Зерттеу жҮргізілген аймаҚтыҢ ауа-райы,топыраҚ жаҒдайлары, зерттеу Әдістемесі

Азақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Азақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Жаратылыстану факультеті

Биология кафедрасы

М.Ж. Ешенкулова

«Мақта дақылы егісіндегі өнімнің төмендеуіне әсер етуші факторлармен күресу шаралары»

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

5В011300 - мамандығы «Биология»

Алматы 2015

Азақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Азақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Биология кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Ж

Биология кафедрасының меңгерушісі

б.ғ.к., профессор ________ Р.К. Жексембиев

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Мақта дақылы егісіндегі өнімнің төмендеуіне әсер етуші факторлармен күресу шаралары»

5В011300-мамандығы - «Биология»

Орындаған: М. Ж.Ешенкулова

Ылыми жетекшісі: Қ. И. Оразбаев

А/ш.ғ.к., аға оқытушы

Алматы 2015

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….  
   
1-Бөлім.............................................................................  
1.1 Әдебиетке шолу............................................................................................. 2-бөлім 2.1 Ғылыми жұмыстары жүргізілген аймақтың ауа-райы,топырақ жағдайлары,зерттеу әдістемесі 2.2 Мақта егістігінде жүргізілген технологиялық іс-шаралар 2.3 Арамшөптердің таралу орындары және топырақтағы тұқым қорлары 2.4 Мақта агрофитоцинозындағы арамшөптер мониторингі 3-бөлім 3.1 Мақта дақылының егістігіндегі негізгі арамшөптер, зиянкестер,аурулар және олармен күресу тәсілдері 3.2 Гербицидтердің мақта егістерінде қолданудың мөлшері мен мерзімдеріне байланысты биологиялық тиімділігі 3.3Мақтаның негізгі зиянкестері,аурулары және олармен күресу әдістері 3.4 Мақтаны қорғаудың биологиялық жолдары        
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................  
   
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................  
   
   
     

Кіріспе

Қазақстан өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының көп жылдық мәліметтері бойынша, арамшөптердің кемінде 120 түрі республиканың ауыл шаруашылығына зиянды әсерін тигізеді.

Бірқатар ғалымдардың мәліметтері бойынша, мақта егістіктерін арам шөптердің басып кетуінен жекелеген шаруашылықтар ең төменгі есеппен жыл сайын өнімінің 20-25% жоғалтады. Бұған қоса, арамшөптерді отауға жұмсалатын еңбек шығыны 1 гектарға күніне 25 және одан да көп адамды құрайды. Арамшөптерді дер кезінде және сапалы түрде жойып отырмау, гектарына 2-3 центнерге дейін жететін мақта шйкізатының өнімін кем алудың себебі болып табылады. Мақта шаруашылығындағы арамшөптермен күресуге жұмсалатын материалдық-ақшалай қаражаттардың шығыны, жыл сайын жұмсалатын бүкіл өндірістік шығындардың 40% -ын құрайды [2,3,4,5].

Арамшөптердің таралуына жетімсіз агротехника мен дара дақыл егісі ғана емес, сонымен бірге олардың орасан зор тұқымдық және вегетативті өсімталдығы, құрғақшылыққа төзімділігі, тұқымдарының өнгіштігінің ұзақ уақыт бойы сақталуы, алуан түрлі топырақ-климаттық жағдайларға бейімделгіштігі секілді биологиялық ерекшеліктері де қолайлы жағдай жасайды.

Ғылыми-зерттеу мекемелерінің деректері мен өндіріс тәжірибелері көрсеткендей, мақта егістіктерін арамшөптердің басуын бірден төмендетуге тек агротехникалық шаралар арқылы ғана қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, арамшөптерге қарсы химиялық жолмен күресудің әдістерін жетілдіру ауыл шарушылығы ғылымының өсімдік қорғау саласындағы өзекті мәселе болып саналады.

Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақ жағдайында, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді негізінен ұсақ шаруа және фермерлік шаруашылықтарға беру егіс жағдайының күрт нашарлап кетуіне алып келді, жерлер деградацияға ұшырап, ауыл шаруашылығы айналымынан бірте-бірте шығып қалуда. Ауыл шаруашылығының материалды-техникалық базасының жағдайы төмен күйінде қалуда.

Зерттеулердің мақсаты -Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық - сұр топырақ жағдайында мақта дақылына әсер ететін арамшөптердің зияндылығын төмендету және мақта дақылы өнімділігін арттыру тұрғысында арамшөптерге қарсы гербицидтер қолдану.

Зерттеулердің міндеті:

- ашық сұр топырақ жағдайында мақта агрофитоценозында және егістен тыс жерлерде арамшөптердің түр құрамын анықтау;

- мақта дақылының зиянкестері және ауруларымен күресу жолдарын анықтау;

Зерттеудің теориялық негіздері:Табиғи өсімдіктер қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторларына төзімді болуына байланысты олармен күресу жолдары қиындай түседі. Себебі ауа-райының құрғақ және ыстық болуы зиянкестердің белсенділігін жоғарылатып мәдени дақылдардың даму үдерісіне кері әсерін тигізеді.

Зерттеу нысаны -Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал өңірінде өсірілетін мақтаның биологиялық ерекшелігіне байланысты аргротехникалық жұмыстар, зиянкестері мен ауруларына қарсы шаралар.

Жұмыстың мақсаты:Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық - сұр топырақ жағдайында мақта дақылына әсер ететін арамшөптердің зияндылығын төмендету үшін және оның өнімділігін арттыру тұрғысында арамшөптерге қарсы жаңа гербицидтер қолдану.

Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей тапсырмалар қойылды:

- ашық сұр топырақ жағдайында мақта агрофитоценозында арамшөптердің түр құрамын анықтау;

- мақта егістерінде түрлі мерзімдерде (вегетациялық кезеңде) қолданылатын гербицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау;

Жұмыстың ғылыми жаңалығы Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақ жағдайында бір жылдық және көп жылдық арамшөптерге қарсы жаңа гербицидтер қолданудың тиімді әдістері зерттелді. Мақта егістеріндегі және егістен тыс жерлердегі арамшөптердің түр құрамы мен оған қарсы қолдану мөлшеріне, мерзімі мен тәсіліне қарай гербицидтердің тиімділігі анықталды.

Дебиетке шолу

Суармалы жерде кең тараған арамшөптер екпе дақылдарға табиғи бәсекелестік тудыра отырып, ауыл шаруашылығы өндірісіне аса үлкен зиян келтіреді.

В.А. Захаренко [12], атап көрсеткендей арамшөптерден мақта шикізаты өнімінің жыл сайынғы шығыны АҚШ-та 357, Еуропада 13, Азияда 249 және Африкада 119 мың тоннаны құрайды.

Арамшөптер мақта шаруашылығына алуан түрлі зиян тигізіп тауар өндірушілерді орасан зор шығындарға батырады. Олар өнімнің сапасын төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге түсімін де төмендетіп жібереді: механикаландырылған жұмыстарды қиындатады; тыңайтқыштардың, суарудың тиімділігін төмендетеді; әсіресе шабық жүргізу, тұқымдарды тазалау секілді қосымша шығындарды талап етеді; егістіктерде мақта қозасының зиянкестері мен ауруларының таралуына себепші болады. Нәтижесінде пайдаланылатын жерлердің құндылығы айтарлықтай төмендейді. Арамшөптер еңбек шығыны мен қосымша жабдықтарға жұмсалатын шығындарды көбейтіп жібереді. Ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын, суару танаптарындағы, жол жиектеріндегі, көгалдардағы және ауыл шаруашылық құрылыстарының айналасындағы жерлерді олардан тазартуға кететін шығындарды арттырады.

И.М. Халиловтың [13] пікірі бойынша, арамшөп пен мәдени өсімдіктердің арасындағы су, жарық және қоректік заттар секілді ең маңызды факторларға қатысты нақ сол бәсеке, өнімнің көбірек шығынға ұшырауының себебі болып табылады. Осы факторлардың жетіспеушілігі жағдайында, өзгелерін өсімдік толық мөлшерде, олар мол болған жағдайда да пайдалана алмайды. Мәселен, егер де арамшөптер тарапынан болған бәсекенің салдарынан дақыл ылғалдың жартысын ғана пайдаланып, қоректік заттармен толық қамтамасыз етілсе де, қолайлы жылу факторларының болуы жағдайында да өнім бәрібір едәуір төмендеп кетеді. Және керісінше, ылғалмен толық қамтамасыз етілген жағдайда, өнімнің төмендеп кетуінің себебі, арамшөптердің қоректік заттарды молынан пайдалануы мен олардың дақылды қаулап өсуі арқылы көлеңкелеуі мүмкін. Суармалы жерлерде қоректік заттарға қатысты бәсеке, ылғалмен қамтамасыз етілуге қарағанда күшті байқалады.

Мәдени дақылдар мен арамшөптер арасындағы бәсекелестік қатынастарды зерттеу агрофитоценоздарда жүріп жатқан үдерістерді танып білуге мүмкіндік береді. Жоғары агротехника жағдайында дақылдардың бәсекеге қабілеті арта түседі. Егер де мәдени өсімдіктер қолайлы алқапты алып жатып зор қарқынмен өссе, онда арамшөптер әдеттегідей ығыстырылады. Сондай-ақ керісінше, егер де егін сирек болса немесе оның өсімі баяу болса, арамшөптер қаулап өсіп, дақылдың өнімін төмендетеді.

Ш.У.Жарасов және О.Бигараевтiң [14] зерттеулері көрсеткендей, әр шаршы метрде 5 бір жылдық және 2 көп жылдық арамшөптер болып, олардың салмағы 1,4 кг-ды құрағанда, мақта қозасының өнiмдiлігі төмендеген. Сонымен қатар арамшөптердiң қозаның әлсіреуіне мерзiмдік зерттеулер, арамшөптердің мақта қозасымен 30 күн бойына бiрлесіп өсуі қозаның өнiмдiлігiнiң 74,5% төмендеуіне алып келедi.

Арамшөптер егістікте қозаның көктеуінен бұрын немесе дақылмен бір мезгілде пайда болады. Өсудің басында мақта қозасы баяу дамиды, ал арамшөптер едәуір жылдам өседі, осы арқылы олар қоректік заттар (азот, фосфор, калий) мен судың көп мөлшерін сіңіріп қояды. Қаулап өсе отырып, арамшөптер мақта егістігін көлеңкелейді, оны тұншықтыра бастайды, қалыпты өсуіне, өнімнің дамуы мен қалыптасуына кедергі келтіреді.

Қозаның 1 кг құрғақ заттегінде 1,2-1,5% азот, 0,6-1,2% фосфор және 1,5- 2,4% калий болатындығы, ал арамшөптерде тиісінше 2,5-4,5; 0,5-2,0 және 5,0% болатындығы анықталған. Олар суды қозаға қарағанда 2 есе көп пайдаланады [15, 16, 17].

Д. Дадабаевтың және т.б. [18] ғалымдардың мәліметтеріне сүйенсек, орташа тұздалған мақта егістіктерінде бір вегетациялық кезең ішінде, арамшөптердің 1000 – 1500 м2 суды буландырып жіберетіндігі анықталған. Бұл көрсеткіштер жылдық суару мөлшерінің төрттен бір және бестен бір бөлігін құрайды.

В.А. Алабушев, Г.Я. Лапченков [19] атап көрсеткендей, ылғалдың жалпы қоры оны арамшөптердің тұтынуының есебінен 4,0- 12,0%-ға төмендейді.

Арамшөптердің жекелеген түрлеріне тоқтала келіп, Э.И. Зауров және т.б. ғалымдар [20] аса жоғары ластанған жағдайда түйе жантақтың бір ай көлемінде бір гектардан 653 м3, ал дала шырмауығының 500 м3ылғалды тұтынатындығын атап айтады.

Ылғалдың орасан көп мөлшерін тұтына отырып, арамшөптер топырақтағы мақта қозасына қажетті қоректік заттардың үлкен мөлшерін сіңіріп алады. С.А. Гильдиев [21] анықтағандай, мақта егістіктеріндегі бірқатар арамшөптердің құрғақ заттегінде 2,5-4,5% азот, 0,5-2,5% фосфор қышқылы және шамамен 5,0% калий, ал мақта қозасының құрғақ заттегінде – 1,2-2,2% азот, 0,6-1,2% фосфор қышқылы және 1,5-2,1% калий болады.

В.П. Петельконың [22] мәліметтері бойынша, арамшөптердің фосфорды, мәселен, жүгеріге қарағанда 5 есе көп сіңіруге қабілеті бар. Арамшөптің тамырларының бөлінісі (дала шырмауығы) мәдени өсімдіктердің тұқымдарының өсіп шығуын тежейді, ал бақбақ тұқымдарының радиоактивті элементтерді (стронциді, кобальтті) жинақтап (сіңіріп) алуға қабілеті бар. Қара сұлы тат ауруы мен бидай қаракүйесінің таралуына жағдай жасайды. Арамшөптердің топырақтан азотты, фосфор мен калийді алып шығуы гектарына 69 дан 149 кг дейінгі мөлшерді құрайды [23].

А.В. Бешановтың [24] мәліметтері бойынша арамшөптер, енгізілетін тыңайтқыштардың 1/3 бөлігін пайдаланады, ал Б. Алеев, А. Ариповтың және Э. Цойдың [25] берген мәліметтері бойынша, азоттың гектарына 60-140 кг, фосфордың 20-30 кг және калийдің 100-140 кг пайдаланады.

Э.Л. Алхасьянц және т.б. ғалымдар [26] сәлемшөптің өзінің көктеуінен бастап, физиологиялық пісіп жетілуіне дейін гектарына 95,6 кг азотты, 116,6 кг фосфорды және 96,4 кг калийді пайдаланатындығы туралы мәліметтерді келтіреді. Әр түтікке 5 өсімдіктен тура келетін бастапқы тығыздық жағдайында дамуының 2 аптасынан кейін арамшөп аумақтың 21,8%, 4 аптадан кейін 28,8%, 6 аптадан кейін – 53,4% алып жатты.

Б.Г. Алеевтың мәліметтері бойынша, [27] қуатты даму жағдайында, арамшөптердің жер бетіндегі массасы мақта қозасының массасынан 25 есе және биіктігі бойынша 2-5 есе асып түсуі мүмкін. Бұл қозаның көлеңкеде қалып қоюына, оның сабақтарының созылып, жатып қалуына, нәтижеде оның қауашақтары мен талшықтарының шіріп кетуіне алып келеді. Жатып қалған өсімдіктер өнімді жинап алуды қиындатып жібереді, терім машинасын қолданудың мүмкіндігін мүлдем жоққа шығарады.

О.А. Карогодинның және тағы басқалардың [28] Таш АШИ-ң тәжірибелі станциясының аумағындағы сұр топырақты жерлерде жүргізген тәжірибелері, арамшөптермен ластану дәрежесі қауашақтардың қалыптасуына кері әсер ететіндігін анықтады. Мәселен, арамшөптердің шаршы метрге 2 дана болғандығының өзі қауашақтардың тамыз айында 3,0%-ға, ал қыркүйекте -1,5% кемуіне алып келді. Бақылаумен салыстырғанда тамыз айында мақта егістігінде құмайдың көбейіп кетуі, қозаның жеміс шығаруын қыркүйек айына қарағанда көбірек қысып тастаған.

Керн округіндегі (АҚШ) үш жылдық зерттеулердің нәтижелері бойынша мыналар анықталды: мақта егістігін гүлтәжінің, қара алқаның, күрмек тарының, құмайдың, салалы қарашағырдың (соражырық), домалақ сәлем шөптің және дала шырмауығының және т.б арамшөптердің басып кетуі, осы ластанудың дәрежесіне қарай өнімнің 5,0%-дан бастап 45,0%-ға дейінгі бөлігінің жоғалуына алып келетіндігі анықталған. Орташа есеппен алғанда, 3 жылдың ішінде өнімнің шығыны 40%-ы құрады. Арамшөптермен күресу шараларына-мақтаны күтіп баптауға жұмсалатын қаражаттың шамамен 10% жұмсалады. Гербицидтер мен оларды қолдануға гектарына 53 доллар, арамшөптерді қолмен шабуға 68 доллар, егістіктерді қопсытуға 60 доллар. Барлығы 181 доллар жұмсалады [29].

Арамшөптермен күресу, мақтаны (қозаны) күтіп-баптаудың технологиялық үдерісіндегі еңбекті ең көп талап ететін шара болып табылады. Кейбір арамшөптердің өскіндері мақта өскіндерімен бірдей бір мезгілде пайда болады және кейінгі жаздық арамшөптер бір ай ішінде де өсіп шыға береді, бұл оларды қопсыту арқылы жойып жіберуді қиындатады. Сондықтан, мақтаны күтіп баптаудың қалыптасқан технологиясы жағдайында арамшөптерді жою-көбінесе қолмен жүргізіледі. Бұл еңбектің жоғары өнімділігі мен мақта шикізатын өндіруге жұмсалатын шығындарды азайтуды қамтамасыз ететін, арамшөптермен күресудің кешенді, тиімді тәсілдерін іздестірудің қажеттілігін туындатады.

С.Н. Алимухамедов пен А.Ш. Шамуратов [30] атап көрсеткендей, мақта егістігінде арамшөптерді үш рет шабу (отау) арқылы қолмен жою 1 гектарына сағатына 90 адамға тең еңбек шығынын талап етеді. Т. Мусаевтың [31] пікірі бойынша, мақта егістіктеріндегі арамшөптермен күреске жалпылама шығындардың 29-27% жұмсалады.

Арамшөптердің мәдени дақылдарға тигізетін орасан үлкен зияны туралы өз еңбектерінде В.А. Захаренко [32] А. Журакулов [33] т.б. авторлар келтірген. Осыған байланысты арамшөптерге қарсы іс-шараларды минералды тыңайтқыштардың тиімділігін көтеруге бағытталған маңызды шарт ретінде қарастыру қажет [34].

Арамшөптер көптеген зиянкестер мен аурулардың да ошағы екендігі анықталды. Мақтаның өрмекші кенесінің, күздік көбелектің, карадриннің, біте мен шашаққанат көбелектің көктемде алдымен арамшөптерде, содан соң қозаға ауысатындығы белгілі. Жоңышқа бізтұмсығының, сондай-ақ мақта және бақша бітелерінің көбею ошағы қара алқа арамшөбі болып табылады. Мақта көбелегі бастапқы кезеңде алуан түрлі арамшөптермен қоректене отырып тыңайған, тастама жерлерде мекендейді. Мақта зиянкестері негізінен дала шырмауығы, гүлтәжі, жұмыршақ, мия секілді арамшөптерге ұялайды [35].

Арамшөптердің тұқымдарының жаппай таралуының негізгі көзі егін суаратын су болып табылады, сумен тұқымдар мен вегатативті мүшелер үлкен қашықтықтарға таралады. Мақта егістіктерінің маңында, суландыру торабының бойында және жол жиегінде өсетін арамшөптер бүкіл жаз бойы бірнеше рет ұрықтанып, олардың тұқымдары желмен, малмен және құстармен жан-жаққа таралады. С.Х. Юлдашев және т.б. [36] авторлар атап көрсеткендей, әр түрлі арамшөптердің тұқымдарының (ұрықтарының), тамырлары мен тамыр сабақтарының қоры негізінен жыртылатын (0-30 см) қабатта болады. Арамшөптердің негізгі массасы топырақтың жоғарғы (0-10 см) қабатынан өсіп шығады. Егістіктің 1 га көлемдегі 0-40 см жыртылатын қабатта арамшөптердің алуан түрлі ботаникалық тұқымдасының 100 млн-нан астам тұқымы кездеседі.

А. Журакуловтың [37] мақта егістіктеріне арамшөптер тұқымдарының таралу тәсілдері туралы мәліметтері іс жұзінде қызығушылық туғызады. Мәселен, автордың есебінше орташа есеппен алғанда 1 гектарға шаққандағы мақта егістігіне суармалы су арқылы 20847, жел арқылы 4270000 дана, құстар арқылы 119000 дана тұқым жинақталған. Міне, осылайша, мақта егістігіне арамшөптердің сырттан келетін тұқымдарының жалпылама саны 1 гектарға 4409847 дана болған.

Бұл қорлар оншалықты тұрақты емес: бір жағынан топырақ, тұқымдардың бір бөлігінің өсіп шығуынан, әр түрлі жертесерлердің жеп қоюынан және табиғи өлудің есебінен өздігінен тазарып отырады, екінші жағынан олардың қоры өсімдіктердің өсіп-өну кезеңінің ішінде тұқым себуінің, арамшөптердің тұқымдарының сырттан, соның ішінде топырақты өңдеу құралдарымен әкелінуі есебінен үнемі толығып отырады.

В.В. Исаев [38], Б. Сабиров [39] түрді сақтап қалуға деген тұқым қуалаушылық бейімділігінің салдарынан арамшөптер жоғары өсімталдық, пісіп жетілуінің біркелкі болмауы және тұқымдарының түсіп шашылуының жоғары болуы секілді бірқатар биологиялық қасиеттерге ие болады деп есептейді. Авторлардың мәліметтері бойынша, қалыңдығы 30 см болатын жыртылатын топырақ қабатында орташа есеппен алғанда 1 гектарда арамшөптердің 100 млн.-нан 2 млрд.-қа дейін тұқымы болуы мүмкін. Бұдан басқа, топырақтар арамшөптердің тамыр сабақтарымен де ластанған.

Міне осылайша, арамшөптердің таралуының себептері мен жағдайлары мынадай екі фактордан тұрады: біріншісі – табиғи-жаратылыстық; екіншісі – тірі ағзалардың биологиялық қызметі. Бірінші факторға су мен ауа (жел) жатады, мұның арқасында барлық аймақтардағы егістіктер жүйелі түрде ластанып отырады. Мақта қозасы вегетациялық кезеңінде бірнеше рет суарылады. Арамшөптер толық пісіп жетілген сатысында тұрған кезде, олардың тұқымдары алыс қашықтықтарға әсіресе, суару әлі де болса, жүргізіліп жататын жаздың екінші жартысында, су мен ауаның көмегімен таралады. Егістіктерді бөліп тұратын шекаралар да мақта алқабына арамшөптердің тұқымдарының таралуының басты ошақтарының бірі болып саналады. Биологиялық факторға арамшөптердің тұқымдарын тасымалдаушы болып табылатын жануарлар мен адамдардың іс-әрекеттері де жатады. Жануарлар қорек ретінде пайдаланатын арамшөптердің тұқымдары, ішек қуысынан өте отырып, өнгіштігін жоғалтпайды да, топыраққа нәжіспен бірге қайта оралады. Сондықтан, топырақта арамшөптердің тұқымдық қоры тұрақты түрде жинақталып толығып отырады. Көптеген арамшөптердің өміршең тұқымдары, мәдени дақылдардың пісуінен кейін қолайлы жағдай болып тұрғанның өзінде де бірден өніп кете қоймайды. Тұқымдардың мұндай ерекшелігі тыныштық кезеңі немесе өнуінің кешеуілдеуі деп аталады. Пісіп жетіліп, топыраққа түскен тұқымдардан қолайлы жағдайларда олардың бір бөлігі ғана өніп шығады, ал қалғандары тыныштық күйде қалып, келесі жылы өніп шығуы мүмкін. Бұған тыныштық жағдайы ғана емес, сонымен бірге топыраққа көміліп қалған тұқымдардың өніп шығуына қажетті оттегінің немесе жылудың жетіспеуі де себепші бола алады. Алайда, топырақтың жоғары қабатында тағы да пайда болысымен, мұндай тұқымдар өніп шыға береді. Міне осылайша, арамшөптердің тұқымдарының алғашқы жылы өніп шыға алмауы, табиғи қалпымен де, жасанды тыныштық қалпымен де байланысты бола береді.

В.А. Каспаров пен В.К. Промоненковтың [40] жүргізген талдауынан арамшөптердің 60 тұқымдасының 200 түрі дүние жүзінің ауыл шаруашылығына орасан үлкен залал келтіретіндігі, олардың 57% бір жылдық өсімдіктер құраса, ал 43% көпжылдық өсімдіктер құрайтындығы белгілі болып отыр. Олардың ішінде, 80 түрі ерекше қауіпті арамшөптер болып табылады әрі көпшілігі астық және күрделі гүлді тұқымдастарына кіреді. Олардың ішінде – домалақ сәлемшөп, салалы қарашағыр және цилиндрлі императа секілді вегетативті жолмен көбейетін аса зиянды түрлері бар.

Х.Х. Кимсанбаев және т.б. ғалымдар [41] тығыздығы мен жиі кездесуі бойынша егістіктердегі арамшөптердің басым түрі бір жылдық арамшөптер болып табылады, олардың саны жалпылама арамшөптердің санының 61% құрайды деп есептейді.

И.М. Халилов [13, 11 б.] кейбір арамшөптер белгілі бір дақылдардың күтіп бапталу жағдайларына арнайы бейімделген болып келеді деп есептейді. Мәселен, отамалы дақылдардың егістіктерінде олармен үнемі ақ алабұта, гүлтәжі, бөрітарақ, күрмек тары, алқа, дала шырмауығы, салалы қарашағыр ілесе өссе, ал дәнді дақылдардың егістерінде – қара сұлы, түкті сұлы, гүлкекіре, укекіре, арпабас, қалуен, иіссіз түймедақ; жоңышқа алқабында – қызыл таспа таран, жұмыршақ, шашыратқы, жөргем, бақбақ; күріш егістігінде – күріштектес тарыкеш, кәдімгі қамыс, қиякөлең, су бұрышы, қырықбуын ілесе өседі.

А.И. Мальцев [42] мақта өсіруші аудандарда кәнігі арамшөптердің бір жылдық болсын, көп жылдық болсын 35 түрі кездеседі деп атап көрсетеді. Бұлардың екі түрі де мақта шикізатын түсіп жататын жапырақтарымен құрғап кеуіп қалған сабақтарымен ластайтынын айтпағанның өзінде мақта қозасының өсуі мен дамуын едәуір тежейді. Арамшөптер көптеген жылдардан бері мәдени өсімдіктермен бәсекелесе отырып, өздерінде құрғақшылыққа, топырақтағы ылғал және қоректік заттардың, жылу мен жарықтың тапшылығына, топырақтың батпақтығы мен тұздылығына және мақтаның өсуіне жағымсыз ықпалы бар өзге де факторларға төзе беруге мүмкіндік беретін биологиялық ерекшеліктерді қалыптастырады. Сондықтан, мақта алқабында бір мезгілде дара жарнақтылар немесе қосжарнақтылар тобына жататын арамшөптердің әртүрлі тұқымдастарының өкілдерін кездестіруге болады. Ғалымдардың мәлімдеуінше Қазақстанның оңтүстігіндегі мақта егістігінде 30-ға жуық арамшөптердің түрі кездеседі. Ең көп кездеседін арамшөптер кәдімгі гүлтәжі, күрмек, бақша қараоты, дала шырмауығы, жантақ, ажырық, ақ алабота және тағы басқалар [43, 44, 45, 46, 47].

Е.А. Захаренконың [48] мәліметтері бойынша, дүниежүзілік егіншілік шаруашылығында егістік алқаптарын арамшөптердің 200 түрі басады, олардың 120 түрі аса қауіпті болып есептелінеді. Мақта алқаптарына ақ алабұта, дала шырмауығы, дала қалуені, құмай, жатаған бидайық, салалы қарашағыр, домалақ сәлемшөп, кәдімгі қамыс секілді арамшөптер тән.

Б.Г. Алеев [25, 12 б.] көп жылдық зерттеулерінің нәтижелері бойынша мақта егістіктерінде кездесетін арамшөптерді мынадай топтарға бөледі: біріншісі 150-дей түрден тұратын бір жылдық арамшөптер. Ең көп таралғандары - итқонақ, күрмек тары, ақ алабұта, кәдімгі гүлтәжі, канада майдашелегі, қара алқа, бір жылдық жусан болып табылады. екінші тобы, екі жылдық өсімдіктер - ибериялық гүлкекіре, жабайы сәбіз, кәдімгі шығыртікен. үшінші көп жылдық арамшөптер, олар а) кәдімгі шашыратқы, үлкен жолжелкен көбірек тараған барлығы 20 түрі бар сояу тамырлы шөптесін өсімдіктерден; ә) арасында дала шырмауығы, жатаған укекіре, дала қалуені, жалаң мия бар барлығы 20 түрден тұратын атпа тамырлы өсімдіктерден; б) арасында ғұмай, соражырық, жатаған бидайық, домалақ сәлемшөп, кәдімгі қамыс, дала қырықбуыны, бұтақты қырықбуын бар 20 түрден тұратын тамыр сабақтылардан тұрады.

М.А. Лозоватская [49] кейінгі зерттеулерімен Өзбекстанның мақта егістіктерінде арамшөптердің 100-ден астам түрі кездесетіндігін, олардың 60% бір жылдық, 40% көп жылдық арамшөптер құрайтындығын анықтады. Бір жылдық арамшөптерден көбірек кездесетіндері: ақ алабұта (Chenopodium album L.), кәдімгі гүлтәжі (Amaranhtpus retroflexus L.), бақша қараоты (Portulaca olerallae L.), қара алқа (Solanum nigrum L.) үш қатарлы бөрітарақ – (Hibiscus trionum L.), дәрілік таран (Fumaria vaillantii L.), бұйдакендір (Abutilon avicennae L.), көкшіл мысыққұйрық (Setaria viridis L.) Pers), күрмек тары (Echinochloa crus galli L.), көп жылдық арамшөптерден құмай (Sorghus halepense (L.).Pers) салалы қарашағыр (Cunodon dactylon (L.) Pers), домалақ сәлемшөп (Cyperus rotundus L.), дала шырмауығы (Convolvulus arvensis L.), шығыс текесақалы (Dodartia orientalis L.) және т.б. жиі кездеседі.

Көптеген жылдар бойы, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктеріндегі арамшөптердің өсуін тежеу мен оларды жоюдың алуан түрлі амалдары мен тәсілдері жасалынып келді. Арамшөптер кешенді агротехникалық, биологиялық және химиялық әдістер арқылы жойылуда.

Аймақтық агротехникалық іс-шаралар сүдігерді, екі сатылы терең жыртудан, топырақты егуден бұрын өңдеуден (малалау, қопсыту), егістікті қатараралық өңдеуден және шабықтаудан құралады.

Биологиялық іс-шараларға - дақылды алмастыру, өсімдіктердің өсу тығыздығының толықтығы, жиілетілген егістіктер жатады. Мақта қозасының вегетациялық кезеңіндегі механикалық шараларға- егістіктерді жүйек аралық өңдеу, яғни қопсыту кіреді. Қопсытумен бірге шабықтау да жүргізіледі.

Мақта егістіктеріндегі арамшөптерге қарсы агротехникалық тәсілдер ауыспалы егістіктерде тиімдірек болып келеді, олар арамшөптердің таралуы мен олардың түрлерінің әр алуандығын шектейді. Әрбір нақты дақылға соның өзіне тән арамшөп ілесіп жүреді. Сондықтан, бір дақылды ауыстырмастан жыл сайын еге беру, сол арамшөптердің көптеп жинақтала беруіне алып келеді. Мақта-жоңышқа ауыспалы егістігінде, жоңышқа мал шаруашылығы үшін азық алудың көзі ретінде қызмет етіп қана қоймай, сонымен бірге ол топырақтың құнарлығын күшейтіп, техникалық дақылдар, әсіресе мақта үшін жақсы алғы дақыл болып табылады, топырақта түйнек бактериялардың көмегімен биологиялық азоттың жинақталуына жағдай жасайды. Бұл түбінде дақылдардың өнімділігіне қолайлы әсер етеді.

М.В. Мухамеджанов [50] атап көрсеткендей, қуатты тамыр жүйесін қалыптастырған жоңышқа шіріген кезінде топырақта ыдырай отырып, шіріндінің үлкен мөлшерін қалыптастырады. Мұндай топырақтарда оның нитрофикациялық қабілеттерін арттыратын белсеңді микробиологиялық үрдістер жүріп жатады, мұның мәдени дақылдардың қорегінде шешуші маңызы бар, ол топырақтың су-физикалық қасиеті жақсартады.

М.А. Сорокин [51], З.С. Турсунходжаев [52], Э.С. Могданкулов [53] өз тәжірибелерінде ауыспалы егісті игеру мен ендіру топырақтың су-физикалық қасиетінің жақсаруына және оның органикалық заттармен баюына мүмкіндік беретіндігін атап көсетеді.

З.С. Турсунходжаев, А.С. Болкунов [54] атап көрсеткендей, БМШҒЗИ зерттеулері мақта шаруашылығында ғылыми негізделген ауыспалы егісті қолдану арамшөптермен күресудің тиімділігі жоғары тәсілі болып табылатындығын дәлелдеді. Ауыспалы егіс алқаптарында, дақылдар тұқымын себу мөлшерін сақтау, оларды күтіп баптаудың алдыңғы қатарлы агротехникасын қолдану, мал азығы дақылдарының бітіктігін сақтауға, өнімнің артуына және арамшөптерді едәуір түрде жоюға септігін тигізеді. Бұл жағдайда, ауыспалы егіс мақта егістігінің арамшөптермен ластануын төмендетудің биологиялық факторы ретінде қызмет етеді. Мұның нәтижесінде, арамшөптерді қолмен отауға кететін еңбек шығындары мен құралдары азаяды, ал бұл өз кезегінде еңбек өнімділігінің артуына және алынатын өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне алып келеді.

Басым зерттеулерде ең жоғарғы тиімділік мақталы-жоңышқалы ауыспалы егістігінде алынды. Мұнда арамшөптердің мөлшері 3 жылдық жоңышқалық қабат бойынша мақтаның дара дақылдарымен салыстырғанда 2 есе аз болған (12,8 д/м2) [55].

Бұрынғы Бүкілодақтық мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Пахтаарал тәжірибе станциясының мәліметері бойынша сорлануы орташа, жер асты сулары 2-3 м тереңдікте жатқан, орташа сазды, ақшыл сұр топырағында жоңышқамен бірге қолданылатын мақталық ауыспалы егістіктердің, бір жылдық арамшөптерді де, көпжылдық арамшөптерді де едәуір дәрежеде тұншықтыра алатындығы анықталған [56].

Мақталық-жоңышқалық ауыспалы егістерімен қатар, арамшөптермен күресудің тиімділігі жоғары тәсілі ретінде мал азығы дақылдарының бір жыл бойы өңделуінің сараланған кестесі де болып табылады. Алайда, мал азығы дақылдарын күтіп-баптаудың аймақтық агротехникалық шараларымен мен ауыспалы егісті сақтамау арамшөптердің жойылуына емес, керісінше олардың қаулап өсуіне қолайлы жағдай жасауы мүмкін. Бұл жерде егуді таза тұқымдық материалмен (әсіресе жоңышқаның) жүргізу қажет. Мал азығы дақылдарының тұқымдарын тазартудан өткізбей егу арамшөптердің, оның ішінде карантинді түрлерінің таралуына жағдай жасайды.

Э.С. Магданкулов [53, 17 б.] ауыспалы егістің барлық дақылдары бір дақылды үздіксіз күтіп баптай беруге қарағанда жақсы дамиды деп есептейді.

Б.Г. Алеев пен К.Б. Бахрамов [57] мынаны анықтаған: мақталы-жоңышқалы ауыспалы егісіндегі мақта егістігінің арамшөптермен ластануының төмендеуіне (60-98% дейін) көбірек әсері гербицидтерді қолданудың аясында жүріп жатады.

А.К. Кошкаров, Д.Б. Бахромов [58] P. Shepard [59] ауыспалы егістегі жоңышқаны күтіп-баптау мақта егістігіндегі бір жылдық және көп жылдық арамшөптердің (әсіресе көпжылдық) едәуір түрде тұншықтырылуына септігін тигізетіндігін анықтады.

Г.И. Баздырев және т.б. ғалымдар [60] және А.В. Захаренко [61] атап көрсеткендей, ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінде арамшөптермен күресу жүйесіндегі агротехникалық тәсілдердің негізі - ауыспалы егіс болып табылады. Ауыспалы егіс дақылдарын дұрыс алмастырып отыру – арамшөппен жүргізілетін күрестегі ең маңызды іс-шара. Бір алқапта бір дақылды бірнеше жыл бойы өсіре беру, сол егістікте өсуге дағдыланған арнайы арамшөптердің санының артуына қолайлы жағдай жасап береді.

А.В. Фисюновтың [62] пікірі бойынша, әртүрлі биологиялық ерекшеліктері бар, демек оларды өңдеудің тәсілдеріне қатысты әртүрлі талаптары бар егін дақылдарының болуы, топырақты жылдың әртүрлі кезеңінде өңдей беруге мүмкіндік береді.

А.М. Гулидов [63] мақта алқаптарындағы арамшөптермен күресте егістіктердің арамшөптермен ластану дәрежесін, олардың биологиялық тобын, топырақ-климат жағдайларын ескере отырып, алдын ала дайындалған іс-шаралардың кешенін қолдану қажет деп есептейді.

Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді негізінен шаруа және фермерлік қожалықтарға беру егістік жағдайының күрт нашарлап кетуіне алып келді, кейбір жерлер бірте-бірте тозып, ауылшаруашылық айналымынан шығып қалуда. Сондықтан тауар өндірушілер қолмен отауды (шабықты) жүргізуге мәжбүр, ол көп жылдық, әсіресе тамыр сабақты арамшөптерге қарсы оң нәтиже бермей келеді [64].

Арамшөптермен күресудің агротехникалық тәсілдерінің жүйесінде маңызды орынды жер жырту алады, оның міндетіне топырақты қопсыту, арамшөптердің өскінді қалдықтары мен тұқымдарын терең етіп көміп тастау кіреді. Топырақта арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, агротехниканың өзге де тәсілдерімен үйлестіре отырып дұрыс және дер кезінде негізгі өңдеу – бұл егістікті олардан тазартудың сенімді тәсілі болып табылады. Бұған ПЯ-3-35 соқасымен 35-40 см тереңдікте екі сатылы етіп жырту жауап береді. Бұл жерде, арамшөптердің тереңге көмілген тұқымдары мен тамыр сабақтарының бөліктері өспей қалады. Екі сатылы жырту кәдімгі жыртумен салыстырғанда (25-30 см) арамшөптермен ластануды едәуір төмендететіндігі және мақта шикізаты өнімінің ұлғаюына жағдай жасайтындығы дәлелденді. Арамшөптерді дер кезінде жойып отыру және олардың топырақтағы тұқымдық қорын азайту, мақтаның өнімін ұлғайтудың маңызды шарты болып табылады [65].

З.С. Турсунходжаев, А.С. Болкунов [54, 17 б.] өз ойларын былайша қорытады. Қашқадария облысының тақырлы топырақтары жағдайында байырғы мақта егістігінде жер жыртуды 30 см-ден 40 см-ге тереңдету-мақта егістігінің арамшөптермен ластануын төмендетудің тиімді тәсілі. Мақталы-жоңышқалы ауыспалы егісті енгізу мақтаның ұзаққа созылған дара дақылымен салыстырғанда арамшөптердің мөлшерін 2 есеге төмендетеді. Ауыспалы егістікте жер жыртудың ауыспалы тереңдігін жоңышқаны жыртудың 40 см аясында қолдану арамшөптерді көбірек жоюға септігін тигізеді.

В.П. Кондратюктың, Л.П. Мякшиевтің [66] мәліметтері бойынша, екі сатылы жырту арамшөптермен күресті отамалы дақылдарда сәтті түрде шешеді. Бұған қоса, мақтаны күтіп-баптау кезінде, өңдеулердің санын екі-үш есе кемітіп, арамшөптердің санын 30-80% азайтады. Екі сатылы жыртуда арамшөптердің терең көмілген тұқымдары мен ұсақ тамыр сабақтары қорек пен ауаның жетіспеуінен өсіп шыға алмайды да, өліп қалады. Ғалымдар, топырақты мақта егістігі үшін негізгі өңдеудің ең озық тәсілі ретінде - қабатты аударып жырту болып табылады деп есептейді. Екі сатылы жырту қабаттың толық аударылуын қамтамасыз етеді, топырақтың құрылымын жақсартады, арамшөптердің тұқымдары мен тамыр сабақтарын терең етіп көміп тастайды, мақта қозасының өсуі мен дамуын белсенділендіре түседі және мақта шикізатының өнімін гектарына 2-3 центнерге ұлғайтады.

А. Жорақұлов [33, 13 б.] 40 см екі сатылы жырту арамшөптердің мөлшерінің азаюын 30 см екі сатылы жыртуға қарағанда көбірек дәрежеде қамтамасыз етеді деп тұжырымдайды. Мұның аясында егістіктің арамшөптермен ластануы алғашқы жылы үш қопсытудың алдында қолданғаннан кейінгі әсерінен 41,8; 58,0 және 30,8%-ға төмендеп кеткен.

Мақтаны 30 см тереңдікте сүдігер жыртудың аясында, арамшөптермен күресудің өзге шараларын қолданбастан алмастырмай өңдеген жағдайда, алғашқы жылы бірінші қопсытудан алдын қолданғаннан кейінгі әсерден бір жылдық арамшөптер шаршы метріне 31,7 дана, көп жылдық арамшөптер шаршы метріне 6,3 дана болған. 40 см тереңдікпен жыртқанда шаршы метріне 24,4; 4,2 дана болған. Бірінші қопсытудан үшінші қопсытуға дейін бір жылдық және көп жылдық арамшөптердің жалпылама мөлшері заңды түрде төмендеп отырған.

Бұрыңғы Бүкілодақтық МҒЗИ-ның Сурхандария тәжірибе станциясында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша М.Таджиев пен Ч. Бекмуратов та [67] осындай мәліметтерді келтіреді.

Т.З. Файзиевтың [68] деректері бойынша, сүдігер жырту қолданылған егістікте арамшөптермен ластану гектарына 90 мыңды құраса, топырақты негізгі өңдеусіз бұл көрсеткіш гектарына 174 мың болды, яғни сүдігер жырту егістіктің арамшөптермен ластануын екі есеге азайтып жіберген.

К.Тұргұнбаев [69] мынадай мәліметтерді келтіреді: арамшөптердің ең көп саны, кәдімгідей 30 см тереңдікте жыртуда 1 шаршы метрде 26,8 ден 62,0 данаға дейін байқалған. 40 см тереңдіктегі екі сатылы жер жырту қолданылған жерде бақылаумен салыстырғандағы арамшөптермен ластану азайып, олардың саны шаршы метріне 10,9 дан 26,0 дана болған.

Э.В. Цой [70], 30 см етіп екі сатылы жер жыртуда шырмауықтың өсіп шыққандығын, 40 см етіп жер жырту мен 3 рет шабықтау жағдайында дала шырмауығының күрт жойылуы 67,3% болғандығын анықтады.

А. Эсенов [71] дербес агротехникалық тәсіл ретіндегі терең екі сатылы жыртудың арамшөптерді жоюға осыған ұқсас 30 см жыртудың алдында артықшылықтарының бар екендігін, бұған қоса, барлық арамшөптердің санының азаюы 24,6% құрағандығын, соның ішінде көп жылдық дара жарнақтылар 43,8% -ға кемігендігін атап көрсетеді.

Я.В. Губанов [72] көрсеткендей, тереңдетіп сүдігер жырту мақтаның зиянкестері, аурулары және арамшөптерімен күресудің ең озық әдістерінің бірі болып табылады, сондай-ақ, тереңдетіп жырту егістіктерінің арамшөптермен ластануын күрт кемітеді де, сол арқылы мақта қозасының өнімділігін арттырады.

Арамшөптердің тамыр сабақтары жойылу үшін егістіктің сыртына шығарылып тасталынады. Осы аталған шараларды жүргізіп болғаннан соң егістікті екі сатылы соқамен жырту керек, мұнымен бірге тамыр сабақтарының топырақта қалған ұсақ қиындылары тереңге көміліп кетеді [73].

ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛГЕН АЙМАҚТЫҢ АУА-РАЙЫ,ТОПЫРАҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ, ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

Қазақстанның оңтүстігіндегі мақта егілетін аймақтардың ауа-райы жағдайлары.Жалпы Қазақстанның оңтүстік аймақтарының топырақтық-климаттық жағдайы және ауа-райының қалыптасу ерекшелігі ауыл шаруашылығының барлық саласын дамытуға қолайлы.

Аймақ солтүстік ендік бойынша 410-дан 460-қа және шығыс бойлық бойынша 650 -дан 710 -қа жайылып жатыр. Бұл өлкенің ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 550 км-ден жоғары, ал батыстан шығысқа қарай 470 км, жалпы көлемі - 121,5 мың км2 жерді алып жатыр.

Қазіргі кезде Қазақстанның оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы жер қоры 10269,3 мың гектар. Ауыл шаруашылығы өндірісі мақсатында пайдаланылатын жер көлемі 9887,9 мың гектарды құрады. Өндеуге жарамды жер 786,3 мың га, оның 376,3 мың гектары суармалы жерлер. Көп жылдык егістер (бақ және жүзімдіктер) алып жатқан жерлер 39 мың гектардан асады.

Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шяньның батыс аласа бойлы тау тарамы мен айтарлықтай биік таулы жоталар бөлігін, осы жоталардың тау жиегі жазықтығын, Түркістанның байтақ кеңістігін немесе Тұран ойпат жерлері мен Бетпақ даланың биік жазықтығын қамтып жатыр.

Жазы құрғақ, ыстық күндердің ұзаққа созылуына қарағанда, қысы жылы болып келеді. Облыс климаты континенталды, әсіресе құмды, сазды және шөлді жазық жерлерде құбылмалы өзгеріп тұрады.

Облыстың климат жағдайы әр түрлілігімен ерекшеленіп, инсоляцияның және жылу ресурстарының көптігімен өзгешелінеді. Жазы ыстық, ұзақ және құрғақ, қысы жылы, қысқа, жиі-жиі жылып кетеді, қар аз жауады. Орташа температурасы 00С-дан жоғары болатын аязсыз күндерінің ұзақтығы солтүстікте 8 ай болса, оңтүстікте 10 ай. Жылдың орташы температурасы 8-140С аралығында болады. Жылдың ең суық айы - қаңтар. Бұлайдағы орташа температура оңтүстікте минус 00С-дан солтүстікте минус 100С-ға дейін. Температураның ең төменгі көрсеткіші кей жылдары 30-350С суықты көрсетеді. Ең ыстық ай - шілде. Бұл айдағы орташа температура солтүстікте 240С, оңтүстікте 350С шамасында. Температураның ең жоғары көрсеткіші 40-450С-ды көрсетеді. Шөл аймақта жауын-шашынның жылдық мөлшері 120-150 мм, жартылай шөл - 250-300 мм,ал таулы және тауға жақын аудандарда 400-800 мм.Жауын-шашын әр мезгілде әртүрлі түседі. Ең көп мөлшері наурыз, сәуір айларында, ең азы жазда түседі (5-7%). Қысқы және көктемгі жауын-шашын жылдық мөлшердің 70-80%құрайды.

Облыс көлемінің жері Сібірден, Ираннан, Каспий теңізі жақтан соғатын ауаның бойында жатыр. Ираннан соғатын ауа мен Сібірден соғатын суық ауа кездесетіндектен бұл жердің ауа райы тұрақты болмайды. Қыста егіс жұмысын жүргізуге болатындай жылы күндер де аз емес. Облысымыздың жеріне Арктикадан соққан ауа қатты жел тұрғызып, қар жаудырады. Содан соң температура кенет төмендейді де, ашық күнді қатты аяздар болады. Күз бен көктемде Арктикадан келген ауа боз қырау түсіреді.

Жазда облыстың жерінде ауаның мынадай үш түрі болады: Орта Азия мен Иранда пайда болатын жылы және ылғалды тропикалық полярлық ауа, суық және құрғақ Арктикалық ауа мен континенталь ауа. Бұлаудандардың қай-қайсысының болса да ерекшеліктерінің қалыптасуына, жергілікті ыстық ауаның айналуы да басты рөл атқарады.

Ендігі жерде Республика бойынша мақта дақылы егісінің басым бөлігін алып жатқан Мақтаарал ауданының ауа райы жағдайына жеке тоқтала кетейік.

Жалпы мақта егілетін алқаптардың басым бөлігі Мақтаарал ауданында орналасқан. Ауданның жер көлемі 1,8 мың шаршы километр. Ол облыс жерінің 6,1 пайызын құрайды.

Аудан орталығы – Жетісай қаласы. 1951 жылы құрылған. Ол облыс орталығынан 232 км қашықтықта орналасқан. Аудан құрамында 3 кенттік, 24 ауылдық әкімшілікке кіретін 176 елді мекен бар.

Климаттық жағдайы жағынан аудан құрғақ далалы аймаққа жатады. Жазы өте ыстық, құрғақ, жауын-шашын өте аз жауады. Жаздыгүнгі ашық күн мен құрғақ та ыстық жел, ауаның төменгі қабаты мен топырақтың бетін қатты қыздырады. Аязсыз мезгілі орта есеппен 220-230 күн.

Наши рекомендации