Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитировкалау

Таза тұқымды қойлардың дене бітімі, өнімділігі, сапасы мен қасиеттері I класс талаптарынан асып түсіп жатса олар элита класына жатқызылады. Кейбір қасиеттерімен ерекшеленетін еттілігі, жүнділігі жағынан жоғары болса да осы класқа жатқызылады. Стандартқа сай көрсеткіштері бар қойлар I класқа жатқызылады. ІІ-ші класқа бір текті жүні, жүн түсімі бар, тірі салмағы, жүн ұзындығы немесе кейбір көрсеткіштері стандарттан төмендеу болған мал жатқызылады. Бұл талаптарға сай келмейтін мал жарамсыздыққа шығарылады.

Будандарға да талап осылай қойылады. Оған сай келмеген биязы жүнді қойлары ІІІ класқа, ал әртекті жүнділері ІV класқа жатқызылады.

Ұсақ, дене бітімі әлсіз, пішінінде кемшіліктері бар, әр түрлі жүні бар мал жарамсыздыққа шығарылады.

Биязылау жүнді қой тұқымдарына олардың өнім ерекешеліктеріне қарай стандартты талаптар қойылады.

Линкольн типтес ұзын жүнді қойлардың стандартыҚойлар ірі, дене бітімі мықты, сүйегі жақсы дамыған, бірақ сөлекет емес, тоқал, майсыз құйрықты. Басы жалпақ маңдайында кекілі бар, беті мен құлағындағы жүні тықыр, мойны жуан. Кеудесі кең, терең, денесі ұзын жалпақ, қабырғалар дөңгеленген, арқасы мен белі тегіс, сандары толық. Аяқтары кеңінен түзу қойылған, тізесі мен тілерсегіне дейін жабағы жүндес, жүні ақ. Жабағы жүні ұзын, төмен қарай салбырап тұрады. Иректігі ірі. Жүні жылтыр, шайыры ақ, ақ-сары, жүннің таза шығымы 60%-дан кем емес, төлшілідігі 110-130%.

Ұзын жүнді ромни-марш типтес қойлар стандарты. Қойлардың дене бітімі мықты, сүйегі жақсы дамыған, бірақ сөлекет емес, тоқал, майсыз құйрықты, еттелігі жақсы дамыған. Басы жалпақ, кеудесі кең терең, алға қарап шығыңқы. Қабырғалары дөңгеленген, денесі ұзын, кеңінен нық қойылған аяқтары бар. Шоқтығы, арқасы, белі, сегіз көзі жалпақ. Сандары толық етті. Басы көзіне дейін, аяғынан тізесіне және тілерсегіне дейін жабағы жүнді. Жүннің түсі ақ, штапельді, штапельді – тұлымды, жүн шығымы 57%-дан кем емес. Төлшілдігі 110-125%.

Ұзын жүнді корридель типтес қойлар стандарты.Қойлардың дене бітімі мықты, сүйегі жақсы дамыған, майсыз құйрықты. Басы жалпақ, тоқал, мойны етті. Шоқтығы, арқасы, сегізкөз жалпақ, түзу. Кеудесі кең, терең алға шығыңқы. Қабырғалары дөнгеленген, денесі ұзын, аяқтары жақсы, түзу қойылған. Саны толық етті. Басы көзіне дейін, аяқтары тізесіне және тілерсегіне дейін жабағы жүнді, жүні ақ түсті, штапельді тұлымды. Шайыры ақ, ақсары. Жүн шығымы 57% -тен кем емес. Төлшілдігі 110-130%.

Қысқа биязылау жүнді қой тұқымдарының стандарты.Бұл тұқымдардың қойлары дене бітімі мықты, еттілік қасиеттері көрнекті, тез жетілгіш болады. Басы қысқа, жалпақ, тоқал, мойны орташа, өте етті. Денесі дөңгеленген, кеңінен жақсы қойылған, қысқалау аяқтары бар. Көкірегі кең, терең, шоқтығы, арқасы, белі, сегіз көзі түзу, жалпақ. Саны етті жақсы толысқан. Жүні басынан көзіне дейін, аяқтарында тізесіне, тілерсегіне дейін жабағы жүнді. Денесінің жүні ақ, бас, құлақ, сирақ жүндері қара-қоңыр болады.

Жабағысы жабық, штапельді, штапельді-тұлымды, шайыры ақ, ақсары. Жүнінде 3-4 ирегі болады. Жүн шығымы -55%-дан кем емес, төлшілдігі 120-130%.

Цигай тұқымының стандартыМалдың бітімі мықты, сүйегі берік, құйрығы майсыз, ұзын. Басы орташа, аталықтары мүйізді, аналықтары – тоқал. Көкірегі кең, терең, шоқтығы, арқасы белі тегіс, жалпақ. Аяқтары мықты, жақсы қойылған, тұяқтары қатты, берік. Басы көзіне дейін, аяқтары тізесіне және тілерсектеріне дейін жүндес. Жүні ақ түсті, штапельді, штапельді-тұлымды, шайыры ақ, ақсары. Жүні иректі, біртекті. Таза жүн шығымы 55%-дан кем емес, төлшілдігі 115%.

Тұлымының Қазақстандағы типі тез жетілгіш, еттік қасиеті жақсы, жүн өнімі жоғары, ұзындау.

Биязылау жүнді қой тұқымдары жеке бонитировкалағанда биязы жүн тұқымдары сияқты көрсеткіштерімен бағаланады. Бірақ тері қатпары есептелмейді, бірақ еттілік қасиеті терең зерттеледі, төлшілдігі қаралады.

53-Кесте. Биязылау жүнді қой тұқымдарының стандарты(1 класс)

Наши рекомендации