Курсты бағалау критериі. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Экономика және құқық институты
Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасы
СИЛЛАБУС
ПәнҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ( 2 кредит )
1. Мамандық (факультетаралық)
5В010300-«Педагогика и психология», 5В010500-«Дефиктология»,
5В010100-«Мектепке дейін оқыту және тәрбиелеу», 5В012300 –«Әлеуметтік педагогика», 5В010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 5В012000-«Кәсіптік білім», 5В010800-«Дене шынықтыру», 5В060200-«Информатика», 5В070500-«Математиканы компьютерлік моделдеу»
(шифр, мамандық)
Курс 1,2
ОқытушыНурутдинова А.Ж.
Оқу жылы
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus
ПәнҚұқық негіздері ( 2 кредит )
Сабақ өткізу уақыты мен орыны | ОСӨЖ-ның өткізууақыты мен орыны | Оқытушының аты-жөні | Байланыс, тел, email |
сабақ кестесіне сәйкес | Кесте бойынша | Молдабеков Е.Б. | |
8.30-10.20 | |||
А.Молдағұлов көшесі,34 | |||
1 корпус |
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ:
«Құқық негіздері» курсын оқыту - оқу пәні бір жағынан белгілі бір құқықтық нормалардың рөлі туралы жалпы түсінік беретін, ал екінші жағынан - әр адамға оның өмірі барысында кездесетін проблемаларды шешуге бағыт – бағдар беретін, қажетті білім беретін негізгі құқық салаларының (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, отбасылық және т.б.) сұрақтарын оқытады. Құқық негіздерін оқу өмірлік қажетті жағдайларды сауатты бағалауға, өмірлік жағдайларды шешу үшін қажет орынға дәл баруға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасының қабылданған заңдары туралы білім беріледі.
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:
«Қазақстан Республикасының құқық негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен негізгі мақсаты – қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқытудың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтық жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік – құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси – құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.
оқу - әдістемелік кешенінің мақсаты - студент дәрістен алған білімдерін, семинар және өз бетіндік жұмыс сабағында ұштастыра білу үшін және тәжірибеде пайдалануды дағдыға айналдыра отырып, мынандай міндеттерді алға қою қажет:
А) түсінік болуы:
Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқытары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормалары туралы түсінік алу.
Б) білу керек:
Алған білімінің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды, оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық қағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімнің тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік – құқықтық құбылыстарды параллель мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студенттерге заң шығарушылық базаны құықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасынан ашу.
В) істеу алу керек:
- құқықтық құбылыстарды аналитикалық талдау жасауға;
- алған құқықтық білімді өмірлік тәжірибеде пайдалануға;
- өз беттеріңше құқықтық нәтижесі бар шешімді қабылдауға;
- кез-келген құқықтық жағдайдың мәнін түсінуге;
- таным көкжиегін кеңйтуге, заңдарда бекітілген құқықтарыңызды дұрыс қолдануға, заңды міндеттеріңізді толық орындауға қабілеттеріңізді дамытуға.
«Құқық негіздері»оқу курсы студенттердің құқықтық санасының дамуына және құқықтық мәдениеті деңгейінің өсуіне ықпал етеді.
«Құқық негіздері» пәнінің мақсаты мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының студенттеріне Қазақстан Республикасының негізгі заңдарымен, яғни заңдардың мемлекеттік басқару жүйесінде алатын орны мен ролін таныстыру.
ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
Пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студент белгілі бір біліктілікке, дағдыға, құзыреттілікке ие болады. Ол...
· төмендегі ұғымдар жөнінде түсініктері болуы тиіс:
· Мемлекеттік құқықтық жағдайы туралы түсінік;
· кез-келген құқықтық жағдайдың мәнін түсінуге;
· құқықтық құбылыстарды аналитикалық талдау жасауға;
· құқықтық институттарды, оларды қамтамасыз ететін нормаларды;
· Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы;
· Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жою туралы;
· ҚазақстанРеспубликасыныңеңбекзаңнамасы туралы, т.б.
· төмендегілерді білуі және пайдалана алуы тиіс:
· заңдардың негізгі ұғымдары мен оларды қолдану,
· негізгі мәселелерді зерттеуде статистикалық мәліметтерді талдау;
· экономиканың негізгі заңдарын білу;
· экономикалық заңдылықтардың нені бейнелейтінін білу;
· мемлекеттік ұйымдардағы заңдарды қолдану тәртібі мен ерекшеліктерін; т.б.
· төмендегі дағдыларды меңгере білуі тиіс:
· Алған білім және тәжірибе студенттерге заң шығарушылық базаны құықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі,
· Юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасынан ашу.
· таным көкжиегін кеңйтуге, заңдарда бекітілген құқықтарыңызды дұрыс қолдануға, заңды міндеттеріңізді толық орындауға қабілеттеріңізді дамытуға.
· Мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың қолданылу аясын;
· Парламенттiңөкiлеттiгiн;
· еңбек қатынастарының субъектiлерi, еңбек қатынастарының туындау негiзін, т.б. ;
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:Әлеуметтану, Философия, Саясаттану, Қазақстан тарихы, ҚР мемлекет және құқық тарихы.
КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:Мемлекет және құқық теориясы, Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Мұсылман құқығы, Азаматтық құқық, қылмыстық құқық, Құқықтық және саяси ілімдер тарихы
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:
Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясыретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады:
жазбаша бақылау жұмыстары,үйтапсырмалары(алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмаларжәне т.с.с.),ауызша сұрау,тесттік тапсырмалар,зерттеу жұмыстары (жоба,презентациялар), мәнжазба,эссе және т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтиды.
Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша практика сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді,ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалануескеріледі.
Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖсабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Коллоквиум:өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.
Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы:нақты тақырып бойыншатапсырылады,кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.
Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төменбаға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.
Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатынемтихан тапсырады.
МОДУЛЬБОЙЫНШАПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
№ р/с | Модульдың атауы | Лекция (сағ) | Практикалық сабақ (сағ) | Лаборат. сабақ (сағ) | СӨЖ (сағ) |
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар | - | ||||
Жария құқығының салалары | - | ||||
Жеке құқығының салалары | - |
ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
Апта | сағаты | |
Модуль 1Қазақстан РеспубликасыныңМемлекетжәнеқұқық негізі | ||
Қазақстан Республикасының Құқықнегіздер» курсының пәні және жүйесі.Мемлекет теориясының негіздері. | ||
Құқық теориясының негіздері.Мемлекет жәнеқұқық теориясының қалыптасыуы мен дамуының тарихы. | ||
2 модульЖария құқығының салалары | ||
Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері. | ||
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері | ||
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері | ||
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері | ||
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері | ||
Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері | ||
Қазақстан Республикасының салық құқығы негіздері | ||
Қазақстан Республикасының экологиялық құқық негіздері | ||
Қазақстан Республикасының жер құқығы негіздері | ||
Халықаралық құқық негіздері | ||
3. модуль Жеке құқығының салалары | ||
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері | ||
Қазақстан Республикасының отбасы жәненеке құқығының негіздері | ||
Қазақстан Республикасының еңбек құқық негіздері |
Практикалық сабақ тақырыптары
Апта | Практикалық сабақтың тақырыптары | сағаты |
Модуль 1 Қазақстан РеспубликасыныңМемлекет және құқық негізі | ||
Қазақстан Республикасының Құқықнегіздер» курсының пәні және жүйесі.Мемлекет теориясының негіздері. | ||
Құқық теориясының негіздері.Мемлекет жәнеқұқық теориясының қалыптасыуы мен дамуының тарихы. | ||
2 Модуль Жария құқығының салалары | ||
Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері. | ||
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері | ||
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері | ||
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері | ||
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері | ||
Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері | ||
Қазақстан Республикасының салық құқығы негіздері | ||
Қазақстан Республикасының экологиялық құқық негіздері | ||
Қазақстан Республикасының жер құқығы негіздері | ||
Халықаралық құқық негіздері | ||
3. модуль Жеке құқығының салалары | ||
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері | ||
Қазақстан Республикасының отбасы жәненеке құқығының негіздері | ||
Қазақстан Республикасының еңбек құқық негіздері |
Бақылау жұмысы
Нұсқа 1
1. Талқылауға ұсынылған мәселелер:
1.Пәннің мақсаты, әдісі және обьектісі.
2.Мемлекеттік қызмет түсінігі және құқықтық негіздері. Мемлекеттік
конститутциялық-құқықтық негізі.
3.Қазақстан Республикасы заңдары, Президенттің нормативтік актілері.
Нұсқа 2
1. Талқылауға ұсынылған мәселелер:
1..Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының түсінігі.
2.Конституциялық –құқықтық институттар:түсінігі,түрлері.
3.Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасында Конституциялық құқық ғылымының дамуы.
Нұсқа 3
1. Талқылауға ұсынылған мәселелер:
1.Құқық бұзудың ерекшеліктері.
2. Құқық бұзудың объективтік және субъективтік жақтары.
3. Құқық бұзушылық теріс қылық және қылмыс.
2.Тақырыптың өзекті мәселелері бойынша эссе жазыңыз
Нұсқа 4
1. Талқылауға ұсынылған мәселелер:
ҚР сайлау құқығы
1.Сайлау және.Сайлау жүйесі туралы түсінік
2.Сайлау органдары
3.Сайлау дайындық
4.Референдум.
5.Сайлау қорытындылары
Нұсқа 5
1. Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
1Азаматтық құқық туралы түсінік.
2.Пәні, әдістері. азаматтық құқықтық қатынастар, азаматтық заңдар.
3.А.қ. объектілері мен субъектілері туралы
4.Құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік
5.Мәміле, нысаныОтбасы құқығы ұғымы,негіздері, қағидалары
6.Неке тұру және тоқталу тәртібі. Неке шарты.
7.Ата-анамен балалар арасындағы құқықтық қатынастар.
8.Бала асырап алу
9.Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары.
2.Тақырып мәселесі бойынша реферат дайындаңыз.
Нұсқа 6
1. Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
1. Мемлекеттік басқару жүйесі. Субьектісі. Обьектісі.
2.Атқарушы билік органдары
3.Жергілікті атқару органдары
4.Мемлекеттік қызмет.
5.Әкімшілік – саяси аяны басқару.
Нұсқа 7
1. Ұсынылған тақырыптар бойынша реферат дайындаңыздар
2. Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
1.ҚР әкімшілік құқығы субьектісі,обьектісі.
2.Әкімшілік құқық туралы түсінік. Ә.қ. нормалар.
3.Заңды тұлға. Қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеу.Әкімшілік құқықтық қатынастар түрлері
4.Атқарушы билік органдары ,жергілікті атқару органдары,
5.Мемлекеттік қызмет.
6.Әкімшілік – саяси аяны басқару.
Нұсқа 8
1. Мына тақырыпқа эссе жазыңыз:
1.Еңбек құқығы. Еңбектік-құқықтық қатынастар.
Нұсқа 9
1.Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
1.Қылмыстық құқық түсінігі.
2.Қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері:
3.Қажетті қорғаныс
4.Жауапкершілікті ауырлататын, жеңілдететін мән-жайлар
5.Жемқорлықпен күрес
Нұсқа 10
1. Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
1.Құқық негіздері» пәні гуманитарлық пәндердің бір саласы
2.Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері
3.Конституциялық құқықтың ұғымы,әдістері,принциптері
4. Әкімшілік құқығының ұғымы, принциптері,обьектілері
Тест тапсырмалары
Нұсқа 1
1.Алғашқы қауымдық қоғамда адамдардың мінез-құлықтарын қандай нормалар реттеп отырды:
A. діни нормалар; С. Әлеуметтік нормалар:
B. заң нормалары; Д. саяси нормалар; Е. Билікті.
2.Мына құбылыстардың қайсысы тікелей мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға жатады:
A. саяси сана және саяси мәдениет
B. заңдылық,нормативті- құқықтық актілер,құқықтық сана,мемлекеттік аппарат
C. салт-дәстүр,ізгілік,мәдениет
D. әдет-ғұрып,мораль,дін
E. экономика,өндіргіш күштер,қаржы,салықтар
3.Күштеу теориясы бойынша мемлекеттің туындауына басты себептерді атаңыз:
A. ақшаның пайда болуы,қалалардың,қолөнер кәсібінің дамуы,пайда болуы
B. тайпалардың бірін-бірі жаулап алуы,олардың жеңгендерінің үстемдік құруы
C. таптардың пайда болуы,олардың араларында ымырасыз,бітіспес күрестің туындауы
D. климаттық жағдайдың өзгеруі,өндіріс құралдарының дамуы
E. мемлекет құру үшін адамдардың арасында еркін,өз ықтиярларымен келісімдердің жасалуы
4.Мемлекеттің негізгі белгі- нышандары қандай
A. ұлттық валюта, әскер, полиция
B. мемлекет егемендігі,жалпыға бірдей ережелерді қабылдау,билік аппаратының және салық жүйесінің болуы
C. аумақ,халық,әдет-ғұрып
D. астана,жалау,елтаңба,әнұран
E. сан алуан саяси партиялар,абақты,банк,қоғамдық ұйымдардың міндетті түрде болуы
5.Гумплович, Дюринг, К.Каутский мемлекет және құқықтың пайда болуы жөніндегі теориялардың қайсысын зерттеп зерделеді?
A. Патриархалдық : В: күштеу теориясын : С: психологиялық . Д: таптық: Е:органикалық
6.Мемлекет пен құқықтың п.б.таптық теория тұрғысынан түсіндіруді ұсынған ғалымдар:
Нұсқа 2
1.Азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың басты қағидасы:
A. Мемлекет пен ҚР азаматының өзара жауапкершілігінің қағидасы
B. Теңдік қағидасы
C. Әрбір азаматтың міндеттілігі қағидасы
D. Азаматтың мемлекеттік билікке бағыну қағидасы
E. Азаматтың мемлекетке қатысты тек қана құқықтары басты қағидасы
2.ҚР аумағында шетелдік мемлекеттердің кәсіподақтарының қызметіне:
A. Жол беріледі
B. Шетелдік мемлекеттің кєсіби одақтары ҚР бекітілген халықаралық шарттар шеңберінде әрекет еткен жағдайда жол беріледі
C. Жол берілмейді
D. Шетелдік мемлекеттің кәсіби одағының жарғысы ҚР заңнамалық актілеріне қайшы келмеген жағдайда жол беріледі
E. Олардың қызметтері мемлекеттік қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмеген жағдайда жол беріледі.
3.Аумақтық сайлау комиссияларын мәслихаттар мыналардың ұсыныстары негізінде сайлайды:
A. Облыс әкімдерінің
B. ҚР азаматтарының
C. Депутаттыққа кандидаттардың
D. Саяси партиялардың
E. Мєслихат хатшыларының
4.ҚР Үкіметінің құрамына кімдер кіреді?
A. ҚР Премьер- министрі, Премьер- министрдің орынбасарлары, министрлер және өзге де лауазымды тұлғалар
B. Премьер – министр, министрлер, мемлекеттік комитеттердің төрағалары
C. ҚР Премьер-министрі, орынбасарлары, министрлер, мемлекеттік комиттер мен агенттіктердің төрағалары
D. ҚР премьер – министрі, министрлер, агенттіктермен басқа да ведомоствалар төрағалары
E. ҚР премьер – министрі, министрлер, агенттіктер төрағалары мен облыс әкімдері
5.ҚР Конституциялық Кеңесінің құрамына қанша адам кіреді?
А,7 адам В,15 адам С,4 адам Д,8 адам Е,10 адам
Нұсқа 3
1.ҚР Конституциясы бойынша берілген азаматтардың өлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтары:
A. денсаулықты сақтау, меншік иесі болу, білім алу
B. заң жобаларын талқылауға , қоғамдық және діни бірлестіктерді құру
C. өмір сүру, меншік иесі болу.отбасын құру
D. басқару істеріне араласу, діни бірлестіктерді құру
E. бірлестіктерді құру
2.Қазақстан Республикасының коституциясы егемендік алганнан бері неше рет қабылданды және қашан?
A. 1993 ж. 25 ңазан, 1995 ж. 30 тамыз - 2 рет
B. 1991 ж. 25 қаңтар - 1 рет
C. 1992 ж. 1 шілде, 1993 ж. 15 қараша,1995 ж. 30 тамыз-3 рет
D. 1993 ж. 15 қараша
E. 1992 ж. 1 шілде
3.Қазақстан Республикасының Үкіметін кім құрады?
A.Президент B.Халық C.Конституциялық кеңес D.Сот E.Парламент.
4.Азаматтардың конституция бойынша берілген міндеттері:
A. Азаматтық борышын өтеу, салық төлеу, конституцияны сақтау
B. Еңбек ету, отбасын құру, білім алу
C. Өмір сүру, сайлауға қатысу
D. Орган арасындағы қатынас
E. салық төлеу
5. Нормативтік қүқықтық актілер неше топқа бөлінеді?
A,2 B.3 C.4 D.5 E.
Нұсқа 4
1.Заңның ең жоғарғы күші дегеніміз нені білдіреді?
A. Заңдылық мемлекеттің жоғаргы өкілеті мен заң шығарушы органы қабылдайды
B. Заңдардың күшін жоюды қабылдаған орган ғана жасайды
C. Барлық құқық актілер заңдарға қайшы келмеуі тиіс
D. Заң үстем
E. өкілеттілігі
2.Мемлекеттің функциялары /қызметі/ нешеге бөлініп топталады?
A. 3;В) 2; С) 4; D 5;Е) 6
3.Азаматтың құқық бұзушылық дегеніміз -
A. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішкі тәртібіне нұқсан келтіретін құқыққа қарсы әрекет
B. Белгілі бір тұлғаның әрекеті мен әрекетсіздігі
C. Мемлекеттік немесе қоғамдық басқару тәртібіне, азаматтардың меншігіне, құқығы мен бостандығына нұқсан келтіру мақсатында жасалған құқыққа қарсы кінәлі әрекет
D. Заңсыз әрекеттер,
E. заңға қайшы келісім шарт жасау
4.Мәміле дегеніміз:
A. кездесоқ жағдайлардың шиеленісуінен пайда болатын мінез-құлық
B. заңға қайшы келетін белсендігі
C. азаматтарға заңға сәйкес іс әрекеті
D. құқыққа қарсы кінәлі әрекет
E. мінез-құлық ережесі
5.Құқықтық реттеу тәсілдерін көрсетіңіз:
A. Мәжбүр ету, сендіру
B. бастапќы тәсіл, туынды тәсіл
C. позитивтік міндеттеу, тыйым салу, рұќсат ету
D. мемлекеттік-биліктік нұсќама, бұйрыќтар, жарлықтар, өкімдер
E. әкімгерлік, рұқсат ету, нормативтік
Нұсқа 5
1.Гумплович, Дюринг, К.Каутский мемлекет және құқықтың пайда болуы жөніндегі теориялардың қайсысын зерттеп зерделеді?
A. Патриархалдық :
B. күштеу теориясын :
C. психологиялық .
D. таптық:
E. органикалық
2. Мемлекет пен құқықтың п.б.таптық теория тұрғысынан түсіндіруді ұсынған ғалымдар:
A. Макиавелли,Гамильтон
B. Маркс,Энгельс,Ленин
C. Михайловский,Бакунин
D. Аристотель,Фильмер
E. Ф.Аквинский,Маритэн
3.Мемлекет егемендігі дегеніміз...
A. қоғамда билік жүргізуге өкілеттік алған бұқаралық саяси ұйымның болуы
B. мемлекеттік биліктің ішкі және сыртқы саясатты өз еркімен жүзеге асырудағы дербестігі мен тәуелсіздігі
C. аумағы мен халқының болуы
D. елтаңбасы,әнұраны,туының болуы
E. салық және салық жүйесінің болуы
4.Т.Гоббс,Д.Локк,Ж.Руссо мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін теорияның қайсысын дамытты?
A. Теологиялық; В:шарт; С:патриархалдық; Д:күштеу; Е:психологиялы;
Нұсқа 6
1.Саяси режим дегеніміз не?
A. ҚР-да құқықтық тәртіпті нығайту: В:жалпы заң жүйесі .С:заңдарды бір тәртіпке, жүйеге келтіру
Д:мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты. Е: мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістерімен, тәсілдері
2.Қазақстан Республикасында сот билігі кімге тиесілі?
A. Министрліктерге
B. Президентке
C. Үкіметке
D. Парламентке
E. Тәуелсіз сот органдарына
3.Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын жас
A. 18 жас: В:15 жас С:14 жас Д:17 жас Е:16 жас
4.Келісім-шарттық теория бойынша мемлекет қалай пайда болды:
A. Күштеу негізінде
B. Жаулап алу негізінде
C. Отбасының өркендеуінен
D. Құдайдың әмірімен
E. Адамдардың өзара келісімі бойынша
5.Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы субьектілер:
A. Кінәлі, айыпталушы
B. Азамат, еңбекші, жұмысшы
C. Жұмысшылар
D. Қылмыскерлер
E. Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар
Нұсқа 7
1.Қазақстан Республикасының қаулылары, шешім, ережелерін қай орган қабылдайды?
A. Министрліктер. В:Комитеттер: С:Парламент. Д:Президент. Е:Қазақстан үкіметі;
2.Құқықтық норманың құрылымы:
A. санкция, деликт ,В:диспозиция; С:гипотеза; аксиома, Д:гипотеза, диспозиция және санкция;Е:жай диспозиция
3.Азаматтық құқықтың обьектілеріне жатады
A. адам-табиғат- қоғам арасындағы қатынастар
B. жұмысқа қабылдау, тұру, босату
C. қаржы-салық қатынастары
D. ақша-тауар .мүліктік және мүліктік емес қатынастар
E. азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы қатынастар
4.Құқың қабілеттілігі мен әрекет қабілетілік субъектілердің қайсыларында бір мезгілде пайда болады?
A. Кейбір жағдайларда жеке тұлғаларда
B. Жеке тұлғаларда
C. Ешқайсысында да пайда болмайды
D. Заңды тұлғаларда
E. Әкімдерде
5.Заңды тұлғалар нешеге бөлінеді
A. 5: В.3, С:4, Д:2. Е:2
Нұсқа 8
1.Мемлекеттің пайда болуын жеке меншіктің және байлар мен кедейлердің пайда болуымен байланыстырып түсіндірген қай теория
A. патриархалдық терория
B. теологиялқ теория
C. психологиялық теория
D. материалистік теория
E. органикалық теория
2.Отбасылық құқықтық қатынастар қай кезден бастап пайда болады:
A. Кез-келген сәттен бастап пайда болады
B. некеге тіркелгеннен бастап пайда болады
C. некелесушілердің өзара келісімімен
D. АХАЖ органында тіркелген кезден
E. тәртіптік жауаптылық
3.Отбасы құқығының қатынастарына не жатады;
A. бала мен ата-ана, ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастар
B. азамат, мемлекет, заңды тұлғалар арасындағы қатынастар
C. отбасы мен мемлекет, азамат арасындағы қатынастар
D. табиғат пен адам арасындағы қатынастар
E. жұмысқа тұру, орналасудан туындайтын қатынастар.
4.Жұбайлардың құқықтық қатынастары нешеге бөлінеді:
A. 4; В: 2; С:3; Д:5, Е:6
5.ҚР Неке және отбасы заңы қандай принциптерге негізделіп құрылған:
A. отбасы істеріне ешкімнің аралспауына, ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңдігіне
B. мемлекеттің ісіне ешкімнің араласпауы
C. отбасы мүшелерінің кәсіпкерлік қызметпен айналысуы
D. мемлекеттің отбасы ісіне араласпауы
E. ерлі-зайыптылардың тең құқықсыздығы
Нұсқа 9
1.Жұбайлардың құқықтық қатынастары қалай болып келеді:
A. жеке мүлік, ортақ, табиғи, В:жеке өзіндік ,мүліктік, С:жеке, өзіндік, Д:табиғи, мүліктік, Е:ортақ, жеке мүлік
2.Заңды тұлғалар дегеніміз –
A. Белгілі бір шаруашылықты жүргізуге құқықты тұлғалар;
B. Шаруашылықтың мүлкіне жауап беретін тұлғалар;
C. тұлғалар
D. Сот алдында өз құқықтарын қорғайтындар
E. Әкімдер
3.Әкімшілік құқықтың әдістері:
A. тек диспозитивтік
B. императивтік және диспозитивтік
C. ынталандырушы және тыйым салатын
D. тек қана нұсқамалық
E. Сот
4.Әкімшілік құқықтың ерекше бөлімі қамтиды
A. әкімшілік жауаптылық пен әкімшілік іс жүргізу институттарын
B. мемлекеттік қызмет пне әкімшілік мәжбүрлеудің институттарын
C. қоғамдық өмірдің әр түрлі аяларындағы басқару институттарын
D. әкімшілік құқықтың әр түрлі субъектілері мен құқықтық мәртебесін
E. сот прецеденті
5.Мыналардың қайсы Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықығының қайнар көздері болып табылады:
A. әдет-ғұрыптар
B. сот прецеденті
C. әкімшілік прецедент
D. нормативтік құқықтық акт
E. тек оқиғалар
Нұсқа 10
1.Әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы негізіне мыналардың қайсы жатады:
A. тек іс-әрекеттер
B. тек оқиғалар
C. іс-әрекеттер мен оқиғалар
D. тек әкімшілік құқық бұзушылықпен байланысты туындайтын іс-әрекеттер
E. әкімшілік іс жүргізу институттары
2.Азаматтардың әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негізгі элементі болып табылады:
A. құқық қабылеттігін шектеу
B. әрекет қабілеттігін шектеу
C. құқықтар мен міндеттер
D. деликтілік қабілеттілік
E. институттарын
3.Төменде көрсетілген құқықтардың қайсысы азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің элементі болып табылады:
A. әркімнің өмір сүруге құқығы бар
B. әркімнің еңбек ету бостандығына құқығы бар
C. әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іске қатысушылардың іс құжаттарымен танысуға құқығы
D. ата-аналар балалардың денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті
E. азаматтық кодекспен
4.Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркелуге жатады?
A. өкілдіктерде
B. қаржы министрлігінің органдарында
C. әділет органдарында
D. мемлекеттік статистика органдарында
E. азаматтық кодекспен
5.Төменде көрсетілген актілердің қайсы туынды актілерге жатады:
A. ереже, В: бұйрықтар, С:шешімдер, Д:қаулылар, Е:құқығы
Ситуациялық тапсырмалар
Нұсқа 1
1. Конституциялық Кеңестің Президентпен, Парламент және басқа құрылымдармен өзара қатынас құрылымын салу
2. Материалдық теоретикалық иемдену және глоссарий құру әр студентке міндетті.
3. Студенттер дәрістік материалдық барлық сұрақтары бойынша тестік сұрақтар дайындау (әдістерінің әр сұрақ бойынша 5 нұсқамен 10 сұрақ дайындау)
Нұсқа 2
1. Презентация жасап, Жоғарғы сот органдары және оған қатысты облыстар соттарының органдарын графикалық түрде бейнелеңіз
2. Тест дайындау
Нұсқа 3
1. “ҚР жергілікті өзін-өзі басқару” заңы бойынша конспект жазу
2. тест дайындау
Нұсқа 4
1. Мемлекеттік қызметке қатысты ҚР-ң Президентінің жарлықтарымен ережелер бойынша презентация жасау
2. Дәрістік материалдың барлық сұрақтары бойынша студент тестік сұрақтар дайындайды (10 сұрақ ,5 вариант)
3. ҚР және шетел мемлекеттік қызметі туралы заңнаманың салыстырмалы сараптама жүргізу
Нұсқа 5
Көп нүктенің орнына сөздерді қойыңыз:
А) Әкімшілік - облыс (республикалық маңызы бар қала немесе астана), аудан (облыстық маңызы бар) әкімімен басқарылатын, сәйкес аумақтағы мемлекеттік басқару өзінің өкілеттік шегінде жүзеге асырылатын ... орган болып табылады.
Б) Маслихат - облыс (республикалық маңызы бар қала не астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) сайланатын, халық еркін білдіретін және ... орган болып табылады.
Нұсқа 6
1. Үкіметтің және оның негізгі мемлекеттік органдарының графикалық құрылымын көрсет (Министрліктер, комитеттер, ведомстволар, агентстволар және т.б.)
2. Студенттер дәрістік материалдың барлық сұрақтары бойынша тестік сұрақтар дайындау (10 сұрақ,5 вариант)
Нұсқа 7
1. ҚР-ғы мемлекеттік биліктің құрылымының суретін салу
2. Дәрістің барлық материалдарына студенттер тестілік сұрақтар дайындайды (10 сұрақ, 5 вариант)
Нұсқа 8
1. Жетіспейтін сөздерді қойыңыз:
Парламент ... қызметтерін орындайтын, жоғары ... органы болып табылады.
2. Дәрістік материалдар бойынша сұрақтарға студенттер тесттік сұрақтар құрай алады (10 сұрақ, 5 вариант)
Нұсқа 9
1. “ҚР –ғы азаматтық қоғамның құрылымына” кесте құру
2. Дәрістің барлық материалдарына студенттер тестілік сұрақтар дайындайды (10 сұрақ, 5 вариант)
Нұсқа 10
1. Төмендегі атаулар қандай ҚР Конституция бөліміне қатысты, мысалы: “Жалпы ережелер” бірінші бөлімге қатысты.
№ | Бөлімнің атауы | ҚР Конституция бөлімі |
Парламент | ||
Соттар немесе әділеттілік | ||
Үкімет | ||
Президент | ||
Жергліікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару | ||
Адам және азамат | ||
Конституциялық Кеңес |
2. Дәрістік материалдың барлық сұрақтарына байланысты студенттер тест даярлайды (10 сұрақ, 5 нұсқа).
3. ҚР Конституциясының даму кезеңдеріне байланысты презентация құру.
Тақырыптар ( мәнжазба, презентация,эссе, есептік-графикалық жұмыстар т.с.с)
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі».
2. «Парламенттік республикасының әр түрлілігі, олардың негізгі белгілері».
3. “Конституция халыққа қызмет етеді”
4. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатылауы ”
5. Конституциялық құрылыс пен оның негіздері түсінігі
6. Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктелуі
7. “Азаматтық қоғам” түсінігі, оның құрылымы
8. “ҚР Президентін сайлау жүйесі”
9. “Шетел мемлекетіндегі Президентті сайлау жүйесінің тәжірибесі мен ұйымдастырылуы”
10. ҚР мемлекеттік органдары жүйесіндегі Парламент орны және оның ҚР Үкіметі және Парламент пен Президент арақатынасындағы қызметі.
11. Парламенттің екі палаталық құрылымы.
12. Парламенттегі Заң шығару процесі
13. Парламент депутаттары мәртебесі. ҚР Парламентін тарқату
14. “ҚР Үкіметінің құрамы және қызметі, құрылу реті”
15. Конституцияның жоғарғы органы – ҚР Конституциялық Кеңесі
16. “ҚР сот беделі, сот жүйесі”
17. “ҚР жергілікті өзін-өзі басқару”
18. “ҚР орталық және жергілікті органдардың арақатынасы”.
19. “ҚР мемлекеттік қызметінің қазақстандық моделі”
20. “ ҚР мемлекеттік қызметі принциптері”
21. ҚР мемлекеттік қызметінің келу, өткізу және жұмыс тоқтату реті туралы
22. “ҚР жергілікті басқару жүйесі : жергілікті билік органдарымен өзара әрекет әдістері”
Коллоквиум сұрақтарының тізімі:
1. Мемлекеттің түсінігі және негізгі белгілері.
2. Мемлекеттің пайда болуының негіздері, теориялары.
3. Мемлекеттің сыртқы және ішкі фнукциялары.
4. Мемлекеттің нысаны.
5. Қоғамның саяси жүйесі.
6. Құқықтың негізгі белгілері және анықтамасы.
7. Құқықтың мәні және қағидалары.
8. Құқықтық нормалардың түсінігі және құрылымы.
9. Құқықтың жүйесі мен заңдардың жүйесі.
10. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – жеткеші және әмбебап құқық саласы.
11. Мемлекеттің Негізгі Заңы ретіндегі Қазақстан Республикасының Конституциясының түсінігі және мәні.
12. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі.
13. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот.
14. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері.
15. ҚР Конститутциялық Кеңесі оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі ролі, маңызы функциясы.
16. ҚР Әділет министрлігі және оның органдары; жүйесі,құрылымы, функциясы.
17. ҚР прокуратурасы: жүйесі, құрылымы функциясы.
18. ҚР ІІМ органдарының қызметінің қағидалары.
19. ҚР қауіпсіздік Комитеті: органдарының жүйесі,мақсаты және міндеті.
20. ҚР Президенттік күзет қызметі: қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары. Адвокатура және нотариат түсінігі.
21. Мемлекеттік басқару негіздері.
22. Мемлекеттің негізгі сипаттамалары, мемлекеттің қоғамдық функциялары.
23. Мемлекеттік басқару теорясы ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері.
24. Мемлекеттік басқару ғылымы, оның пәні және әдісі.
25. Мемлекеттік басқарудың конституциялық қағидалары.
26. Әкімшілік құқықтың пәні әдістері, және жүйесі.
27. Әкімшілік құқықтық қатынастар.
28. Әкімшілік құқықтың субъектілері.
29. Заңды тұлға түсінігі және негізгі ерекшеліктері Заңды тұлғалардың түрлері және нысандары.
30. Мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері.
31. Азаматтық құқықтың түсінігі.
32. Азаматтық құқықтық реттеу пәні әдісі.
33. Азаматтық құқықтың қатынастардың түсінігі, түрлері.
34. Азаматтар, азаматтық құқықтың субъектісі ретінде.
35. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар.
36. Мемлекеттік меншік нысандары.
37. Міндеттемелік құқық негіздері.
38. Интеллектуальдық меншік құқығы.
39. Қазақстанның мемлекеттік инновациялық саясатын іске асырудың құқықтық негіздері.
40. Отбасы құқығының түсінігі.
41. Отбасы - неке заңдары. .
42. Некеге тұру және некенің тоқтатылуы.
43. Жұбайлардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері.
44. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары.
45. Қаржы қатынастарының жалпы сипаттамасы.
46. Бюджет заңдары. Бюджет түрлері.
47. Бюджет құрылымы.
48. Бюджеттік қатынастарды реттеу шеңберіндегі мемлекеттік басқару және бақылау. Бюджеттік несиелеу.
49. Салық жүйесі.
50. Салық төлеушілер, олардың құқықтары мен міндеттері.
51. Салық қызметінің органдары.
52. Салық есебі және салықтық есеп беру ережелері.
53. Жалпы және арнайы салық режимі.
54. Еңбек құқығының пәні және әдістері, қайнар көздері.
55. Жеке еңбек шарты.
56. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.
57. Жұмыс уақыты, демалыс уақыты.
58. Еңбек тәртібі.
59. Тәртіптік жауаптылық.
60. Демалыс уақыты.
61. Жалақы.
62. Еңбекті қорғау.
63. Материалдық жауапкершілік.
64. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының
65. түсінігі, қайнар көздері.
66. Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамтамасыз етудің құқытық негіздері.
67. Жәрдемақы түсінігі және түрлері, төлемдерді және тағайындауды құқықтық қамтамасыз ету.
68. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі.
69. Экологиялық құқығының жалпы ережелері.
70. Экологиялық құқықтың объектілері.
71. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық және экономикалық механизмі.
72. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
73. Жер құқығының түсінігі,пәні жүйесі.
74. Жерге меншік құқығы, жерді пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар.
75. Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.
76. Қылмыстық құқық материалдық құқықтың негізгі саласы ретінде.
77. Қылмыстың түсінігі мен белгілері.
78. Қылмысты саралау.
79. Қылмыс құрамы қылмыстың субъектісі және объектісі.
80. Қылмыстың субъективтік және объективтік жағы.
81. Қылмыстың құрамы.
82. Қылмыстарды топтастыру.
83. Қылмыстық жауаптылық және жаза.
84. Қылмыс жасау сатылары.
85. Қылмысқа ортақ қатысушылық.
86. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу.
87. Құқықтық мемлекеттің нығаюына бағытталған мемлекеттік құқытық шаралардың жалпы жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресудің орны мен маңызы.
88. Іс жүргізу құқығының негіздері.
89. Іс жүргізу құқығының конституциялық негіздері.
90. Ұлттық құқық жүйесіндегі іс жүргізу құқығының орны, рөлі мен маңызы.
91. Сот билігін жүзеге асыру, процессуалдық нысаны, қағидаттары.
92. Іс жүргізу заңдарының уақытқа қарай, кеңістікте және тұлғалар арасында қызмет етуі.
93. Әкімшілік іс жүргізу оның құқықтық реттеу ерекшелігі.
94. Мазмұны мен нысаны ретінде материалдық және іс жүргізу құқығының арақатынасы.
95. Азаматтық iс жүргiзу құқығының негiздерi.
96. Азаматтық іс жүргізу құқы