Рекреация түсінігі. Бос уақыт пен рекреация

Рекреациялық географияның негізгі түсініктеріне ең алдымен бос уақыт; демалыс, рекреация және туризмді жатқызуға болады. Бос уақыт -рекреациялық процесс дамуының қажетті шарты. Бос уақыт белгілі бір дәуірдің, топтың әлеуметтік сипатына байланысты өзгеріп отыратын категория. Ол көлемі бойынша да өзгеріп отырады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен теңестіру теориялық көзқараспен қатар тәжірибелі түрде де қате болып келеді.

Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін 4 түрлі топтан құралады:

Жұмыс орнына бару мен келуге кететін уақыт

Күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін кететін уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық).

Үй шаруашылығына және тұрмыстық тұтынушылықтар үшін кететін уақыт

Физикалық, интеллектуалдық даму және демалу үшін кететін уақыт, яғни ол бос уақыт болып табылады.

Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрде және басқа іс - әрекеттерден бос уақытқа (1- сурет)

Рекреация латын сөзінен аударғанда «қайта толтыру», ол француз тілінен аударғанда ойын-сауық, демалыс іс-әрекет өзгерісі дегенді білдіреді. Осыған байланысты рекреация термині бос уақытта адамның таңдаушылық өмір іс-әрекетінің анықталған түрін сипаттаумен қатар, оның қызмет ететін кеңістігін де сипатталады.

Жалпы айтқанда, рекреация – күнделікті тұрғылықты жерінен тыс жерде арнайы арналған аймақты тәулікңтік, апталық және жылдық өмірлік цикл кезеңінде адамдардың емдеушілік, танушылық, спорттық және т.б. іс-әрекеттер үшін бос уақытты қолдану барысында пайда болатын құбылыс және қатынас жиынтығы.

Рекреация оның ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлінеді.

Қысқа мерзімді – рекреациялық жерге 1-2 сағатқа созылатын серуен . Ұзақ мерзімді кезінде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Ұзақ мерзімді рекреацияны – туризм деп айтуға болады.

Айтылғандарды ескере отырып демалушы мен рекреант түсініктері турист түсінігіне қарағында кең қолданылады.

Сонымен қатар қандай да бір жерге барып, бірақ барған жерінде қонбайтын тұлғалар болады, мұндай рекреанттарды – экскурсанттар деп атайды.

Туризм – (француз сөзі – серуендеу, саяхат мағынасына келеді) – бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерде өткізудің бір түрі. Рекреация немесе демалысқа қарағанда, туризм деген өте қысқа түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша туризм - бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Сонымен, туризм деген түсінік, ол тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе онан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі.

Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады: демалушы және рекреант деген өте кең түсмінік, ал турист соның бір бөлігі – қысқа түсінік. Бос уақытнда үйінде демалып жатқандар демалушылар болса, ал рекреанттарға бос уақытын тұрақты жерден тыс жерлерде өткізушілер жатады.

Экскурсия - латын сөзінен шыққан - жол жүру, серуендеу, көрікті көз тартарлық объектілерді аралап көру деген сөз. Н.С. Мироненко мен И.Т: Твердохлебовтың айтыунша, экскурсия - бұл танымдық, ағартушылық, ғылыми, спорттық немесе ойын сауықтық мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын және түнеуге тоқтамай саяхаттау және серуендеу. Туризм және экскурсия түсініктері өзара тығыз байланысқан. Экскурсиялар тәжірибелі түрде барлық маршруттарда туристерге қызмет көрсетіп отырады.

Егерде де, жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жасасақ, мынаны аңғаруға болады: адамның бос уақытындағы іс - әрекетінің барлығы да “демалыс” деген кең түсінікке жатады, ал қалғандарының барлығы соған кіреді. Демалысқа адамның үйде де, тыста да айналысатын барлық рекреациялық іс - әрекеттері кіреді. Төменгі сатыға “рекреация” немесе үйден тыс жердегі демалысты қосуға болады. Оған туризм де экскурсия дав кіреді. Рекреация туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, сая бақтағы демалыс және басқа да рекреация түрлері енеді.

Бос уақыт адамның физикалық күштерін қайта жаңғырту және дамыту үшін және оның рухани күштерін жан-жақты дамыту үшін, әлеуметтік тұтынушылықтар қатарын қанағаттандыру үшін жұмсалады. Басқа сөзбен айтқанда, ол белсенді іс-әрекетке жұмсалады. Және де бос уақыт демалыс үшін арналған уақыт болып табылады. “белсенді іс - әрекет” пен демалыс ұғымдары, бір біріне сәйкес келмейтін секілді көрінуі мүмкін. Бірақ физиологтардың зерттеулері бойынша, жақсы демалыс – адамның іс - әрекетінің түрінің алмасып тұруы екендігін көрсетеді.

Бос уақыттың 2 негізгі қызметін көрсетуге болады:

Еңбек аясы және басқа жұмыс түрлеріне кеткен адамның күшін қайта толтыру қызметі.

Рухани және физиологиялық дамуды жүзеге асыратын қызмет.

Қалпына келтіру қызметіне тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму қызметіне жататындар: танымдық,қатынасу.

Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді. Күнделікті бос уақытты қолдану тұрғын үймен, қалалық ортамен тікелей байланысты келеді.

Апталық рекреация демалыс күндері қаланың сыртында зонада жүзеге асырылады (жергілікті рекреация) \ week end\.

Жыл сайынғы рекреация жылдық демалыс және каникул кезеңдерінде жүзеге асырылады. \ішкі аудандық, жалпы мемлекеттік, халықаралық болуы мүмкін\.

Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін толықтырады, жүйке жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бәсендетеді, ал ауыр жұмыспен айналысатындар үшін физикалық қысым азаяды. Демалыс – халықтың қоғамдық өмірінің бөлігі болып табылады. Яғни, ол әлеуметтік категория ретінде қарастырылады. Демалыс уақытында адамның іс-әрекеті келесі түрде жіктелуі мүмкін:

1. Белгілі бір физикалық жүктемеге байланысты жүзеге асырылатын іс-әрекет. \спортпен айналысу, серуенге шығу\.

2. Әуесқой істермен айналысу.\аң аулау, сурет салу, теледидар көру\

Интеллектуалдық іс-әрекеттер.\газет, журнал оқу\

Өнер әлеміне бейімделу ( театрға, концертке, мұражайларға сапар шегу) өнер саласындағы шығармашылық (көркем өнер, ағашты зерделеу және т.б.)

5. Белсенді және пассивті сипаттағы ойын-сауық, көңіл көтеру, сергу

Қанағат алу, көңіл көтеру үшін жасалатын саяхаттар.

7 Еркін тақырыпқа әңгімелесу, сұхбаттасу, өз таңдауына байланысты сөз табысу.

География, социология бойынша ғылыми жұмыстарда демалыс түсінігімен қатар рекреация, рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық процесс сияқты терминдер жиі қолданылады. Еңбек сипаты еркін уақытты қолдану құрылымы және формасы түбірлі өзгеруіне байланысты аталған түсініктерді қолдану нақты мағынаны береді. Ауыр физикалық еңбектің басым болуы кезеңінде бос уақыт, ең алдымен, тұрғын жер бойынша физикалық күшті қайта толтыру үшін қолданылады.

Қазіргі уақытта адамның таңдаулы өмір іс-әрекетіне байланысты : тәуліктік, апталық, жылдық циклдегі \айналыс\ бос уақыт емдеушілік, танушылық, спорттық және мәдени сауықтық іс-әрекеттер үшін жұмсалады.Олар күнделікті тұрғылықты жерінен тыс жерге адамның уақытша кетуімен сипатталады және т.б. ерекше ресурстарды иеленетін арнайы аймақтарды және материалдарды техникалық базаларды қажет етеді.

Әсіресе, рекреация түсінігі осындай сипаттағы таңдаулы өмірлі іс-әрекетінің мазмұнын толық және жақсы көрсетеді.

Наши рекомендации