Еңбек ақы еңбекті мотивациялаудың негізгі нысаны ретінде
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Еңбекақы бұл - жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.
Еңбекақыны анықтайтын факторлар:
· Жұмыс күші, құны қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындары: жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны; оны мамандандыруға кеткен шығындары; оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны. Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әртүрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп отырады.
· Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Оның өзінде еңбек өнімділігінің өсуі еңбекақының өсуіндей шапшаң болады.
· Жұмыс күшін біліктеу және еңбектік түрі. Мысалы, күрделі, қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады. Ал сирек және қауіпті мамандық немесе ерекше талантты адамдардың шығармашылық еңбектері және т.б. жоғары бағаланады.
· Қажетті өнімнің әлеуметтік дәрежесі. Қазіргі қоғамды қажетті өнімнің барлығы жұмыскерге және еңбекақы түріне берілмейді. Қажетті өнімнің бір бөлігі әлеуметтенеді әр түрлі салық есептеп беру арқылы мемлекетке қоғамдық тұтыну қорына кетеді.
Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді.
Еңбек ақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Еңбек ақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да еңбек ақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:
· еңбектің саны мен сапасы, шығарылм нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен еңбек ақы қорының пайдалануына бақылау жасау;
· субъектінің әрбір қызметкеріне Еңбек ақыны дер кезінде және уақытылы есептеу;
· еңбек ақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
· белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;
· есептелген еңбек ақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;
· өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен еңбек ақы туралы деректерді алу;
· еңбек және еңбек ақы бойынша статистикалық есептемені жасау;
Қызметкерлер еңбек ақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінідегі жәрдемақыны алады.
Еңбекақы – материалдық игіліктер мен қызмет түрлерін жеке тұтыну қорының бір бөлігі болып табылады, осының негізінде қызметкерлерге олардың еңбегінің сапасы мен санына сәйкес, сонымен бірге оның нәтижелігіне (ұжым еңбегінің нәтижесінде қосқан үлесіне) сәйкес беріледі. Еңбекақы еңбек шарты бойынша орындалған жұмыстары үшін натуралды ақы құны мен ақшалай төлемдердің қосындысы.
Еңбек ақы — атаулы және нақты еңбек ақы болып бөлінеді.
Атаулы табыс еңбек ақы — бұл қызметкердің белгілі кезендегі істеген еңбегі үшін есептелген және берілген еңбек ақысы.
Нақты еңбек ақы — бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететін атаулы табыс еңбек ақысы; нақты еңбек ақы — бұл атаулы табыс еңбек ақының «сатып алуға жарамдылығы».
Әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда еңбек ақының кең тараған екі нысаны: Kecімді және мерзімдік.
Сурет 14 - Еңбек ақының жүйелері және нысандары
Жалакының кесімді нысаны кызметтің көлемдік, сандық көрсетіштерін жақсартуды ынталандырады. Ол учаскелерінде қол еңбегінің немесе машиналы-қол басымдылығы жағдайында қолданылады; дәл осы жағдайда өндірілген өнімнің көлемін және оның сапасын және еңбек мөлшерін белгілеудің негізділігін ескеру қажет.
|
Мерзімдік | Кесімді | ||
| тікелей кесімді тікелей сыйлық кесімді дамушы көтеріңкі |
Сурет 15 – Еңбек ақының пішіндері
Кесімді нысаны мына жағдайларда қолданылады:
• тікелей жұмысшының немесе олардың бригадасының жұмыстарының сандыкқ көрсеткіштерінің бар болуы;
• жұмыcшының өндірімен немесе орындалған жұмыстың көлемін арттыру мүмкіншілігі;
• осы учаскеде жұмыcшылapды өнім өндірімнің немесе орындалған жұмыстың көлемін онан әрі арттыруды ынталандыру қажеттілігі;
• орындалатын жұмыc көлемін дәлме-дәл есептеу мүмкіншілігі;
• техникалық негізделген еңбек мөлшерін қолдану.
Еңбекақының кесімді нысаны мына төмендегі жағдайларда пайдалануды ұсынуға болмайды, егер де:
• өнімнің сапасы нашарласа;
• техникалық тәртіптемелер бұзылса;
• жабдықтардың қызмет көрсетулері нашарланса;
• қауіпсіздік техника талабы бұзылса;
• шикізаттар және материалдар артық жұмсалса.
Еңбек ақының мерзімдік нысанында қызметкерлерге eңбекақы белгіленген тарифттік мөлшерлемеге немесе өндірісте ңақты жұмыс іcтеген уақытындағы қызмет ақысын қарай белгіленеді.
Еңбек ақының мерзімдік нысаны жұмыс істеушілердің көтеру және еңбек тәртібін нығайтуды ынаталандырады. Еңбек мерзімдік ақы төлеу нысанын қолдану жағдайы:
• егер де жұмысшы машиналар немесе агрегаттардың өнімділігін арттыру есебімен өнім шығаруды молайтуға ықпалын тигізе алмаса;
• егер де қажетті келісімді бағалауды белгілеу үшін өндірімнің сандық көрсеткіштерінің жоқ болуы;
•ақы төлеудің мөлшері дұрыс қолданған жағдайда. Еңбекке мерзімдік ақы төлеу нысанын қолдану шарттары:
• учаскелерде жұмыс орындарында жұмыстың бас көрсеткіші больш табылатын өнімнің және жұмыстың жоғары сапалылығын қамтамасыз ету;
• жабдықтарға қызмет көрсету деп орындалған жұмыстар, сол сияқты конвейерлік желістегі реттелмеген ырғақтар;
• жұмыстарда көп қажет ететін шығындарды есептеу және еңбекті мөлшерлеу, экономиқалық мақсатқа сәйкес, сол сияқты қызметкердің еңбегі толық мөлшерлеуге келмейді;
• жұмыстарда нысандық мөлшерлеудің болуы және олардың нәтижелерін ескеру, алайда бұл жұмыстардың өндірілімнің орындалуы негізгі көрсеткіштерге жатпайды.
Еңбек ақының мерзімдік нысаны үшін негізгі екі еңбек ақы жүйесі тән: жай мерзімдік және мерзімдік сыйлықақы.
Қызметкердің еңбекақысының мерзімдік жүйесінде уақыттың бір бөлігінде анықталуы мүмкін:
ЕА жм= М х Т
Мұндағы, М – жұмысшының тиісті разрядының сағаты тарифтік мөлшерлемесі;
Т- өндірісте нақты орындалған жұмыстың уақыты, сағаты (күндері).
Қызмткердің еңбекақысының мерзімдік сыйлықақысы жүйесінде мына формула арқылы анықталуы мүмкін:
ЕАмс= М х Т(1+М+К+П/100)
мұндағы, М- белгіленген көрсеткіштерді тарифтік мөлшерлеуге және сыйлықақы шартына сай орындалған сыйлықақы мөлшері (%);
К – белгіленген көрсеткіштердің артығымен орындалғаны және сыйлықақы шартына сай проценттік сыйлық мөлшеру (%);
П- белгіленген көрсеткіштердің артығымен орындалғаны және сыйлықақы процентінің шарты.
Сурет 16 - Жоғары еңбек ақы мен өндіріс көрсеткіштерінің өзара байланысы
Еңбек ақы екіге бөлінеді:
· негізгі;
· қосымша.
Негізгі — бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін еңбек ақы.
Негізгі еңбек ақының құрамына мыналар кіреді:
· жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген еңбек ақы;
· қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;
· жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйксесіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал- сайман мен жабдықтың икемсіздігі);
· кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы;
· ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
· мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
· түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
· жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер;
Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген еңбек ақы.
Қосымша Еңбек ақының құрамына кіретіндер:
· балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы;
· жасөспірімдердің жеңлдік сағаттарына төлем;
· мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
· негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
· пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
· шыққанда берілетін жәрдем ақы.
Негізгі және қосымша еңбек ақылар еңбек ақы қорын құрайды.
Еңбек ақы қорының құрамына еңбек ақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немес натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.