І. Табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайларда халықты эвакуациялау.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы:«Көшіру жұмыстарын жүргізу тәртібімен ұйымдастырылуына жеке зерттеу әдістемесін енгізу оларға қажетті күштермен құралдарды есептеу»

Орындаушы:Әлібек Нұржан Ренатұлы

Жоба жетекшісі:Буркитбаев. С

Қызылорда, 2016 ж.

Абылай хан» атындағы колледжі

Төтенше жағдайларда қорғану және экология» циклдық комиссиясы

1517000 - «Төтенше жағдайларда қорғану» мамандығы бойынша жазылған

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Орындаған: _______________________________________________

(аты-жөні)_________курс студенті________________тобы

Дипломдық жоба жетекшісі:

(аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы): _______________________________

_______________________________________________________________

Дипломдық жоба «Гуманитарлық-экономикалық», «Жаратылыстану» бөлімінің отырысында 20____ жылғы «__ » _______________№_____________хаттама шешімімен дипломдық жоба тақырыбы ұсынылып

20____ жылғы «__ » _______________№___________бұйрығымен қорғауға жіберілді.

«Төтенше жағдайларда қорғану және экология» циклдық

комиссиясының төрағасы: А.Н.Жусупова

Қызылорда, 2016 ж.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ

«АБЫЛАЙ ХАН» АТЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖІ

  «Қорғауға жіберілді» Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары __________Г.О.Жансугирова «___»___________ 20___ ж.

Дипломдық жобаның

АНЫҚТАМА ЖАЗБАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:«Көшіру жұмыстарын жүргізу тәртібімен ұйымдастырылуына жеке зерттеу әдістемесін енгізу оларға қажетті күштермен құралдарды есептеу»

Кеңесшілер Жетекші_________________________ ________________________ _________________________ _______________________ ғыл.атағы «___»________________2016ж «___»________________2016ж

Сарапшы Оқушы________________________ _________________________ ________________________ Мамандығы_______________ «___»________________2016ж Тобы ____________________

Қызылорда, 2016ж.

МА З М Ұ Н Ы

Кіріспе......................................................................................................................3

Кіріспе

Тұрғын халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер, мемлекет аумағының тұтастығын бұзу, қаруланған күрес бағытында ғана емес, техногенді апаттар мен күйреулердің деректерін қатты әсер ететін табиғаттың апатты күштерінің тікелей әсер етуінде жүзеге асырылатындығы туралы отандық және шетел тәжірибесі дәлелдейді,

Төтенше жағдайларда тұрғын халық пен аумақтарды қорғау жалпы мемлекеттік, Қазақстан Республикасы АҚ және ТЖМ жүйесіне кіретін барлық құрылымдық бөлімшелердің шешім қабылдау үшін міндетті мақсаты болып табылады.

Соңғы кезде елімізде адам өміріне, қауіпсіздігіне көп назар бөлінуде. Бұл осы саладағы, яғни құтқару қызметі саласында жаңа заманауи технологияларды, жаңашылдықтар мен жаңа әдістерді қолдануды қажет етеді. Ал бұл тікелей осы құтқару қызметі саласын зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

Осы аталған салада артықшылықтарды қолдану елімізге құтқару саласында бәсекелік артықшылық пен жақсы көрсеткіштердің өсуіне, аталған саланың жан-жақты дамуына, ал ең бастысы адам өмірін сақтап қалуға және оған келуі мүмкін зардаптың алдын алуға ықпал етеді. Сондықтан бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі мен маңызы ерекше деп айтсақ болады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі – іздестіру -құтқару саласы еліміздің қорғаныс саласындағы, жалпы еліміздің тарихындағы аса маңызды, приоритетті бағыты, себебі мемлекеттің басты байлығы саналатын адам өміріне, қауіпсіздігіне, денсаулығына тікелей байланысты, әрі белгілі бір тұрғыда жауапты сала десек те болады.

Қазіргі таңда құтқару саласының да экономикамыздың дамуна әсері зор. Көптеген қазақстандықтардың әлеуметтік-тұрмыстық аясында түрлі қауіп қатерлердің кездесуіне орай, құтқару қызметтеріне жоғары дәрежеде қызмет көрсетуіне тура келеді. Ал жоғары сапада қызмет көрсету үшін саланы жан жақты зерттеп, заманауи технологияларды кең көлемде ендіру керек.

Қазақстан динамикалық тұрғыда дамушы экономикасы бар мемлекет болып табылады, дегенмен мемлекеттегі басты құндылық – адам өмірінің қауіпсіздігі саласының сәйкес дамуынсыз елдің тұрақты дамуына жету қиын, себебі адам өмірі мемлекетіміздегі ең маңызды, әрі шешуші фактор болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасы өз елі ішінде төтенше жағдайлар департаменті қызметінің дамуына көп көңіл бөлуде.

Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасының құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар саласындағы қызметті дамыту үшін теория-әдістемелік және практикалық ұсыныстар жасау болып табылады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Көшіру жұмыстарының анықтамасын беру;

- Кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу технологиясының мәні ашу;

- Іздестіру - құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстардың Қазақстандағы ұйымдастырылу жағдайы мен мәселелерін анықтау;

- Құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Бітіру жұмысының объектісі – Қазақстан Республикасының құтқару қызметі саласындағы кәсіпорындар.

Бітіру жұмысының зерттеу пәні– Қазақстанның құтқарушыларының авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстары барысындағы іс-әрекеттер жиынтығы.

Зерттеу нәтижесінің теориялық құндылығы мен практикалық мәні –құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстардың құрылымын, ұйымдастырылу әдістемесін зерттеу барысында шетелдік және отандық ғалымдардың теориясы мен тәжірибесі, адам өмірі, материалдық және рухани құнды мұраларды қорғау бойынша еңбектері қолданылды. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттінің ресми статистикалық деректері, қазақстандық және шетелдік басылымдарда жарияланған талдамалық материалдар, Төтенше жағдайлар Министрлігінің электронды ресурстарындағы мәліметтер пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:теориялық зерттеу әдістеріне, танымның жалпы логикалық әдістеріне (талдау және синтез, қорыту), экономикалық талдау әдістеріне (байқау, өлшеу, салыстыру), қарастырылатын экономикалық процестерді сандық және сапалық тұрғыдан зерттеу әдістеріне негізделді.

Бітіру жұмысы белгілі бір деңгейде алдына қойған мақсатты орындау үшін теориялық тұрғыдан да, талдау тұрғысынан да жан-жақты жүйеленген.

1 бөлімде бөліп жайғастыру талданып, кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу технологиясының мәні кеңірек қарастырылады.

2 бөлімде зақымдалу ошақтарында қолданылатын барлау әдістері менқамтамасыз ету ерекшеліктері, қалыптасу алғышарттары, қазіргі даму жағдайы мен мәселелері талданған.

3 бөлімде опырылып құлаудан, көшкіннен, селден, қар көшкінінен болған төтенше жағдайларда құтқарушылардың тәжірибесі қарастырылып, Қазақстан Республикасындағы құтқару саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалынған.

Осылайша, Қазақстанның құтқару қызметі нарығын жетілдіру, әрі алға қарай дамытудың тәсілі – осы саланы, сонымен қатар бұл салада қызмет ететін мекемелердің қызметін жан жақты зерттеп, шетелдік тәжірибені, тәжірибе алмасу әдістемесін қарастырып, жаңа заманауи технологияларды енгізу болып табылады.

І. Табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайларда халықты эвакуациялау.

1.1. Бөліп жайғастыру.

І. Табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайларда халықты эвакуациялау. - student2.ru Халықты эвакуациялау – төтенше жағдайлар (ТЖ) немесе мүмкін болатын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аумағынан халықты ұйымдастырылған түрде шығару және оны бірінші реттік өмір тіршілігі жағдайлары бойынша алдын ала дайындалған қауіпсіз аудандарда қысқа мерзімге орналастыруға бағытталған іс-шаралар кешені. Эвакуациялауға жататын барлық халық ТЖ көзінің залалдаушы факторларының әсер ететін аумағынан тыс қауіпсіз аудандарға шығарылған кезде эвакуация аяқталған болып саналады.

(1-сурет)

Жоғары қауіптілікке ие объектілері болатын қалалар мен басқа елді-мекендерде халықтың қорғаныс ғимараттарымен толық қамсыздандырылмаған жағдайында, сонымен қатар, әскери уақытта халықты қорғаудың негізгі тәсілі эвакуация және адамдарды қаладан тыс аумақтарда орналастыру.

Бөліп жайғастыру – өз әрекетін ерекше жағдайларда жалғастыра беретін экономика объектілерінің қызметкерлері мен жұмысшыларын ұйымдастырылған түрде қалалардан шығару және өмір сүру, демалу үшін қаладан тыс аумақтарға орналастыруға бағытталған іс-шаралар кешені.

Әскери уақытта өндірістік базасы қаладан тыс аумақта болмайтын немесе қалаларда орналасқан еңбек іс-әрекетін жалғастыру үшін жұмысшылар мен қызметкерлер, сонымен қатар, экономика объектілерінің – энергожелілер, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтану, көлік және байланыс, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару қызметін қамтамасыз ететін ұйымдардың персоналы бөліп жайғастырылады.

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ эвакуацияланатындар қауіпсіз аудандарда орналастырылады, ал әскери уақытта бөліп жайғастырылатындар – қалалардың шекараларына жақын жерлердегі қаладан тыс аумақтағы аудандарда.

ТЖ аумағында қалған халықтың эвакуациялық іс-шаралармен қамтылуына байланысты, оларды өткізудің келесі нұсқалары бөлінеді:

─ жалпы эвакуациялау;

─ жартылай эвакуациялау.

Жалпы эвакуациялау ТЖ аумағынан халықтың барлық категорияларын шығаруды қарастырады.

Жартылай эвакуациялау ТЖ аумағынан еңбекке қабілетсіз халықты, мектептке дейінгі жастағы балаларды, мектеп және ПТУ оқушыларын шығару қажеттілігі туындаған кезде жүзеге асырылады.

Эвакуация өткізуге шешім қабылдау құқығына аймағында ТЖ туындағын немесе болжанатын ҚР субъектілерінің атқарушы үкіметінің органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары ие болады.

Халықты эвакуациялауға жалпы басшылықты АҚ басшыларымен жүзеге асырады, эвакуациялық іс-шараларды тікелей ұйымдастыру және өткізу ҚР субъктілерінен бастап ЭО дейін, сәйкесінше деңгейдегі ТЖ АҚ штабтары арқылы АҚ басшылары құратын эвакуациялық органдарына жүктеледі.

Халықты эвакуациялау өндірістік-аймақтық принцип бойынша жоспарланады, ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Қызмет көрсету аясында және өндірісте жұмыс істемейтін халықты эвакуациялау тұрғын үй-эксплуатация органдары арқылы тұрғылықты орны бойынша іске асырылады.

Халық эвакуацияланады:

─ көлікпен (автомобильдік, т/ж, су және ауа);

─ жаяу тәртіпте;

─ жиынтықталған тәсілмен.

Эвакуацияның жиынтықталған тәсілі толығырақ деңгейде максималды тығыз мерзімдерде ТЖ аумағынан эвако іс-шараларды жүзеге асыру бойынша талаптарға жауап береді.

Эвакошараларды жоспарлау, тікелей дайындау және өткізуді АҚ сәйкесінше басшыларының шешімімен құрылатын эвакооргандар жүзеге асырады.

Эвакооргандарға кіреді:

─ эвакуациялық комиссиялар (ЭК);

─ құрама эвакуациялық пункттер (ҚЭП);

─ эвакуацияның аралық пункттері (ЭАП);

─ эвакоқабылдау комиссиялары (ЭҚК);

─ қабылдау эвакуациялық пункттері (ҚЭП);

─ эвакуацияланатын халықты шығаруды ұйымдастыру бойынша жедел топтар (ЖТ);

─ жаяу эвакуация маршрутындағы басқару топтары;

─ көлікке (көліктен) халықты отырғызу (түсіру) пункттерінің әкімшіліктері.

Объектілік ЭК экономика объектілерінің АҚ басшыларының орынбасарларымен басқарылады және эвакоіс-шараларды тікелей ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар, олардың қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асыру үшін қызмет етеді.

Эвакуация мерзімдері:

─ халқы 500 мың адам болатын қалалар үшін – 12 сағат;

─ халқы 500 мыңнан 1 млн. адамға дейін жететін қалалар үшін – 20 сағат;

─ халқы 1 млн. адамнан асатын қалалар үшін – қаланың азаматтық қорғаныс басшысы белгілейді.

Эвакуация басталғанға дейін ҚЭП-нен бірінші колоннаның шығуының уақыты қабылданады. Эвакуация соңы – мүмкін болатын күшті бұзылулар аумағынан соңғы колоннаның өт уақыты.

Эвакуацияға дайындалуға 4 сағат беріледі.

Комиссия мүшелері: объектінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
Экономика объектісінің АҚ басшысы
Комиссия төрағасы
ЭК төрағасының орынбасарлары
  ЭК хатшысы
  Хабаландырулар мен байланыстар
Эвакуацияланған тұрғындарды және ақпаратты есепке алу
Жиынтық эвакуациациялық пункті (ЖЭП)
Халықты ұйымдастыру және жөнелту
Эшелон бастықтары, автоколонна үлкендері, жаяу колонна үлкендері
Топтары

Кесте-1 Экономика объектісінің эвакуациялық комиссиясын (ЭК) ұйымдастыру

Наши рекомендации