Азақстанның төлем балансы: қазіргі жағдайы

төлем балансы, төлем теңгерімі – елдің халықаралық алыс-берісінің валюталық түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы нысанындағы теңгерімдік шоты. Төлем балансы екі бөлімнен тұрады, олар: ағымдағы алыс-беріс сауда теңгерімі – тауарлардың экспорты мен импортының С көрсетілетін қызметтер мен бейкоммерц. төлемдерді қамтиды);¯арақатынасы; “көзге көрінбейтін” алыс-беріс теңгерімі капиталдар мен несиелер қозғалысының теңгерімі (мемлекеттік және жеке меншіктегі капиталдардың әкетілімі мен әкелінімін – халықаралық несие алу мен беруді көрсетеді). Төлем балансында халықаралық ақшалай алыс-беріс көрсеткіштері жетекші орын алады, бұл көрсеткіштер “көзге көрінбейтін” алыс-берістер бойынша, әсіресе, сыртқы сауда бойынша төлемдер мен түсімдерден асып түседі. Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше елдер, соның ішінде Қазақстан өкіметі Төлем балансын жасау барысында жалпы тұжырымдалған ұсыныстарды негізге алады, бірақ әр ел өздерінің сыртқы шаруашылық байланыстарын есептеудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша нышандар енгізеді. Жарияланатын Төлем балансында іс жүзінде төленген немесе дереу өтелуге тиіс төлемдер мен түсімдер ғана емес, сонымен бірге халықар. талаптар мен міндеттемелер де, яғни есептесу теңгерімінің нышандары да қамтылады.

Бухгалтерлік тұрғыдан алғанда Төлем балансы. тепе-теңдікте болады, бірақ оның негізгі бөлімдері бойынша егер түсім басқа елдерге төлемдерден асып түссе, актив сальдо болуы немесе түсім төлемнен аз болса, пассив сальдо болуы мүмкін. Сальдо теңгестіруші баптардың есебінен өтеледі. Төлем балансының жағдайы ұдайы өндірісте болатын үдерістерге (экономикалық өрлеу қарқынына, инфляцияға, валюталық бағамның серпініне, төтенше оқиғаларға, елдің әлемдік экономикадағы орнына, т.б.) байланысты. Өз кезегінде Төлем балансының жағдайы ұдайы өндіріске, валюталық бағамға, алтын-валюталық сақтық қорға, сыртқы берешекке, елдің валюталық-экон. жағдайына, капиталдың көші-қонына, әлемдік валюталық жүйеге, дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалын тигізеді. Төлем балансы мемлекеттік реттеу нысаны болып табылады, негізгі баптардың қалыптасуына ( тауарлар экспортын көтермелеуге, шетел капиталының ағынын тоқтатуға, капитал әкетілімін реттеуге, т.б.) және пайда болған пассив сальдоны шетелдік несие мен инвестицияларды тарту, ресми валюталық сақтық қорларды, кейде алтынның босалқы қорларын да тарту есебінен өтеуге бағытталады. Төлем балансының актив сальдосын мемлекет елдің сыртқы берешегін өтеу, басқа елдерге несие беру, алтын-валюталық сақтық қорларын молайту, шетелде “екінші” экономика жасау мақсатымен капитал әкету үшін пайдаланады.

Төлемдер мен ақша ауда­рым­дарының барынша жедел және тиімді жүргізілуі жекелеген шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайына ғана емес, тауарлар мен қаржы нарығында жасалатын операциялардың дер кезінде аяқталуына, бюджетке төленетін төлемдердің өз уақы­тында келіп түсуіне, түптеп кел­генде, жалпы экономиканың тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Соңғы он жылда Қазақстан өзінің төлем жүйелерін жалпы әлемдік үрдістер мен талаптарға сай, ең озық тәжірибелерді не­гізге ала отырып дамытуда үлкен табыстарға қол жеткізді. Қазақ­стан Республикасы Ұлттық банкі­нің еліміздің төлем жүйе­лерін реформалау бағытында жүргізген жұмыстары халықара­лық қаржы ұйымдары (Халықа­ралық валюта қоры, Әлемдік банк) тарапынан бірнеше рет жоғарғы бағаға ие болды. Бүгінгі күні Қазақстан өзінің ұлттық төлем жүйелерін қалыптастыру мен дамытуда ТМД елдері ішін­де өзгелерден әлдеқайда ілгері кетіп, алдыңғы жетекші орында келеді. Көршілеріміз Ресей, Қырғызстан және басқа да ел­дерде төлем жүйелерін рефор­малаудың қазіргі жағдайы мен барысы Қазақстанда 90-шы жылдардың орта шенінде атқа­рылып кеткен шаралардың деңгейінде қалып отыр.

Ел экономикасының қар­қын­ды дамуы жағдайында жылдан-жылға төлем жүйелері арқылы жасалатын қолма-қол ақшасыз төлемдердің тұрақты өсуі байқалады. Тек қана, үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде төлем жүйелері арқылы сомасы 66 трлн. теңге құрайтын жалпы саны 18,2 млн. төлем операциялары жасалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлемдер саны 10%-ға (1,7 млн. транзакцияға), ал сомасы 78,9%-ға (29,1 трлн. тг.) артқан. Бұл, шартты түрде алғанда, әрбір ай сайын еліміздің төлем жүйелерінде жалпы сомасы 2005 жылғы еліміздің ұлттық жалпы ішкі өнімінің (7,6 трлн. тг.) көлеміне бара-бар келетін ақша аударымдары жүзеге асырылып отырылғандығын байқатса керек.

Қазіргі уақытта еліміз аумағында төлемдер жасау мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың 2 жүйесі жұмыс істейді.

– Олар қандай жүйелер және ерекше­ліктері неде?

– Олар атап айтқанда:

1) Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ);

2) Банкаралық клиринг (клирингтік жүйе).

Бұл екі жүйе бір-бірінен жұмыс істеу қағидалары бойынша да, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың механизмдері бойынша да ерекшеленеді.

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі еліміз төлем жүйесінің басты күретамыры болып саналады. Бұл жүйе арқылы еліміздің қаржы секторында жасалатын барлық операция­лар (құнды қағаздар, валюта нарығы, банкаралық депозиттер мен аударымдар) бойынша ірі және жоғары артықшылықты төлемдер жүзеге асырылады. Жүйенің негізгі ерекшелігі, мұнда төлемдердің әрқайсысы дербес негізде нақтылы уақыт режімінде орындалады.

Бұл жүйе арқылы өтетін төлемдер үлесі еліміздің төлем айналымының негізгі бөлігін құрайды: жасалған төлемдер сомасы бойынша - 97,9%, ал төлемдер саны бойынша - 33,6%. Орташа есеппен күндігіне БААЖ арқылы сомасы 345 млрд. теңге құрайтын 33 мың төлем операциясы жасалады.

Клирингтік жүйе – бұл ұсақ төлемдерге арналған еліміздің бөлшек төлемдер жүйесі. БААЖ-дан кли­ринг­тік жүйенің ерек­ше­лігі, мұнда барлық төлем­дер жеке дербес негізде емес, операциялық күн ішінде жүйе қатысушы­ларынан келіп түскен төлемдер бойынша олардың өзара талаптары мен міндеттемелері бойынша таза позициялары анықталып, тек сол анықталған әрбір жүйе қатысушысының таза позициялары көлемінде ақша аударымдарын жүзеге асырудан тұрады. Бұл жүйеде еліміздің төлем жүйесінде жасалған төлемдердің жалпы сомасының шамамен 2%-ы жасалғанымен, төлемдер санының басым бөлігі осы жүйе арқылы өтуде. Күндігіне орташа есеппен клирингтік жүйе арқылы сомасы 7,3 млрд. тг. құрайтын 65 мың төлем операциялары жасалуда.

Осы аталып өткен төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін операторы – “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу Орталығы” республикалық мемлекеттік мекемесі (ҚБЕО) болып табылады.

– Төлем жүйелерін дамытуда алда қандай жұмыстар атқарылмақ?

– Төлем жүйесі еліміз қаржы жүйесінің өміршең маңызды құрамдас бөлігі болғандықтан, бірінші кезекте Ұлттық банк тарапынан үнемі жоғары назар аударуды талап етеді. Соңғы жылдары төлем жүйелерінің тиімділігін одан әрі арттыру мен туындайтын қаржы тәуекелдерінің деңгейін шектеу, оларды басқарудың ұтымды құралдарын қалыптастыру мәселелеріне айрықша мән беріліп отыр.

Төлем жүйесінің тоқтаусыз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Ұлттық банк төлем жүйелерінің жаңа резервтік орталығын құруды жоспарлауда. Жаңа резервтік орталық тек қана төлем жүйелерінің жұмысын ғана емес, сондай-ақ Ұлттық банктің еліміздің алтын-валюта қорын және Ұлттық қорды басқару секілді басқа да стратегиялық міндеттерін жүзеге асырудың үздіксіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында да пайдаланылмақ. Алматы қаласының сейсмикалық жағдайын, басқа да болуы мүмкін техногенді апаттарды ескере отырып, жаңа резервтік орталық Астана қаласында салынатын болады.

Одан басқа, Ұлттық банк Қазақстан төлем жүйелерін Еуропалық Одақ стандарттарына жақындату мақсатында еліміз банктерінің өздері­нің клиенттеріне ашатын банктік есепшот­тарының құрылымын реформалау бойынша жұмыстарды атқармақ.

– Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемін арттыруда төлем карточкалары нарығын дамытудың да маңызы зор екендігі белгілі. Бұл жағынан жетістіктеріміз қандай?

– Атап айту керек, соңғы жылдар кезеңінде төлем карточкалары нарығы жоғарғы қарқынмен даму үстінде. Бүгінгі күні қазақстандық банктер шығарған айналымдағы карточкалар саны 3,98 млн. данаға жетті. Осы карточкаларды ұстаушылардың саны 3,81 млн. адамды немесе еліміз халқының экономикалық белсенді бөлігінің 46,5%-ын құрады. Демек, қазіргі уақытта республи­каның әрбір 4-ші тұрғыны төлем карточкасына ие болып отыр.

2006 жылдың 9 айы ішінде қазақстандық банктердің шығарған төлем карточкаларын қолдану арқылы сомасы 860,7 млрд. теңге болатын саны 47,3 млн. транзакция жасалды. Бұл ретте, төлем кар­точкалары арқылы жасалған барлық операциялар көлемінің 11%-ын қолма-қол ақшасыз төлемдер құраса, басым көпшілігін 89%-ын банкоматтар мен банк кассалары арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша алуға байланысты транзакциялар құраған. Бұл көрсеткіштер, әлі де болса халықтың төлем карточка­ларын басым түрде қолма-қол ақша алу құралы ретінде қолданып отырғандығын көрсетсе керек.

Бөлшек сауда мен қызмет көр­сету саласында төлем карточка­ларын қолдану арқылы жасалатын қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемін арттыру мақсатында Ұлттық Банк пен Үкімет бірлесе отырып, бірқатар жаңа қадамдарға барған болатын. Қабылданған шаралардың қатарында елімізде төлем карточка­ларымен тауарлар мен қызметтер үшін есеп айрысу жасау үшін қабылдайтын сауда ұйым­дары­ның дамыған инфрақұрылымын қалыптас­тыру мақсатында төлем карточкаларын қабыл­дауға міндетті сауда және қызмет көрсету ұйым­дарының санаттары бекітілген 2004 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған Үкіметтің №1328 қаулысын бөлек атап кеткен жөн. Бұл шара қолма-қол ақшасыз төлемдердің артуы мен төлем карточкаларына қызмет көрсететін инфра­құрылымның дамуына айтарлықтай әсер еткені­мен, күткендегідей нәтижелерге алып келген жоқ.

Билет

Наши рекомендации