Еңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы 1917-1991

Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы алуан оқиғаға байлығымен, ең бастысы, Кеңестік қатаң идеологиялық қысым мен одан азат болуға ұмтылуы Отандық жылнаманың негізгі бөлігі болып табылады. Тарихи қырынан алып қарағанда, бұл - ең алдымен, адам табиғатын шет-шегі көрінбейтін ұзақ уақыт бойы сынақтан өткізудің, сондай-ақ осы жағдайдан шығудың және ұлттық-мемлекеттік егемендікке жетудін оңтайлы қазақстандық моделінің шежіресі. Екінші жағынан, марксистік ілімге негізделген кеңестік кезеңдегі отандық тарихнама ғылым дамуының денгейіне толығымен сәйкес келетін дүниетанымдық картинаны бере алмайды, өйткені оның өзі кеңес мемлекетінің жүйесіне үйлестірілген және оның идеялық-саяси қажеттіліктерін өтеуге бағытталған ерекше ғылыми-саяси феномен болатын. Бірінші кезекте бұл кеңестендіру мен кеңестік жаңғырту кезеңдерін соңғы онжылдықтарда пайда болған тарихи-пайымдық бағыттардың [«ақпараттық» (А. Тоффлер), «технотрондық» (3. Бзежинский), «ғылыми-рационалистік» (Ю. Хабермас), «техникалық-ақпаратгық» (Дж. Мартин, Т. Гувер), «өркениеттік-тартысты» (С. Хантингтон) т.б.] тұрғысынан түсіндірудегі әдіснамалық көзқарастарға қатысты еді.1917 жылы қазақтар екі төңкерістің - Ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан социалистік революцияларының куәгері болды. Мұның біріншісі монархия мен орыс патшалығы билігін құлатуға мүмкіндік жасады. Ақпан революциясының нәтижесінде елде қос өкімет орнады. Қазақстан үшін мұның маңызы аз болған жоқ. Егер кеңестік тарихнамада Уақытша үкіметтің қызметі біртекті қара бояумен суреттелсе, қазіргі қазақстандық тарихнамалық жағдайда бұл мәселені зерттеуге басқаша көзқараспен қарау мүмкіндігі туды. Бірқатар қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда, академик М.К. Қозыбаевтың [1]. еңбектерінде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының, дәлірек айтсақ, Уақытша үкімет қызметінің Қазақстан үшін жағымды нәтижелеріне назар аударылды.Тарихтың кеңестік кезеңі Алаш һәм Алашорда туы астында ұлт бірлігін нығайту жолындағы ұмтылыспен және қазақ автономияшылдары қозғалысының жеңілуімен, Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу, 1917 жылғы революция және Азамат соғысы салдарынан күйреген шаруашылықты соғыстан кейін қалпына келтірумен ерекшеленді. 1917 жылғы Қазан революциясы және одан кейін іле-шала бүркеткен 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысы Қазақстан дамуының қоғамдық-саяси және экономикалық жүйесін айқындап берді. Қазақ мемлекеттігінің құрылуы, жерді есепке алу және кеңестік республикалар құрамында аумақтық шекараны анықтау айтулы кезең болып табылады. Шындығында, қазақтардың өмір салтындағы дәстүрлі жүйенің 20-30-жылдары күйреуі мен республиканың социалистік қайта құру үрдісінің жалпы ағымына қосылуы қасіретті оқиға еді. Ресей империясының шығысындағы бұрынғы отарларының индустриясы дамыған республикаларға айналғанына көз жұмып қарамағанның өзінде, бұл қайта құрудың нақты адамдар тағдыры мен оқиғаларға байланысты берілетін шынайы бағасын айтпай қалуға болмайды.

Қазақстанның дамыған ұлттық республикалардың біріне айналғандығын барлық ұлттар мен ұлыстардың, олардын қатарында еріксіз жер аударылып келіп, осы өлкені өзінің екінші Отанына айналдырғандардың да қосқан үлесін ескермеу мүмкін емес. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларын тойтарған ортақ Жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі де өте қомақты. Республиканың 50-80-жылдар бедеріндегі тарихын безбендегенде, экономика, ғылым және мәдениет саласындағы жетістіктермен қоса, Арал мен Балқаштағы, Семей ядролық полигонындағы экологиялық проблемаларды, «коммунизм кұрылысының» келмеске кеткен кесапаттарын естен шығару да оңай емес. Қазақстандық тарих ғылымының осы заманғы дамуына талдау жасай отырып, Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихының неғұрлым өзекті мәселелеріне көңіл аударудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен жөн.

44) ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

Еліміздің төл тарихында тұңғыш рет мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – президенттік басқару жүйесі енгізілді. Біздің қоғамға таңсық басқару жүйесі Қазақстанды сол кездегі дағдарыстан алып шығудың бірден-бір дұрыс жолы болды.Аса күрделі тарихи сәтте Қазақ­стан бас­шысы тағы да көрегендік танытты. Басты мақсат – елде тұ­рақ­тылық пен тыныштықты сақ­тауға қол жеткіздік. Саяси тұрғыда тәуел­сіздікке жетудің алғышарты қаланды. Президенттік институт тарихтың сындарлы сәтінде Қазақ­станның мемлекет ретінде әлемдік қауымдас­тыққа танылуына жол ашты және тәуелсіз еліміздің сая­си-мем­лекет­тілік келбетін қалып­тастырды.Мемлекетті басқару жүйесіндегі Прези­денттің рөлін айқындау үдерісінде 1991 жылғы 16 қазандағы «Қазақ КСР Президен­тін сайлау туралы» Қазақ КСР-інің заңы мен «Қазақ КСР Президентін сайлауды тағайындау туралы» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысының алатын орны ерек­ше. Осылайша, Қазақстанның тарихында Прези­дент­ті баламалы негізде тікелей бүкілхалықтық сайлауға алғашқы қадам жасалды.Президенттік республиканың қалыпта­суы мен дамуы арқылы қа­зақ тарихында, тіптен басқа, жаңа да жаңашыл, қазақстан­дық жол басталды. 1991 жылғы 1 желтоқ­сан­да өткен жалпыхалықтық алғаш­қы сайлауда Н.Назарбаевты дауыс беруші­лердің 98,78 пайызы қол­дады. Бұл жарқын жеңіс Қазақ­стан­ның бүгінгі күнге дейін жал­ға­сып келе жатқан ұлағатты жолының бастауы еді.Салтанатты ұлықтау рәсімі 1991 жылдың 10 желтоқсанында өтті. Данагөй абыз ақын Шәкір Әбенов халқымыздың атынан Елбасына жүрекжарды батасын берді. Сол күні қазақстандықтар Тұңғыш Пре­зидентіне елі мен жерінің тағ­ды­рын тапсырды.Егемен елдің мемлекеттік тари­хи күні – 1991 жылғы 16 желтоқ­санда «Қазақстан Республикасы­ның Мемлекеттік Тәуелсіз­дігі» ту­ралы конституциялық заңы қа­был­данды. Президенттік институт­тың құрылуы, оның елдің қоғам­дық-саяси жүйесінде ала­тын орны мен рөлінің нормативтік-құ­қық­тық тұрғыда реттелуі заңнамалық негізде қамтамасыз етілді. Бұл ба­ғыт­та 1998 жылға дейін жүргізіл­ген жетілдіру жұмыстары президенттік институтты Қазақстанда тұрақты сипатта орнықтырды. Президенттік институт, Президенттің мемлекет­тік орган­дар­мен өзара қарым-қа­тынасы, билік тар­мақтары жүйе­сіндегі Президенттің орны, оның қоғамның пәрменді дамуына тіке­лей ықпал етуші факторлары бір­тұтас прези­дент­тік басқару жүйесін жасақтады.

Атап айтсақ, бүкіл басқару жүйе­сі қай­тадан құрылды:

– Екі палаталы Парламент қалыптасып, оның нақты мәртебесі айқындалды;

– Тәуелсіз сот жүйесі нығай­тыл­ды және құқықты реформа жүр­гізілді;

– Министрлер кабинеті құры­лып, министрліктің өкілеттіктері бекітілді;

– Билік органдарының өкілет­тілік құзырлығы кеңейтілді;

– Жергілікті басқару жүйесі және оны дамыту мәселесі заңна­малық шеңберде бекітілді;

– Мемлекеттің қауіпсіздігін қам­та­масыз ететін өкілетті орган­дар құрылды.

Демократияландыру мен саяси либера­лан­дырудың негізгі эле­мент­тері өмірімізге енді:

– Сайлау заңнамалары жетіл­ді­ріліп, еркін және әділ сайлау жүйесі өмірге келді;

– Елдің саяси өмірінде партия­ның рөлі күшейді;

– Азаматтық қоғам институт­та­ры нығай­тылып, қоғамдық және үкі­­мет­тік емес ұйым­дар пайда бол­ды;

– Адам құқығын қорғау қам­та­масыз етілді;

– Бұқаралық ақпарат құралдары еркін­дігі мен тәуелсіздігінің негізі, қаланды;

– Қоғамдағы әйелдердің рөлі көтерілді.

Аталған үдерістер нәтижесінде еркін, тиімді және қауіпсіз қоғам қалыптасты.

Ерекше тоқталатын жайт, ол – Қазақстан халқы ассамблея­сын құрылуы болды. Бүгін­гі бірлігі жара­сып, тату-тәтті өмір сүріп жат­қан халқымыз бен баянды мем­ле­кет­тілігіміз арқауы да президент­тік басқарудың нәти­жесі. Қа­зақ­стандық қоғам қарым-қатынас­тың барлық аспектілерінде толерант­тылықты темірқазық етіп қалады.

Президенттік басқару моделі – әлемде мемлекет басқарудың кең тараған және тиімді тәжірибесі ретінде Қазақстанда ши­рек ғасыр уақыт ішінде өзінің өмір­шеңдігін және тиімділігін толықтай дәлел­деді. Еліміздің даму парадигмасына өлшеусіз оң өзгерістер енді. Мем­лекетіміздің өркендеу жолында ілгерілей даму қағидасын ұсынды және үздіксіз жүзеге асыртуда. Мән-мағы­насы мен мазмұны жағы­нан аса маңызды және өте ықпалды биліктің басқару инсти­туты еліміздің экономикалық өсуі, әлеумет­тік өрлеуі, саяси бекемдігі және қоғамның демократиялық, зайырлы, құқықтық дамуы мен бірлігінің нығаюын қамтамасыз етті. Стратегиялық нысандағы бағ­дарламалар қабылданды. Мем­ле­кеттік мақсатты бағдар­ламалар жүзеге асырылды.Тәуелсіздіктің бірегей көрінісі елорда­мыз – Астананың салынуы болды. Қазақ­стан дүниежүзінен атақты сәулетшілерді шақыра оты­рып, оларға жаңа астанада өздері­нің небір керемет ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Астана – жаңа идеялар жүзеге асырылған ақылды қала. Астанадағы таң­ға­ларлық көптеген сәулет нысан­дары соның дәлелі. Астана – қа­зақ­стандықтардың Тұңғыш Пре­­зи­ден­тіміздің жасампаздық идеяларын және әлеу­меттік-рухани сұраныс­тары мен интел­лектуалды әлеует­терін жүзеге асырған өмір­лік қала. Президенттік институт мем­лекеттің бүкіл тыныс-тіршілігін ай­қындады. Президент лауазымы – президенттік инсти­туттың ат­ри­бу­­тын білдірді. Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы президенттік инсти­тут – елдің тәуелсіздігі мен еге­­мен­­­дігінің тірегі, әлемдік қау­ым­дастыққа лайықты қосылуы­ның, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының кепі­ліне айналды. Президент инсти­туты Қазақстан үшін игілікті басқа­ру жүйесі болып табылды.

Бүгінгі күні ізденімпаз қауым Тұңғыш Президент есімімен атала­тын мекемелердің мұрағаттық қорларында шоғырланған кітаптар, тарихи құжаттар мен материалдар топтамасы арқылы «Президенттік институт – қазақстандық дамудың кепілі» деген ұғымды зерделеуге мүмкіндік алды. Соның ішінде, Елбасы кітапханасының мұрағат­тық және кітапханалық қорында Тұңғыш Президентіміздің Тәуелсіз Қазақстан мем­ле­кетін құру мен қалыптастырудағы рөлін және ай­тулы бастамалары мен идеялары­ның жүзеге асу үдерісін жан-жақты ашып көрсе­тетін зерттеулік ең­бектер мен құжаттар топ­тамасы ғылыми айналымға енгізу бастал­ды. Әсіресе, президенттік институт тарихына қатысты дәйекті деректер зерттеушілер үшін ерекше қызы­ғушылық тудыратын материалдар болатыны сөзсіз. Бұл қоғам­ның президенттік институтты белсенді қолдау тарихын саяси, экономи­калық және әлеуметтік-мәдени өрістердегі жетістіктер арқылы баяндайтын кітаптар, құжаттар, жинақтар, фотосуреттер мен ар­наулы материалдар топтамалары. Сонымен қатар Елбасының дүние­жүзіндегі және Қазақ­стан­дағы бейбітшілік пен татулықты сақтау жолындағы қызметінен сыр шерте­тін құжат­тар және бар. Президент­тік институт тарихын ширек ғасыр белесі тұрғысынан зерделеудегі бас­ты мақсат зерттеу қоры­тынды­ларын көпшілікке жеткізу болмақ.

Қазақстан Республикасының Әнұраны

Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.

илет номер №45

1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденцияси) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Суверенді Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді.

Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачёвті жақтаушылар бұл құжатта қарама -қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қауіпінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.

Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халықшаруашылығының кешенін (комплекс) ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді, деп сескенді. Жана шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, аппозициялық күш реформалық саясатқа қарсы шығып, мемлекеттің (КСРО) ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.

1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачовтің денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Анаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдаме жасады.

Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, примъер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс министрі Д.Т. Язов және оның замы О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің төрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К. Пуго сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономиқалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу. КСРО Жоғарғы Қеңесінің төрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған ТЖМК қолдау көрсетуге шақырған «Кеңес халқына үндеу» жарияланды.

КСРО Президентінің міндетін атқарушы Г. Янаев еліміздегі тетенше жағдайдың 6-ай мерзімге созылатынын және БҰҰ-на және мемлекеттермен үкімет басшыларына түсінікпен қарау туралы мәлімдеме жасады.ТЖМК-ның бірінші қаулысы бойынша барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет-мемлекеттік төнкіріс. Қырымда дем алып жатқан КСРО Президенті М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болды.

ТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы әртурлі болды.

Қырғызстан, Украина өз территорияларында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономиқалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мэлімдеді.

Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Москвадағы тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық саяси үйымдар ТЖМК-ны (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік Комитет) айыптады.

1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.

1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке үшырады. Тамыз төнкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жанінде», «Семей ядыролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономиқалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.Сойтіп, саяси жүйенің дағдарысы ел өмірінде осылайша қоғамдық-саяси және демократиялық өзгерістер туғызды.

илет номер №46

КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді: Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. «Мұндай заңды көп ұлтты Қазақстан халқы көптен күткен еді, - деп мәлімдеді республиканың халық депутаты С.Сартаев, - егер де оны біздің халқымыздың көптеген ұрпақтары жақындата түсті десем, ақиқатқа қарсы айтқан болмас едім. Тәуелсіздік үшін күрес үздіксіз дерлік жүргізіліп келді».Қабылданған құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, унитарлық және құқықтық мемлекет деп анықтама берілген. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толық жүзеге асырады, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізеді, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын болып табылды.Заңның 2-бабында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстығына, шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, кәсібіне, тұрған жеріне қарамастан барлық құқықтар мен міндеттерді, бостандықтарды пайдалана алатыны атап көрсетілді. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері азаматтары болған мемлекеттің заңдарына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының азаматтығын да қоса алу құқығы берілді. Республика аумағынан жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру, басқа да адамгершілікке қайшы акциялар барысында қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдайлар жасалды.Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі қазақ ұлты және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар мен ұлт өкілдері мәдениетінің қайта өрлеуі мен дамуына қамқорлық жасау болып табылады. 3-бапта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінің басшысы - Президент болып табылады. Республика мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері анықталған 4-баптa республиканың тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес келетін және меншіктің барлық түрлерінің көпқырлылығы мен теңдігіне негізделген дербес экономикалық жүйесінің болатыны атап көрсетілді. Жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи байланыстар, ғылыми-техникалық және экономикалык мүмкіндіктер Қазақстан Республикасының меншігіне жатады.Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі, ол өзінің тәуелсіздігін қорғау мен ұлттық мемлекеттілігін нығайту шараларын қабылдайды. Республиканың ажырамас құқығын құрайтын мәселелерді шешуге кез келген сырттан қол сұғушылық оның мемлекеттік тәуелсіздігіне нұқсан келтіру ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік рәміздері - Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң тарихи маңызды құжат және егеменді, демократиялық қоғам қалыптастырудың негізі болып табылады.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңды қабылдау жөніндегі хабарды республика халқы қуана қарсы алды. 1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні болып жарияланды. Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың бес жылдығымен тұспа-тұс келді. Алматыда өткен митингіде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, академик С. Зиманов, желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келген қонақтар сөз сөйледі. «1986 жылы желтоқсанда екі күш - жас, қатайып үлгермеген демократия мен тоталитарлық жүйе қақтығысты, - деді митингіде сөз сөйлеген М. Шаханов. - Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе күйреді. Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттердің қатарынан өз орнын алуында 1986 жылғы желтоксанның баға жетпес сіңірген еңбегі бар».Көп ұзамай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің жетекші елдері таныды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Республика өзіне Ұйымның Жарғысын бұлжытпай орындау міндеттемесін алды. Қазақстан адам құқығының БҰҰ ортақ декларациясымен бекітілген құкықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындай отырып, дүниежүзілік қауымдастыққа лайықты түрде қосылуға ұмтылатынын, алған міндеттемесін мүлтіксіз орындайтынын нық мәлімдеді.1992 жылы каңтарда Қазақстан өзінің тұңғыш алтынын шығарып, мемлекеттің алтын қорын жинауды бастады.Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992 жылғы қаңтарда Ішкі істер әскері құрылды. Армия қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық» қағида бойынша әскерге шақырылғандар туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті.

илет номер №47

1 - Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

2 - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Наши рекомендации