Дәріс 7. Ағындық өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау негіздері
1. Өндірісті ұйымдастыру әдістері: көпшілік, сериялық, жеке дара.
2. Өндірісті ұйымдастыру нысандары: мамандыру, бірлестіру, қиыстыру, шоғырландыру.
3. Өндірісті ұйымдастыру типтерінің және жоспарлау ерекшеліктері.
4. Өндірістік ағын
1.Әрбiр кәсiпорын жұмысының негiзiн өндiрiс процесi құрайды. Елiмiздiң экономикасын көтеруде оны интенсификациялау, әрине, маңызды роль ойнайды.Өндiрiс тиiмдiлiгiн жоғарлату, оны интенсификациялау арқылы мүмкiндiк бередi, яғни интенсификациялауға :
· жұмыс уақытының жоғалуының қысқарту;
· жұмыс уақытты тығыз пайдалану;
· еңбек өнiмдiлiгiн көтеру;
· жаңа техника мен технология енгiзу;
· өндiрiс процесiн рационалды ұйымдастыру және т.б.
Кез келген, өндiрiстік процесс дегенiмiз – технологиялық, табиғи процестердi және бiр-бiрiмен байланысты еңбек процестерiнiң бiрлiгi.
Еңбек процесi дегенiмiз, еңбек затын, оның формасын, көлемiн, физикалық жағдайын, орналасуының, сыртқы түрiн және тағы басқаларды өзгерту.
Өндiрiс процестерi бiрқатар белгiлермен анықталады:
1) өндiрiстегi белгiленген мақсатына байланысты – негiзгi және қосалқы;
Жұмысы негiзгi өндiрiс мұқтаждарын қамтамасыздандыруға бағытталған процестер – көмекші деп аталады. Олар негiзгi процестердiң үздiксiз, дұрыс өтуiн қамтамасыз етедi.
Көмекші процестер - өндiрiс құралдарын сақтау және жөндеу, сумен, энергиямен, материал-техникамен қамтамасыз ету.
2) Жұмысшының өндiрiс процесiне қатысу дәрежесiне байланысты:
· қол еңбегi процесi;
· машиналы-қолды;
· машиналық ӨП;
· автоматтандырылған ӨП;
· аппараттық ӨП.
3) ӨП мазмұны бойынша:
· механикалық;
· физико-химиялық;
2.Өндірісті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандары
Өндiрiстi ұйымдастыру, оны белгiлi бiр әдiстермен, нысандар арқылы жүргiзудi сипаттайды.
Өндiрiстi ұйымдастыруының негiзгi әдiстерiне:
· көпшiлiк /потокты/;
· сериялық /группалық/;
· жеке дара жүргiзу әдiстерi жатады.
Өндiрiстi ұйымдастырудың ағындық әдiсі бiрыңғай, бiркелкi өнiмдi көп көлемде үздiксiз шығарумен мiнезделедi.
Өндiрiстi ұйымдастырудың сериялы әдiсi өндiрiстiң өнiмнiң бiр түрiнен екiншi түрiне жеңiл ауысуын қамтамасыз ететiн өнiмдi сериялармен /кiшкене-кiшкене бөлiктермен/ шығарумен мiнезделедi. Потокты әдiспен ұйымдастырылған кәсiпорындардың жеке учаскiлерiнде қолдануға болады.
Өндiрiстi ұйымдастырудың жеке дара әдiсi өнiмнiң майда сериялармен және бөлек бiрлiктермен /жеке дара жоба бойынша/ шығарылуын мiнездейдi. Жеке дара өндiрiс жаңа, неғұрлым жетiлген өнiмдi шығаратын, тәжiрибелi өндiрiспен байланысты.
Өндiрiстi ұйымдастыру әдiстерiмен қатар оның нысандары да болады. Бұл:
· мамандандыру /специализация/;
· бiрлестiру /кооперация/;
· қиыстыру/комбинирлеу/;
· шоғырландыру /концентрация/.
Мамандандыру формасы кәсiпорын артынан өнiмнiң белгiлi бiр түрiн, номенклатурасын бекiту, яғни өнiмнiң белгiлi бiр түрiне мамандандыру.
Кәсiпорындардың мамандандырылуы олардың өндiрiстерiн бiрлестiру қажет етедi, яғни өнiмнiң белгiлi түрiн өндiру, шығару бағытында бiрлесе /бiрiгiп/ жұмыс iстеу.
Кәсiпорындардың мамандандырылуымен бiрлестiрiлуi өндiрiс iшiнде, яғни цех, учаскi, жұмыс орындарында еңбек бөлiнуiмен /мамандандырылуымен/ толықтырылады.
Өнеркәсiпте келесiдей мамандандыру түрлерi бар:
· технологиялық – дайын өнiмнiң жеке түрлерiн атқару;
· заттық - дайын өнiмнiң жеке түрлерiн шығару;
· бөлшектiк – жеке бөлшектердi дайындау;
Өндiрiс ұйымдастырудың негiзгi формаларының бiрi – қиыстыру.
Ұйымдастырудың тағы бiр формасы – шоғырландыру. Бұл ұйымдастырудың формасы өнiм өндiрiсiн неғурлым iрi кәсiпорындарында топтаумен мiнезделедi.
Шоғырландырудың артықшылығы:
· орнатылған қуаттын бiр өлшемiнiң азаюы;
· күрделi қаржылар үлесiнiң қысқаруы;
· құрал-жабдықты пайдаланудың жақсаруы;
· өндiрудiң технологиясын ұйымдастыруды жетiлдiру;
· материалдарды, шикiзатты және отынды тиiмдi пайдалануы;
· өндiрiстi басқаруға және оған қызмет етуге байланысты шығындар-дың қысқартылуы;
· ұжымның әлеуметтiк даму мәселелерiн табысты шешудiң мүмкiндiгi.