Тақырыбы: «Word текстік процессоры . Формулалар редакторы

Кестелерді құру және форматтау. Кестелердегі есептеулер»

Мақсаты: Текстік құжаттарда кестелермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі түсініктер:

Текстік құжатқа формулалар енгізу.Word текстік құжатына Microsoft Equation 3.0 формулалар редакторынпайдаланып математикалық және т. б. формулаларды енгізудің бірнеше тәсілдері бар:


§ Бірінші әдіс:

  1. Құжаттағы формула жазылатын орынды анықтаңыз;
  2. Вставка -> Объект->Тип объекта Microsoft Equation 3.0. командалары орындалып ОК басылады.

§ Екінші әдіс:

  1. Саймандар панелінен Редактор формулнемесеТақырыбы: «Word текстік процессоры . Формулалар редакторы - student2.ruбатырмасына шертіледі.

Кестеларды құру және форматтау.Word программасында тексті кестелар түрінде жазудың түрлі мүмкіндіктері қарастырылған. Мұның ең қарапайым жолы табуляция позицияларын пайдалану болып есептеледі..

Word программасында кестеларды құру және форматтау жолдары:

§ Шағын кестеларды саймандар панеліндегі Добавить таблицу Тақырыбы: «Word текстік процессоры . Формулалар редакторы - student2.ru батырмасын пайдаланып жасауға болады;

§ Текстік құжатқа бағандары мен жолдарының санын алдын-ала көрсетілген кестені жоғарғы мәзірдің Таблицы -> Вставитьтаблицу командалары арқылы қояды. Бағандар мен жолдар санын Вставка таблицы диалогтық терезесіндегі счетчик-есептеуіштер көмегімен береді;

§ Таблицы и границы батырмасы, сондай-ақ Кесте -> Нарисовать таблицуТақырыбы: «Word текстік процессоры . Формулалар редакторы - student2.ru командалары құжатқа қойылатын кестені қолданушының өзі сызып шығуына мүмкіндік береді;

§ Кесте -> Объединить ячейки (Разбить ячейки)командалары алдын ала белгіленіп алынған бірнеше ұяшықтарды біріктіруді немесе жекелеген ұяшықтарды бөлуді жүзеге асырады;

§ Кестелердегі ұяшықтарды бөліп тұрған сызықтарды алып тастауға немесе көрсетіп қоюға болады. Ол үшін Таблицы и границы саймандар панелінің Нарисовать таблицу и Ластикбатырмалары пайдаланылады;

§ Кесте -> Автоформат командасы көмегімен кестелар құруға арналған стандарт форматтағы дайын шаблондарды пайдалануға болады;

Кестелердегі есептеулер . Word текстік процессорында кесте бағандары мен жолдарында орналасқан сандармен жүргізілетін есептеулерді сәйкесінше басқа ұяшыққа Кесте ->Формулыкомандасының көмегімен есептеп шығаруға болады.


Ұяшықтар блогына сілтеме жасайтын қызметші сөздер:

§ LEFT-формула жазылған ұяшықтың сол жағындағы ұяшықтар ;

§ RIGHT- формула жазылған ұяшықтың оң жағындағы ұяшықтар;

§ ABOVE- формула жазылған ұяшықтың жоғарысында орналасқан

жағындағы ұяшықтар;

§ BELOW- формула жазылған ұяшықтың төменінде орналасқан

жағындағы ұяшықтар.

Word программасындағы қолданушының функциялары:

§ AVERAGE() – ұяшықтар диапазонының орташа мәнін есептеу;

§ COUNT() – ұяшықтар диапазонындағы мәндердің санын есептеу;

§ MAX() – максималь мәнді табу;

§ MIN() – минималь мәнді табу;

§ SUM() – мәндердің немесе сандардың қосындысын табу.


Наши рекомендации