Сабақтың тақырыбы:Тауар өндіру, қызмет көрсету нәтижесінің статистикасы
Сабақ мақсаты- экономикалық өндіріс түсінігі, оның микро-мезо және макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу.
Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар
№1. Өндірістік өнеркәсіптің келесі қызметтерінің берілгендері бойынша экономиканың жеке салалар аралығындағы өндірілген өнімін есептеңіздер, мың теңге:
- өндірілген дайын өнім -950;
- өңделме шикізаттың өнімдері -100;
- ғимараттар мен үйлерді күрделі жөндеу -180;
- көлік құралдары құрал жабдықтарын күрделі жөндеу – 80;
- шетке жіберілген электр энергиясы – 140;
- үй шаруашылығының қызметі – 110;
- ғимараттар мен үйлерді ағымдағы жөндеу -50.
№2. Келесі мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығының шығарылған өнімін есептеу (мың теңге):
ауыл шаруашылығында өсірілген дақылдар – 550;
өндірілген ұн – 120;
ірі қара, жылқы өнімдерін өсіру;
алынған төл, кіші мүйізді қараның өсімдері – 50;
аяқталмаған өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдері қалдықтарының өсімдері – 30.
Сабақтың тақырыбы: Тауарлы және ақшалай айналыс статистикасы
мақсаты- тауар және ақша айналымының статистикасын оқып білу.
Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар
Тапсырма 9
№1. Бір сауда ұйымы бойынша тауарлық қорлар тауарлы келесідей мәліметтер берілген, теңге:
Тауарлық топтар | Тауарлар қорлары | ||||
Базистік жыл | Есептік жыл | Келесі жыл | |||
1 - қаңтарға | 1 - шілдеге | 1 – қаңтарға | 1 – шілдеге | 1 қаңтарға | |
Азық – түлік тауарлары | 7,2 | 7,4 | 6,1 | 6,0 | 5,7 |
Азық – түлікті емес туарлар | 21,0 | 21,0 | 24,2 | 21,6 | 19,8 |
Базистік және есептік жылдардағы орташа тауарлық қорларды есептеңіздер:
1. азық – түлік тауарлары бойынша
2. азық – түліктік емес туарлар бойынша
3. азық – түліктік және азық – түліктік емес тауарлар бойынша бірге.
№2. Қазақстан Республикасының бөлшек сауда айналымының тауар топтары бөліндісіндегі динамикасы туралы мәліметтер берілген:
Көрсеткіштер | 2007 жыл | 2008 жыл |
1. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі (қоғамдық тамақтандыруды қоспағанда, млрд.теңге) Сонымен қатар: Азық- түлік тауарлар, соның ішінде: тамақ өнімдері алкоголь ішімдіктері Азық – түлік емес тауарлар 2. Бөлшек тауар айналымының физикалық көлемінің индексі (пайызбен алдыңғы жылға) Сонымен қатар: Азық- түлік тауарлар, соның ішінде: тамақ өнімдері алкоголь ішімдіктері Азық – түлік емес тауарлар | 341,5 181,0 157,8 23,2 160,5 129,3 123,1 120,4 145,9 137,1 | 424,5 223,5 193,7 29,8 201,0 119,1 117,2 116,7 121,5 121,6 |
Келесі көрсеткіштерді есептеңіздер:
1. Әр жыл үшін бөлщек тауар айналымының құрылымдық қозғалысын;
2. Сонымен қатар азық- түлік және азық –түлік емес тауарлар үшін, жалпы бөлшек тауар айналымының индексін;
3. Сонымен қатар жалпы индекстердің байланысын қолдана отырып, тауар топтары бойынша барлық тауарларға баға индексін. Бөлшек тауар айналымының құрылым динамикасын графикалық түрде көрсетіңіздер. Экономикалық тұжырым жасаңыздар.
Сабақтың тақырыбы: Баға статистикасы
Сабақ мақсаты- баға ұғымы, өнімдерді бағалаумен қайта бағалаудың статистикалық әдістерін оқыту
Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар
Тапсырма 10
№1. Қазақстан Республикасында 2009 жылы тұтыну бағаларының өсім қарқындары бойынша азық- түлік тауарларының үлестірілуі туралы мәліметтер бар:
Бағаның өсу қарқыны бойынша азық-түлік тауарларының тобы (%) | Тауарлар топтарының саны, бірлік |
104,0 дейін 104,1-114,0 114,1-124,0 124,1-134,0 134,1-144,0 144,1 және жоғары барлығы |
Егер бағалар өсуінің әр түрлі қарқындарының айырмашылығы онша байқалмаса, онда баға өсу қарқынының ауытқуларын табыңыздар.
Осы мақсатпен есептеңіздер:
1. Өсудің орташа қарқынын (%);
2. Құрылымдық орташа: а) мода (%);
б) медиана (%);
3. Тұтыну бағаларының өсу қарқынының орташа сызықтық ауытқуларын (%);
4. Тұтыну бағаларының өсу қарқынының орташа квадраттық ауытқуын (%);
5. Вариациялық коэффициентін (%).
№2.Қазақстан Республикасында 2009 жылғы азық-түлік емес тауарлардың бағаларының өсу қарқындары бойынша бөлінуі туралы мәліметтер бар:
Бағаның өсу қарқыны бойынша азық-түлік емес тауарларының тобы (%) | Тауарлар топтарының саны, бірлік |
105,0 дейін 105,1-125,0 125,1-145,0 145,1 және жоғары Қорытынды |
Егер бағалар өсу қарқындарының әр түрлі айырмашылығы онша байқалмаса, онда баға өсу қарқынының ауытқуларын талдау керек.
Осы мақсатпен есептеңіздер:
1. Баға өсуінің орташа қарқынын (%);
2. Құрылымдық орташа: а) мода (%);
б) медиана (%);
3. Тұтыну бағаларының өсу қарқынының орташа сызықтық ауытқуларын (%);
4. Тұтыну бағаларының өсу қарқынының орташа квадраттық ауытқуын (%);
5. Вариациялық коэффициентін (%).
Тұтыну бағаларының өсу қарқыны бойынша тауар топтары бөліністерін графикалық түрде бейнелеңіздер. Экономикалық тұжырым жасаңыздар.