Бап. Билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иемденіп алу

1.Билік өкілеттіктерін алу мақсатында билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамның атагын өз бетімен иемденіп алу-

2.Билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атңаратын лауазымды адамның атагын осы негізде қылмыс жасаумен уштасқан өз бетімен иемденіп алу -

3.Билік өкілеттіктерін алу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституция-сында белгіленген лауазымды атңаратын лауазымды адамның атагын өз бетімен ием-деніп алу -

Билік өкілеттіктерін алу мақсатында билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауа­зымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иемденіп алу үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 390-бабының 1-тармағында белгіленген. Бұл жерде кьілмыс объ-ективтік жағынан — билік өклінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын ла­уазымды атағын өз бетімен иеленіп алуы аркылы істеледі. Осындай атағы бар екеніне басқа біреуді сендіру кьілмыс құрамының негізгі бөлігін құрайды. Мысалы, өзін облыс экімі екендігін растайтын қркатты көрсетуі, немесе ауданның сот судьясы екендігіне күмэн келтірмейтін айғақтар.

Ал осы қылмыстың ауырлататын түрі 390-баптың 2-тармағында көрсетілген.

Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың келтіретін зияны — жауапты мемлекеттік лау-азым атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иеленген адам қылмыстық іс-әрекет жасау арқылы мемлекеттің өкімет немесе басқару органының беделін түсіреді, жұрт алдында мұндай органдардың дұрыс қызметіне орасан зор нұқсан келтіреді. Мысалы, өзін облыстық жол инспекциясының бастығы ретінде көрсетіп, жүргізушіден пара алған жалған жауапты өкімет өкілі, сөз жоқ, осы органның қызметін түкке тұрғысыз, аяқ асты етумен бірге көпшілік арасында бұл органның беделін түсіреді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі басқару тэртібін қамтамасыз ететін жа­уапты өкімет өкілі мен лауазымды адамның бірқалыпты кызметі, ал қосымша тікелей объектісі басқару органының беделі болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыс эрекет күйінде жауапты лауазым атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену арқылы жүзеге асырыла-ды. Өз бетімен иелену деп заңсыз, негізсіз көрсетілген адамдардың атағын, оған құқығы жоқ адамдардың иелік етуін айтамыз.

Бұл жерде жауапты лауазымды өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену фактісі орын алса, қылмыс аяқталған деп танылады (мысалы, осындай жалған атақпен тексеру жүргізу, аталған адамдардың функциясын жүзеге асыру, лицен-зиясыз эрекет жасауға жол беру т.е.с).

Жоғарыда көрсетілген атақтарды иелену арқылы кінэлі адам заң тыйым салған басқа да қылмысты эрекеттер жасаса (заңсыз тінту жасаса, пара алса, тұрғын үйден шығарып жіберсе т.б.), онда оның эрекеті қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сараланады. Өйткені б^л көрсетілген баптың диспозициясы басқадай істелген қылмыстарды қамти алмайды.

Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының тиісті тармағында берілген.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальдық, занда көрсетілген іс-эрекет орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, жа­уапты мемлекеттік лауазым атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену максатымен істеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі — 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің 390-бабының 3-бөлігінде билік өкілеттіктерін алу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымды атқаратын адамның атағын өз бетімен иеленгені үшін жауаптылық белгіленген. Бірнеше лауазы­мды тұлғалардың тізбегі Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленді, мысалы: Республика Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңес, соттар мен сот төрелігі, прокуратура органдарының лауазымды адамдары. Кінэлінің Қазакстан Респуб-ликасы Конституциясы бойынша белгіленген осындай лауазымды атқарған адамның атағын өз бетінше иеленуі осы қылмыстық құқық бұзушылықтың аяқталғанын білдіреді. Егер кінэлі адам осындай атақты иемденумен бірге басқадай қылмысты іс-эрекеттерге жол берсе, онда оның эрекеті қылмыстық құкьіқ бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сараланады.

Наши рекомендации