Горизонтальдар арқылы нүктенің биіктігін анықтау
Нүктелердің биіктігін картадағы горизонтальдарға қарап анықтауға болады:
Сурет 3.31
Егер биіктігі анықталатын нүкте (А және В) горизонттальдың тікелей үстіне орналасса, онда оның биіктігі сол горизонталь биіктігіне тең болады (Сурет 3.31), Демек: НА = 125,0 м НВ = 123,0 м.
Ең жиі кездесетін жағдай, ол нүктелердің горизонтальдардың арасына орналасуына. Мысалы: 2.10, а – суретіндегі С нүктесі. Осы нүктенің биіктігін анықтау үшін 2. 10 – суретіндегі δ және В схемасына көз салайық. М – нүктесі 150 және 155 м–лік биктігі горизонтальдар арасында жатыр делік. Осы схемадан М нүктесі арқылы жүргізілген екі горизонтальдың арасын қосатын ең қысқа кесінді (АВ), яғни салынды (заложение) d = АВ және ℓ = ВМ кесіндісін анықтауға болады.
Ал осы АВ кесіндісінің профиліне қарап төменгі 150 м–лік гогризонттальден М нүктесінің биіктігі өсімшесін /h/ есептеп шығаруға болады. 2. 10 , в – суретінде көрсетілген
ВАА 1 және ВММ 1 екі үш бұрыштар арқылы Δ h – тың мөлшерін есептеп шығаруға болады. ВАА 1 және ВММ 1 үшбұрыштарының ұқсастығынан мынадай пропорция жасауға болады:
Δ h / h = ℓ/ h
Осыдан Δ h = (ℓ · h) / d есептеліп шығарылады.
Ал М нүктесінің биіктігі НМ мына төмедегі формуламен анықталады:
Нм = НА + Δ h; / 2. 1 /
Картадағы бағыт бойынша профиль сызу
Профиль сызу үшін горизонталь масштаб карта масштабына сәйкес алынады, ал вертикаль масштаб 10 есе ірі болып келеді. Қима әлбетте миллиметрлік қағазға сызылады. Картадағы бағыт /АВ/ өзгеріссіз миллиметрлік қағазға түсіріледі де, бағыттың картадағы
План
Профиль А - В
Сурет 3. 32
Горизонтальдармен қиылысқан нүктелері белгіленіп, олардың абсолюттік биіктіктері жазылады /3. 32 – сурет/. Сол нүктелерден биіктіктеріне сәйкес перпендикуляр тұрғызылып, олардың ұштары сызықтармен қосылады, сонда жердің профилі анықталады.
Горизонтальдар арқылы құламаның тіктігін анықтау
Құлама тіктігі мен ылдилығы мына формуламен анықталады:
ί = tg ٧ = h / d; / 2. 2. /
мұнда h - қима биіктік , белгілі шама;
d – көршілес горизонтальдар ара қашықтығы, тікелей өлшенеді.
/2. 2/ формуласы арқылы әр қатарға тән арнайы графиктер жасалынып, олар картаның сыртқы рамасының төменгі жағына сызылады (Сурет 3.33).
Іс жүзінде беткейдің тіктігін, ылдилығын жоғарыда көрсетіген формуламен әрдайым есептеп жатпай-ақ, мына төмендегі салынды графиктерін пайдаланып оңай табуға болады.
а/ б/
Сурет 3.33
Бұл графикте циркуль - өлшегіш арқылы А және В нүктелері арасындағы салындыға сәйкес беткейдің тіктігі ٧ = 1°30 ' және еңістігі ί = 0,026 көрсетілген.
План мен карта арқылы жердің ауданын анықтау
Көптеген инженерлік есептерді шығару үшін жер учаскесінің аудандарын анықтау қажет. Оларды анықтаудың бірнеше тәсілдері бар.
Егер ауданы анықталатын карта бетіндегі учаске геометриялық фигураларға /үшбұрыш, төртбұрыш т. б./ бөлінсе, онда ол учаскенің ауданы сол фигуралардың аудандарының қосындысына тең болады (Сурет 3.34, а).
Ауданы жоғары дәлдікпен палетка арқылы да анықтауға болады. Палетка дегеніміз – бетіне квадраттар торы сызылған жылтыр қағаз (калька). Палетка торының мөлшерін карта масштабына сай етіп алып, өлшенетін учаскенің үстіне салады да, контурға сәйкес келетін палетка торларының санын есептейді (Сурет 3.33 б). Бұл тәсілдің кемшілігі шеткі торлар мөлшерінің көзбен анықталуында.
Сурет 3.34
Картадағы учаскелердің ауданын бұдан да жоғары дәлдікпен анықтау үшін механикалық тәсіл - арнаулы аспап планиметр қолданады (Сурет 3.34, в) планиметр полюстік және айналдыру рычагтарынан тұрады. Планиметрмен ауданды өлшеу кезінде полюстік рычаг карта бетінде бекітіледі де, айналдыру рычагі контур бойынша жылжып отырады. Айналдыру рычагінің бір ұшында есептік дөңгелегі орналасқан. Анықталатын ауданның мәні төмендегі формула арқылы есептеледі:
S = c ( n2 – n1 ); / 2. 3 /
Мұндағы С - планиметрдің ең ұсақ бөлігінің мәні;
n1 және n2 - планиметрдің есептік дөңгелегінен айналдыруға дейінгі (бастапқы) және айналдырудан кейінгі /соңғы/ есептері.
Егер карта бетінде ауданы белгілі бір геометриялық фигура болса онда планиметрмен сол фигураның контурын бірнеше рет айналдыру арқылы оның ең төмендегі формулаға сүйеніп анықтауға болады.
C =Sбел /( n 2 – n 1 )орт. = Sкоор. тор. /( n 2 – n 1 )орт. ; /2. 4/
Әдетте С – ті анықтау үшін картадағы координаталар торын 10 х 10, 5х5 см пайдаланады. Планиметрдің ең ұсақ бөлігінің мәні /С/ айналдыру рычагының ұзындығы мен масштабқа тікелей байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1. Картографиялық жинақтаудың түрлерімен оларға қойылатын негізгі талаптар қандай?
2. Жалпы географиялық карталарда жер бедерін кескіндеу үшін қандай картографиялық кескіндеу тәсілдері қолданылады?
3. Тақырыптық картада бейнеленген құбылыстардың сандық және сапалық сипаттарын ашып көрсету үшін қандай картографиялық кескіндеу тәсілдері қолданылады?
4. Физикалық географиялық тақырыптық карталардың негізгі түрлерін, құбылыстарды кескіндеу ерекшеліктерін анықтаңыз?
5. Географиялық атластардың негізгі түрлерін, атқаратын қызметін анықтаңыз?
6. Мектептің географиялық атластарындағы карталардың математилық негіздеріне қойылатын негізгі талаптарды түсіндіріңіз?
IV Тарау. Картография. Картография және оның қолданылуы туралы жалпы мәселелер. Ауылшаруашылығын карталандыру және оның атқаратын міндеті.