Егер де бақылау нысаны баяндама түрінде берілсе онда төмендегі әдістемелік нұсқауға жүгініңіз.
Баяндама түріндегі бақылау нысаны студенттің қарастырылып отырған тақырып шеңберінде өзекті деп есептеген тақырыптың маңыздылығын, мәнін, оның теориялық және тәжірибелік қажеттілігін негіздеп, қарастырып отырған тақырыбы шегінде мәселелерді ғылыми, тәжірибелік деңгейде көтеріп қарастырған авторлардың пікірлеріне сүйеніп, сын көзқараспен талдау жасап, өз ұсыныстарын беруі қажет.
Әдетте баяндаманың құрылымы автордың жеке сөйлеу мәдениетімен, стилімен ерекшеленеді . Баяндаманың көлемі әдетте 5-7 минуттық уақытқа сәйкес дайындалады немесе баяндама оқылатын іс-шарадағы регламенттің көлеміне ыңғайланып дайындалады.
Баяндамада рефераттағыдай қатаң құрылымдық тәртіп жоқ, ол баяндама жасаушының жеке, индивидуалдық ерекшеліктерге ие болады.
5. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы » пәнінен курстық жұмыс жазу үшін әдістемелік нұсқаулар.
Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы пәнінің оқу материалдарын игеруде маңызды шарт болып, студенттердің ұсынылған әдебиеттермен – оқулықтар, ғылыми мақалалар, монографиялар, нормативті материалдармен өзіндік дайындалғаны болады. Студент үшін оқу және ғылыми материалдармен кәсіби терминологиямен, нормативтік құқықтық актілермен өзіндік істеу дағдыларын игеруде жазбаша курстық жұмыстар үлкен рольге ие.
1 курс студенттері жаз және қыстық емтихандық сессия басталғанға дейін, деканатқа тапсырылатын курстық жұмыс жазады.
Берілген жұмысты орындауға кіріспес бұрын курс бағдарламасымен мұқият танысып, мемлекет және құқық теориясының берілген проблематикасының негізгі түсініктерін меңгеріп, ұсынылған әдебиетті және нормативті материалдарды оқу керек. Курстық жұмыста материалды жазу барысында қолдану үшін, жоспардың әр мәселесіне арналған үзінділер істеген дұрыс болады. Сонымен қатар жазылып жатқан жұмыстың негізгі тұжырымдарын бекіте түсу үшін ҚР-ның және де әлемдегі мемлекеттердің мемлекеттік-құқықтық тәжірибесінен мысалдарды жинап, сараптау керек. Қайнар көз ретінде монографиялық зерттеулер, ғылыми мақалалар, құқық қорғау және басқа да органдардың басылып жатқан тәжірибелерін қолдануға болады.Студент өз жұмысында теорияның өмірмен байланысын және онда тапқан көріністерін көрсету керек.
Мынадай маңызды журналдарды атап кету керек «мемлекет және құқық», «заң және заман», «саясат» және т.б. Курстық жұмыс аталған тақырып бойынша әдебиетті жақсы меңгеріп, материалдың тереңдетілген түрде көрініс тауып, даулы мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастарды дұрыс сараптай білу қабілетін көрсету қажет. Мемлекет және құқық теориясы пәнінен курстық жұмыс жазу үшін мұндай әдістің қолданылуы өзіндік ойлау үрдісін, өз көзқарасын ұсынуды және материалды сараптау қабілетін шыңдай түседі. Жоғарыда айтылғаннан оқулықтан, монографиядан, мақаладан көшіруге болмайтындығы анық болды.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұнына талаптар.
Курстық жұмыс мыналардан тұру қажет:
1.Беттердің саны көрсетілген жұмыс жоспарынан.(2 қосымша)
2.Кіріспе, онда жұмыстың өзектілігі, жұмыс құрылымы, әдістері көрселеді.
3.Негізгі бөлім, онда зерттеудің теориялық алғышарттары, ғылыми әдебиетке қысқаша шолу, терминдар, зерттеліп жатқан мәселенің жағдайы, оған деген көзқарастар көрсетіледі.
4.Жұмыста қолданылатын материалдар жалпыланатын қорытындылар, жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы көрсетіледі. Жұмыста айтылғандар бойынша қорытындылар қысқа және нақты болу керек.
5.Қолданған әдебиет тізімі. (3-4 қосымша) Онда барлық әдебиет емес, аталған мәселе бойынша студенттің тек қолданған әдебиеті болу қажет.
6.Әдебиет тізімі алфавиттік тәртіппен құрылады(автор фамилиясы). Тізімде автордың аты, жөні, тегі, жұмыстың аты, жарық көрген жылы, жері, егер кітап көптомды болса, пайдаланған том ғана көрсетіледі. Курстық жұмыста міндетті түрде беттің соңында сілтемелер болуы тиіс(5 қосымша).
7.Жұмысқа теориялық материалды қолдануда мәліметтер келтірілетін қосымшалар, графикалық немесе басқа иллюстрациялық материалдар болуы мүмкін.
Курстық жұмыстың көлемі мен рәсімдеу үшін талаптар.
Жұмыс қолжазба немесе баспа түрінде жазылуы мүмкін. Тексерушінің мүмкін болатын ескертулеріне арналған орын қалдырылу керек. Барлық цитаталар мұқият тексерілу керек. Студент курстық жұмыстың орындалу күнін қойып, қолын қою қажет.
Курстық жұмыс көлемі қарапайым оқушы дәптердің 30 бетінен кем емес немесе 210*300 мм (А4 формат), 20-25 бет болу керек. Сонымен қатар келесі талаптар сақталу керек: 1) беттің мәтіннен бос жері: үстінен 20мм, астынан 25 мм, сол жағынан 20-30мм, оң жағынан 10мм. 2) мәтін 1,5 жиілікте басылады. Бірінші бетте университеттің, факультеттің, кафедраның, жұмыс тақырыбының атауы көрсетіліп, студенттің аты, жөні, тегі, курсы, тобы, оқу нысаны, курстық жұмыс жазылу жылы көрсетіледі. Беттің саны кіріспеден – 3 бет болып басталады.
Жұмыстың мазмұны бірыңғай мәтінде болмау керек. Онда жұмыстың жазылу барысында қисыны көрініс табатын бөлімдерден, тараулардан, параграфтан құрылу керек.
1 қосымша
Курстық жұмыстың бірінші бетінің үлгісі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Ұлттық құқық жоғары мектебі
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Хаммурапи заңы»
Пәні: «Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы»
Орындаған:
_____ курс студенті
________тобы
Ғылыми жетекшісі:
оқытушы Омаров С.Д.
Курстық жұмысты тапсыру уақыты:
қорғау күні:
бағасы:
Астана 2013ж.
2 қосымша
Курстық жұмыс жоспарының үлгісі
Жоспар
Кіріспе 3 бет
1 тарау бет
1.1. бет
1.2. бет
1.3. бет
2тарау бет
2.1. бет
2.2. бет
2.3. бет
3 тарау бет
3.1. бет
3.2. бет
3.3. бет
Қорытынды бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі бет
Қосымша бет
қосымша
Нормативті актілер тізімінің үлгісі
1. Библиографияда акттің толық аты, қабылданған күні, саны және ресми қайнар көзі, мысалы:
- Қазақстан Республикасының 18.12.00., №129-11, «ҚР әлеуметтік әріптестік жайлы» заңы (Қазақстан Республикасының Парламентінің ведомості, №22, 409б.2000ж.)
2. Нормативтік актілер келесі иерархия бойынша орналасады:
- ҚР Конституциясы
- ҚР заңы
- ҚР Президентінің Өкімі
- ҚР Үкіметінің актілері
- Басқа да мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімдері
- т.б.
4 қосымша
Пайдаланған әдебиеттер тізімінің үлгісі
1. Пайдаланған әдебиеттер тізімінде тек студенттің курстық жұмыста сілтеме жасаған әдебиет ғана көрсетіледі.
2. Ғылыми жұмыстар, кітаптар, мақалалар, рецензиялар және т.б. әдебиет тізімінде алфавиттік тәртіппен орналасады.
5 қосымша
Әдебиеттерге және нормативті актлерге сілтеме істеу үлгісі
1.Курстық жұмыс мәтінінде сілтемелер сол беттің астында істеледі.
2.Сілтемеде алдымен автордың фамилиясы, кейін аты, жөні жазылады.
3.Ғылыми жұмысты бірінші рет қолданған кезде сілтемеде ол туралы барлық мәліметтер беріледі(автордың аты, жәні-тегі, басылымның жері, аты, баспасы, жылы, беті) мысалы, Зиманов С. З. «Конституция и Парламент РК» «Жеті-жарғы», 1996 15б. Келесі сілтемеде осы қайнар көзді көрсеткенде тек, Зиманов С.З. Көрсетілген шығарма ---беті, жеткілікті болады.
4.Журнал мақаласын пайдалану кезінде, сілтемеде автордың аты-жөні, тегі, мақала, журнал атауы, жылы, саны, беті көрсетілу керек(мәтін орналасқан беті).
5.Газает мақаласын қолдану кезінде сілтемеде автордың аты-жөні, тегі, мақала, газет атауы, жылы,күні және айы көрсетілу керек.
6.Актті көрсету кезінде (ҚР Конституциясынан басқа) мәтінде немесе сілтемеде оның атауы, кім және қашан қабылдағанын көрсету керек; сілтемеде міндетті түрде кайнар көзі көрсетілу керек. Мысалы: ҚР 1998ж. 22 сәуірде «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер жайлы» заңына сәйкес.
Құрастырушы:
Мемлекет және құқық теориясы
мен тарихы кафедрасының оқытушысы А.К. Спанов
БЕКІТЕМІН______________ __________________________
з.ғ.к., доцент
Наурызбай А.Ж.
мемлекет және құқық
теориясы кафедрасының меңгерушісі
6. 2013-2014 оқу жылының «Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы» пәні бойынша курстық жұмыстар тақырыптары.
1. Хаммурапи патшаның судебнигі бойынша құқықтық қатынастарды реттеу.
2. Ежелгі Үндістанның діни-құқықтық қайнар көздері. Ману заңдары.
3. Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болуы және қоғамдық-саяси құрылысы.
4. Ежелгі Вавилон мемлекетінің пайда болуы және қоғамдық-саяси құрылысы.
5. Ежелгі Афиннің пайда болуы және қоғамдық-саяси құрылысы.
6. XII таблица заңдары.
7. Гай институттары.
8. Ежелгі Римнің қоғамдық-саяси құрылысы.
9. Салий шындығы.
10. 1215 жылғы еркіндіктің Ұлы хартиясы.
11. 1532 жылғы жалпы германдық қылмыстық судебнигі.
12. Франциядағы феодалдық мемлекетің пайда болуы және дамуы.
13. Болгариядағы феодалдық мемлекетің пайда болуы және дамуы.
14. Сербиядағы феодалдық мемлекетің пайда болуы және дамуы.
15. Польшадағы феодалдық мемлекетің пайда болуы және дамуы.
16. Чехиядағы феодалдық мемлекетің пайда болуы және дамуы.
17. Орыс шындығы ерте орта ғасырдағы құқықтық ескерткіші.
18. Жапониядағы феодалдық мемлекеттердің дамуының ерекшеліктері.
19. Араб халифатының пайда болуы және дамуы.
20. Шариат бойынша құқықтық қатынастарды реттеудің ерекшеліктері.
21. Император Николай I мемлекеттік-құқықтық реформалары.
22. XVII-XVIII ғғ. Ағылшын буржуазиялық мемлекетінің қалыптасуы.
23. АҚШ тәуелсіз буржуазиялық мемлекетінің қалыптасуы.
24. XVIII-XIX ғғ. Франция буржуазиялық мемлекетінің құрылуы және дамуы.
25. 1891 ж. Герман империясының Конституциясы.
26. 1804 ж. Францияның азаматтық кодексі (Напалеон кодексі).
27. 1810 ж. Францияның қылмыстық кодексі.
28. 1900 ж. Германияның азаматтық жинағы.
29. 1919 ж. Веймарлық республика және конституция.
30. Жапон буржазиялық мемлекетінің қалыптасуы және дамуы.
31. 1917 жылғы ақпаннан қазанға дейінгі кезеңдегі Ресейдің мемлекеттік құрылысы.
32. XX ғасырдағы АҚШ-тағы мемлекет пен құқықтың дамуы.
33. XX ғасырдағы Франциядағы мемлекет пен құқықтың дамуы.
34. КСРО-тың пайда болуы және таралуы.
35. 1933-34 жж. Фашистік Германияның негізгі заңдары.
36. Германиядағы фашистік диктатураның орнауы. Фашист диктатурасының қирауы.
37. Франциядағы 1946 және 1958 жылдардағы IV-V республикалар конституциясы.
38. XX ғасырдағы Ұлыбританиядағы мемлекет пен құқықтың дамуы.
39. XX ғасырдағы ГФР мемлекеті мен құқығының дамуы.
40. XX ғасырдағы Жапониядағы мемлекет пен құқықтың дамуы.
41. XX ғасырдағы Қытайдағы мемлекет пен құқықтың пайда болуы.
42. (Ұлы депрессия) және оның Еуропа және АҚШ елдерінің мемлекеттік-құқықтық дамуына ықпалы.
43. Ф.Д.Рузвельттің «Жаңа курсы».
44. 1944-90 жылдардағы Шығыс Еуропа елдерінің мемлекет және құқық тарихы.
45. NATO-ның құрылу тарихы. NATO-ның қалыптасуының мемлекеттік-құқықтық салдары.
46. ВШҰ (Варшав Шарты Ұйымы) құрылу тарихы. ВШҰ-ның құрылуының мемлекеттік-құқықтық салдары.
47. Кореяның бөлінуінің тарихы. Кореяның бөлінуінің мемлекеттік-құқықтық салдары.
48. БҰҰ-ның құрылуы және қызмет ету тарихы. БҰҰ-ның XX-XXI ғасырлардағымемлекет пен құқықтың даму үрдісіне ықпалы.
49. ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) құрылу тарихы.
50. Еуропалық ұлт үстіндегі ұйым (ЕО, ПАСЕ).
51. ТМД, ШЫҰ, ҰҚҰШ, Кедендік одақтың құрылуы және даму перспективалары.
52. XX ғасырдағы (АҚШ, Англия, Жапония, ФГР) азаматтық және сауда құқығындағы негізгі ережелерге өзгерістер.
53. 1990 жылдағы Германияның бірігуі және оның конституциялық бекітілуі.
Хаттама №1 __.08.2013 ж.
БЕКІТЕМІН______________ __________________________
з.ғ.к., доцент
Наурызбай А.Ж.
мемлекет және құқық
теориясы кафедрасының меңгерушісі
7. 2013-2014 оқу жылының «Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы» пәні бойынша диплом жұмысы тақырыптары
1. Ежелгі Үндістанның діни-құқықтық қайнар көздері. Ману заңдары.
2. Ежелгі Үндістандағы меншік теориясы.
3. Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болуы және дамуы. Қоғамдық-саяси құрылысы.
4. Ежелгі Вавилон мемлекетінің пайда болуы және қоғамдық-саяси құрылысы.
5. Ежелгі Афиннің пайда болуы және қоғамдық-саяси құрылысы.
6. Ежелгі Спартадағы саяси билікті орнату және дамыту ерекшеліктері.
7. Ежелгі Римнің пайда болуы және қоғамдық-саяси құрылысының дамуы.
8. Ежелгі Римнің заңнамасы мен заңтануы.
9. Салий шындығы - ерте орта ғасыр құқықтық ескерткіш.
10. 1215 жылғы еркіндіктің Ұлы хартиясы. Ұлыбританияның конституциялық актісі.
11. Герман құқығының эволюциясы, пандектті құқықтың пайда болуы мен ерекшеліктері.
12. Франциядағы феодалдық мемлекетің пайда болуы және дамуы.
13. Жапониядағы феодалдық мемлекеттердің дамуының ерекшеліктері.
14. Араб халифатының пайда болуы және дамуы.
15. Шариат бойынша құқықтық қатынастарды реттеудің ерекшеліктері.
16. XVII-XVIII ғғ. Ағылшын буржуазиялық мемлекетінің қалыптасуы.
17. АҚШ тәуелсіз буржуазиялық мемлекетінің қалыптасуы.
18. XVIII-XIX ғғ. Франция буржуазиялық мемлекетінің құрылуы және дамуы.
19. Федерализм: XVIII-XIX ғғ. доктрина және практика.
20. 1891 ж. Герман империясының Конституциясы.
21. 1804 ж. Францияның азаматтық кодексі (Напалеон кодексі).
22. 1810 ж. Францияның қылмыстық кодексі.
23. 1900 ж. Германияның азаматтық жинағы.
24. 1919 ж. Веймарлық республика және конституция.
25. Жапон буржазиялық мемлекетінің қалыптасуы және дамуы.
26. 1917 жылғы ақпаннан қазанға дейінгі кезеңдегі Ресейдің мемлекеттік құрылысы.
27. XX ғасырдағы АҚШ-тағы мемлекет пен құқықтың дамуы.
28. XX ғасырдағы Франциядағы мемлекет пен құқықтың дамуы.
29. 1933-34 жж. Фашистік Германияның негізгі заңдары.
30. Франциядағы 1946 және 1958 жылдардағы IV-V республикалар конституциясы. Олардың постсоциалистік республикалар мен постколониалды елдердің негізгі заңдарын дайындауға ықпалы.
31. XX ғасырдағы Ұлыбританиядағы мемлекет пен құқықтың дамуы, оның Британ Достастығы елдерінің мемлекті мен құқығына ықпалы.
32. Ұлыбританияның тергеу органдары және сот жүйелерінің құрылуы мен дамуы.
33. Британ Достастығының қалыптасуы және дамуы.
34. XX ғасырдағы ГФР мемлекеті мен құқығының дамуы.
35. Жапон буржуазиялық мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы.
36. XX ғасырдағы Қытайдағы мемлекет пен құқықтың пайда болуы.
37. 1944-90 жылдардағы Шығыс Еуропа елдерінің мемлекет және құқық тарихы.
38. XX ғасырдағы (АҚШ, Англия, Жапония, ФГР) азаматтық және сауда құқығындағы негізгі ережелерге өзгерістер.
39. АҚШ саяси институттардың құрылуы мен дамуы.
40. 1990 жылдағы Германияның бірігуі және оның конституциялық бекітілуі.
41. Еуропалық одақтың құрылуы мен даму тарихы.
42. БҰҰ-ның қалыптасуы және даму тарихы және оның бағдарламасының қазіргі кездегі мемлекеттердің дамуына ықпалы.
43. Халықаралық арбитраж: тарихи-құқықтық аспектілер.
44. Араб Шығысы елдеріндегі монархиялық институттардың құрылуы мен дамуы.
45. Исламның әлемдік тәртіп тұжырымдамасы және оның құқыққа әсері.
46. Ирандық неке-отбасылық және мұрагерлік құқығы.
47. Буржуазиялық отбасы құқығындағы неке және ажырасу.
48. Еуропалық қоғамдастық соттарының пайда болуы және дамуы.
49. АҚШ-ғы трестке қарсы заңнаманың дамуы және оның басқа елдердің монополияға қарсы заңнаманың дамуына ықпалы.
50. АҚШ-ғы азаматтық құқықтар мен бостандықтар: сот доктринасы мен практикасы.
Хаттама №1 __.08.2013 ж.
8. Білім алушылардың білімдерін бақылау және бағалау материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар, тақырыптар бойынша тест тапсырмалары)
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазбаша бақылау тапсырмалары:
1. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихының пәні, әдіс-тәсілдері және кезеңдері.
2. Ежелгі Египет мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
3. Ежелгі Вавилон мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
4. Ежелгі Хаммурапи заңдар жинағы.
5. Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
6. Ежелгі Үндістан мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
7. Ежелгі Ману заңдар жинағы.
8. Ежелгі Афина мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
9. Клисфен және Салон реформалары.
10. Ежелгі Спарта мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
11. Ежелгі Рим мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
12. Серви Тулли реформасы.
13. Рим құқығының қайнар көздері. XII кесте заңы.
14. Орта ғасырдағы Франк мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
15. Орта ғасырдағы Византия мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
16. Орта ғасырдағы Германия мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
17. 1356ж. Алтын Булла.
18. Каролина қылмыстық құқығы.
19. Орта ғасырдағы Франция мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
20. Орта ғасырдағы Англия мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
21. Жалпы құқық жүйесінің ерекшелігі.
22. Романо-германдық құқық жүйесі.
23. 1215 жылғы Ұлы Хартия еркіндігі.
24. Орта ғасырдағы Араб Халифатының мемлекетінің құрылысы.
25. Мұсылман құқығының қайнар көздері.
26. Орта ғасырдағы Жапония мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
27. АҚШ-тағы тәуелсіздік үшін күрес.
28. 1787 жылғы АҚШ Конституциясы.
29. Оливер Кромвелдің протектораты және ағылшын буржуазиялық революциясы.
30. Жаңа дәуірдегі Франция мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
31. 1789-1794 ж.ж. Француздық революция.
32. Жаңа дәуірдегі Германия мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
33. Жаңа дәуірдегі Англия мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
34. XIX ғасырда Англиядағы сайлау реформасы.
35. Қазіргі замандағы АҚШ мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
36. Франклин Рузвельттің жаңа курсы.
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихының пәні, әдіс-тәсілдері және кезеңдері.
2. Ежелгі Египет мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
3. Ежелгі Вавилон мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
4. Ежелгі Хаммурапи заңдар жинағы.
5. Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылысы.
6. Ежелгі Қытай мемлекетінің құқығы.
7. Ежелгі Үндістан мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
8. Ежелгі Ману заңдар жинағы.
9. Ежелгі Афина мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
10. Клисфен және Салон реформалары.
11. Ежелгі Спарта мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
12. Ежелгі Рим мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
13. Гай институциясы және Юстиниан кодексі.
14. Серви Тулли реформасы.
15. Рим құқығының қайнар көздері. XII кесте заңы.
16. Орта ғасырдағы Франк мемлекетінің құрылысы.
17. Орта ғасырдағы Франк мемлекетінің құқығы.
18. Орта ғасырдағы Византия мемлекетінің құрылысы.
19. Орта ғасырдағы Византия мемлекетінің құқығы.
20. Орта ғасырдағы Германия мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
21. 1356ж. Алтын Булла.
22. Каролина қылмыстық құқығы.
23. Орта ғасырдағы Франция мемлекетінің құрылысы.
24. Орта ғасырдағы Франция мемлекетінің құқығы.
25. Орта ғасырдағы Франциядағы Бовези-Кутюмдері.
26. Орта ғасырдағы Англия мемлекетінің құрылысы.
27. Жалпы құқық жүйесінің ерекшелігі.
28. Романо-германдық құқық жүйесі.
29. 1215 жылғы Ұлы Хартия еркіндігі.
30. Орта ғасырдағы Араб Халифатының мемлекетінің құрылысы.
31. Мұсылман құқығының қайнар көздері.
32. Орта ғасырдағы Жапония мемлекетінің құрылысы.
33. Орта ғасырдағы Жапония мемлекетінің құқығы.
34. Сёток Конституциясы мен Тайхорё заңдар жинағы
35. АҚШ-тағы тәуелсіздік үшін күрес.
36. 1787 жылғы АҚШ Конституциясы.
37. Оливер Кромвелдің протектораты.
38. Ағылшын буржуазиялық революциясы.
39. 1689 жылғы құқық туралы Билль.
40. Жаңа дәуірдегі Франция мемлекетінің құрылысы мен құқығы.
41. 1789-1794 ж.ж. Француздық революция.
42. Франциядағы 1804 жылғы азаматтық кодексі.
43. Жаңа дәуірдегі Германия мемлекетінің құрылысы.
44. Жаңа дәуірдегі Германия мемлекетінің құқығы.
45. 1871 жылғы Германиядағы Конституция бойынша мемлекеттік құрылыс.
46. Жаңа дәуірдегі Англия мемлекетінің құрылысы.
47. Жаңа дәуірдегі Англия мемлекетінің құқығы.
48. XIX ғасырда Англиядағы сайлау реформасы.
49. Қазіргі замандағы АҚШ мемлекетінің құрылысы.
50. Қазіргі замандағы АҚШ мемлекетінің құқығы.
51. Франклин Рузвельттің жаңа курсы.
52. Қазіргі замандағы Ұлыбритания мемлекетінің құрылысы.
53. Қазіргі замандағы Ұлыбритания мемлекетінің құқығы.
54. Қазіргі замандағы Франция мемлекетінің құрылысы.
55. Қазіргі замандағы Франция мемлекетінің құқығы.
56. XX ғасырдың соңындағы Франциядағы сот жүйесі.
57. Веймар республикасындағы 1919 ж. Конституциясы блйынша мемлекеттік құрылыс.
58. Германиядағы фашистік диктатурасының механизмі.
59. Қазіргі замандағы Жапония мемлекетінің құрылысы.
60. Қазіргі замандағы Жапония мемлекетінің құқығы.
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша тақырыптар бойынша тест тапсырмалары:
<question> Талион қағидасы нені білдіреді
<variant> Ежелгі Вавилондағы қанға-қан, жанға-жан қағидасы
<variant> Египеттегі құлдар құқығы
<variant> Римдегі саудагерлердің сату қағидасы
<variant> Қытайдағы әскери қағидасы
<variant> Ману заңдары бойынша отбасы қағидасы
<question> Рабианум деген не
<variant> Ежелгі вавилондағы қауым кеңесінің басшысы (староста)
<variant> Египеттегі қауым кеңесі
<variant> Грекиядағы салық жүйесі
<variant> Римдегі патша кеңесшісі
<variant> Хаммурапи заңдарындағы қылмыс түрі
<question> Ежелгі Үндістандағы құқық қайнар көздері
<variant> Құқықтық әдет-ғұрып, патша заңдары, ведалар, сот тәжірибесі, жазылған діни құқықтық жинақтар
<variant> Сот прецеденті, патша жарлықтары, діни құқықтық жинақтар
<variant> әдет- ғұрып, діни нанымдар, заң жинақтары
<variant> Моно–нормалар, салт–дәстүрлер, ережелер
<variant> Патша заңдары, жазылған діни құқықтық жинақтар
<question> Хаммурапи деген кім
<variant> Ежелгі Вавилон мемлекетінің патшасы
<variant> Ұсақ саудагерлер
<variant> Қытайдағы қаржы бөлімінің басшысы
<variant> Египеттегі ном басшылары
<variant> Вавилондағы әскери кеңесші
<question> Ван деген нені білдіреді
<variant> Ежелгі Қытайдағы патша титулы
<variant> Римдегі сенат басшысы
<variant> Египеттегі сот органдары
<variant> Афинадағы гвардия басшысы
<variant> Қытайдағы конселярияның жүргізушысы
<question> Син қандай қылмыс жасаған үшін қолданылатын жаза түрі
<variant> Ежелгі Қытайдағы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылатын жаза түрі
<variant> Мемлекет құпиясын жариялағаны үшін қолданылатын жаза түрі
<variant> Сауда тәртібін бұзғаны үшін қолданылатын жаза түрі
<variant> Құлақ кесу, мұрын кесу жаза түрі
<variant> Баскесу, шаш кесу
<question> Ежелгі Қытай мемлекетінің кезеңдері
<variant> Шань, Чжоу, Цинь, Хань
<variant> Жоғарғы, төменгі
<variant> Чжоу, Хань,Син
<variant> Шань, Ли, Хань
<variant> Шығыс, батыс
<question> Ежелгі Қытайдағы сот процесіндегі дәлелдемелер
<variant> Куәгерлердің жауаптары, қылмыс болған жерден табылған айғақ заттар, қинау жолымен алынған дәлелдемелер, ант
<variant> Ант беру, куәгерлердің жауаптары
<variant> қинау жолымен алынған дәлелдемелер, халықтан сұрау арқылы алынған дәлелдемелер
<variant> Ұрып соғу, қорқыту арқылы алынған дәлелдемелер
<variant> қылмыс болған жерден табылған айғақ заттар
<question> Ежелгі Үндістанның қоғамдық құрылыстағы халық бөлінісі
<variant> Варна және варнаға кірмейтін тұлғалар
<variant> Құлдар және ерікті адамдар
<variant> Үстем тап өкілдері және тәуелді адамдар
<variant> Шудралар және брахмандар
<variant> Кшатрилар және вайшилер
<question> Ареопаг деген не
<variant> Афинадағы мемлекет және сот билігінің жоғарғы органы
<variant> Қытай мемлекетінің жоғарғы сот органы
<variant> Үндістандағы варна өкілі
<variant> Грекия мемлекетінің атқарушы органы
<variant> Римдегі сот билігі
<question> Архонт деген не
<variant> Ерте Грек полисындағы жоғарғы лауазымды тұлғалар
<variant> Ману заңдарындағы міңдеткерлік құқығы
<variant> Египеттегі лауазымды тұлғалар
<variant> Спартадағы әскери қызметкерлер
<variant> Үндістандағы жиналыс
<question> Базилевс деген нені білдіреді
<variant> Ежелгі Гректердің тайпа көсемі, әскер басшысы, жоғарғы судьясы және абызы
<variant> Римдегі жоғарғы судья
<variant> Египеттегі перғауын кеңесшісі және абызы
<variant> Үндістандағы тайпа көсемі
<variant> Спартадағы әскери реформа жүргізуші
<question> Гелиэя деген нені білдіреді
<variant> Афина мемлекетіндегі заң шығарушы, жоғарғы сот органы және басқару органы
<variant> Спартадағы заң шығарушы орган
<variant> Қытай мемлекетіндегі басқару аппараты
<variant> Египеттегі атқарушы орган, сот және салық жүйесі
<variant> Рим мемлекетіндегі лауазымды тұлға
<question> Драконт заңы қай елдікі және нені білдіреді
<variant> Афинадағы құқықтық әдет-ғұрыптар жинағы
<variant> Египеттегі абыздар заңы
<variant> Спартадағы әскери тәртіп ережесі
<variant> Үндістандағы брахмандардың діни жинағы
<variant> Қытайдағы Конфуций ілімі
<question> Солон деген нені білдіреді
<variant> Афинадағы саяси қайраткер, архонт, бірқатар реформа жүргізуші
<variant> Спартадағы жоғарғы сот жүйесі
<variant> Қытайдағы саяси қызметкер, лауазымды тұлға
<variant> Египеттегі пирамида салушылар
<variant> Римдегі шетел істерін басқарушылар
<question> Эвпатридтер деген не
<variant> Ежелгі Афинадағы рулық тайпасының ақсүйектері
<variant> Ежелгі Римдегі салық жинаушылар
<variant> Ежелгі Египеттегі номарх өкілдері
<variant> Үндістандағы діни қызметкерлер
<variant> Қытайдағы рулық тайпаның ақсүйектері
<question> Ежелгі Египетте алғашқы мемлекеттік құрылымдар шамамен қай уақытта пайда болды
<variant> б.э.д.30ғ
<variant> б.э.д.40ғ
<variant> б.э.д.20ғ
<variant> б.э.д.15ғ
<variant> б.э.д.10ғ
<question> Ежелгі Шығыстағы қала мемлекеттерде бастапқыда діни билік басым болды. Себебі неде
<variant> егіншілікпен айналысушы халық табиғи ортаға тәуелді болғандықтан табиғи күштерге табынатын болды
<variant> соғыс аз болғандықтан әскерилердің ролі төмен болды
<variant> мүліктік теңсіздік пайда болған жоқ
<variant> ақсүйектер әлсіздік болды
<variant> қоғамдағы әлеуметтік жіктелес тереңдей қойған жоқ
<question> Ежелгі Египетте бастапқыда қанша ном болды
<variant> 40
<variant> 20
<variant> 30
<variant> 50
<variant> 60
<question> Ежелгі Египеттегі номдар бастапқыда неше мемлекетке бірікті
<variant> 2
<variant> 10
<variant> 5
<variant> 8
<variant> 15
<question> Египетте бір орталыққа бағынған мемлекеттің негізін қалаған кім
<variant> Нармер/Скорпион
<variant> Тутмос
<variant> Эхнатон
<variant> Амонхотеп
<variant> Томирис
<question> Ежелгі Египеттегі перғауынның шексіз билігінің орнауына қандай жағдайлар әсер етті
<variant> қоғамдық істер, діни билік, тұрақты әскер
<variant> патшаның жеке басының қасиеті
<variant> ақсүйектердің қолдануы
<variant> құл иеленушілік
<variant> дінбасы болғандықтан
<question> Ежелгі Египеттегі алып құрылыстардың салынуына қандай жағдайлар әсер етті
<variant> егіншіліктен түскен мол өнім, мемлекеттік және діни басқарудың күштілігі
<variant> құлдардың санының көптігі
<variant> сауда қатынастарының күштілігі
<variant> дінбасылар дінді күшейтуге ұмытылғандықтан
<variant> сауда қатынастарының күштілігі
<question> Египеттегі сот ісін кім жүргізді
<variant> уәзірлер
<variant> патша
<variant> абыздар
<variant> әкімдер
<variant> саудагерлер
<question> Египеттегі сот ісі ақысыз болды және онда қаралатын мәселелердің негізі қандай істер болды
<variant> қаржы және салық
<variant> ұрылық істер
<variant> дін бұзушылық
<variant> мемлекетке қарсы әрекеттер
<variant> келісімді бұзуға байланысты істер
<question> Қос өзен аңғарындағы алғашқы мемлекет қалай аталады
<variant> Шумер
<variant> Вавилон
<variant> Ассирия
<variant> Аккад
<variant> Египет
<question> Ежелгі Шумер мемлекеті қай уақытта пайда болды
<variant> б.э.д.30ғ
<variant> б.эд.10ғ
<variant> б.э.д.20ғ
<variant> б.э.д.15ғ
<variant> б.эд.18ғ
<question> Вавилонда қай патшаның тұсында қосылған территориялардың барлығына ортақ заң жинағы жасалды
<variant> Хаммурапи
<variant> Иштар
<variant> Ашшур банапал
<variant> Ур-Намму
<variant> Эшнуна
<question> Хаммурапи заңында бір іс бойынша екі рет шешім шығаруға болмайды деген қағиданы қандай баптан көруге болады
<variant> сот шешімі туралы
<variant> ұрлық туралы
<variant> құлдар туралы
<variant> неке турлы
<variant> мұрагерлік туралы
<question> Вавилондағы толық құқылы тұрғындар қалай аталды
<variant> авилум
<variant> баирум
<variant> мушкенум
<variant> деирум
<variant> рерум
<question> Хаммурапи патша қай ғасырда билік құрды
<variant> б.э.д. 18ғ
<variant> б.э.д. 20ғ
<variant> б.э.д. 10ғ
<variant> б.э.д. 15ғ
<variant> б.э.д. 5ғ
<question> Вавилондағы жоғарғы сот билігі кімнің қолында болды
<variant> патшаның
<variant> абыздардың
<variant> наместник
<variant> жоғарғы сот
<variant> уәзір
<question> Хаммурапи заңы бойынша жер иеленудің қандай түрлері болды
<variant> патша, храм, қауым
<variant> патша
<variant> храм
<variant> қауым
<variant> храм, қауым, ақсүйектер
<question> Хаммурапи заңдарында рулық құрылыстың қандай қалдықтары сақталған
<variant> қанға-қан қағидасы
<variant> әкенің билігі
<variant> аналық билік
<variant> рулық қауым
<variant> құлдыққа сату
<question> Мушкенумның мүлкін заң, храм, патша мүлкі сияқты өте қатаң қорғау себебі неде
<variant> оның мүлкі патша мүлкінің бір бөлігі болып есептеледі
<variant> оның мүлкі храм меншігінің бір бөлігі болып есептеледі
<variant> патша оның мүлкін қорғауға кепілдік берді
<variant> мушкенум шет елдік болған соң оған жағадай жасалды
<variant> толық құқықтық азамат ретінде мүлкі қорғалды
<question> Хаммурапи заңдары бойынша Вавилон құлдарының құқы қай мәселеде шектелген жоқ
<variant> ерікті әйелге үйленуге
<variant> сауда жасауға
<variant> бостандығын сатып алуға
<variant> жеке шаруашылық жүргізуге
<variant> сотқа шағымдануға
<question> Хаммурапи заңдары бойынша жұбайы тұтқынға түскен әйел қандай жағдайда тұрмысқа шыға алады
<variant> материалдық жағынан қамтамасыз етілмесе
<variant> балалары болмаған жағдайда
<variant> әйелдің қалың малы төленбесе
<variant> әйелдің ата-анасына кім ақша төлесе
<variant> жұбайы сатқын деп есептесе
<question> Хаммурапи заңдарында мұрагерліктің қандай түрі болды
<variant> заң бойынша және өсиет бойынша
<variant> заң бойынша
<variant> өсиет бойынша
<variant> патша жарлығымен
<variant> сот шешімімен
<question> Вавилондағы жоғарғы сот инстанциясы кім болды
<variant> патша
<variant> арнайы чиновник
<variant> абыз
<variant> шаруа
<variant> наместник
<question> Ежелгі Вавилон қазіргі қай елдің территориясында болды
<variant> Ирак
<variant> Ресей
<variant> Түркия
<variant> Палестина
<variant> Израиль
<question> Ежелгі Үндістан территориясындағы алғашқы қала мемлекеттер қай жерде және қашан пайда болды
<variant> Инд өзенінің бойында, б.э.д.3 мыңжылдық
<variant> Ганга өзенінің бойында, б.э.д.4 мыңжылдық соңы
<variant> Мұхит жағалауында, б.э.д.1 мыңжылдық соңы
<variant> Гималай тауының тегінде, б.э.д.5 мыңжылдық соңы
<variant> джунглилерде, б.э.д.6 мыңжылдық басы
<question> Арий тайпасы қай жерден Үндістанға қоныс аударды
<variant> Орта-Азия, Қазақстан
<variant> Австралиядан
<variant> Африкадан
<variant> Европадан
<variant> Қытайдан
<question> Үнді қоғамының әлеуметтік құрылымындағы ерекшелігі қандай
<variant> варналық жүйе
<variant> қауымның күштілігі
<variant> құлдардың басымдығы
<variant> брахмандардың көптігі
<variant> кайшилер билікте болды
<question> Үндістандағы бір орталыққа біріккенге дейінгі қала-мемлекеттер қалай аталады
<variant> Джанапад
<variant> Сабха
<variant> Паришад
<variant> диван
<variant> Варна
<question> Үндістанда бір орталыққа бағынған мемлекет қашан пайда болды және қай династия тұсында
<variant> б.э.д.4ғ.Маурилер
<variant> б.э.д.6ғ.Магадха
<variant> б.э.д.5ғ.Нанд
<variant> б.э.д.1ғ.Ману
<variant> б.э.д.5ғ.Каутилья.
<question> Үнді мемлекетінде мемлекетті басқаруға байланысты құрылған патша кеңесі қалай аталады
<variant> Паришад
<variant> Сабха
<variant> Джанапад
<variant> Веда
<variant> Авеста
<question> Ману заңдарын кім құрастырды
<variant> брахман мектебінің абыздары
<variant> патша
<variant> ғалымдар
<variant> көрші елдерден көшіріп алды
<variant> патша уәзірлері
<question> Ману заңдары бойынша қауым мүшелері патшаға арнайы сыйлықтан басқа не беріп тұруға міндетті болды
<variant> азық-түлік, отын
<variant> қару-жарақ
<variant> жылқы
<variant> әскер
<variant> гаухар тас
<question> Ману заңдары бойынша патшаға кімдерден салық жинауға тиым салынды
<variant> брахмандардан
<variant> вайшилерден
<variant> шудралардан
<variant> кшатрийлерден
<variant> шет елдіктерден
<question> Ману заңдары бойынша сотқа куәгер ретінде кімдер қатыса алады
<variant> барлық варна өкілдері
<variant> тек брахмандар
<variant> тек кшатрийлер
<variant> вайшилер
<variant> шудралар
<question> Ману заңдарында қандай діни сынақ түрі қолданылады
<variant> от ұстау, суға түсу немесе басына қол тигізіп ант беру
<variant> өткір қылыштың жүзіне жату
<variant> жолбарыспен жекпе-жекке шықты
<variant> құдай мүсінінің алдында ант берді
<variant> брахманның алдында сынақтан өтті
<question> Ману заңдары бойынша соғысқа қатысқан жауынгердің олжалау тәртібі қандай болды
<variant> жауынгердің жеке қолға түсірген заты оның олжасы болды
<variant> жауынгерге олжа бермеді
<variant> жауынгерге олжаны брахман берді;
<variant> жауынгер қолға түсірген затын ортаға салып,онан үлес алды
<variant> жауынгер олжа беру мәселесін тек патша шешті
<question> Ману заңдары бойынша соғыста түскен олжаның жақсы бөлігі кімге берілді
<variant> патшаға
<variant> кшатриге
<variant> брахманға
<variant> әскер басыға
<variant> храмға
<question> Үнді қоғамындағы сот ісіндегі дәлелдеуге қажетті нәрсе не болды
<variant> куәгер
<variant> қылмыс құралы
<variant> ұрланған затты табу
<variant> ұрлығын мойындату
<variant> ұрланған затты сатып алған затты табу
<question> Ману заңдарында патша сот ісін жүргізуді кімге тапсырды
<variant> брахманға
<variant> кшатрийге
<variant> вайшиге
<variant> шудраға
<variant> раджаға
<question> Ману заңдарында жазалау шаралары неге қарап белгіленді
<variant> варнасына
<variant> қызметіне
<variant> байлығына
<variant> нәсіліне
<variant> мекеніне
<question> Цинь мемлекетінің жеңіп шығуына қандай жаңа өзгерістер әсер етті
<variant> Шан-Янь реформалары
<variant> тұрақты әскер
<variant> Ван Ман реформалары
<variant> шаруалар соғысы
<variant> құлдар көтерілісі
<question> Шан Янь реформасы /үлкен/ патриархалдық семья мәселесін қалай шешті
<variant> ыдыратты
<variant> күшейтті
<variant> салық салды
<variant> ақшалай көмек берді
<variant> жерді тегін берді
<question> Шан Янь реформасы бойынша жер мәселесі қалай шешілді
<variant> сатылды
<variant> сатылмады
<variant> арендаға рұқсат берілді
<variant> 3 жылға берілді
<variant> жер шет елдіктерге таратылды
<question> Шан Янь реформасы бойынша енгізілген бестік жүйе дегеніміз не
<variant> әр бес семья өзара жауапты
<variant> бес адам бір адам үшін жауап береді
<variant> әр адамға бес гектар жер берілді
<variant> соғыстан қашақан әр адам үшін бес адам өлтірілді
<variant> әр бес адамнан бір адам әскерге алынды
<question> Шан Янь мемлекетте қандай биліктің болғанын дұрыс деп есептейді
<variant> жеке биліктің
<variant> халық билігінің
<variant> ақсүйектердің
<variant> саудагерлердің
<variant> ғалымдардың
<question> Қытайдағы бір орталыққа бағынған мемлекет қашан құрылды
<variant> б.э.д.3ғ
<variant> б.э.д.6ғ
<variant> б.э.д.1ғ
<variant> б.э.д.5ғ
<variant> б.э.д.4ғ
<question> Бір орталыққа біріккен Қытай мемлекетін басқаруға кіріскен патша бытыраңқылыққа жол бермеу үшін және қорғанысты күшейту үшін қандай шара қолданды
<variant> Ұлы қытай қорғанын салғызды
<variant> көрші мемлекеттерге соғыс ашты
<variant> феодаолдарға қарсы соғыс ашты
<variant> шаруаларды жерге бекітті
<variant> ғұндарға қарсы соғыс ашты
<question> Хань династиясы тұсында мемлекеттік қызметке қалай қабылданды
<variant> қызмет сатылды
<variant> мұрагерлік бойынша
<variant> қызметке сайланды
<variant> тек патша тұқымы тағайындалды
<variant> емтихан арқылы сараланып алынды
<question> Конфуций ілімі нені уағыздады
<variant> аталар жолымен, үлкендерді сыйлау
<variant> бар нәрсе заң бойынша жүргізілуге тиіс
<variant> күшті патша билігін
<variant> ақсүйектер билігін
<variant> Кедейлердің билігін
<question> Ван Ман реформасы бойынша жер мәселесі қалай шешілді
<variant> сатылмады
<variant> сатылды
<variant> арендаға рұқсат
<variant> патша рұқсатымен ғана сатылды
<variant> шет елдіктерге ғана сатылды
<question> Афиныдағы Солон және Клисфен жүргізген саяси реформаладың басты мақсаты қандай болды
<variant> ақсүйектердің ықпалын әлсіретті
<variant> кала адамдарын әлсіретті
<variant> құлдықты күшейтті
<variant> құлдықты күшейтті
<variant> патша билігін күшейтуге ұмтылды
<question> Солон реформасы бойынша борышкерлерге қандай шара қолданылды
<variant> құлдықтан босатылды
<variant> борыштан босатылды
<variant> борышы үшін сатылды
<variant> құлға айналдырды
<variant> өлтіріп отырды
<question> Клисфен реформасы бойынша әкімшілік басқару бірлігі не болды
<variant> территория
<variant> мемлекет
<variant> тайпа
<variant> село
<variant> қала
<question> Клисфен реформасы қандай әлеуметтік топтың билігін әлсіретті
<variant> ақсүйектердің
<variant> кала адамдарының
<variant> саудагерлердің
<variant> әскерилердің
<variant> шаруалардың
<question> Спартада саяси билік қандай әлеуметтік топтың қолында болды
<variant> ақсүйектердің
<variant> шаруалардың
<variant> патшалардың
<variant> сауда адамдарының
<variant> қала адамдарының
<question> Спартада атқару және сот билігін жинақтаған коллегия қалай аталады
<variant> эфорат
<variant> ареопаг
<variant> герусия
<variant> патриции
<variant> принципиат