Негізгі құралдардың жөндеу есебі
Қ.К. Кеулімжаевтың «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері атты кітабында ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып соның себебінен негізгі құрал істен шығуы пайдалануға жарамсыз болып қалуы мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндік болмай, пайдаланып жүруі мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөнеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып активтің болашақта табыс әкелуіне көзделеді.
Ал ағымдағы жөндеуге жұмсаалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан щығындар сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.
Егер негізгі құралдарды ұйым өз күшімен жөндейтін болса бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады.
Ал кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осяндай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып есептеледі. Басқа ұймдарға өзінің негізгі құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісімшарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай ұйымның қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізі мерзімі жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі және тағы да басқа жағдайлар көрсетіледі.
Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қаьылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгілі түрі негізгі құралдар-2-ші Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі толтырылады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың түгендеу карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланыста тиісті деректер өзгертулер мен толықтыулар жазылуы тиіс. Бұл толтырылатын актілермен басқа да құжаттар ұйымныңбухгалтериясында сақталады. Егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі құралдарды жөндеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын үлгі түрі негізгі құралдар-2 Жөнделген қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдап-тапсыру актісі екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген кәсіпорынға беріледі. Ұйымдарда негізгі құралдарда жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни кәсіпорынның өз күшімен жүргізілетін болса, ондла ол үшін жұмсалған, шыққан шығындар:
· Аяқталмаған өндіріс
· Тауарларды сату жөніндегі шығындар
· Жалпы және әкімшілік шығындар
· Негізгі құралдарды жөндеу үстеме шығындар деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитінде, ал мына төмендегі:
· Материалдар
· Бюджетпен есеп айырысу
· Еншілес серіктестіктердің несиелік борышы
· Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу
· Жабдықтаушылыр және мердігерлермен есеп айырысу
· Басқадай несиелік борышпен есептеулер
деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.
Егер жөндеу жұмысын мердігерлер жүргізген жағдайда жөндеу құнының сомасына жоғарыда көрсетілген шығындар шоттарының тиістілері дебиттелініп, жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу шоты кредиттелінеді.
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындаржы өнімнің өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып отыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеу қорын құруларына болады. Әсіресе жөндеу қорын құру маусыммен жұмыс істейтін ұйымдар үшін тиімді болып табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның бекітілген мөлшердегі сомасын ай сайын өндіріс шығындарына қосу арқылы жасалады. Бұл жағдайда қордың сомасы ай сайын:
· Аяқталмаған өндіріс
· Тауарларды сату жөніндегі шығындар
· Жалпы және әкімшілік шығындар
· Негізгі құралдарды жөндеу үстеме шығындар деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитінде
· Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер
деп аталатын шоттың кредитіне жазылады.
Ал негізгі құралдарға жөндеу жүргізген уақытында бұл резервтегі қордың жұмсалуына төмендегідей бухгалтерлік жазу жазылады. Егер негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни субъектінің өз күшімен жүргізілсе, Қосалқы өндірістер шоты кредиттелініп, Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер шоты деьиттелінеді. Ал егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілсе Өнім беруші және мердігерлермен есеп айырысу шоты кредиттелініп Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген ьөлемдер шоты дебиттелінеді. Жыл соңында Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер деп аталатын шотта ешқандай қалдық қалмауы керек.
3 – кесте. Негізгі құралдарды жөндеу жұмысы барысында бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар
№ | Операцияның мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттелетін щот |
Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындар | 7110,7210,8410 | 1310,2110,3350,3130, 3200,1030,1010 | |
Негізгі құралдарды жөндеу үшін резерв қор құрылғанда | 1340,7110,7210,8410 | ||
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жасаалған резервтік қор пайдаланғанда, яғни жұмсалғанда: · шаруащылық әдіспен, яғнм өзіміз жөндеу жүргізгенде · мердігерлік әдіспен жөндеу жүргізілсе, яғни біреуді жалдағанда |
Радостовец В.К. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» окулығында негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін және олардың пайдалану мерзімінде үнемі жұмыс жасау қабілетінде болуын қамтамасыз ету үшін оларды мезгіл-мезгіл сапалы жөндеуден өткізіп, отыру қажет және техникалық күтімнің дұрыс ұйымдастырылуын қадағалап отырған жөн. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және мерзімдерін белгілеу негізгі құралдардың пайдалану қарқынына және пайдалану ортасының жағдайына қарай анықталады. Осыған байланысты әр шаруашылықта жөндеу жұмыстарының жоспары жасалынып, жөндеуге кететін шығындарының сметасы жасалынады.
Жөндеу жұмыстарының сипаты және күрделілігіне байланысты оларды:
- техникалық күтім;
- ағымдағы жөндеу;
- күрделі жөндеу.
Негізгі құралдардың қалыпты жағдайда жұмыс істеуінің басты шарттарының бірі техникалық күтімін (ұдайы үйкелісте болатын байланыс тетіктерін уақытылы майлап тұру, мотордың майын дер кезінде ауыстыру т.с.с) дұрыс ұйымдастыру. Бұл жұмыстарды негізінен жауапкершілігіне бекітілген адамдар негізгі құралдардың жұмыс ырғағын бұзбай атқарып отыруы керек. Ол жұмыстар үшін арнайы еңбекақы төленбейді және материалдық шығындары да болмашы. Сондықтан ол жұмыстардың бөлек есебі жұргізілмейді.
Ағымдағы жөндеу кезінде құралдырдың қалыпты жұмыс жағдайында жұмыс ырғағына елеулі нұсқан келтірмей тозған майда бөлшектері ауыстырылады немесе жөнделеді. Көп жағдайларда алдын-ала сақтық жөндеулерін жоспары түрде ұйымдастырып отырады. Ол үшін запас бөлшектер, құрылыс материалдары, жағар майлар, т.с.с. едәуір материалдық шығындар жұмсалады. Сондықтан ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірілген өнімдердің, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құндарының есебінен, белгіленген нормативтер бойынша жөндеу қорына арнайы қаржы бөліп отырады.
Күрделі жөндеу кезінде негізгі құралдар пайдаланудан уақытша алынып, олардың тозған негізгі бөліктері ауыстырылады немесе жөнделеді. Негізінен күрделі жөндеулерді жоспарлы түрде ұйымдастырады (апатқа ұшыраған негізгі құралдардан басқа). Негізгі құралдарды күрделі жөндеуден өткізі үшін міндетті түрде олардың негізгі бөлшектерін құрамы бойынша түгел ажыратып, ішіндегі тозған детальдарын ауыстырып немесе жөндеп қайта жинайды.
Күрделі жөндеуде екі түрлі тәсілмен жасауы мүмкні. Біріншіден, шаруашылықтың өзінде жөндеу материалдары және білікті мамандары жеткілікті болған жағдайда және жөндеу жұмыстарын жүргізуге толық жағдай жасалған болса жөндеу жұмыстары шаруащылықтың өз күшімен орындалады. Мұны шаруашылықтың тәсіл деп атаймыз.
Екіншіден, білікті мамандар мен жөндеу материалдары тапшы болса және жөндеу жұмыстарын жүргізетін орын жағдайы нашар, немесе жоқ болса, онда күрделі жөндеуді мамандандырылған мекемелер орындайды. Мұны мердігерлік тәсіл деп атаймыз.
Күрделі жөндеуден өткізілуге тиіс негізгі құрал білікті мамандардан құралған арнайы комиссияның байқауынан өтеді. Комиссия күрделі жөндеуден өтетін әрбір объектіге дефект ведомісін толтырады.