Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі. „

Автор, атауы, шыққан жылы Ақпарат көзі Бары (дана)
Кітапханада Кафедрада
Негізгі әдебиет
Ибрашова А. Білім беруде жаңа ақпараттық технологияны қолданудың психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері және негізгі бағыттары, Білім №4, 2007   +  
    Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001;30-33бб.     +  
  Михеева Е. В. Информационные технологии в профессиальной деятельности: Учебное пособие для студ. Пед. Вузов.-М.: Изд-во «Академия», 2006.—384с   +  
  Ветров Ю., Глухов И. Информационные технологии в образовательном пространстве технического университета, Высшее образование в России №3, 2004   +  
  Дүйсенбина М.Е. Білім беру сапасын басқару технологиясы, Білімдегі жаңалықтар №2-14, 200   +  
Қосымша әдебиет
  «Новые педагогические и информационные технологии в системе образования», под ред. Е.С. Палат-М. 2000,-296 стр   +  
Хуторский А.В. «Современная дидактика», С-Петербург, 2001,-504 стр   +  

Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

Аудиториялық сабактар барысында ағымдық бақылау, СӨЖ тапсырмаларының орындау сапасын бақылау; коллоквиум және бланкілік тестілеу формасында екі аралық бақылау; компьютерлік тестілеу формасындағы қорытынды аттестаттау жоспарлануда.

Бақылау жұмысы – 20%

Дәрістік сабақтағы белсенділік – 5%

Практикалық сабақтағы белсенділігі – 45%

Аралық тестілік бақылау – 20%

Сабаққа қатысу – 10%

Барлығы – 100

Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады

Әріптік жүйе бойынша баға Баллдардың сандық эквиваленті Пайыздық көрсеткіші Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Оқу пәнінің саясаты

«Ақпараттық жүйелердің және технологиялардың теориялық негіздері» пәні – элективті пән. Оку жүктемесінің көлемі 3 кредиттен тұрады, оның ішінде дәріс - 30сағат, практика, семинар – 15 сағат.

Пәнің талаптары: аудиториялық са6ақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, дәрістер мен зертханалық сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, СӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бакылаудын барлық туріне қатысу (ағымдық бақылау, СӨЖ тапсырмаларын тексеру, аралық бақылау, қорытынды бақылау).

Дайындаған ___________ Баегизова А.С.

(қолы) (Ф.А.Ж.)

Кафедра отырысында қарастырылды, хаттама № 11 « 27 » 06. 2015 ж.

Глоссарий

1. Ғылыми-техникалық революция (FTP) - ғылымды қоғамдық өндірісті дамытудың жетекші факторына айналдыру негізінде өндіргіш күштерді түбегейлі, сапалық қайта құру.

2. «Жүйе» ұғымыбілімнің әртүрлі салаларында кеңінен пайдаланыла бастады және ғылыми білімнің белгілі бір даму сатыларында жүйелер теориясы дербес ғылым болып қалыптасты.

3. Жүйелік талдау қағидаттарының бірінде - кез келген элемент я кейбір жүйеде ішкі жүйе болуы мүмкін, я осындай санаттардағы объектілер жиынының арасында ішкі жүйе болуы мүмкін екендігі туралы айтатын жүйелілік заңда көрініс тапты.

4. Кибернетика–динамикалық жүйелермен басқарумен байланысты ақпараттық үдерістерді зерделейтін, табиғаттағы, қоғамдағы, тірі организмдердегі және машиналардағы басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым.

5. Кибернетикалық тәсілдеме- кибернетика қағидаттары негізінде, жекелей алғанда, тікелей және кері байланыстарды анықтау, басқару үдерістерін зерделеу, жүйелер элементтерін әлдебір «қара жәшіктер» (олардың кіретін және шығатын ақпараты ғана зерттеушіге қолжетімді, ал ішкі құрылғы белгісіз болуы мүмкін жүйе) ретінде жүйелер элементтерін қарастыру көмегімен жүйелерді зерттеу.

6. Еліктемелік модельдеу - зерделенетін жүйе, нақты жүйені жеткілікті дәлдікпен сипаттайтын модельмен алмастырылатын және осы жүйе туралы ақпараттар алу мақсатында онымен эксперименттер жүргізілетін зерттеу әдісі.

7. Агенттік модельдеу- атқарымдық динамикасы жаһандық ережелермен және заңдармен емес (модельдеудің өзге парадигмаларындағы сияқты), керісінше, осы жаһандық ережелер мен заңдар, топтар мүшелерінің жеке белсенділіктерінің нәтижесі болып саналатын кездегі ережелермен және зандармен анықталатын, орталықтандырылмаған (децентрализованных) жүйелерді зерттеу үшін пайдаланылатын еліктемелік модельдеудегі салыстырмалы (1990 - 2000-ші жылдар) жаңа бағыты.

8. Жүйелік динамика - зерттелетін жүйелер үшін уақыт аралығында бір параметрлердің өзге параметрлерге себептік байланыстары мен жаһандық әсерлерінің графикалық диаграммалары құрылатын, содан кейін осы диаграммалар негізінде жасалган модель компьютерде имитацияланған модельдеу парадигмасы.

9. Хабар - ақпаратты көрсету, беру формасы болып саналатын, түпкі алфавит символдарының жиынтығы.

10. Алфавит қолдану тәртібі белгіленген символдар жиыны.

11. Стохастикалық дабылдар ақпараттар мен дабылдарды беру теорияларында берілген сипаттамалармен-корреляциялық атқарымдармен және спектрлік тығыздықтармен берілген кездейсоқ үдерістерді жүзеге асыру.

12. Жүктелген желібұл - нақты сервер мен клиент үшін ҒТР сервисінің өнімділігін тексерудің неғұрлым қызықты жағдайы.

13. Статистикалық кодтау хабарлар көздерінің артықтығын жоюға мүмкіндік беретін кодтау

14. Базистік атқарымдар дабыл соған өзара бөлінетін, жекелеген спектрлік құраушылар.

15. Кодтық қашықтық кодтың кез келген екі комбинациялары бір-бірінен өзгешеленетін символдардың ең аз санының, артықсыздық кодтарын анықтай алмайтыны, оның үстіне қателерді түзей алмайтыны.

16. Сызықтық кодтар тексерілетін символдар ақпараттық символдардың сызықтық комбинациялары болып көрсетілетін кодтар.

17. Автоматтандырылған программалау жүйесі. Берілген есептің формалды сипаттамасы бойынша программа құратын инструментальдық программалық құрал.

18. Авторлық жүйелер – интерфейстік қосымшасы бар, пайдаланушы өзінің пәндік саласындағы информациямен толтыра алатын біріктірілген орта.

19. Аналогтық-цифрлық түрлендіргіш (АЦП) – датчиктен берілген аналогтық түрдегі сигналды цифрлық сигналдарға түрлендіретін арнаулы плата

20. Аппараттық жабдықтама(архитектура) – компьютерге қатысты техникалық құрылғылар мен жабдықтардың жиынтығы.

21. Адрес пішіні -(1) машина командасындағы адрес өрістерінің орналасуы мен саны. (2) адресте элементтердің орналасуы мен саны.

22. Адрес өрісі - адрестерді немесе операндтардың мәндерін алу үшін қажетті информацияны, адресті қамтитын машина командаларының кез келген өрісі.

23. Байт. Ақпараттың өлшем бірлігі. Ол 8 биттен тұрады және тұтас өңделеді.

24. Деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ)– компьютер көмегімен белгілі бір сала бойынша үлкен деректер базасын (қорын) құрып сақтауға, ондағы деректерді реттеуге, сұрыптауға және қажет деректі іздеуге мүмкіндік беретін программалар жүйесі.

25. Деректер - (1) фактілерді, ұғымдарды, инструкцияларды тасымалдауға, интерпретациялауға немесе адаммен немесе автоматты тәсілмен өңдеуге қолайлы түрде көрсету. (2) Информация, шама үшін синоним.

26. Екілік цифр (бит) - (1) нөлмен немесе бірмен көрсетілетін информация бірлігі; (2) (1)-мағынада информацияның бірлігін сақтай алатын компьютер жадысының элементі;

27. Ақпараттық жүйелер – үлкен көлемді ақпараттарды сақтау, өңдеу, іздеу және оларды ұйымдастыру жұмыстарын жасайтын программалар.

28. Интеллектуальдық деректер базасы - деректерге қатынау табиғи тiлде немесе табиғи тiлге жуық сұратулар тiлiнде жүзеге асырылатын деректер базасы.

29. Код - (1) белгілі мағынаны білдіретін символ немесе биттер жинағы; (2) программалау тілінде немесе тілдік процессормен қалыптастырылған пішінде көрсетілген инструкциялар мен деректер анықтамалары; (3) программаны программалау тілінде бенелеу.

30. Кодтау - (1) информацияны белгілі бір символдар көмегімен бейнелеу; (2) программаны программалау тілінде көрсету процесі. (3) жоба спецификациясынан логика мен деректерді программалау тіліндегі бейнелеуге түрлендіру.

Дәріс тезистері.

ДӘРІС №1. Жүйе теориясының негізгі түсініктері. Жалпы ТС мақсаттары және тапсырмалары. Терминология ТС

Дәрістің мәтіні

Мақсаты: Ақпараттық жүйелердің негізгі қасиеттерін қарастыру.

Дәріс жоспары

1. «Ақпараттық жүйелердің негіздері» курсының мақсаттары мен есептері

2. Қазіргі ақпараттық жүйелердің сипатты ерекшеліктері

Негізгі түсініктер: өндірісті автоматтандыру, жүйе, жиын, атқарымдық ықпалдасу, гетерогендік, ашық жүйелер

Тақырыптың мазмұны: Есептеу техникаларын кеңінен қолданбай және әртүрлі бағытта ақпараттық жүйелерді құрусыз қазіргі кезеңдегі адам кызметінің әртүрлі аяларының дамуы мүмкін емес. Осындай жүйелерде ақпараттарды өндеу дербес ғылыми-техникалық бағытқа айналды.

Ғылыми-техникалық революция (FTP) - ғылымды қоғамдық өндірісті дамытудың жетекші факторына айналдыру негізінде өндіргіш күштерді түбегейлі, сапалық қайта құру. Бастауы XX ғасырдың ортасына келетін FTP барысында қаркынды дами отырып, ғылымның тікелей өндірістік күшке айналу үдерісі аяқталады. Ғылыми-техникалық революция қоғамдық өндірістің бет-бейнесін, еңбек жағдайын, сипаты мен мазмұнын, өндіргіш күштердің құрылымын, қоғамдық еңбек бөлінісін өзгертеді, өндіргіш күштердің шапшаң өсуіне мүмкіндік береді, адамдардың мәдениетін, тұрмысын, психологиясын, қоғамның табиғатпен өзара қатынасын қоса алғанда, қоғамдық өмірдің барлық жақтарына ықпал етеді, ғылыми-техникалық ілгерілеуді (FTІ) күрт жеделдетуге әкеледі.

FTI-нің бастауы техникадағы революциямен байланысты. Жобаланатын жүйелердің күрделенуі мемлекетті ірі ұлттық ғылыми-техникалық жобалар шеңберлерінде ғылым мен техниканың келісімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға итермеледі. Ғылымға қаржы бөлу мен зерттеу мекемелері санының күрт өсуі басталды. Ғылыми қызмет жаппай кәсіпке айналды. 50-ші жылдардың екінші жартысында елдердің көпшілігінде ғылыми қызметті жоспарлау мен басқарудың жалпы мемлекеттік органдары құрыла бастады. Ғылыми және техникалық әзірлемелер арасындағы тікелей байланыстар күшейді, өндірісте ғылым жетістіктерін пайдалану жеделдетілді. 50-ші жылдары ғылыми зерттеулерде, өндірісте, содан кейін басқаруда, ҒТІ символына айналған, электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ) жасалып, кеңінен қолданыла бастады. Олардың пайда болуы өндіріс үдерісіндегі адамның жағдайы мен рөлін өзгертетін, өндіріс пен басқаруды кешенді автоматтандыруға бірте-бірте көшудің басталуымен байланысты.

ҒТІ-нің бірнеше басты ғылыми-техникалық бағыттарын бөліп көрсетуге болады:

Ø өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді автоматтандыру;

Ø энергияның жаңа түрлерін ашу және пайдалану;

Ø жаңа конструкциялық материалдар жасау және қолдану.

Өндірісті автоматтандыру - бұл бұрын адам орындаған басқару мен бақылау функцияларын аспаптарға және автоматты құрылғыларға беретін машиналық өндірісті дамытудағы үдеріс.

Өндірісті автоматтандырудың мақсаты өндірістің бүкіл қорларын оңтайлы пайдалану үшін еңбек өнімділігін арттыру, шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту, жағдай жасау болып табылады.

Аса күрделі (үлкен) жүйелердің пайда болуы қоғамды дамытудың сипатты үдерістерінің бірі болып саналады. Мұның негізгі себептері мыналар: халық шаруашылығында қолданылатын техникалық құралдардың үздіксіз ұлғая түсіп отырған күрделілігі; техникалық және сол сияқты ұйымдық жүйелердің (кәсіпорындар, сала, мемлекет және т.б.) басқару сапасын арттыруға деген қажеттілігі; кәсіпорындардың мамандануы мен бірігуінің кеңейе түсуі - халық шаруашылығын дамытудың негізгі үдерістері.

Жай жүйелерді жобалаудың дәстүрлі тәжірибесінен өзгешелігі – ірі автоматтандырылған, технологиялық, энергетикалық, аэроғарыштық, ақпараттық және өзге күрделі кешендерді әзірлеу кезінде, элементтердің атқарымдық функционалдану қасиеттері мен заңдарын қарастырумен байланысты - аздау, ал ең жақсы құрылымдарды таңдаумен, элементтердің өзара әрекетін оңтайлы ұйымдастырумен, олардың атқарылымының оңтайлы режимдерін анықтаумен, сыртқы ортаның әсерін ескерумен және т.б. байланысты - көбірек проблемалар туындайды. Жүйелердің күрделене түсуімен байланысты осы кешенді жалпы жүйелік мәселелерге барған сайын маңыздырақ орын беріледі.

ҒТІ қарқыны халық шаруашылығының барлық аялары мен салаларында жобалау, жоспарлау мен басқару үдерістерінің күрделенуін туғызады. Салалардың дамуы мен олардың бір-біріне өзара ықпалының күшеюі, кәсіпорынның, бірлестіктің, саланың және т.б. жобалау, өндіру және пайдалану, жоспарлау мен басқару кезінде шешімдер қабылдау жағдайларында қарастырылатын мүмкін нұсқалар санын арттыруға әкеледі. Осы нұсқаларды талдай отырып, әртүрлі білім салаларындағы мамандарды тарту, олардың арасындағы өзара іс-қимыл мен өзара түсіністікті ұйымдастыру қажет.

Осылардың барлығы, үлкен жүйелерді талдауға, жаңа жүйелік көзқарастың пайда болуына әкелді. Олар көбінесе толық сипаттауға көне бермейді және олардың әрбірі сондай-ақ жекелеген атқарымдық ішкі жүйелер арасында көпқырлы байланыстарға ие болатын олардың әрбірі, сондай-ақ үлкен жүйе болып көрінуі мүмкін. Арнайы теория - жалпы (абстрактылы) жүйелер теориясы — жүйелік көзқарастың негізі болып қаланған.

«Жүйе» ұғымын пайдалануға деген қажеттілік өте ертедегі уақыттан әртүрлі физикалық табиғат объектілері үшін пайда болды: сол кездің өзінде-ақ Аристотель, тұтастық (яғни, жүйе - авт.) - оны құраушы бөліктердің қосындысы ғана еместігіне назар аударды. Нақтылай айтқанда, «жүйе» термині және онымен байланысты кешенді, жүйелік көзқарасты философтар, биологтар, психологтар, кибернетиктер, физиктер, математиктер, экономистер әртүрлі мамандықтардағы инженерлер зерттейді және солар ой елегінен өткізеді. Осы терминді пайдалануға деген қажеттілік математикалық өрнекпен әлденені көрсету, бейнелеу, көзге елестету мүмкін болмаған жағдайларда туындайды және бұл үлкен, күрделі, бірден толық түсінікті (анық емес) емес және тұтас, бірыңғай болады. Мысалы - «күн жүйесі», «станокты басқару жүйесі», кәсіпорынды (қаланы, өңірді және т.б.) ұйымдық басқару жүйесі, «экономикалық жүйе», «қан айналымы жүйесі» және т.б.

Математикада жүйе термині математикалық өрнектер немесе ережелер жиынтығы - «теңдеулер жүйесін», «санау жүйесін», «өлшемдер жүйесін» және т.б. бейнелеу үшін пайдаланылады. Осы жағдайларда «жиын» немесе «жиынтық» терминдерін пайдалануға болатын сияқты болып көрінеді. Бірақ жүйелер ұғымы реттілік, тұтастық, белгілі бір заңдылықтардың болуын атап көрсетеді.

Жүйелік түсініктерге деген қызығушылық, ыңғайлы жинақтаушы ұғым ғана емес, сонымен бірге үлкен анықталмағандық пен есептердің қойылым құралы ретінде де көрінеді.

Өндірістік үдерістердің күрделіленуі мен ғылымның дамуына қарай, дәстүрлі математикалық әдістердің көмегімен шешілмеген және есептердің қойылым үдерісінің өзі барған сайын көбірек орын ала бастаған есептер пайда болды, эвристикалық әдістердің рөлі өсті, формальды математикалық модельдердің бара-барлығын дәлелдейтін эксперимент күрделенді.

Осындай есептерді шешу үшін математиканың жаңа бөлімдері әзірлене бастады; практикалық ееептерге жуықтатылған математикалық әдістер дербес қолданбалы математика ретінде қалыптасты; есептердің қойылымын осы шешу кезеңіне тең деп танитын шешімдер қабылдау ұғымы содан кейін оның бағыты пайда болды.

Бірақ есептерді қою құралдары жаңа бағытты қамтымады, өйткені дамудың көп ғасырлық тарихы С. Лемнің бейнелеп айтуы бойынша «математиктер, мәнді қолдануды өз ойларының қарастыру шегінен шығарып тастады», яғни есептердің қойылу құралдарын әзірлеуді математиканың функциялары емес деп санады.

Есептердің қойылу үдерістерін, күрделі жобаларды әзірлеу үдерісін зерттеу адамның негізгі рөліне назар аударуға мүмкіндік берді: адам тұтасты қабылдаушы, проблемаларды бөліктеу, жұмыстарды бөлу кезінде тұтастықты сақтаушы, шешімдер қабылдау өлшемдері, құндылықтары жүйесінің иесі болып саналады. Жобалау үдерісін ұйымдастыру үшін жобалауды ұйымдастыру жүйелері, әзірлемелерді басқару жүйелері және т.б. құрыла бастады.

«Жүйе» ұғымыбілімнің әртүрлі салаларында кеңінен пайдаланыла бастады және ғылыми білімнің белгілі бір даму сатыларында жүйелер теориясы дербес ғылым болып қалыптасты.

Оқулықта берілген ақпарат ақпараттық жүйелерді (АЖ) жобалау және әзірлеу саласындағы мамандар — жүйелік талдаушылар, жүйелік жобалаушылар мен интеграторлар, қолданбалы бағдарламалаушылар даярлау бағдарламаларының құрамына кіретін, «Ақпараттық жүйелердің негіздері» пәні бойынша оқитын Магистранттерге арналған. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сауда фирмаларының, қаржы топтары мен холдингтердің, коммерциялық банктер мен ел экономикасының негізін құрайтын өзге де ұйымдардың корпоративтік АЖ жобалау объектілері болып ұйғарылады. Оған сондай-ақ кеден және салық қызметтері, құқық қорғау органдары және т.б. сол сияқты мемлекеттік құрылымдардың ақпараттық жүйелері жатады.

Атқарымдық ықпалдасубір-біріне қатыссыз («автоматтау аралдары» сияқты, мысалы, 70-ші және 80-ші жылдардағы өндірістік кәсіпорындарда) бұрын автономды жұмыс істеген жүйелерді, барлық атқарымдарға, бөлімше мен объекті, кәсіпорын немесе мекеме қызметтеріне қызмет көрсететін, бірыңғай ықпалдасқан АЖ-ге біріктірумен байланысты болып отыр. Осындай көзқарас, ішкі жүйелердің өзара іс-қимылын және тұтастай алғанда АЖ құруды жүзеге асыратын қолданбалы бағдарламалар кешендерінің архитектурасы мен құрылымына жаңа көзқарасты айқындап берді. Кәсіпорын немесе ұйымдар қызметінің жаңа сапасын (мысалы, нарық талаптарына тез әрекет ету және өндірісті тиісінше қайта құру тұрғысында) қамтамасыз ете отырып, атқарымдық ықпалдасу АЖ күрделіленуін күрт арттыруға әкеледі. АЖ-ның күрделіленуінің арта түсуі, өз негізінде, қолданбалы бағдарламалар мен мәліметтер қорларын жобалау, әзірлеу әдістері мен құралдарына қосымша талаптар қояды.

Ақпараттық қорлардың ықпалдасуықазіргі АЖ-ні құруда маңызды рөл атқарады. Мәліметтер қорлары, білім қорлары, қайталап пайдаланатын бағдарламалар қорлары ақпараттық қорлар болып түсіндіріледі. Осы қорларды құруға жұмсалатын шығындар аса елеулі, ал осыған дейін қолда бар қорлардың көлемі мен құндылығы аса зор және тез өсіп отырады. Сондықтан қазіргі АЖ-ні құру кезінде екі есепті шешуге тура келеді:

1.Жаңаны әзірлеу немесе осыған дейін қолданыстағы АЖ-ні дамыту кезінде, қолда бар ақпараттық қорларды пайдалануды қалай қамтамасыз ету керек;

2.Әртүрлі мақсаттағы бірнеше АЖ-нің жалпы (бөлінетін) ақпараттық қорларды бірлесіп пайдалануын қалай қамтамасыз ету керек.

Бұл ретте құрылатын АЖ-де пайдалануға жататын ақпараттық қорлардың мәліметтерді берудің, білімді берудің, бағдарламалау тілдерінің әртүрлі модельдерінің көмегімен жүзеге асырылуы және әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс жасауы мүмкін екенін ескеру қажет.

Демек АЖ құру үшін қолданылатын инструментальдық құралдар, сондай-ақ қосымша жұмыс істейтін, құрылатын АЖ ортасына, ақпараттық қорлардың бірыңғайланған көрсетілімі мен оған жүгіну тәсілдерін қамтамасыз ететін компоненттер кіруі тиіс.

Қазіргі АЖ-де сипаты ақпараттар беру тәсілдерімен анықталатын, ақпараттық технологиялардың (АТ) бірнеше түрлерінің ұштасуы талап етіледі:

Ø есептеу есептерін және/немесе басқару есептерін шешу;

Ø мәліметтерді өңдеу;

Ø мәтіндерді өндеу;

Ø машиналық кескіндемелер;

Ø бейнелерді өңдеу (статикалық немесе бейнекескіндер);

Ø сөйлесу хабарларын өңдеу.

Осы технологиялар үшін тиісті мәліметтер қорларын қолдайтын АЖ (мысалы, МҚБЖ) орталарының жүйелік бағдарламаның қамтамасыз етілуі мен мәліметтердің тиісті типтерін өңдейтін қолданбалы бағдарламаларды талап етеді. Ақпараттарды берудің осы тәсілдерін пайдаланатын интерфейс құралдары қолдауы тиіс.

ДӘРІС №2. Жүйенің қасиеттері, түрлері жіне заңдылықтары. Жүйенің түрлері. Жүйенің қасиеттері. Қиын және үлкен жүйе. Жүйе заңдылығы .

Дәрістің мәтіні

Мақсаты: Ақпараттық жүйелердің негізгі ұғымдары мен құрылымын оқып білу, жүйелік талдау.

Дәріс жоспары

1. Жүйелер теориясының терминологиясы

2. Ақпараттық жүйе ұғымы

3. Жүйелік талдау

Негізгі түсініктер: деректер базасы, ақпарат бірліктері, пәндік аймақ, ақпараттық қор, объектінің қасиеті, элемент, құрылым, сатыластық, байланыс, күй, модель

Тақырыптың мазмұны: Қазіргі уақытта «жүйе» ұғымын анықтауда бірлік жоқ деуге болады. Қандай да бір формалардағы алғашқы анықтамаларда, жүйе - бұл элементтер және олардың арасындағы байланыстар (қатынас) екендігі туралы айтылады. Мысалы, жүйелер теориясының негізін қалаушы Людвиг фон Берталанфи жүйені өзара әрекеттесуші әлементтер кешені немесе бір-бірімен және ортамен белгілі бір қатынастарда болатын элементтердің жиынтығы ретінде анықтады. А.Холл жүйені заттар арасындағы және олардың белгілері арасындағы байланыстармен бірге заттар жиыны ретінде анықтайды. Қай термин - «қатынас» немесе «байланыс», қолданысқа жақсы деген талас жүруде.

Одан кейінірек жүйелер анықтамаларында мақсаттар ұғымы пайда болады. Мәселен, «Философиялық сөздікте» жүйе белгілі бір түрде бір-бірімен қатынастарда және байланыстарда болатын, кейбір тұтастык бірлікті құрайтын элементтер жиынтығы ретінде анықталады.

Кибернетиканың негізін қалаушылардың бірі У.Р.Эшби алғашқы болып зерттеуші мен зерттелетін жүйе арасындағы өзара әрекетті есепке алу қажеттілігін атап көрсетсе де, соңғы уақыттарда жүйелер ұғымын анықтауда элементтермен, байланыстармен және олардың қасиеттерімен, мақсаттарымен қатар бақылаушы термині енгізіле бастады.

М. Месарович пен Я. Такахара «Жалпы жүйелер теориясы» кітабында, жүйе - «Бақыланатын белгілер мен қасиеттер арасындағы формалды өзара байланыс» деп санайды.

Осылайша, ескерілетін факторлардың саны мен абстрактылық дәрежелеріне қатысты «жүйе» ұғымын анықтауды келесі символ формасында көз алдымызға елестетуге болады. Әрбір анықтаманы D әрпімен (латынша definitions) және факторларды анықтауда ескертілетін санмен сәйкес келетін реттік нөмірмен белгілейміз.

D1. Жүйе бұл тұтастық:

S=A(1,0)

Бұл анықтама бар болу мен тұтастық фактісін білдіреді. А (1,0) екілік пайымдау осы сапалардың бар болуын немесе жоқ болуын бейнелейді.

D2. Жүйе дегеніміз - ұйымдасқан жиын (Темников Ф. Е.)

S={ұйымд., М),

мұндағы ұйым. - ұйымның операторы; М-жиын.

D3. Жүйе дегеніміз - заттардың, қасиеттер мен қатынастардың жиыны (Уемов А. И.):

S=({m},{n},{r}),

мұндағы, m - заттар, n - қасиеттер, r - қатынастар.

D4. Жүйе дегеніміз - құрылымдар құратын және қоршаған орта жағдайларында белгілі бір тәртіпті қамтамасыз ететін әлементтер жиыны:

S=(e, ST, BE, E),

мұндағы e - элементтер, ST— құрылым, BE - тәртіп, E - орта.

D5. Жүйе дегеніміз - өтулер операторымен және шығулар операторларымен сипатталатын, кірулер жиыны, шығулар жиыны, жай-күйлер жиыны:

S=(X,Y,Z,H,G),

Мұндағы, X - кірулер, Ү - шығулар, Z - жай-күй, Н - өтулер (ауысулар) операторы, G - шығулар операторы. Бұл анықтама автоматикада қарастырылатын бүкіл негізгі компоненттерді ескереді.

D6. Бұл - кейін сөзбен тұжырымдау қиын болатын, алтымүшелі анықтама. Ол биожүйелер деңгейіне сәйкес келеді және генетикалық (тектік) GN бастауды, KD өмір сүру жағдайын, MB алмасу құбылысын, EV дамуды, EC қызметін және RP көшірмені (жаңғыртуды) ескереді:

S=(GN, KD, MB, EV, FC, RP).

D7. Бұл анықтама Ғ модельдері, SC байланыстар, R қайта санау, FL өз бетімен оқу, ҒО өзін-өзі ұйымдастыратын, СО байланыстарды өткізгіштік және JN модельдерді өршіту ұғымдарына сүйеніп пайдаланылады:

S=(F, SC, R, FL, CJ, JN).

Аталған анықтама нейрокибернетикалық зерттеулер кезінде ыңғайлы.

D8. Егер D5 анықтаманы уақыт және атқарымдық функционалдық байланыстар факторымен толықтырсақ, онда әдетте автоматты басқару теориясында пайдаланылатын жүйелер анықтамасын аламыз:

S=(T, X, Y, Z, W, V, η, φ),

мұндағы, Т- уақыт, X - кірулер, Ү - шығулар, Z - жай-күйі, W- шығулардың операторлар сыныбы, V- шығулардағы операторлардың маңызы η-y(t2)= η(x(t1)),z(t1), t2) теңдеулердегі атқарымдық байланыс, φ- z(t2)=φ(x(t1)),z(t1), t2) теңдеулердегі атқарамдық байланыс.

D9. Ұйымдық жүйелер үшін жүйелерді анықтауда төмендегіні ескерген ыңғайлы болады:

S=(PL, RO, RJ, EX, PR, DP SV, RD, EF),

мұндағы, PL - мақсаттар мен жоспарлар, RO - сыртқы қорлар, RJ- ішкі қорлар, EX- орындаушылар, PR - үдеріс, DT- кедергілер, SV-бақылау, RD - басқару, EF - эффект (әсер).

Анықтамалар тізбегін қойылған мақсаттарға жетуде, шешілетін есептер үшін қажет нақты жүйелердегі элементтер, байланыстар мен әрекеттердің сондай саны ескерілетіндей, Dn(n=9,10,11...)-ге дейін жалғастыруға болады. Жүйелер ұғымын анықтауда жүйелер теориясы жөніндегі әдебиеттерде көбінесе: жүйе - белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын, бір-бірімен қатынаста және байланыста болатын элементтер жиыны екені қарастырылады.

Жүйенің кез келген элементін, негізінен, неғұрлым төмен реттегі сияқты, дербес жүйе (қандай да бір атқарылымдық блокты немесе зерттелетін проблеманың аспектісін сипаттайтын математикалық модель) ретінде қарастыруға болады. Жүйенің әрбір әлементі өзінің функцияларымен сипатталады. Кіретін және шығатын үдерістер арасындағы тірі және сүйектік материяларға тән заттық-энергетикалық және ақпараттық қатынастар атқарымы болып түсіндіріледі. Егер осындай элемент ішкі құрылымға ие болса, онда оны ішкі жүйе деп атайды және осындай сипаттама жүйелерді синтездеу мен талдау әдістерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл, жүйелік талдау қағидаттарының бірінде - кез келген элемент я кейбір жүйеде ішкі жүйе болуы мүмкін, я осындай санаттардағы объектілер жиынының арасында ішкі жүйе болуы мүмкін екендігі туралы айтатын жүйелілік заңда көрініс тапты. Элемент әрқашанда жүйенің бөлігі болып саналады және одан тыс өз мағынасын жоғалтады.

Жүйелер анықтамасын таңдау. Жүйенің әртүрлі анықтамасын қарастыра отырып және олардың бірде-бірін негізгі ретінде бөліп көрсетпестен, әдетте жүйелер ұғымының күрделілігін, зерттеудің әртүрлі сатыларындағы сипаттау формаларын таңдаудың, біржақты еместігін атап көрсетеді. Жүйелерді сипаттау кезінде барынша толық тәсілді пайдалануға, содан кейін, оның жұмысына әсер ететін неғұрлым маңызды компоненттерді бөліп көрсетуге және жүйенің жұмыстық сипаттамасын тұжырымдауға кеңес беріледі.

Жүйелік талдау. Қазіргі уақытта жүйелік талдау неғұрлым сындарлы бағыт болып саналады. Бұл термин біржақты қолданылмайды. Бір көздерде ол «жоспарлау мен байланысты басқару функцияларына жүйелік тұжырымдамалардың қосымшасы» ретінде анықталады. Өзге бір дерек көздерінде - «жүйелерді талдау» (Э. Квейд) терминінің немесе «жүйелік зерттеу» (С. Янч) терминінің синонимі ретінде қолданылады. Бірақ оның тек жүйе мақсаттарының құрылымдарын анықтауға, атқарымдық және қамтамасыз етушілік бөлікті қоса, тұтастай жүйені жоспарлауға немесе зерттеуге қолданылатынына байланыссыз, жүйелік талдау жұмыстарында, әрқашанда зерттеу жүргізу әдіснамасында зерттеу кезеңдерін бөліп көрсетуге және осы кезеңдерді орындау әдістемесін нақты жағдайларда орындауға талпыныс жасауға ұсынылатындығымен ілгеріде қарастырылғандардан түбегейлі өзгешеленеді. Бұл жұмыстарда әрқашанда жүйелер мақсаттарын анықтау, мақсаттарды көрсетуді нысандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Кейбір авторлар тіпті бұны анықтауда: жүйелік талдау - бұл мақсатты бағытталған жүйелерді зерттеуәдіснамасы (Д. Киланд, В. Кинг) екенін атап көрсетеді.

«Жүйелік талдау» термині алғаш рет RAND Corporation (1948) зерттеулерінде әскери басқару есептерімен байланыстыпайда болды, ал отандық әдебиетте 1969 жылы С. Опткердің «Іскерлік және өнеркәсіптік проблемаларды шешу үшін жүйелік талдау» кітабы шыққаннан кейін кең таралды.

Бастапқы кезде жүйелік талдаубойынша жұмыстар басым көпшілік жағдайларда операцияларды оңтайландыру мен зерттеутеорияларының идеяларына негізделді. Бұл ретте қандай дабір формаларда, мақсатты жұмыс істеу немесетиімділік көрсеткіштері өлшеміне ұқсас құралдармен байланыстыратын, яғни объектіні жақсы ұйымдасқан жүйелер түрінде бейнелейтін өрнектер алуға ұмтылуға ерекше назар аударылды.

Мысалы, ертеректегі автоматтандырылған басқару жүйесін (АБЖ) әзірлеу жөніндегі басшылыққа алған материалдарда мақсаттарды есептер жиыны ретінде көзге елестету және есептерді оған жету әдістерімен және құралдарымен байланыстыратын материалдар құру ұсынылған болатын. Шынында да, осы тәсілдемені тәжірибеде қолдану кезінде онын жеткіліксіздігі тез арада анықталды және зерттеушілер ең алдымен, олардың арасындағы мақсаттарды,компоненттерді жәнебайланыстарды ғана емес, акпараттар жинақтауға, жаңакомпоненттер енгізуге, жаңа байланыстардыанықтауға, яғни объектіні (оны қалайжасау керектігін әрқашан ұсынбастан) дамушы жүйелер түрінде белгілеуге мүмкіндік беретін модельдер кұру кажеттілігіне назар аудара бастады.

Кейінірек жүйелік талдау«зерделенетін үдерісті ішкі үдерістерге тізбектік бөліктеу үдерісі» (С. Янч) ретінде анықтай бастайды және зерттеу мен орындаушылар әдістерін іріктеу ол үшін мүмкінге айналатын ішкі проблемаларға жэне кезеңдерге бөліктеу жолымен күрделі проблемалардышешуге мүмкіндік беретін тәсілдерді іздеуге басты назар аударады. Жұмыстардың көпшілігінде көпсатылы бөлшектеуді «ағаш» типіндегі сатыластық құрылымдар түрінде көзге елестетуге ұмтылады, бірақ бірқатар жағдайларда функциялардың уакыттық тізбектіліктерімен анықталатын құрылымдар нұсқаларын алу әдістемелері әзірленді.

Қазіргі уақытта жүйелік талдау жоспарлау мен басқару проблемаларына қолданылатындай ыңғайда дамуда және жоспарлаудағы бағдарламалық-мақсатты қағидаттарға назар аударудың күшеюімен байланыстыбұл термин іс жүзінде «мақсат құру» және «бағдарламалық-мақсатты жоспарлау мен басқару» терминдерінен бөлінбейтін тұтастыққа айналды. Осы кезеңдегі жұмыстарда жүйелер тұтас ретінде талданады, тұтасты дамытудағы мақсат құру үдерістерінің рөлі, адамның рөлі қарастырылады. Бұл ретте, жүйелік талдауда құралдар жетпейтін болып шықты: негізінен бөліктерге бөлшектеу құралдары дамығанымен, бөлшектеу кезінде тұтасты қалай жоғалтпау керектігі туралы ұсыныстар болмады. Сондықтан жүйелік талдаужүргізу кезінде нысандандырылмаған әдістердің рөліне назар аударудың күшейгені байқалады. Жүйелік талдаужүргізу кезіндегі формалды және формалды емес әдістердің ұштасуы мен өзара әрекет ету мәселелері шешілмеген. Бірақ осы ғылыми бағытты дамыту оларды шешу жолымен келеді деп айтуға болады.

ҮЖ теориясы проблемалардыжүйелік талдаукөзқарасы тұрғысынан мынадай үш негізгі ғылыми бағытты енгізеді:

1.басқарумен байланысты жүйелердегі акпараттық үдерістерді талдау кіретін, басқару туралы ғылым ретінде - кибернетика;

2.жүйелердің мақсатты тағайындалуына баскарудың сәйкестікдәрежесінің сандық негіздемесінберетін ғылым ретінде операцияларды зерттеу;

3. Жүйелердің негізгі құралдарының атқарымдық үдерісін талдау мүмкіндігін беретін экономикалық (техникалык-экономикалық, әскери-экономикалық зерттеу) зерттеу.

Демек адамдар ұжымдарының мақсатты бағытталған қызметін, адамдар басқаратын техниканың және табиғат күштері мен техниканың жұмыс істеуін талдаумен байланысты проблемалар шеңбері, үлкен ұйымдык жүйелерге қолдануға ыңғайлы жүйелер теориясының пәні болып саналады.

ДӘРІС №3. Ақпараттық жүйенің негізгі түсініктері. АЖ анықтамасы. АЖ басқару. Жүйелік жобалаудың негіздері. АЖ басқару аксиомалары. АЖ түрлері

Дәрістің мән мәтіні

Мақсаты:Кибернетикалық тәсілдеме негіздерін үйрену

Дәріс жоспары

1. АЖ құру кезіндегі кибернетикалық тәсілдеме

2. Ақпарат және басқару

Негізгі түсініктер: кибернетикалық тәсілдеме, басқару есептері, еліктемелік модель, агенттік модельдеу, дискреттік-оқиғалық модельдеу, жүйелік динамика, белгіленген қадам тәсілі, оқиғалық әдіс, тұрақтандыру, шектеу.

Тақырыптың мазмұны: Кибернетика – динамикалық жүйелермен басқарумен байланысты акпараттық үдерістерді зерделейтін, табиғаттағы, қоғамдағы, тірі организмдердегі және машиналардағы басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Кибернетикалық тәсілдеме- кибернетика қағидаттары негізінде, жекелей алғанда, тікелей және кері байланыстарды анықтау, басқару үдерістерін зерделеу, жүйелер элементтерін әлдебір «қара жәшіктер» (олардың кіретін және шығатын ақпараты ғана зерттеушіге қолжетімді, ал ішкі құрылғы белгісіз болуы мүмкін жүйе) ретінде жүйелер элементтерін қарастыру көмегімен жүйелерді зерттеу.

Жүйелердің ішкі құрылымы модельденетін талдамалық тәсілдемеден өзгешелігі - «қара жәшік» әдісінде жүйелердің сыртқы атқарымы модельденеді. Осылайша, эксперимент жасаушы көзқарасы тұрғысынан жүйелер (модельдер) құрылымы, жүйелердің тәртіптік ерекшеліктерін ғана имитациялайтын (еліктеу) қара жәшікте жасырынған.

Кибернетикалық тәсілдемеде, оған жасалатын сұратулар типі бойынша ажыратылатын ақпараттық модельдерді зерттейді: жүйелердің сыртқы әсерге жауап қатуын модельдеу; жүйелердің өзгеру динамикасын болжау; құндылықтардың берілген атқарымдарына қатынасы бойынша жүйелер параметрлерін оңтайландыру; жүйені адаптивті басқару.

Кибернетика мен жүйелердің жалпы теориясының ортақ нәрселері көп, мысалы, зерттеу объектісін жүйелер түрінде елестету, жүйелердің атқарымдары мен құрылымдарын зерделеу, басқару проблемаларын зерттеу және т.б. Бірақ жүйелер теорияларынан өзгешелігі кибернетика, зерттеу объектілерінде ақпараттар ағындарының әр түрлерін, оларды өңдеу, талдау, түрлендіру, беру тәсілдерін бөліп көрсететін және зерделейтін, басқару үдерістерін зерттеуге ақпараттық тәсілдемені тәжірибеде қолданады.

Адам немесе құрылғы тудыратын ақпараттық әсер арқылы жүйелердің мақсатты бағытталған тәртібін қалыптастыру үдерісі жалпыланған түрде басқару болып түсіндіріледі. Басқарудың мынадай есептерін атауға болады:

Ø мақсат құру есебі (жүйенің тәртібін немесе қажет күйді анықтау);

Ø тұрақтандыру есебі (ауытқымалы әсерлер жағдайларында жүйелерді сол күйде ұстап тұру);

Ø бағдарламалдарды орындау есебі (басқарылатын шамалардың мәні белгілі детерминацияланған заң бойынша өзгерген кездегі жағдайларда жүйені талап етілетін күйге ауыстыру);

Ø қадағалау есебі (басқарылатын шамалардың өзгеру заңдары белгісіз немесе өзгеретін жағдайлардағы жүйелердің талап етілетін тәртібін қамтамасыз ету);

Ø оңтайландыру есебі (берілген жағдайлар және шектеулер кезінде жүйелерді сипаттамалардың экстремалды мәндері күйінде де ауыстыру немесе ұстап тұру).

Кибернетикалык тәсілдеме тұрғысынан АЖ-ні басқару ақпараттар алмасу, өңдеу және түрлендіру үдерістерінің жиынтығы ретінде қарастырылады. Кибернетикалық тәсілдеме АЖ-ні үш ішкі жүйе: басқарушы жүйе, басқару объектісі және байланыс жүйесі құрамына кіретін басқарылатын жүйе (1-сурет) ретінде қарастырады.

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі. „ - student2.ru

1-сурет. АЖ-ні сипаттайтын кибернетикалық тәсілдеме

Басқарушы жүйе байланыс жүйесімен бірге басқару жүйесін құрады. Байланыс жүйесіне бойымен кіретін ақпарат {х} берілетін тіке байланыс арнасы мен бойымен басқарушы жүйеге басқару объектісінің күйі {у} туралы ақпараттар берілетін кері байланыс арнасы кіреді. Басқарылатын объекті және сыртқы орта туралы ақпаратты басқарушы жүйе қабылдайды, басқарудың қандай да бір мақсаттарына сәйкес қайта өңделеді және басқарушылық әсерлер түрінде басқару объектісіне беріледі. Кері байланыс ұғымын пайдалану кибернетикалық тәсілдеменің ерекше белгісі болып саналады.

Басқару жүйелері атқарымдарының негізгі топтары болып мыналар саналады:

Ø шешімдер қабылдау немесе ақпараттар мазмұнын түрлендіру атқарымдары басқару жүйесіндегі бастысы болып саналады, басқару объектісі мен сыртқы орталардың жай-күйі туралы ақпараттар мазмұнын басқарушы ақпаратқа түрлендіру арқылы көрінеді;

Ø ақпараттар өндеудің бұрыннан белгілі атқарымдары ақпараттар мазмұнын өзгертпейді, ақпараттарды есепке алу, бақылау, сақтау, іздеу, бейнелеу, таралымын көбейту, түрлендіру формаларын ғана қамтиды.

Ø ақпараттар алмасу атқарымдары қабылданған шешімдерді басқару объектісіне дейін жеткізумен және шешімдер қабылдайтын тұлғалар арасында ақпараттар алмасу (мәтіндік, кестелік, графиктік, электрондық және басқа ақпараттарды жинау, телефонмен, факспен, жергілікті және жаһандық желілермен және т.б. жіберу).

Кибернеткалық тәсілдемені жүзеге асыру үшін еліктемелік (имитациялық) модельдеу немесе компьютерлік модельдеу жиі пайдаланады.

Еліктемелік модельдеу - зерделенетін жүйе, нақты жүйені жеткілікті дәлдікпен сипаттайтын модельмен алмастырылатын және осы жүйе туралы ақпараттар алу мақсатында онымен эксперименттер жүргізілетін зерттеу әдісі. Модельмен эксперимент жасау - еліктеме (еліктеме - бұл нақты объектіде эксперименттерге жүгінбей, құбылысты түсіну деп аталады).

Еліктемелік модельдеу - бұл математикалық модельдеудің жеке жағдайы. Әртүрлі себептер бойынша талдамалық модельдер әзірленбеген, я алынған модельдерді шешу әдістері әзірленбеген объектілер сыныбы бар. Бұл жағдайда математикалық модель имитатормен немесе еліктемелік модельмен алмастырылады.

Еліктемелік модель - объектінің атқарымдығын жобалау, талдау және бағалау мақсаттарында компьютерде эксперимент жасау үшін пайдаланылуы мүмкін, объектіні логикалық-математикалық сипаттау. Осындай модельді бір сынақ үшін, сол сияқты олардың берілген жиыны үшін уақыт бойынша «ойнатуға» болады. Мұнда нәтижелер үдерістердің кездейсоқ сипатымен анықталатын болады. Осы деректер бойынша жеткілікті орнықты статистика алуға болады.

Еліктемелік модельдеудің түрлері 3-суретте көрсетілген.

Агенттік модельдеу- атқарымдық динамикасы жаһандық ережелермен және заңдармен емес (модельдеудің өзге парадигмаларындағы сияқты), керісінше, осы жаһандық ережелер мен заңдар, топтар мүшелерінің жеке белсенділіктерінің нәтижесі болып саналатын кездегі ережелермен және зандармен анықталатын, орталықтандырылмаған (децентрализованных) жүйелерді зерттеу үшін пайдаланылатын еліктемелік модельдеудегі салыстырмалы (1990 - 2000-ші жылдар) жаңа бағыт. Агенттік модельдердің мақсаты - оның жекелеген белсенді объектілерінің жеке тәртіптері және осы объектілердің жүйедегі өзара әрекеті туралы жорамалдарға сүйене отырып, жүйелердің жалпы тәртіптерінің осы жаһандык ережелері туралы түсінік алу. Агент - ережелердің кейбір жиынына сәйкес шешім қабылдауы, төңірегімен өзара әрекет етуі, сондай-ақ өздігінен өзгеруі мүмкін, белсенділікке, автономиялы тәртіпке ие болатын кейбір мәні.

Дискреттік-оқиғалық модельдеу- оқиғалардың үзіліссіз табиғатынан абстракциялануды және модельденетін жүйелердің негізгі оқиғаларын ғана қарастыруды ұсынатын модельдеу тәсілдемесі. Дискреттік-оқиғалық модельдеу неғұрлым дамыған және жаппай қызмет көрсететін логистикалар мен жүйелерден көлік және өндірістік жүйелерге дейін - қосымшалардың аса үлкен аясына ие. Модельдеудің осы моделі өндірістік үдерістерді модельдеу үшін көбірек дәл келеді. Оны Джеффери Гордон 1960 жылдары негіздеген болатын.

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі. „ - student2.ru

3-сурет. Еліктемелік модельдеудің үш тәсілдемесі

Жүйелік динамика - зерттелетін жүйелер үшін уақыт аралығында бір параметрлердің өзге параметрлерге себептік байланыстары мен жаһандық әсерлерінің графикалық диаграммалары құрылатын, содан кейін осы диаграммалар негізінде жасалган модель компьютерде имитацияланған модельдеу парадигмасы. Негізі бойынша модельдеудің осындай түрі объектілер мен құбылыстар арасындағы себептік-салдарлық байланыстарды анықтау негізін бүкіл өзге парадигмалардан көбірек жақсы түсінуге көмектеседі. Жүйелік динамикалар көмегімен бизнес-үдерістер, қалаларды дамыту модельдері, өндіріс, көбею динамикасы, экология және эпидемиялардың даму модельдері құрылады. Әдісті Джей Форрестерон 1950 жылдары негіздеген болатын.

ДӘРІС №4. Жүйелер мен бақылау. Негізгі анықтамалар. Функциялары мен басқару жүйесін тапсырмалары тұрақтылық жүйелері. Жүйелерді сипаттау кибернетикалық көзқарас. Кешенді жүйесін басқару үшін қадамдары

Дәрістің мәтіні

Мақсаты: Ақпараттық жүйелердің сипаттау әдістерін зерделеу.

Дәріс жоспары

1. Ақпараттық жүйелерді сипаттаудың сапалық және сандық әдістері

2. Ақпараттық жүйелерді динамикалық сипаттау

3. Ақпараттық жүйенің канондық көрсетілімі

Негізгі түсініктер: сапалық әдіс, сандық әдіс, ақылмандар талқысы, сараптамалық бағалау, Дельфи әдісі, морфологиялық зерттеу, термдер, предикат

Тақырыптың мазмұны: Жүйелерді сипаттау әдістері нысандан-дырушылықты арттыру тәртібінде - алғашқыда жүйелік талдау, негізінен, онымен байланысты болған сапалық әдістерден бастап ЭЕМ-ді қолданатын сандық жүйелік модельдеуге дейін жіктеледі. Әдістердің сапалық және сандық болып бөлінуі, әрине, шартты сипатта болады.

Ø Сапалық әдістерде есептің қойылуын ұйымдастыруға, оны нысандандырудың жаңа кезеңіне нұсқаларды қалыптастыруға, нұсқаларды бағалау тәсілдемесін таңдауға, адамның тәжірибесін пайдалануға, әрқашан да сандық бағалаулармен көрсетіле бермейтін оның артықшылықтарына жете назар аударылады.

Ø Сандық әдістер нұсқаларды талдаумен, олардың мүлтіксіз дәл сандық сипаттамаларымен байланысты. Есептің қойылуы үшін бұл әдістерге құралдардың болмауынан, осы кезеңді жүзеге асыруды адамға толықтай қалдырады.

Жүйелік талдау әдістерінің осы шеткі сыныптары арасында екі кезеңді – есептің қойылу, нұсқаларды әзірлеу кезеңі мен нұсқаларды бағалау және сандық талдау кезеңіне ұмтылатын әдістер бар, бірақ мұны нысандандырушылықтың әртүрлі дәрежесімен, әртүрлі алғашқы тұжырымдамалар мен терминологияларды қатыстыра отырып жасайды. Олардың ішінде: шешімдерді басқару, жобалау және қабылдаудың адаптивті жүйелерін әзірлеуге (ұйымдық жүйелерге қолдануға ыңғайлы адаптивтік жүйелер теориялары мен автоматты реттеу және басқарудың классикалық теорияларының негізгі идеяларын дамытудан шығаратын) кибернетикалық тәсілдеме; жүйелерді модельдеуде ақпараттық-гносеологиялық тәсілдеме (әртүрлі физикалық табиғат жүйелеріндегі көрсету, тану үдерістерінің ортақтығына негізделген); жүйелік-құрылымдық тәсілдеме; жағдайлық модельдеу әдісі; еліктемелік динамикалық модельдеу әдісі.

Жүйелік талдаудың сандық әдістері, талдамалық тәуелділіктер түрінде жүйелердің заңдылықтарын сипаттау жоқ болған кезде қолданылады.

Нақты жағдайларда жүйелік талдау қағидаттарын жүзеге асыратын әдістемелер жүйелерді зерттеу үдерісін, сондай-ақ проблемаларды шешу үдерісін нысандандыруға бағытталған. Жүйелік талдау әдістемесі жүйелерді нысандандырылған түрде көрсетудің бара-бар әдісін таңдауға мүмкіндік беретін жүйе туралы зерттеушінің жеткілікті мәліметтері жоқ болған жағдайларда әзірленеді және қолданылады. Ең жақсы нұсқаны таңдау мен жүйелерді көрсетудің нұсқаларын қалыптастыру бүкіл әдістемелер үшін ортақ болып саналады.

Ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану кезінде:

Ø жүйелердің әртүрлі қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді бағалаумен;

Ø жүйелердің оңтайлы құрылымдарын таңдаумен;

Ø оның параметрлерінің оңтайлы мәндерін таңдаумен байланысты көптеген зерттеулер мен есептеулер жүргізуді талап етеді.

А&#

Наши рекомендации