Тесіктерді кеулей жону кескіштермен өңдеу

Тесіктерді кеулей жону кескіштермен кеулейжону токарлық білдектерде өңдеудің бір түрі болады.

Кескіштер көмегімен кеулей жону – бұл дайындаманың ішкі цилиндрлік беттерін токарлық өңдеу (3 суретті қараңыз). Кеулейжону сыртқы жонуға ұқсас принципиалды кинематикалық жүйемен өткізіледі. Айналмалы қозғалыс негізгі қозғалыс болады, ал дайындаманың өңделген бетінің айналмалы жылдамдығы – кесу жылдамдығы Тесіктерді кеулей жону кескіштермен өңдеу - student2.ru осі бойлайтын түзусызықты ілгерілмелі қозғалыс Тесіктерді кеулей жону кескіштермен өңдеу - student2.ru беріс қозғалысы болады. Кеулей кесуде әдіпті бірізді кесу сұлбасы сыртқы токарлық өтпелі кескіштің әдіпті кесу сұлбасын айналы қайтарлайды. Кесілетін әдіп екі жағдайда дайындаманың әрбір айналышында бөлек элементтер болып алынады, ұқсама параметрлерімен сипатталып, беріс Тесіктерді кеулей жону кескіштермен өңдеу - student2.ru өлшемімен және кесу тереңдікпен Тесіктерді кеулей жону кескіштермен өңдеу - student2.ru белгіленеді.

Сыртқы жону кеулейжонумен сәйкес; а) кекіштің кесуші бөлігінің барлық геометриялық параметрлерін анықтау; б) кесілетін жоңқаның және дайындамамен жоңқада пайда болатын жаңа беттерді қалыптастыратын процестің шарты; в) кесу режимін ережелеу, параметрлер мен факторлар.

Сонымен бірге кеулейжонудың өзінің ерекшелігі бар: Ішкі кеулейжонудың ерекшелігі болып мыналар жатады:

а) терең тесіктерді кеулейжонуда кесу аймағын көзбен шалудың шектелуі;

б) кеулейжону кескіштердің қатаңдығының аздығы;

в) кесу аймағынан жоңқаны шығуының қиындығы.

Терең тесіктерді кеулейжонуға кеулейжону кескіштің қайырылған кесуші бөлігі бар. Бұл бөлік дөңгелек қимасы ұзын консольді ұстағышта орнатылған. Ұстағыш өзінің кезегінде құралкүймешікте бекітіледі. Кеулейжону кескіш ұстағыштың осіне қатынасты бұрып, оның төбесі дайындаманың айналу осіне қатынасты қажетті жағдайға келтіреді. Сырттай жону кескішке ұқсас кеулейжону кескіштің кесуші бөлігінде Тесіктерді кеулей жону кескіштермен өңдеу - student2.ru және беріктендіру қиыржиектер қайралады. Кеулейжону процесінде кескіш күштерінің әсерімен кеулейжону кескіштің консольді құралбілігі күрделі кернеу жағдайында болады. Тесіктерді кеулей жону кескіштермен өңдеу - student2.ru кесу күші ұстағыштың материалында вертикаль жазықтығында бұрау кернеуі мен көлденең иілуді тудырады. Тесіктерді кеулей жону кескіштермен өңдеу - student2.ru - кесу күші горизонталь жазықтықта көлденең иілудің кернеуінің пайда болуына келтіреді, ал Тесіктерді кеулей жону кескіштермен өңдеу - student2.ru кесу күші эксцентрикалық бойлық иілім туғызады. Бұл ұстағышты серпімді деформацияға және нәтижесінде кеулейжонылған тесіктің өлшемдерінің қателігіне әкеледі. Кесу процесінде ұстағыштың қаттылығының аздығы жиі дірілдің пайда болуына себеп болады. Кескіштің иілуі және діріл пайда болуы кеулейжонуда осы операцияны орындауда кесу режимін шектейтін факторлар болып саналады.

Кеулейжонудағы жоңқаның пайда болу шарты сырттай жонудағы жоңқа пайда болуының шартына ұқсайды.

Сондықтан, сырттай өңдеуде пайдаланылатын кесу жылдамдығын кесу күшін және тиімді қуатты анықтайтын теңдемелер кеулейжонуға да тең келеді.

Наши рекомендации