Мұхамеджан Тынышбаев 1 страница

Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М.Тынышбаев оны үздік (алтын медальмет) аяқтайды. 1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М.В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.

Ресейде болған жылдары

XX ғасырдың басында Ресейге ептеп батыс демократиясының лебі жетеді. Бұл осы империядағы зиялыларды оятты. Мысалы, 1905 жылы Ресей, Ә.Бөкейхан айтқандай, "тұңғыш және соңғы рет Еуропа болды". Яғни, сол жылы 17 қазанда патшаның манифесі жарияланып, елге біраз сөз, ой бостандығы берілтін. Ал, 1906 жылы Ресейде тұңғыш Мемлекеттік Дума шақырылды. Осындай тарихи оқиғалардың ортасында жүрген Мұхамеджан Тынышбаев саяси күрестің әліппесін үйрене бастады. Мұны жас қайраткер тез меңгерді. Оның саяси жетілгенін растайтын деректер аз емес. Мысалы, ол 1905 жылы қазақ сынды шет ұлттарды билеуде өкіметтің әскери тәртіптет арылып, азаматтық жолға түсуін ұсынған дәлелді хатын министрлер комитетінің төрағасына жолдаған. Сондай-ақ, сол жылы қарашада автономияшылардың бірінші сиезіне қатысып, «Қазақтар жәш азаттық қозғалысы» атты баяндама жасаған («Русский Туркестан», №1,1906). Баяндамасында М.Тынышбаев былай дейді: «Үкіметтің нені көздегені белгілі: біріншіден, жабайы да тағылық репрессияларымен және тіл, салт-сана, дін һәм руханият атаулыны орыстандырмақ; екіншіден, түрлі әкімшілік шаралармен, әкімдермен, ережелермен қазақты құқықсыз, заңнан тыс етпек; үшіншіден, оларды қаны сіңген, сүйегі көмілген өз жері пен айырып, шөл- шөлейт жерге қуып, өлім құшағына тапсырмақ. Міне, қазақ бұрынғы дербестігі мен еркіндігінің орнына, орыс бодандығына қантөгіссіз кіргендігінің ақысына жалғандығы. Қайраткердің осы рухтағы өткір мақалаларының бірі - «Қазақтың қазіргі жағдайы мен өмірге қажетті сұранымының жалпы сипаттамасы» деп аталады . Бұл М.Тынышбаевтың 1993 жылғы жинағына ел бей қалыпты. Мақалада автор халқының ауыр жағдайға тап болу себебін және одан құтылудың жөн-жобасын ұсынады. Осындай ашық пікірінен соң, патша тыңшылары Мұхамеджанның артынан аңду қояды.

Мұхаметжан Тынышбайұлы

Темір жолда жұмыс істеуі

М.Тынышбаев 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт Жетісу теміржолын жобалау ісіне қатысады. I Мемлекеттік Думаның қуғындалғанынан хабардар ол ел құқына қажетті табанды қоғамдық-саяси жұмысымен көрінеді. Нәтижесінде 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. Сөйтіп, енді ол биік саясатқа көтеріледі. Алайда II Думаны да патша қуғындап таратады. 1907 жылы 3 маусымдағы жарлығымен империя исі қазақ сынды шет ұлттарды (ресми жер иелігі жоқ ұлттарды) Думаға сайлану құқынан айырады. Бұл жағдай қазақ зиялыларының ашу-ызасын тудырғаны тарихтан мәлім (елді ояту рухындағы еңбектер осы кезден кешірек жариялана бастайды). Дума таратылған соң М.Тынышбаев қайта кәсіби қызметіне кіріседі. Енді ол Түркістан генерал-губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер ретінде атсалысады. 1907- 1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат (Урсатьевск) - Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инжетер есебінде қатысады. Теміржол саласына байланысты еңбегін ғана парықтағанның өзінде М.Тынышбаев - Кіндік Азия көлемінде еленуге лайықты инженер-теміржолшы. 1914 жылы қайраткер Жетісу темір жол құрылысына қайта ауысады. Бұл жолы ол Арыс - Әулие ата учаскесінің басшысы және бас инжепері болып қызмет атқарды. Осы шақта инжетер Мұхамеджанға Ташкент Мұғалімдер институтына оқуға бармақ болып қаржыдан қысылып жүрген Т.Рысқұлов ұшырасады. Бұл 1915 жыл еді. М.Тынышбаев бір кезде өзі де осылай қиналғаны есіне түсіп, Тұрарға әжептәуір ақша ұсынады және мұндай керекті қаражатты кейін де адресіж салып тұратынын айтады. Екі азаматтың осы риясыз көңілі адал бауырластыққа ұласады

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Жеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.

15.Ғасыр басындагы қазақ ағартушылары ерекшеліктері, мақсаты , жеке тұлғалары

Байтұрсынов Дулатов

XX ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей империясы терең күйзеліске ұшырап, оның құрамындағы халықтарды ұлттық сана-сезімі өсіп, олар өзіндік мемлекет құру, төл мәдениеті мен тілін, әдет-ғұрпын сақтап қалу мәселелерін күн тәртібіне қоя бастады. Бұл көштен қазақ зиялылары да қалысқан жоқ. Қазақ халқы XX ғ. басында өз ішінен талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшін жан-тәнін берген азаматтарды тудырды. Солардың ішінен ерекше тұлғалар ретіндеЖ.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов,Х.Досмүхамедов, М.Жұмабаевтыатап өтуге болар еді. Аталған тұлғалардың көбі өз талпынысының арқасында жан-жақты білім алып, орыс және басқа тілдерді меңгеріп, шын шығармашылық деңгейге көтеріле білді, ал кейбіреулері Ресей жоғары оқу орындарын бітірді (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов т.с.с).

Кең түрде алғанда, аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстыңбелсенді де абыройлы жетекшілері деп бағалауға болады. Осы жолда олар«Алаш» партиясынұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-сезімін оятып, өз заманының дәрежесіне көтергілері келді. Олардың бәрі дерлік 1917 ж. болған екі революцияны да қабылдап, олар қазақ еліне шын бостандық, теңдік, бақытты өмір әкеледі деп ойлады. Бірақ олардың көбі қоғамды шынайы түрдедемократиялық реформаларарқылы өзгертуді қалады, 20-шы жылдардан басталған сұрапыл қантөгіс оларды қатты қынжылтты.

Бірақ өз өмірлерінің алдына төнген қауіпке қарамастан, халықты ағарту,оның өзіндік сана-сезіміндамыту ісін олар тоқтатқан жоқ.Өйткені олар халықтың болашағын көздеді,ертелі-кеш халық өз егемендігіне жететіне сендіжәне сол үшін қажымай-талмай, қолынан келгенінің бәрін жасады.Олар халыққа білім беру жолында мектептерде жұмыс істеп, неше түрлі оқулықтар мен газет-журналдарды, романдар мен өлеңдерді, пьесаларды шығарды, халықтан қалған тарихи мұраларды зерттеп, жарқын болашақты жақындату үшін, барлық қолдан келгенді жан аямай жасады.

Енді олардың философиялық көзқарастарына келер болсақ, негізінен, әңгіме саясижәне құқтықфилософиятөңірегінде өрбімек.

XX ғ. ғұлама ойшыл, саясаткер А.Байтұрсынүлы (1873-1937 жж.)кейпі бүкіл сол кездегі ұлттық-демократиялық ағымдағы тұлғалардың бәрін бейнелегендей. Оқулықтың көлеміне байланысты, осы Ғұламаның еңбектерін көрсету арқылы оқырманның сол кездегі ой-пікір жөніндегі түсініктері қалыптасар деген ойдамыз.

Халықтың Жаңа дәуір келген кездегі аянышты да мұңды ахуалын терең ойға салып, оның бостандығынан айырылған себептерін ойшыл халықтың негізгі бөлігінің су қараңғылығы мен надандығынан, ұйқылы-ояу салғырттығынан, жоғарғылардың сатқындығы мен іріп-шіруі, патша өкіметіне ой-қамсыз беріліп қызмет етуінен т.с.с. себептерден көрді. Олай болса, көп уақыт «ұйкыда жатқан» халықты ояту керек,ол үшін басқа амал болмаса, оны «маса»сияқты шағу керек, ал М.Дулатовқа келсек, ол тіпті «Оян қазақ»деген ашық ұран тастаған болатын.

Мұндай жағдайда халыктың бостандыққа жетуі - алыста жатқан, стратегиялық мақсат-мұрат, ал сол кездегі нақтылы-тарихи жағдайға байланысты Ресей мемлекетінің шеңберінде Қазақстанның автономиялықдәрежесіне, өзін-өзі басқарумүмкіндігіне жетіп, халықты ағарту,мәдениетті жанартуарқылы көптен бері созылған халықтың ауруы қараңғылықпен еріншектік, енжарлықтан құтқарумақсатын койды.

А.Байтұрсынұлының ойынша, ондай жаңару жолына жетудің негізгі жолы - демократиялық үрдістідамыту, адам құқтарынсақтау, «Мемлекеттің Думаның» мүмкіншіліктері қандай шолақ болса да, бәрінзаңды жетілдіруарқылы жету деп есептеді. «Тағы да халық соты жөнінде» деген «Қазақ» газетінде 1911 ж. жарық көрген еңбегінде ол «Сайлау»деген ұғымның мән-мағынасын егжей-тегжейлі талдайды: олрулардың,я болмаса қалталылардыңарасындағы тартыс емес.Өкінішке қарай, қарапайым халық дәл солай деп ойлайды. Соның нәтижесінде билікке тайыз, арсыз адамдар өтіп кетеді де, ойларына не келсе соны істеп, пара алып, жемқорлық жолына түседі. «Сондықтан халық сотына сайлағанда білімді, таза, әділетті, халыққа адал қызмет ететін адамдарды таңдай білу керек», - деп қорытады ұлы ойшыл. Бұл ойдың біздің қазіргі өмірімізге де тікелей қатынасы барын оқырман айтпай да түсінетін болар.

Қазақ жерін қазынаға өткізіп, одан жері жоқ орыс шаруаларына жер беруге байланысты, соның нәтижесінде әлеуметтік-саяси ахуал шиеленісе түсті.

А.Байтұрсынұлы жерді тартып алу, халық бостандығының жойылу себептеріне тоқтала келіп, көп жағдайда халықтың зардап шегуі оның надандығы мен заңдағы белгіленген өз құқтарын қорғай алмауындадеген тұжырымға келеді. Сондықтан ол «Қазақ жерлерін алу тәртібі» заңын егжей-тегжейлі талдап, халыққа өз кұқтарының қандай екенін, жерлерін заңды жолмен қалай сақтап қалуға болатыны жөнінде айтады. «Жерді жалға алу жөнінде» деген мақаласында ойшыл қазақтардың құқтық надандығымен келтелігінің нәтижесінде өз жерлерінен айырылыпжатқаны жөнінде қамыға, қиналып жазады. Әрине, мұндай ағарту жұмыстары халықтыңоянуына, саяси-құқтықсанасының өсуінеөзінің пайдасын тигізді.

Қазақ жерін отарлау барысында, мал жайылымы тарылса да, бұрынғыдай көшіп-қонып, мал бағып өмір сүргісі келген адамдарға ол жаңа ахуал өмірге келгенін, сондықтан жаңа шаруашылықтүрлерін игеру керек екенін айтады. Қазақтар өмір-бақи мал баққаннан кейін, кейбіреулер біз оны жақсы білеміз, басқалар ол жөнінде бізге не айтады деп лепіреді, - дейді ойшыл. «Шынына келгенде, мал шаруашылығы өте төмен деңгейде, ол тек қана үлкен жайылым бар жерлерге икемделген. Жер көлемі қысқарған сайын, оның мүмкіндігі сарқыла түсуде», - деп қорытады ойшыл (қараңыз: Ақ жол. Алматы, Жалын,1991, 237-238-6.6.). А.Байтұрсынұлының бұл ойы осы уақытқа шейін өз маңызын жойған жоқ. Бүгінгі XXI ғ. басындағы қазақтың қойларының салмағы жақын арада қоянмен теңелетін болар, өсудің орнына құрып бара жатыр емес пе? Қазіргі тілмен айтқанда, экстенсивтік шаруашылық формаларын интенсивтікке аудармай, қазақ қоғамы басқа халықтармен терезесі тең қоғамға айналуы екіталай, - деп қорытады ұлы ойшыл. Бүгінгі таңдағы тоқтап тұрған көп өндіріс орындары осы ойды дәлелдейді. Егер біз тіпті жанкешті талпыныспен соларды іске қосып, қаншама энергия, шикізат, адам еңбегін жұмсағанның өзінде, ондағы ескі технологиялардың негізінде жасалған тауарларды кім алар екен? Сондықтан бүгін де, ғасырдың басындағы сияқты, жаңа технологияларды тезірек игеру мәселесі күн тәртібіндегі ең өзекті нәрсе емес пе?!

Қазақ өмір салтының күрт өзгеру барысында халықты аман сақтап қалу, оның саны мен күш-қуатын өсіру мәселесін талдаған да осы ағартушылар болды. М.Жұмабаев, М.Дулатов сияқты зиялылар оның тетігін қазақ әйелдерінің эмансипациясымен (теңдігімен) тығыз байланыстырады. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романдарында, М.Жұмабаевтың көптеген өлеңдерінде қазақ әйелінің аянышты жағдайы шынайы да нанымды суреттелген. Әрине, бүгінгі таңда қазақ әйелі - шынайы теңқұқты қоғамның мүшесі. Сонымен қатар «ұлттық дәстүрді» сақтап, «мұсылмандық жолына» түсіп, еркектерге көп әйел алуға заңды жол ашу керек деп лепірген надандар да біздің қоғамда жоқ емес.

А.Байтұрсынұлы халықты сақтап қалу мен оның санын өсірудің негізгі жолдарының бірі - сайын далада кең етек жайған жұқпалы аурулармен күрес деп біледі. «Ол үшін ғылыми білімі бар кәсіби дәрігерлердің көмегі қажет, неше түрлі халықты алдайтын бақсы-балгерлерден бас тарту керек. Қоғам өмірінде кең тараған аурулар жөнінде қызықты да қысқа көлемді кітапшалар жазылып, халық арасында таратылуы қажет», - дейді ұлы ойшыл. Бүгінгі өтпелі қоғамдағы халықтың ауыр жағдайына байланысты туберкулез, бруцеллез т.с.с. жұқпалы аурулар тағы да бас көтерген жағдайда, демократиялық үрдісті пайдаланып, медицина жөнінде күңгірт «білімі» бар мыңдаған жаңа бақсы-балгерлер пайда болды емес пе? Ол алға жылжу ма, әлде кері кетушілік пе, оны оқырман өзі-ақ шешер.

Ұлттық демократия бағытын ұстаған ойшылдар қоғам жаңаруы, түлеуінің қайнар көзін ұлттық интеллигенциядан (зиялылардан)көрді. Сондықтан А.Байтұрсынұлы зиялыларды бірлікке, олардың білімі мен жалпы мәдениет деңгейін көтеруге шақырады. Қазақтардың ұғымында адамның екі тілсіз жауы бар, ол - от пенен су, - дейді ойшыл. Үшінші жау, оның ойынша, зиялылардың арасында кең тараған-«менмендік», «көреалмаушылық», «алыс-тартыс», «бірліктің жоқтығы», «сатқындық» т.с.с. Шенді қуып, патша қызметшісінің жарқыраған түйме мен жапсырмасына ие болуға тырысу, өз халқына тәкаппарлықпен қарау, пара алу сияқты жоғарыдағылардың теріс қылықтарын ақын қатты сынға алады (Ақ жол., 213-6.). Ол зиялыларды халық мүддесінежан аямай, ізгі ниетпен адал қызмететуге шақырады. Зиялылар дүниежүзілік цивилизацияның қол жеткізген ғылым мен техника жетістіктерін игеріп және оларды мыңдаған жылдар бойы жиналған халықтың рухани байлығымен үйлесімді ұштастыруы керек. Бұл үндеу бүгінгі күнде де өз мән-мағынасын жойған жоқ сияқты.

Патша үкіметінің отарлау мен орыстандыру саясаты кеңес заманында да өз жалғасын тапты. Көреген ойшыл ол халықтың өз-өздігін (идентификация) жоғалтуқаупін тудыруын байқап, оған барлық жан-тәнімен қарсы тұрды, халықтың ана тілі мен руханиятын дамытуға барынша атсалысты.

Сонымен қатар ол екінші қауіптіда көре білді. Ол қауіп қоғам жүйелі түрде түбегейлі өзгерістерге түскен кезде, Жаңа дәуірдіңқойған Талаптарынанжасқанған ұлттық сана-сезім өзін сақтап қалудыавтаркиалық (өзіне-өзі жеткілікті)бағыттан көруге тырысуы, сол себепті өне бойы өткен «батырлық заманды» көксеуі, оны асыра бағалауы.

Өткен заман келмеске кетті, оны қайтару мүмкін емес, сондықтан алға кеткен халықтардың жетістіктерін игеріп, болашаққа қарай жігерлі де табанды ұмтылыс қажет (Ақ жол, 238-6.). Сонымен қатар бұл үрдіс халықтың өз болмысын жоғалтып, мәңгүрттіккежол салмауы керек. Ол үшін тек қана өз руханиятынасәйкескелетін (ал оның өзі - Абай мен Шәкәрім көрсеткен «нұрлы ақыл», «ар-ұждан») басқа цивилизациялардың құндылықтарын таңдап алуарқылы іске асуы керек. Сонда ғана ол өз жемісін бермек. Қандай ғажап ойлар!

Бүгінгі таңда XX ғ. басында өмір сүрген ойшыл-демократтардың асыл арманы - халықтың бостандығы мен егемендігі - іске асты. Олардың айтқан көп гуманистік-демократиялық идеялары бірте-бірте өмірге енуде. Президенттің халық алдына қойған «Қазақстан-2030» бағдарламасы 30-шы жылдардағы ұлттық интеллигенцияның қойған өзекті мәселелерін қамтып, оларды әрі қарай дамытты.

16.ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі қазақ газеті айқап журналы

Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болтаны күмәнсіз.

Сондықтан бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине, қателіктер де, жаңсақтықтар да болып отырды. Алайда кейіннен сталиндік идеологияның түсіндіргеніндей, оларды өз халқына деген қаскүнемдік көзқарас емес, қайта, өз халқының өмірін женілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызды. Қазақ зиялыларының ең басты ізгі мақсаты — халқына қызмет ету мақсатын «Алаш» жетекшілерінін бәрі Міржақып HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D1%96%D1%80%D0%B6%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D0%BF_%D0%94%D1%83%D0%BB%D0%B0%D1%82%D0%BE%D0%B2"Дулатов Бутырск түрмесінен жазған хатында былай деп айқын баяндаған: «...Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп санадым... Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп санаймын, ал қазір [[[Кеңес өкіметі]]не қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтың дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана».

XX ғасырдың басындағы алдынғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басхи мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өнірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. Тіл мен әдебиетті дамыту ерекше бөліп көрсетілді. Қазақ тілі мен әдебиетінін дамыту проблемалары жөнінде араб графикасы нетізіндегі қазақ әліпбиінің тұңғыш талантты реформаторы, «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Жаңа әліпби» (1928) атты қазақтың тіл ғылымында ғана емес, бүкіл ғылыми түркітану әлемінде де жаңашылдық деп саналтан енбектердің авторы А. Байтұрсынов көптеген мақалалар жазды. «Қазақ» беттеріндегі еңбектерінде А. Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол өзінің қазақ және орыс мектептеріндегі оқыту проблемалары туралы ой-пікірлерін баяндай келіп, балаларды міндетгі түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етеді, «бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс, яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтеді. XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені қолданыстағы патша зандары көшпелі халықтың құқығына нұқсан келтірді, мұның наразылық туғызғаны табиғи нәрсе. Өз халқының ежелгі өз жеріндегі қасіретті жағдайы туралы толық хабардар болған олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік қажеттері туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді, бұл олардың халық бүқарасының құқықтық білімін кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен терендетуіне мүмкіндік берді. Қазақ зиялыларының қызметінде жер туралы мәселе өзекті орын алды. Олар өздерінің ғылыми және көсемсөздік мақалаларында, патшалық өкімет орындарына әр түрлі үндеулерінде патша үкіметінің қазақ халқының өмір жағдайларына сай келмейтін заң нормаларын әділ сынға алды.Қазақ қоғамының рухани саласында етек алған заңсыздыққа өз наразылытын білдіріп отырды. Патша шенеуніктері қазақ халқы зиялы өкілдерінің дүниежүзілік өркениет пен мәдениет жетістіктерін игеруіне мүдделі болмады. Бірақ халықтың ғылым мен мәдениетке тартылуына кедергі жасауға бағытталған шаралар күткендегідей нәтиже бермеді. Қазақ халқының білім алуға деген өскелен қажеттері патша үкіметін Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Верныйда және басқа қалаларда бірқатар оқу орындарын ашуға мәжбүр етті, оларда қазақтар оқып, бастауыш және орта мектеп көлемінде білім алды. Патша өкіметі «бұратаналарды» орта және жоғары оқу орындарында оқуға рұқсат етуге мәжбүр болды. Жоғарыда атап өтілгеніндей, қазақ жастары Қазан, Томск, С.-Петербург, Мәскеу, т.б. университеттерінде, техникалық және медициналық жоғары оқу орындарында білім алды. Өз халқын оятуда зор рөл атқарған қазақ зиялыларының тамаша шоқ жұлдызы XX ғасырдың басына қарай нақ сол буыннан қалыптасты. Олар өз халқын отаршылдық бұғауынан азат, өркениетті, дербес және тәуелсіз жағдайда көруді армандады. Қазақ зиялыларының өкілдері патша өкіметін дала өңірінде білім беру ісін неғұрлым жедел жүргізгісі келмегендігі үшін сынады, ал өздері отандық ғылымды қалыптастырудың алғышарттарын жасауға ұмтылды. Қазақ зиялылары ғылыми мақалалар, сөйлеген сөздері арқылы өркениетті елдердегі ғылым жетістіктерін насихаттауға, оның қажеттігін, қоғамды түбірінен өзгерте алатын құдіретті күшін дәлелдеуге ұмтылды. Олардың күш-жігері ізсіз қалмағанын атап өткен жөн. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары дәрігерлер, саясатшылар, судьялар, ақын-жазушылар болатын, бұл кезең қазақтың жан-жақты білімді азаматтары — Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқаларының қалыптасуымен ерекшеленді. М. Тынышбаев, Ә. Ермеков, X. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=X._%D0%94%D0%BE%D1%81%D0%BC%D2%AF%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D0%BE%D0%B2&action=edit&redlink=1"Досмүхамедов және басқа Алаш азаматтары ғылыми зерттеулермен айналысты. Қазақстан ғылымының қаулап дамуы Кеңес өкіметі жылдарында болғанын теріске шығаруға болмайды, бірақ оның іргетасын нақ XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының талантты жас өкілдері қалаған ед

Наши рекомендации