;

- мемлекеттегі саяси тұрақсыздық;

- қарызгердің іскерлік репутациясындағы теріс жағдайлар;

- несиеге қойған кепілдеменің сомасына және болашақ құнына сенімсіздік.

Банк тәжірибесінде несиелендіру түрлері байланысты несиелік тәуекелдің проблемалары бар:

1. пайда мәнінің өсуі деп ойлауы: Несиелік портфель – пайда алудың көзі. Пайда өсіруге деген құштарлық кей жағдайларда тәуекел немесе банкке тиімсіз шарттар мен несие беруіне алып келеді, яғни ойланбай берген несиелер одан алатын табыстарына қарағанда өте қымбатқа түседі.

2. несиелендіру принциптерінің бұзу – банк жетекшілігі несиелендіру принциптерін бұзып тұрғанын біле тұрып несие береді, мұның себебі шамадан тыс табыс алуға деген құштарлық бәсекелестерінің басынуы, достастық қарым-қатынасының болуы

3. несиелік келісімнің қанағаттандырылмауы - несиелік келісім-шарт құқықтық жағынан өте жоғары деңгейде толтырылуы тиіс

4. Қарыз алушы туралы толық емес және сенімсіз ақпарат – қарыз алушының қызметі туралы толық ақпарат, күмәнді несиелерді тудыруы мүмкін, әрбір несие қызметтері клиент туралы несие тарихын бүкіл құжаттар тексере отырып жасалуы тиіс

5. нашар мониторинг – бастапқы несиеде стандартты несиелер болады, кейіннен қанағаттанарлық, күмәнді болады. Бұл несие қызмет тарапын несиеге дұрыс бақылау жасалауынан болатындықтан ол несиелік талдауды жоғары деңгейде жүргізе алатындай мамандандырылуы тиіс

6. Несиелік тәуекелден туындайтын шығындарды екіге тікелей және жанама деп бөліп қарастырған дұрыс. Тікелей шығындар несиені қайтармауға және қаражаттың түспеуіне байланысты туындаса, ал жанама шығындар кепілге қоятын заттың құнының төмендеуі, проблемалық несиелерге байланысты банктің құратын резервтерінің көлемінің ұлғайту қажеттігінен туындайды.

7. Жалпы несиелік тәуекел дәрежесі мынадай факторларға тәуелді:

· елдегі және өңірдегі экономикалық және саяси жағдайлар;

· банктердің жекелеген экономика салаларына несие беруі;

· қарыз алушылардың несиелік қабілеті мен беделіне;

· қарыз алушының банкроттығына;

· қаржылық қиындықтарға ұшыраған клиенттерге берілген несиелер үлесінің жоғары болуына;

· жаңа, таныс емес компанияларға берілген несиелерге;

· жақын арада тартылған немесе жаңа клиенттерге берілген несиелер үлесінің жоғары болуы;

· қарыз алушының тарапынан болатын алдамшылық әрекеттерге;

· қиын іске асырылатын немесе тез құнсыздануға икемді кепіл затын қамтамасыз ету мүлкі ретінде қабылдауына;

· несиелік қоржынның диверсификациялану деңгейіне;

· инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің туралығына;

· несиені беру және қоржынды қалыптасыруға байланысты несиелік саясатқа жиі енгізілген өзгерістерге;

· берілетін несиелердің түрлеріне, мөлшеріне және нысандарына, сондай-ақ қамтамасыз ету түріне.

Банктің несиелік тәуекелін бағалау екі тәсілге негізделуге тиіс:

-несиелік тәуекел деңгейін бағалау;

-несиелерді тәуекел дәрежесіне қарай жіктеу.

Несиелік тәуекелді бағалауда мынадай басты көрсеткіштер пайдаланылады:

-коэффициенттер;

-болжанатын шығын мөлшері;

-несиелік қоржынның сапасының көрсеткіштері.

Қарыз алушының несиелік тәуекелін бағалауда да сапалық және сандық талдаулар қолданылады. Сапалық талдаудың мақсаты тәуекелдің пайда болуы ықтималдығын бағалау. Сандық бағалаудың мақсаты қарыз алушының міндеттемесін орындамау барысында банктің шығын шегу ауқымын анықтау. Сапалық және сандық талдаудың нәтижелері бойынша несиелік тәуекелді бағалауға мүмкіндік туындайды.

Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік тәуекелін бағалау мынадай тәсілдермен жүзеге асады:

1) қарыз алушының іскерлік тәуекелін бағалау;

2) қарыз алушының несиелік қабілеттін бағалау

- қаржылық коэффициенттер негізінде қаржылық жағдайын талдау;

- ақшалай ағымын талдау;

- менеджмент сапасын бағалау.

3) несиені қаматамасыз ету көздерін бағалау.

Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының заңды тұлғаларды несиелік қабілетін бағалауда келесідей Қаржылық коэффициенттердің 4 тобын пайдалынылады:

· Өтімділік коэфиценті

· Қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуекелділік коэфиценті

· Компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігіне арналған айналымдылық коэфиценті

· Пайдалылық коэфиценті

· 1.Өтімділік коэфиценті – 2 түрге бөлінеді:

-ағымдағы Өтімділік коэфиценті =Ағымдағы актив/ағымдағы міндеттеме;

§ мәні: 0,70-1,20

§ Егер 1,02 жоғары болса, онда тауарлы материалдық қорларға салынған қаражаттар айналысының бәсеңдеуін немесе дебиторлық қарыздың жоғары болуы көрсетіледі.

§ Ал оның мәні төмен болса, клиенттің төлем қабілетсіздігін көрсетеді. Жалпы бұл көрсеткіш мәні жоғары болса, қарыз алушының қаржы тұрақтылығын білдіреді.

-тез өтімділік коэфиценті =Ағымдағы активтер – Тауарлы материалдық қор/ағымдағы міндеттеме;

§ мәні: 0,4-0,6

§ бөлшек сауда компанияларында:0,3-0,4

§ Ол мәнінің жоғарлануы дебиторлық қарыздың өсуі туындайды.

· 2.Қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуекелділік коэфиценті 2 түрге бөлінеді:

o Міндеттеме/Актив = 1 мерзімдегі орташа қарыз сома/ 1 мерзімдегі орташа актив сомасы

o Міндеттеме/Капитал = 1 мерзімдегі орташа қарыз сома/ 1 мерзімдегі орташа капитал сомасы

· Осы және келесі коэффициенттерді есептегенде банктерге берешек, жабдықтаушыларға, бюджетке және тағы сондай орташа қарыздарды есепке алады

· Айналымдылық коэффициенті:

· Дебиторлық қарыз айналымдылығы = Дебиторлық қарыз орташа сома__ *360

Дебиторлық сатудан түскен түсім

· Кредиторлық қарыздың айналымдылығы=Кредиторлық қарыз орташа сома *360

§ сатудан түскен түсім

· Тауарлы материалдық кор айналымдылығы= ТМҚ-ң орташа сома*360

өнімді өткізуден өзіндік құны

· Пайдалылық коэфиценті: бұл коэфицент компанияның және заңды тұлғаның пайдалылық деңгейін және рентабельділік деңгейін көрсетеді және ол пайдалылық әртүрлі нұсқамасы мен сатудан түскен қатынасы арқылы есептеледі.

Ол 2 түрге бөлінеді:

· Жалпы пайда нормасы= Жалпы пайда________

сатудан түскен түсім

· Таза пайда нормасы= Таза пайда__________

сатудан түскен түсім

Наши рекомендации