Gl] 7 ТАҚЫРЫП.ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 2 страница

Бейырғақтылықтың ішкі себептері – кәсіпорындардың ауыр қарыжылық жағдайы, өндірісті ұйымдастырылуының, технологиясының және материалдық-техникалық қамсыздандыруының, сонымен қатар, жоспарлаудың және бақылаудың төмен деңгейі, сыртқы себептері – жеткізушілердің шикізат пен материладарды уақытында жеткізбеуі, кәсіпорын кесірінсіз энергоресурстардың тапшылығы және т.б.

Декадалар (тәуеліктер) бойынша өнім шығарылымы жоспарының жеткіліксіз орындалуы немесе артық орындалуының себептері белгілі болса, онда олардың бейырғақтылық көрсеткішіне ықпалын есептеуге болады. Бұл үшін берілген себеп бойынша (мысалға, жабдықтың бұзылғандығы есебінен) өндіріс бейырғақтылығының сандарын беырғақтылықтың жалпы көрсеткішіне келтіріп, 100-ге көбейту керек.

Талдау барысында кәсіпорынның бейырғақты жұмыс есебінен өнім шығарылымы бойынша жіберілген мүмкіндіктерін санау керек. Бұл үшін әртүрлі әдістер қолданылады:

а) өнімнің жоспарлық және есептелінген шығарылымы арасындағы айырым;

ә) өндірістің ең үлкен орташа тәуеліктің (орташа декадалық) көлемі бойынша есептелген өнімнің нақты және мүмкін болатын шығарылымы арасындағы айырым;

б) үшінші декададағы нақты шығарылым өнімнің жалпы шығарылымындағы жоспарлық үлес салмағына тең болады деп болжасақ, онда өндірістің мүмкін болатын көлемін бірінші көрсеткішті екінші көрсеткішке бөліп, 100-ге көбейту арқылы табуға болады. Егер өнімнің нақты шығарылымынан мүмкін болатын шығарылымды алып тастасақ, дәл сондай нәтиже аламыз.

Әдебиетте кейде есептеудің төртінші әдісі те кездеседі: өнімнің ең үлкен және ең аз орташа тәуеліктік (орташа декадалық) шығарылымы арасындағы айырым талданатын кезеңдегі жұмыс тәуеліктерінің (декадаларының) нақты санына көбейтіледі.

Өнім тиелуін және сатып өткізілуін талдау.

Талдау барысында тауарлық өнімнің өндіріс көлеміндегі өзгерістерді ғана ескеріп қоймай, сонымен қатар, оның сатып өткізілу көлеміндегі өзгерістерді де ескерген жөн. Сатылымдар көлемінен кәсіпорынның қаржылық нәтижелері, оның қаржылық жағдайы, төлемге қабілеттілігі және т.с.с. тәуелді болады.

Өнімнің сатып өткізілуін талдау әрбір ай, тоқсан, жарты жылдық, жыл ішінде өткізеді. Оның барысында нақты деректері жоспарлық деректермен, алдыңғы кезеңдердегі деректермен салыстырылады, жоспардың орындалу пайызы, жоспардан нақты ауытқуы, талданатын уақыт аралығындағы өсу жіне өсім қарқындары, өсімнің бір пайызының абсолюттік шамасы есептелінеді.

Сатылымдар көлемінің өзгерісіне көптеген факторлар ықпал етеді.

Өнімнің сатып өткізілуін талдау әдістемесінің екі нұсқасы бар. Егер кәсіпорындағы түсім тауарлық өнімнің тиелуі бойынша анықталса, онда тауарлық өнімнің балансы келесі түрде болады:

ДӨб + ТӨ = СӨӨ + ДӨа. бұдан:

СӨӨ = ДӨб + ТӨ – ДӨа.

Егер түсім тиелген өнімге ақы төленгеннен кейін анықталатын болса, онда тауарлық балансты былай жазуға болады:

ДӨб + ТӨ + ТҚб= СӨӨ + ТҚа + ДӨа,

СӨӨ = ДӨб + ТӨ + ТҚб – ТҚа – ДӨа,

Мұндағы:

ДӨб, ДӨа – сәйкесінше кезеңнің басы мен аяғындағы қоймалардағы дайын өнімнің қалдықтары;

ТӨ – тауарлық өнім шығарылымының құны;

СӨӨ – есеп беру кезеңдегі сатып өткізілген өнімнің көлемі;

ТҚб,ТҚа – кезеңнің басы мен аяғындағы сатып алушылармен ақысы өтелмеген тиелген өнімнің қалдықтары.

Талдаудың келесі сатысы – факторлардың кәсіпорынның тауарлық өнімі шығарылымына, сонымен қатар, оның сатып өткізілу көлеміне ықпалын зерделеу.Өнеркәсіптік кәсіпорындарда тауарлық өнімнің өндіріс көлемі көптеген және әртүрлі факторларға тәуелді болады. Экономикалық мазмұны бойынша оларды үш топқа біріктіруге болады:

· кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі және олардың пайдаланылу тиімділігі;

· кәсіпорынның негізгі қорлармен, соның ішінде машиналармен және жабдықтармен қамтамасыз етілуі және олардың пайдаланылу тиімділігі,

кәсіпорынның шикізат пен материалдармен қамтамасыз етілуі және олардың пайдаланылу тиімділігі[kgl]

[gl] 8 ТАҚЫРЫП.ӨНДІРІСТІК РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ[:]

Сабақ мақсаты: еңбек ресурстарымен,өндірістің негізгі қоррлармен қамтамасыз етілуін, материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау әдістемесін қарастыру

Түйінді сөздер: еңбек ресурстар, материалдық ресурстар, негізгі қорлар, қорқатарымдылық, қорсыйымдылық, жұмыс уақыты, еңбек өнімділігі, материал сиымдылығы, материал қайтарылымы.

Дәріс жоспары(1 сағат)

1. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау. Еңбек уақыты қорын пайдалануын талдау. Еңбек өнімділігін талдау. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануын талдау

2. Өндірістің негізіг қоррлармен қамтамасыз етілуін талдау. Негізгі қорлардын пайдалану тиімділігі мен интенсивтілігін талдау

3. Материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау

1. Еңбек ресурстары пайдаланылуын талдау әдістемесі.

Еңбек ресурстарының ауқымды пайдаланылуын уақыттың талданатын кезеңі аралығында бір жұмыскермен істелінген күндер мен сағаттарының саны бойынша, сонымен қатар, жұмыс уақыты қорының пайдаланылу дәрежесі бойынша бағалауға болады. Бұндай талдау жұмыскерлердің әрбір категориясы бойынша, әрбір өндірістік бөлімше бойынша және бүкіл кәсіпорын бойынша өткізіледі.

Жұмыс уақытының қоры (ЖУҚ) жұмысшылардың санына (ЖС), бір жыл ішінде бір жұмысшымен істелінген күндерінің орташа санына (К) және жұмыс күнінің орташа ұзақтылығына (Ұ) тәуелді болады: ЖУҚ = ЖС × К × Ұ.

Егер нақты алғанда бір жұмыскер жоспармен көзделгеннен азырақ күндер мен сағаттарды істесе, онда жұмыс уақытының жоспардан артық: бүкіл күндік (БКЖ) және ауысым ішіндегі (АІЖ) жоғалтуларын анықтауға болады:

БКЖ = (Кн – Кж) × ЖСн × Ұж;

АІЖ = (Ұн – Ұж) × Кн × ЖСж.

Еңбектің өнімді емес шығындары.

Жұмыс уақытының жоғалтуларын зерделегеннен соң, еңбектің өнімді емес шығындарын анықтау керек. Олар ақауландырылған өнімді даярлау және ақауды түзету нәтижесінде, сонымен бірге, технологиялық үрдістен ауытқу есебінен жұмыс уақыты шығындарынан пайда болады. Жұмыс уақытының өнімді емес шығындарын анықтау үшін ақаудан болатын жоғалтулар жөніндегі деректер пайдаланылады.

Жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқумен байланысты жұмыс уақытының жоғалтулары осындай себеппен үстеме ақылардың сомасын 1 сағат ішіндегі орташа жалақыға бөлу арқылы анықталады.

Жұмыс уақытының жоғалтуларын қысқарту – өнім шығарылымын көбейту резервтерінің бірі. Оны есептеу үшін кәсіпорынның кесірінен жұмыс уақытының жоғалтуларын (ЖУЖ) өнімнің жоспарлық орташа сағаттық өндіріміне (ОӨж) көбейту керек:

∆ТӨ = ЖУЖ × ОӨж.

Дегенмен, жұмыс уақытының шығындары әрдайым өнім өндірісі көлемінің азаюына әкелмейтінін ескерген жөн, себебі олар жұмыскерлер еңбегі қарқындылығының жоғарылауымен өтелуі мүмкін. Сондықтан да, еңбек ресурстардың пайдаланылуын талдаған кезде көп көңіл еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің зерделенуіне бөлінеді.

Жалақы қоры бойынша абсолюттік және салыстырмалы ауытқуды анықтау.

Жалақы қорының пайдаланылуын талдамас бұрын, ең алдымен, оның нақты шамасының жоспарлық шамасынан абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын есептеу керек.

Абсолюттік ауытқу (∆ЖҚабс) – бүкіл кәсіпорын бойынша, өндірістік бөлімшелер бойынша және жұмыскерлер категориялары бойынша еңбекке ақы төлеуге пайдаланылған нақты қаражаттарды (ЖҚн) жоспарлық жалақы қорымен (ЖҚж) салыстыру арқылы анықталады:

∆ЖҚабс = ЖҚн – ЖҚж .

Дегенмен, абсолюттік ауытқудың өзі жалақы қорының пайдаланылуын сипаттамайтынын ескерген жөн, себебі бұл көрсеткіш өнімнің өндірісі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін ескермей анықталады.

Салыстырмалы ауытқу нақты есептелінген жалақы сомасы және өнімнің өндірісі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жоспарлық қор арасындағы айырым ретінде есептелінеді.

Айнымалы және тұрақты жалақының өзгеру себептері.

Еңбекке ақы төлеудің тұрақты бөлігінің өзгеру себептерін талдау керек. Оған мерзімді-жұмысшылардың, қызметкерлердің, балабақшалар, санаторийлер және т.с.с. жұмыскерлерінің жалақылары, сонымен қатар үстеме ақылардың барлық түрлері кіреді. Жұмыскерлердің бұл категориясының жалақы қоры олардың орташа тізімдік санына және уақыттың сәйкес аралығындағы орташа табысына тәуелді болады. Мерзімді-жұмысшылардың орташа жылдық жалақысы, бұдан басқа, бір жылдағы бір жұмысшының істеген күндерінің орташа санына, жұмыс ауысымының орташа ұзақтылығына және орташа сағаттық табысқа тәуелді болады.

Мерзімді жалақының қоры бойынша абсолюттік ауытқуды детерминирленген факторлық талдау үшін келесі үлгілер пайдаланылуы мүмкін:

ЖҚ = ЖС × ЖЖ,

ЖҚ = ЖС × К × КЖ,

ЖҚ = ЖС × К × Ұ × СЖ.

Бұл факторлардың ықпалы абсолюттік айырымдар тәсілі арқылы есептелуі мүмкін. Орташа жылдық табыстың, сонымен қатар, еңбекке ақы төлеу қорының төмендеуі бір жылдағы бір жұмысшымен істелінген уақыт мөлшерінің азаюымен түсіндіріледі. Орташа сағаттық ақы төлеудің өсуі құнсыздануға байланысты тарифтік мөлшерлемелердің жоғарылауы нәтижесінде жүзеге асты.

Құнсыздануды ескере отырып, кәсіпорын персоналы еңбегіне ақы төлеудің деңгейін талдау.

Қызметкерлердің жалақы қоры басқарушылық персоналдың саны және орташа жылдық жалақы есебінен өзгеруі мүмкін.

Жалақы қоры пайдаланылуын талдау кезінде кәсіпорын қызметкерлерінің орташа табыстары, оның өзгерісі, оның деңгейін анықтайтын факторлар жөніндегі деректердің маңызы зор болады.

Сондықтан да, кейінгі талдау категориялар мен мамандықтар бойынша, сонымен бірге, бүкіл кәсіпорын бойынша бір жұмыскердің орташа жалақысының өзгеру себептерін зерделеуге бағытталуы тиіс. Бұнда орташа жылдық жалақы бір жылдағы бір жұмыскермен істелінген күндер санына, жұмыс ауысымы ұзақтылығына және орташа сағаттық жалақыға тәуелді болатынын ескеру керек:

ЖЖҚ = К × Ұ × СЖ.

Бұл факторлардың жұмыскерлердің категориялары бойынша орташа жылдық жалақы деңгейінің өзгеруіне ықпалын есептеу абсолюттік айырымдар тәсілі арқылы жүзеге асады.

Еңбек өнімділігінің өсу қарқындары мен оған ақы төлеудің деңгейі арасындағы қатынасты зерделеу.

Талдау барысында орташа жалақының өсу қарқындары мен еңбек өнімділігі арасындағы сәйкестікті орнату керек. Кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін, қажетті пайда мен пайдалылықты (рентабельділікті) алу үшін еңбек өнімділігінің өсу қарқындары оған ақы төлеудің өсу қарқындарын озуы керек. Егер бұл принцип ұсталынбаса, онда жалақы қорының артық шығындалуы, өнімнің өзіндік құнының жоғарылауы және, сәйкесінше, пайда сомасының азаюы пайда болады.

Уақыттың қандай-да бір аралығындағы (жыл, ай, күн, сағат) жұмыс істейтіндердің орташа табысының өзгеруі оның Iот индексімен сипатталады. Ол есеп беру кезеңіндегі орташа жалақының (ОЖ1) базистік кезеңдегі орташа жалақыға (ОЖ0) қатынасы ретінде табылады.

Осыған ұқсас еңбек өнімділігінің индексі (Iеө) есептелінеді.

Еңбек өнімділігі қарқындарының еңбекке ақы төлеудің қарқындарын озу коэффициенті (Козу) мынаған тең болады:

Козу = Iеө / Iож.

Еңбек өнімділігінің өсу қарқындары мен оған ақы төлеудің өсу қарқындары арасындағы қатынастың өзгеруі есебінен болатын жалақының үнемдеу (–Ү) немесе артық шығындау (+Ү) сомасын табу үшін келесі формуланы қолдануға болады:

±Ү = ЖҚн × (Iож – Iеө) – Iож.

Құнсыздану жағдайында орташа жалақының өсу индексін талдаған кезде тұтынушылық тауарлар мен қызметтерге талданатын кезеңдегі бағалардың өсу индексін (Iб) ескерген жөн:

I = (ОЖ1 / ОЖ0) × Iб.

Еңбекке ақы төлеудің қаражаттарының пайдаланылу тиімділігін бағалау үшін қолданыстағы бағалармен берілген жалпы, тауарлық өнімнің көлемі, жалақының 1 теңгесіне келетін пайда сомасы және т.б. сияқты көрсеткіштерді пайдалану керек.

Еңбек өнімділігін талдау.

Еңбек өнімділігінің жалпылама, дербес және қосалқы көрсеткіштерінің жүйесі. Оларды есептеудің реті. Орташа жылдық, орташа күндік және орташа сағаттық өндірімнің өзгеру факторлары. Олардың ықпалын есептеу әдістемесі. Еңбек өнімділігінің өсу резервтерінің көздері және реті.

Еңбек өнімділігінің деңгейін бағалау үшін жалпылама, дербес және қосалқы көрсеткіштердің жүйесі пайдаланылады.

Жалпылама көрсеткіштерге бір жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндірімі, сонымен қатар, құндық түрдегі бір жұмыс істейтінге шаққандағы орташа жылдық өнім өндірімі.

Дербес көрсеткіштер – бұл белгілі бір түрдегі өнімнің бірлігін өндіру үшін уақыт шығындары (өнімнің еңбек сиымдылығы) немесе бір адам-күні не адам-сағаты ішінде табиғи түрде өрнектелген өнімнің белгілі бір түрінің шығарылымы жатады.

Қосалқы көрсеткіштер жұмыстардың белгілі бір түрінің бірлігін орындау үшін уақыт шығындарын немесе уақыттың бірлігі ішіндегі көлемді сипаттайды.

Еңбек өнімділігінің ең жалпылаушы көрсеткіші – бұл бір жұмыс істейтіннің орташа жылдық өнім өндірімі. Оның шамасы жұмысшылардың өндіріміне ғана байланысты емес, сонымен қатар, соңғылардың өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың жалпы санындағы үлес салмағына, олардың істеп қойған күндер санына және жұмыс күнінің ұзақтылығына тәуелді болады. Бұдан бір жұмыс істейтіннің орташа жылдық өнім өндірімін келесідей факторлардың көбейтіндісі ретінде келтіруге болады:

ЕӨ = ҮС × К × Ұ × СӨ.

Орташа сағаттық өндірімнің өзгерісі еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі және жұмысшылардың орташа күндік және орташа жылдық өндірім деңгейі тәуелді болатын фактор ретінде міндетті түрде талданады. Бұл көрсеткіштің шамасы өнім еңбек сиымдылығының және оның бағалану құнының өзгерісімен байланысты факторларға тәуелді болады. Факторлардың бірінші тобына мынадай көрсеткіштер жатады: өндірістің техникалық деңгейі, өндірістің ұйымдастырылуы, ақаумен және оны түзетумен байланысты уақыттың өнімді емес шығындары. Екінші топқа өнім құрылымының және кооперацияланған жеткізілімдердің өзгерісі есебінен өнім өндірісінің құндық бағамен берілген өзгерісімен байланысты факторлар жатады. Бұндай факторлардың орташа сағаттық өндірімге ықпалын есептеу үшін тізбекті қойылымдар тәсілі пайдаланылады. Орташа сағаттық өндірімнің жоспарлық және нақты деңгейінен басқа, оның шамасының үш шартты көрсеткішін есептеу керек.

Орташа сағаттық өндірімнің шартты көрсеткіштері.

Орташа сағаттық өндірімнің бірінші шартты көрсеткіші жоспармен салғастырылған жағдайларда (өнімді істелген уақыт үшін, өнімнің жоспарлық құрылымы кезінде және өндірістің жоспарлық техникалық деңгейі кезінде) есептелуі керек. Бұл көрсеткішті алу үшін тауарлық өнім өндірісінің нақты көлемін құрылымдық ығысулар және кооперацияланған жеткізілімдер нәтижесінде оның өзгеріс шамасына (∆ЖӨқұр) түзету керек, ал істеліп қойылған күндердің санын – уақыттың өнімді емес шығындарына (Төн.емес) және ғылыми-техникалық прогрестің (ҒТП) алдынала анықтап алынатын шарасын енгізуден болатын уақыттың жоспардан артық үнемделуіне (Тү) түзету керек. Есептеу алгоритмі:

ОСӨш1 = (ЖӨн ± ∆ЖӨқұр) / (Тн – Төн.емес ± Тү).

Егер алынған нәтижені жоспарлықпен салыстыратын болсақ, онда оның еңбек ұйымдастырылуына байланысты еңбек қарқындылығы есебінен қалайша өзгергендігін білеміз, себебі басқа барлық жағдайлар бірдей.

Екінші шартты көрсеткіш біріншіден оны есептеген кезде еңбек шығындары Тү көрсеткішіне түзетілмейтінімен өзгешеленеді:

ОСӨш2 = (ЖӨн ± ∆ЖӨқұр) / (Тн – Төн.емес).

Алынған және алдыңғы нәтиже арасындағы айырым орташа сағаттық өндірімнің ҒТП шараларын енгізумен байланысты уақыттың жоспардан артық үнемдеу есебінен өзгеруін көрсетеді.

Үшінші шартты көрсеткіш екіншіден бөлімі уақыттың өнімді емес шығындарына түзетілмейтіндігімен өзгешеленеді:

ОСӨш3 = (ЖӨн ± ∆ЖӨқұр) / Тн.

Үшінші мен екінші шартты көрсеткіштер арасындағы айырым уақыттың өнімді емес шығындарының орташа сағаттық өндірім деңгейіне ықпалын бейнелейді.

Егер үшінші шартты көрсеткішті нақты көрсеткішпен салыстыратын болсақ, өнім өндірісінің құрылдымдық ығысулары есебінен орташа сағаттық өндірім қалайша өзгергендігін білеміз.

Факторлардың орташа сағаттық өндірім деңгейіне ықпалын зерделеуде корреляциялық-регрессиялық талдау тәсілдері үлкен рөл атқарады.

Орташа сағаттық өндірімнің көп факторлық корреляциялық үлгісіне келесідей факторларды кіргізуге болады: еңбектің қормен қарулануы және энергиямен қарулануы; жоғары біліктілігі бар жұмысшылардың пайызы; жабдық қызмет етуінің орташа мерзімі; жабдықтың жалпы құнындағы прогрессивті жабдықтың үлесі және т.с.с. Көпшілік регрессия теңдеуінің коэффициенттері абсолюттік түрде өрнектелген бірлікке келетін әрбір факторлық көрсеткіштің өзгерістері кезінде орташа сағаттық өндірім қанша теңгеге өзгеретінін көрсетеді. Осы факторлардың есебінен жұмысшылардың орташа сағаттық өндірімі қалай өзгеретінін білу үшін орташа сағаттық өндірімнің алынған өсімдерін бір жұмысшымен істелініп қойған адам-сағаттарының нақты санына көбейту керек:

∆ЕӨ'xi = ∆СӨxi × Кн × Ұн.

Олардың жұмыскердің орташа сағаттық өндіріміне ықпалын анықтау үшін жұмысшылардың орташа сағаттық өндірімінің алынған өсімдерін өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың жалпы санындағы жұмысшылардың нақты үлес салмағына көбейту керек:

∆ЕӨxi = ∆ЕӨ'xi × ҮСн.

Бұл факторлардың өнім шығарылымы көлеміне ықпалын есептеу үшін i-ші фактордың есебінен жұмыскердің орташа сағаттық өндірімінің өсімін өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың нақты орташа тізімдік санына көбейту керек:

∆ЖӨxi = ∆ЕӨxi × ӨӨПн,

немесе i-ші фактордың есебінен жұмыскердің орташа сағаттық өндірімінің өзгерісін жұмыс күні ұзақтылығының, бір жылда бір жұмысшымен істелінген күндер санының, жұмыскерлердің жалпы санындағы және кәсіпорын жұмыскерлерінің орташа тізімдік санындағы жұмысшылардың үлес салмағының нақты шамасына көбейту керек:

∆ЖӨxi = ∆СӨxi × Ұн × Кн × ҮСн × ӨӨПн.

Еңбек өнімділігінің жоғарылауын келесі жолдармен іске асыруға болады:

а) өнімнің еңбек сиымдылығының төмендеуі есебінен, яғни ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың жоспарына сәйкес ҒТП шараларын енгізу, өндірісті кешендік механизациялау және автоматизациялау, ескірген жабдықты одан прогрессивтік жабдықпен алмастыру, жұмыс уақыты шығындарының жоғалтуларын қысқарту арқылы өндіріске кеткен еңбек шығындарын қысқарту есебінен;

ә) кәсіпорынның өндірістік қуатын толығырақ пайдалану есебінен, себебі өндіріс көлемін өсірген кезде жұмыс уақыты шығындарының тек айнымалы бөлігі ғана көбейеді, ал тұрақты бөлігі сол қалпында қалады. Нәтижесінде өнім бірлігін өндіруге кеткен уақыт шығындары азая түседі.

Орташа сағаттық өндірімді көбейту резервтері келесі түрде анықталады:

Р↑ОСӨ = СӨм – СӨн = (ТӨн + Р↑ТӨ) / (Тн – Р↓Т + Тқос) – ТӨн / Тн,

Мұндағы: Р↑ОСӨ – орташа сағаттық өндірімнің көбею резерві;

СӨм, СӨн – сәйкесінше орташа сағаттық өндірімнің мүмкін болатын және нақты деңгейлері;

Р↑ТӨ – ҒТП шараларын енгізу есебінен жалпы өнімнің көбею резерві;

Наши рекомендации