Аз қалдықты өндірістің тиімділігін анықтау әдістері
Ресурс үнемдеуші технологияны дамытудың басты міндетінің бірі-қалдығы аз және қалдықсыз өндірістің сандық критерийлерін зерттеу болып табылады.
Қалдықтарды өңдеу.Қалдығы аз және ресурс үнемдеуші технологиялар қоршаған ортаны сауқтыруға мүмкіндік жасайды. Бірақта, істеп тұрған кәсіпорындардың көпшілігі тез арада қалдығы аз өндіріс жүйесіне көшіріле салмайды. Олардағы істеп тұрған технологияның қалдықтары жоғары болып келеді. Сондықтан, олардан шығатын газ тәрізді, сұйық, қатты қалдықтарды ауаға жібермей ұстап, қайтадан өңдеп және оны пайдалану міндеттері қазіргі уақыттың өзекті мәселелерінің бірі.
Көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызылатыны белгілі. Ал оларды басқа өндіріс орындарында шикізат ретінде пайдаланылып, түрлі қажеттіліктерге жаратуға болады. Д.И. Менделеев: «Химияда қалдықтар жоқ тек пайдаланылмаған шикізат ғана бар»-деп атап өткен. Алдыңғы қатарлы технологияның басты мақсаты-пайдасыз заттектен пайда алу. Өндіріс қалдықтарын және оны тұтынуды қайталама шикізат материалының ресурсы ретінде және екінші рет пайдалануға болады. Қайталама шикізат материалдарын қолдану қоршаған ортаны өнеркәсіптік ластанудан азайтып және өндірістің тиімділігін арттыру-басты бағыттардың бірі болып табылады.
Қалдықтармен болатын жағдайлар экологиялық проблемалардың барынша күрделісі болып есептеледі. Негізгі технологиялық қиындықтар: қалдықтарды өңдеу кезіндегі энергия сыйымдылығының жоғарылығы және соңғы өнімнің қажетті тазалығын қамтамасыз етуге байланысты қоршаған ортаға зиянды әсерінің туындауы болып отыр.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің әлемдегі негізгі әдісі-төменгі температурада жағу. Жағудың осындай әдісі кезінде шығатын газдармен қоса көптеген бөлінбейтін зиянды қосындылар мен өзара баййланыстағы өнімдер шығарылады. Сондықтан, қалдықтарды жағатын зауыттар атмосфераны қосымша ластаушы ошақ көздері болып табылады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың бастапқы массасының 25 пайызы көмілуге жататын қалдықтар деп есептеледі.
Дамыған техниканың қазіргі деңгейі барлық қалдықты әзірге соншалықты пайдаға асыруға мүмкіндік бермейді, сондықтан уытты қалдықтарды көму үшін арнаулы полигондар құрылуда.
Табиғи және материалдық ресурстарды толық пайдаланбау жағымсыз салдарға әкеледі. Ол табиғат пен қоғамға келтірілген әлеуметтік-экономикалық зияннан көрінеді. Қоршаған ортаға түсетін әр түрлі қатты қалдықтар, лас ағын сулар мен газ тәрізді шығарындылар экологиялық нормативтерге шеңберінде болу керек.
Қалдықтарды өңдеудің халық шаруашылық экономикалық әсері халық шаруашылығында өнім өндіруге арналған бастапқы шикізаттар орнына қалдықтарды қолдану арқылы, сондай ақ олардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерінің шамасын қысқарту немесе алдын алу есебін алатын барлық өндірістік шығындардың жиынтық үнемін көрсетеді.
Қалдықтарды өңдеудің халық шаруашылық экономикалық әсерін анықтаудың негізгі әдістемелік тәсілі өндірістің интегралды шығындарын және бастапқы шикізат пен қалдықтан өндірілген өнімді салыстыру болып табылады.
Нақты өнім өндіруде қалдықтарды өңдеудің халық шаруашылық экономикалық әсері түрлі салаларда туындайтын, формула бойынша кейінгі анықтау мен жиынтықтың келесі үш әсерінің негізінде жүзеге асырылады:
Э=Э1+Э2+Э3
Э- нақты өнім өндіруде қалдықтарды өңдеудің халық шаруашылық экономикалық әсері;
Э1- түйіндес салалардың барлық шегі бойынша ұқсас өнім түрлерін өңдеуге және өндірістік тұтынуға оны дайындауда, табиғи шикізаттың пайдасына шығатын шығындармен салыстырғанда қалдықтардан өнім өңдеуге және өндірістік тұтынуға дайындауға кететін ең төмен шығын есебінен қалдықтардан өнім өндіруші-кәсіпорындарда туындайтын экономикалық әсер;
Э2- өнім қалдықтарынан жасалған тұтынушы алатын экономикалық әсер, төмендегі формула бойынша анықталады:
Э2= (З1-З2)W2
З1 мен З2- тұтынушы үшін бастапқы шикізаттан немесе қалдықтан өндірілген өнімнің W2 жылдық шығарылымындағы өнім бірлігіне шығындар.
Қоршаған ортаға қалдықтардың жағымсыз әсерінің шамасын қысқарту немесе алдын алу есебінен алынған Э3 экономикалық әсерді анықтайды:
Э3= (З1-З2) W+У0+У1+У2
У1 мен У2- бастапқы және қайталама ресурстардан өндірілген өнім шамалары кезінде қоршаған ортаға келтірілген экономикалық зияндар;
W- қайталама ресурстардан алынған өнімнің жылдық көлемі
У0- пайдаға асырылмаған жағдайда шығарынды қалдықтардың қоршаған ортаға келтірген экономикалық зияны.
Табиғи ресурстарды ұдайы өндіру шығындары үнемі артып отыр, және қоғамдық өндірістегі олардың үлесі де күрт өсуде. Сондықтан, ресурстарды ұдайы өндіруге кеткен шығынды үнемдеу ісі, қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті құрған кезде маңызды болады. Жекеленген кен орындарында барлау жұмыстарының шығындары қомақты қаржымен есептеледі. Соңғы он жылда 1 т мұнайдың қорына шыққан шығынның өсімі 2 есеге артқан. Бұл барланған артық қортыдң тереңде жатуын білдіреді.
Тау-кен саласында капитал сыйымдылығының өндірістегі өсімі артуда. Мыс: өнеркәсіпте -25%, отында-75% құрайды. Мұнай шығаруда табыстылық 2,5 есеге, газ өндіруде 3,6 есге азайып, көмір өндіру ісі шығынды салаға айналып отыр.
Бұл тенденциялардың басты себебі, кен-геологиялық ахуалдың нашарлауы, алынатын кеннің тереңде жатуы мен кен өндіру өнеркәсібінің нашар игерілген алыс аудандарға қоныс аударуына байланысты.
Табиғатты қорғау шараларының шығындары маңызды қымбат фактор болып отыр. Табиғатты пайдалану саласындағы табиғатты қорғау шығындарының үлес салмағы барлық күрделі қаржы шығынжарының 10-50% дейін, ал пайдалану шығындары 10-20% дейін өнім шығару бойынша ағымдық шығынды құрайды. Тасымалдау шығындары да қымбаттау факторына қатысты. Мыс: шикізат ресурстарын тасымалдау (руда, көмір, мұнай, газ) барынша қымбат.
Қалдықтарды қаладан алыстау жерге апару мен оны ұстап тұру шығын үлесінің шамасы оны жинақтап үю технологиясын қолдануға көбірек тәуелді болады. Мыс: үйіндінің орналасқан жері, физика-химиялық құрамы, қалдықтарды құрушы өндірістің қуаттылығына байланысты. Қалдықтарды тасымалдау мен оларды сақтап, пайдалы қазба деңгейіне жетекізіп, шикізатты байыту мен руданы дайындау шығыны 30-40 пайызға дейін жетеді. Көмір өнеркәсібіндегі үйіндінің тең жартысына жуығы жануға ұшырап, 5-10 шақырым радиуста қоршаған ортаның ластануына әкеледі. Үйінді шаруашылығын құру қажеттілігі бірталай жер көлемін өз қарауына алуға мәжбүрлейді. Ал, бұл жағдай ауыл шаруашылығына зиян келтіреді. Жалпы өнеркәсіп саласында қоқыстарды үю экономикалық жағынан тиімді емес тәсіл. Оларды сол жерде өңдеп, пайдаға асыру мен қалдықтардан қосымша жер қойнындағы бар өнімдерді алу әлдеқайда арзан. Мұндай тәсіл қосымша жаңадан қуатты қазба кен орындарын ашудың қажеттілігін біршама азайтады.