Аудитпен жанамалас қызметтер
Ілеспе қызметтер. Ілеспе қызметтер Шолудан басталады. Қаржылық есептілікке шолу жасау, аудиторға белгілі тәсілдер негізінде алынған дәлелдеулер аудитордың пікірін қалыптастыруға толық мүмкіндіктер бермей, қаржылық есептіліктің дұрыстығына күдік айтуға қамтылмай қалған жағдайларды анықтау мақсатында аудитордың қосымша тәсілдерді қамту үшін жүргізіледі. Дәл осындай мақсат аудиттің басқа да ақпараттарды оларға қойылған талаптарға сәйкес дайындалғанын тексеру кезінде қойылады.
Шолу жасауда ұсынылған тұжырымдардың дұрыстығын анықтауда қолданылатын тәсілдерге, талдау процедураларын қолдану, сұрауды қолдану т.б. жатады. Шолу бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау жүйелерін бағалауға, бухгалтерлік есеп жазылымдарын тексеруге, аудиторлық сұрауларға алынған жауаптарды сараптауға, бағытталмайды.
Шолуда алынған дәлелдеулерге сенімділік аудитте алынған сенімділікке қарағанда төмендеу болады.
Келісілген процедралар.
Компиляция .Бухгалтердің өз білімін қаржылық есептілікті жинау, топтау және қортындылау мақсатында, аудиторлық ілімге қарсы пайдалануы. Нақты көрсеткіштерді, топтау негізінде келтірілген ақпараттар көлемін азайту оны басқаруға пайдаланатындай, түсінуге мүмкін түрге келтіру. Пайдаланылған ақпараттар негізінде қаржылық есептілікке ешқандай сенімділік арту мүмкін емес.Ұсынылған тұжырымды тексеру мүмкіндігінің жоқтығы.
Керек болған жағдайда аудитор басқа да мүмкіндіктерді пайдалануына болады. Мысалы: заңгерлермен кеңесуге т.б.
Сенімділік деңгейі. Сенімділік аудитордың, бір жақтың екінші жақтың пайдалануына ұсынылған тұжырымдардың, дұрыстығына қанағаттану. Мұндай деңгейге жету үшін аудитор жүргізілген процедуралардың нәтижелерінде алынған дәлелдеулерді бағалайды. Сенімділік деңгейі жүргізілген процедуралар мен одан алынған нәтижелермен анықталады.
Аудиторлық келісімдерде аудитор сенімділік деңгейін жоғары көрсетеді, бірақ сенімділік абсолютті деңгейінде деп нақтылай алмайды. Аудитордың есебінде бұл сенімділік позитивті түрде орынды сенімділік деңгейінде деп анықталады.
Шолу жасау жөніндегі келісімдерде аудитор, шолу жасалынған ақпаратта мәнді бұрмалаушылықтар жоқтығына орташа сенімділік деңгейін қамтамасыз етеді. Аудиторлық есепте (қортындыда) бұл- негативті сенімділікте көрсетіледі.
Келісілген процедураларда аудитор есебін нақты алынып, анықталған қортындылар негізінде көрсетеді. Сенімділік деңгейі келтірілмейді. Кортындыны, процедуралардың негізінде анықталған жағдайлар мен қортындылар негізінде есепті пайдаланушылардың өздерінің жасауына ұсынылады.
Компиляцияда ешқандай сенімділік дёнгейі анықталмайды, керісінше компеляциялық ақпараттарды пайдаланушылар бухгалтердің жұмысынан белгілі пайда табады.
ХААС сипаттамасы. Негізінде стандарттар бірнеше бөлімдерден тұрады:
• кіріспе аспектілерден (ХААС алғысөз, тұжырымдамалық негіздемесінен, қолданылатын терминдердің түсіндірме тізбесінен);
• жауапкершілік.
• жоспарлау;
• ішкі бақылау;
• аудиторлық дәлелдеу;
• басқалардың жұмысын пайдалану;
• аудиторлық қортындылар және есеп ұсыну;
• мамандандырылғкан салалар;
• ілеспе қызметтер.
Негізі аудиторлық стандарттар төмендегідей жүйеде жасалынған:
- аудиттің жалпы ережелерін қамтитын стандарттар;
- аудитті жүргізу тәртібін анықтайтын стандарттар;
- аудиттің қортындыларын жасауға бағытталған және оны қамтамасыз ететін талаптарды анықтайтын стандарттар жиынын;
- мамандандырылған стандарттар жиынын;
- аудиторлық ілеспе қызметтер көрсету жөнінжегі стандарттар.
Міндетті аудит...
Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" заңының "Аудит және оның түрлері" деген 4-бабында "Аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады" деп көрсетілген.
Міндетті аудит — тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.
Аудит объекгілеріне мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жағдайлары.оллардың өндірістік жұмыстары, шаруашылық жұмыстарының экономикасын дамыту жөнінде және тиімділігі жөнінде ұсыныс беру.
Егер, аудит объектісі болып жоғарыда айтылғандар болса, онда олардың міндеті болып мыналар есептелінеді: сенімділігі, нақтылығы, отчет көрсеткіштерінің уқыпты түрде тексерілуі, олар-дың толықтығы, дұрыстығы. Осыған орәй аудиттің міндеті - қаржы нәтижесі бойынша жасалынған отчетқа (есептілікке) аудиторлық қорытынды беру, олардың бухгалтерлік есебі мен қаржы нәтижелері бойынша жасалынған көрсеткіштерінің заңдарға, стандартқа, нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз экспертиза бойынша дәлелдеп көрсету және оның дұрыстығын анықтау. Ол жөнінде Аудиттің Қазақстандық стандартында толық мәлімдеме берілген. Аудиттің Қазақстандық бірінші стандартында былай делінген: "Қаражат нәтижесінің отчеттарын аудиторлық тексеру жүргізудің негізгі міндеті аудиторлық қорытындының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес жасалынғандығын анықтау"алдында төмендегідей мақсат пен міңдеттемелер қойылады:
1. Субъектінің (кәсіпорынның, акционерлік қоғамның, фирманың, бірлескен кәсіпорынның т.б.) қаржы нәтижесі жөніндегі отчеттың (есептіліктің) дұрыстығын қамтамасыз ету.
2. Дұрыс шешім қабылдау үшін керекті мөлшерде қажетті мағлүматтарды жинастыру және оларды бағалау.
3. Тұрақты түрде субъектілердің экономикалық көрсеткіштерін талдау.
4. Бухгалтерлік есепті жүргізу және отчет (есептілікті) женіндегі: заңдардың, қаулылардың, нұсқаулардың дұрыс қолданылуын және іске асырылуын бақылау.
5. Бастапқы құжаттардың белгіленген нормаға және нормативке сәйкестігін тексеру.
6. Клиенттерге бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, салық салу, құқық т.б. жөнінде кеңес беру.
7. Өз клинттерінің санының көбеюіне және оләрдың нығаюына ат салысу.
8. Аудиторлық тексеруді жоғары сапада жүргізу.
ҚР-ның «Аудиторлық қызмет туралы» №304-І 1998 жылғы 20 қарашада қабылданған Заңына сәйкес міндетті аудитті төмендегілер жүргізеді:
· акционерлік қоғамдар;
· сақтандыру ұйымдары және сақтандырушы брокер;
· сатқантыру ұйымының ірі қатысушылары