Арыз алушының несие қабілеттілігін талдау

Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау өткен кезеңдегі статистикалық және бухгалтерлік есебі, несие пайдалану кезіндеп энын каржылық жағдайына болжам туралы жиналған мәліметтер непзшдежүргізіледі. Жоғарыда көрсетілгендей, қарыз алушы несиені алу үшін банкке негізделген жазбаша арызымен барады, онда мыналар кыскаша жазылыи көрсетілген: несиенің мақсаттық бағыты, оның сомасы, пайдалану мерзімі, нақты өтеу мерзімі, сонымен қатар несиеленетін шаралардың және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділіктерінің қысқаша сипаттамасы. Арыз үш данада толтырылады: бірінші және екінші данасы өткізбе үшін, ал үшіншісі несиелеуші кызметкеріне қалады. Арызға келесі материалдар тіркеледі:

- сүралатын несиені өтеуге арналған, несиеленетін шаралардың жоспарланған шығындары есебінің өнімді өткізуден күтілген түсімдер және айналым активтері қозғалысының техникалық-экономикалық негіздемесі;

- бухгалтерлік және статистикалық есептер, кіріс және шығыс жөніндегі есеп, шығысы және табысы туралы декларация және қарыз алушының несиеқабілеттілігі мен қаржылық жағдайын анықтайтын басқа да мәліметтер;

- банктік тәжірибеде қабылданған несиені уақытында қай-таруды қамтамасыз ету міндеттемесі мерзімді міндеттемені өтеу мерзімі келген кезде клиент шотынан ақшаны сөзсіз аударуға банкке құқық беретін кепілдік, кепілзат және т.б

Қазіргі кезде барлық банктерде арнайы уәкілетті орган құрылған. Осы уәкілетті орган несиелерге байланысты көп мәселе бойынша шешімдерді қарастырады немесе қабылдайды, тек ерекше жағдайларда ғана басқарманың қарауына ұсынылады. Несиелік комитеттің құрамына басқарма өкілдері, несиелік және заң, валюталық жэне коммерциялық бөлімдері, сонымен қатар банктің каржылык директоры кіреді.

Кұжаттар пакеті несиелік бөлімге беріледі. Несиелік бөлім және баска бөлімшелер банкте бекітілген мерзімде заңды тұлғаның жобасына зерттеу жүргізеді. Оның нәтижесінде сараптама корытынды жасалады. Ол шамамен алты бөлімнен тұрады, оларда карыз алушы кэсіпорын туралы ақпарат жобаға қысқаша мінездеме, жобанын каржылық бағасы, қаражаттың қайтарылуын қамсыздандыру жэне тэуекелдерді талдау.

Несиеге кабілеттілікті бағалаудағы негізгі мезет - карыз алушынын жағдайына қаржылық баға беру. Оның мақсаты -шаруашылық субъектінің қаржылық және мүліктік жағдайына, оның кызметінің нәтижелеріне толық сипаттама беру:

- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және өтімділігін анықтау;

- меншік және тартылған қаржылық ресурстарды пайда-ланудың тиімділігін зерделеу.

Қаржылық-шаруашылық қызметті талдау бағдарламасын екі кезеңде қарауға болады:

- шаруашылық субъектінің қаржылық және экономикалық жағдайына алдын ала шолу жасау;

- қарыз алушы кәсіпорынның экономикалық әлуетіне талдау және баға беру (қаржылық және мүліктік жагдайын бағалау).

Алдын ала шолудың мақсаты - балансты қарапайым есептеу арқылы тексеру және қаржылық есепті талдау мақсаттылығын жэне оқуға дайындылығын анықтау үшін қосалқы қүжаттарды формалды белгілері жэне мазмүны бойынша тексеру.

Бірінші кезеңге мыналар жатады:

- құрылтайшылық құжаттарды және банктік деректемелерді тексеру;

- бухгалтерлік есептің және кұжаттаудын кешенділігін тексеру;

- есеп беру формаларыньщ толтырылуын, барлық қажет деректемелерін, жауапты тұлгалардың қолтаңбаларының болуын;

- банк баланс валютасын тексеру, бақылау арақатынастары мен аралық қорытындыларының дұрыстығы, сонымен қатар берілген балансқа баланс қосымшаларының сәйкес келуін тексеру; . кәсіпорынның қаржылық жағдайы оңтайлы еместігін көрсететін баланстық есеп берудің дағдарыстық баптарына талдау жасау, сонымен қатар кәсіпорын жұмыстарының жетіспеу-шілігін анықтайды.

Несие алушының қаржылық жағдайын талдаумен қатар элементтер бойынша талдауды қарастырады. Ол несиені мерзімінде кайтару тәуекелі және тәуекелді мүмкіндігінше азайту шаралары, төлем-кабілеттілігін, пайдалылықты, басқару жұйесінің жеті-спеушілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Карыз алушының қаржылық жағдайын және несиемен қамтамасыз етілуш банктің дұрыс бағаламауы есептік базаның әлсіздігіне немесе болмауына жағдай туғызады. Сөйтіп материалдық өнім-дердін өзіндік кұны төмендеуі мен материал қалдықтары құнының жоғарылауъша экеледі немесе керісінше. Негізінен талдауға жата-тындар:

- материалдық қорлардың қозғалысы:

- талданатын кезеңдегі клиенттін валюталык шоты, есеп айы-рысу шотындағы ақша каражатыньш козғалысы;

- өнімнің өзіндік құны;

- пайда;

- айналмалы және негізгі каш;ті.:^::ггын орналасуы.

Қарыз алушының несиеқа білеттілігін бағалау кезінде мынадай үш негізгі көрсеткіш есепке алынады: өтімділік коэффициенті, жабу коэффициенті, меншікті айналым каражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші.

Өтімділік коэффициенті - қарыз алушының ақша қаражатын қарызды өтеу үшін шаруашылық айналымынан жедел босату қабілеті.

Қарыз алушының несиекабілеттілігін бағалаудың келесі негізгі көрсеткіші — жабу коэффициенті — кзсіпорынның материалдық айналым қаражатымен қамтамасыз етілгенін көрсете отырып, осы кәсіпорынның жалпы өтімділігіне баға береді.

Өтімділік пен жабу коэффициенттері арасында тікелей байланыс бар. Жабу коэффициенті көбеюі өтімділік коэффициентінің азаюына әкеледі немесе керісінше. Сонымен катар карыз алушының несиеқабілеттілігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің соңғыларының бірі - меншікті айналым қаражаттарымен камтамасыз етілу көрсеткіші. Бұл көрсеткіш абсолютті және оның динамикасынан өсуі жағымды үрдіс ретінде қарастырылады. Осы көрсеткішті есептеу кезінде баланс активтерінін бірінші бөлімін жабу үшін (негізгі кұралдар және айналымнан тыс активтер) қаражат көзі ретінде ұзақ мерзімді міндеттемелерді қолдану шартты деп есептеледі.

Банктік тәуекелдер

Тәуекел гректің ridskon, ridsa, италияның «risiko» және француздың тілінде risqué қазақша «қауіп», «қатер» деген мағына береді. Ал латынша «rescum сөзінің аудармасы болжанбайтын,қауіпті немесе бүлдіретін нәрселердің бірін білдіреді.

Тәуекел – кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.

Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді.

Банк ісінде тәуекел – белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресурстарының бір бөлігін жоғалту қауіпін білдіреді.

Сонымен, банктік тәуекелді жіктеу қағидалары мыналар:

1. Банктік тәуекелдің әсер ету жіне қызмет ету аясы.

2. Банк клиенттерінің құрамы.

3. Банктік операциялар сипаттамасы.

4. Коммерциялық банктердің түрі.

Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.

Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тәуекелдер жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.

Банктің өзінің қызметіне байланысты тәуекелдер ішкі тәуекелдер деп аталады.

Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:

- Несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі)

- Пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі)

- Өтімділік тәуекелі (Банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі)

- Капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі)

Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:

- Берілген кепілдер бойынша

- Шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісімшарт бойынша

- Несиелік міндеттемелер бойынша

- Валюталық мәмілеге отыру бойынша

Орытынды

Тәжірибелік жұмысымды қорытындылайтын болсам, тәжірибеден өтуге барған алғашқы күннен бастап алдыма қойған мақсат жоспарларымды толық орындап шыққаныма сенімдімін деп айтуыма болады.

Тәжірибеден өту барысында банктік құрылымымен оның ішкі тәртіп ережелерімен,банк құрылымымен толық таныстым.

Банктің клиент құрамымен, оларға көрсетілетін қызмет түрлерімен, касса операциярын және де қассаның құрылымымен,оның қызметімен, касса бойынша жүргізілетін операция түрлерін меңгердім. Сол сияқты есеп айырысу операциялары бойынша,соның ішінде төлем-талап тапсырмасымен, чек кітапшасымен,төлем қарточкаларымен жүргізілетін операцияларды және олардың қызметі туралы толық меңгердім.

Сонымен қатар, несиелік операциялар бойынша да тәжірибе жинадым деп те толық айта аламын. Мысалға, ұзақ меррзімді,қысқа мерзімді және шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру бойынша қандай операциялар жүргізілетінін, олардың несие қабілеттілігі және қарызды төлеу қабілеттілігін бағалауды, арнайы бағдарламалар бойынша клиенттің несие тарихы бойынша мәліметтерді тексеруді меңгердім. Және де банктен қарыз алушылардың несие қабілеттілігін талдауды, несиенің пайыздарын қайтару кестесін құруды меңгердім.

Енді міне, тәжірибеден өтуге келген алғашқы күні алдыма қойған мақсат жоспарларымды толығымен орындап шықтым. Осы тәжірибеден өту барысында алған білімім,яғни тәжірибе кезінде үйренген барлық жұмыстарым алдағы өмірде өзіме көп көмегін тигізеді деген ойдамын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «ҚР Ұлттық банк туралы» ҚР заңы 30.03.1995ж.

2. «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 31.08.1995ж.

3. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР заңы 06.08.2003ж.

4. «Ақшалай төлемдер мен аударымдар» туралы заңы 29.06.1998ж.

5. «ҚР банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» нұсқаулық 2000ж. 2 маусым

6. Қ.Р. Азаматтық кодексі, 2-шілде 2003 ж

7. “ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу”

8. Ережесі

9. С.Б.Мақыш «Банк ісі» Алматы,ИздатМаркет 2007

10. С.Т.Міржақыпова «Банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы,Экономика 2006

11. Ғ.С.Сейтқасымов «Ақша,несие,банктер» Алматы, Экономика 2005

12. Н.Н.Хамитов «Банк ісі» Алматы,Экономика 2006

13. Н.Н.Хамитов «Банк менеджменті» Алматы, Экономика 2007

14. К.Ш.Дүйсенбаев, Ә.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жумағалиев

15. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, Экономика 2007

16. Ә.А.Бименова «Банктегі бухгалтерлік есеп» Фолиант , Астана-2008

17. [email protected]

18. www.halykbank.kz

19. www.bcc-invest.kz

Наши рекомендации