Азақстандағы қосүкімет және оның ерекшеліктері 1 страница
Уақытша үкімет және ұлттық мемлекеттілік мәселесі Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газетінің 9 наурызындағы санында: “Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Русия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш”-деп, бостандық күні туды деп жар салды.
Ақпан революциясының өзіндік ерекшелігі-елде қос өкімет орнады: буржуазиялық Уақытша үкімет және жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңестері орталықта және жергілікті жерлерде буржуазияның саяси билігінің ұйымдарын құрудың нақты негізі Мемлекеттік дума, қалалық думалар және әр түрлі комитеттер болып табылды. Уақытша үкімет биліктен отарлы әкімшіліктің әскери губернаторларын, генерал-губернаторларын, чиновниктерін аластатты. Олардың орнына облыстық комиссиялар, азаматтық атқару комитеті, коалициялық комитет тағы басқа құрылды. Болыстарда, ауыл мен селоларда сол баяғы болыстық және ауылдық басқарушылар, селолық старосталар, станицалық атамандар қалды. Уақытша үкімет облыстардың басшылығына патша өкіметінің бұрынғы шенеунік-отаршыларын, сондай-ақ қазақ зиялыларының өкілдерін де тағайындады. Мәселен, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссары болды. Самодержавияның құлатылғаны жайлы хабарлар жергілікті жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы жергілікті басқару ұйымдарын құруды қолға ала бастады. Азаматтық атқару комитеті, біріккен қоғамдық ұйымдардың құрама атқару комитеті тәрізді қоғамдық негіздегі комитеттер патша өкіметінің билігі жойылған жерлерде дереу бой көтерді. Ақпан революциясының алғашқы күнінен 5 наурызға дейінгі аралықта, яғни Уақытша үкіметтің жергілікті үкімет ұйымдарын құру жайлы қаулысына дейін 29 губерниялық комитеттер құрылды. Сол кезеңде жергілікті билікті жүзеге асыруға тырысқан бұл ұйымдардың бұқарашылдығымен бірде-бір қоғамдық - саяси институт тең келмеді. Буржуазиялық-демократиялық революция ұлт аймақтарында жаңа әкімшілік жүйені негіздеу мен олардың өзін - өзі басқарып, билеу мүмкіндігін туғызды. Облыс, уезд болыс және ауылдарда Уақытша үкіметтің басқару орындары қалыптаса бастады. Бүкіл Ресейдегі тәрізді қазақ өлкесінде де Азаматтық комитеттер құрыла бастады. Азаматтық комитеттердің төменгі, яғни ауыл мен болыс дәрежесіндегі жүйесін құру ісі тез қарқынмен өрістеді. Бұлармен қатар уездік және облыстық комитеттерді құру ісі де қатар жүрді. Олардың құрылуы мен жергілікті атқару билігі жүйесін ұйымдастыру ісі толық жүзеге асырылды. Қазақ қайраткерлерінің отарлық езгіден құтылуды, елдің өз билігі өзіне тиіп, басқа ұлттар қатарлы өз алдына ел болуды көздеген қозғалысы да осы Ақпан революциясынан кейін күшейе түсті. Революция жеңісінен кейін іле- шала Ә.Бөкейханов Семейге, Қарқарлыға, Оралға, Қызылжарға және басқа қалаларға жеделхаттар жолдап өзінің серіктерін жергілікті жерлерде қазақ комитеттерін құруға, Уақытша үкіметті жақтауға бағытталған іс - әрекеттер жасауға шақырды. Осы кезеңде қазақ халқының бостандыққа ұмтылуының әрі оянған сананың негізінде қазақ комитеттері пайда болды. 1917 жылдың ақпан мен желтоқсан айларының аралығында өзінің шарықтау шегіне көтерілген ұлт- азаттық қозғалыс тарихында өзіндік орны бар қоғамдық ұйым - Қазақ комитеттері өз ұлтының жоғын жоқтап, азаттық үшін күрестің мол ауыртпалығын өз мойнына алған қазақ зиялыларының белсенді қоғамдық қызметі нәтижесінде өмірге келді. Алайда Уақытша үкіметтің жергілікті басқару органдарын құру кезінде де облыс және уезд орталықтарындағы орыс жұртының қолында еді, комитеттердегі басшы орындар да солардың үлесіне тиді. Сондай-ақ олардың құрамына енгендердің арасында ұлтаралық қатынас мәселесінде ескі патшалық әкімшілік көзқарасында тұрғандар, әрине, аз емес болатын . Жергілікті халық мүддесін ескермеу секілді кертартпа әрекеттері атқару комитеттерінің құрылу барысында-ақ көрініс бере бастады
26. Қазақ комитеттерінің құрылуы, олардың қоғамдық-саяси қызметі
Қазақ комитеттерінің құрылуы қазақ қоғамындағы үлкен жаңалық болды. Қазақ комитеттері - ұлт-азаттық қозғалыстың ақпан революциясынан кейінгі кезеңдегі даму нәтижесі, оның өзінің түпкі, негізгі мақсаты - мемелекеттік еркіндікке ұмтылысының табиғи көрінісі, ұлттық мемлекет болуға жасаған алғашқы қадамын 11 наурызда облыстық Қазақ комитеттері Семейде (төрағасы Р.Мәрсеков) және Омбыда (төрағасы Е.Итбаев), ал осы айдың соңына қарай Алматыда (төрағасы И.Жайнақов) жұмыс жасай бастайды.
Наурыз айының ортасына қарай Торғай облыстық Азаматтық комитеті құрылып, оның қүрамына енгендердің арасында А.Байтұрсынұлы, Н.Бегімбетов, С.Кәдірбаев және М.Тұнғаншин бар еді.
Жаңа қалыптасқан саяси жағдайда қазақ қоғамының бастаушы саяси күшіне айналған қазақ демократиялық интеллигенциясына күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді жалпы ұлттық деңгейде жинақтап, белгілі бір тұжырымдарға келіп, бүкілресейлік Құрылтай жиналысына, келе жатқан түбегейлі өзгерістерге даярлық жасау керек еді. Мұндай жұмысты іске асырудың тиімді құралы түрлі деңгейде жиналыстар, сиездер өткізу болатын. «Қазақ» газеті 1917 жылғы 9 наурыздағы санында жол қатынасының ауырлығы мен уақыттың тығыздығына байланысты тез арада жалпы қазақ сиезін шақыру мүмкін еместігін айтып, «әуелі, қазіргі болған өзгерістердің мақсат, мағынасын түсіну үшін, екінші, учредительное собраниеге лайық адамдар» белгілсу мақсатында алдымен облыстық немесе облысаралық сиездер өткізуді ұсынып, оған болыс басына ең аз болғанда екі адамнан өкіл жіберу керектігін білдіреді. Жаңа құрылған Қазақ комитеттері наурыз айынан бастап-ақ ол сиездерді өткізуғе дайындық жасай бастайды.
27. «Алаш» партиясы: бағдарламасы, әдісі.
«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. 1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды.Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған
1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда» мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді.
28 Ә. Бөкейханов – алаш қозғалысының көшбасшысы, XX ғасырдың көрнекті қайраткері.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (1866-1937)– көрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист.
Алаш қозғалысының, қазақ ұлтшылдығының тарихында Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның үлесі зор деп айтсақ, бұл айрықша тұлғаға аздық етер еді, дұрысы – Әлекең сол қозғалысты бастаушысы әрі жетекшісі, ұлтшылдықтың, ұлтшылдық болғанда жыр боп қайралған, өлең болып насихатталған рухани ұлтшылдықтың емес, тұтас дәуірдің идеологиясына айналған саяси ұлтшылдықтың ұстыны һәм діңгегі. Өйткені, Әлихан Бөкейхан сонау 1905 жылғы «Қарқаралы құзырхатынан» бастап Алашорда үкіметі тарағанша азаттық қозғалысытың басында тұрды. Қозғалысты алғаш ұйымдастырушыдан бастап Алашорда үкіметінің төрағалығына дейін жеткен оның қайраткерлік күресі көшбасшылық, жетекшілік тұлғада ғана сипатталмақ. Саяси серігі, өзімен иықтас Ахмет Байтұрсынұлымен салыстырсақ, Әлекеңді Алаштың саяси көсемі ретінде, Ахаңды рухани көсемі ретінде бағалағанымыз жөн.
29 А. Байтұрсынов –мәдени қайраткер және көрнекті саясаткер
Ахмет Байтұрсынов (1873-1938)
Ахмет Байтұрсынов — қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы.
1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.
1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордагы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.
1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.
1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.
Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, «Қырық мысал» жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген «Маса» жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.
1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.
Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық «Алаш» партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады.
Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.
Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым. 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы (қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін отырады.
1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылау жағдайында болады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. Осы шақта ағартушы ұлттық Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. І съезде негізгі мәселелер бойынша хатшы болса, ІІ съездің шақыру комиссиясына енді. 1917 жылы 14 желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылып, қайраткер төраға (Ә.Бөкейхан) орынбасары болып сайланады. Ұлт кеңесі құрылатын ІІ съезде Оқу-ағарту комиссиясын басқарады. 1919 жылы ұлттың болашағы үшін кеңестер шебіне шығып, Өлкелік әскери төңкеріс комитетінің мүшесі болады. 1920-1921 жылдары Халық ағарту комиссары қызметін атқарады. 1920 жылы ол басында «Ұшқын» газетінің, кейіннен аты «Еңбек туы» боп өзгерген осы басылым жалғасының алқа мүшесі болды. Осы жылы желтоқсанда Әлихан, Смағұл, Жүсіпбек, Хайретдиндермен бірге «Қазақстан» мемлекеттік баспасының сарапшылар алқасына енді. 1921-1922 жылдары Қазақ халыққа білім беру институтында (КИНО) ұстаздық етеді. 1922-1925 жылдары ХАК Ғылым комиссиясын басқарады. 1926-1929 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында қызмет атқарады. Ағартушы қайраткер ғалым, жаңа отандық ғылымның көшбасшысы ретінде қалыптасты. Әдеби қызметі де қайраткерлігімен біртұтасып кеткен. 1909 жылы шыққан «Қырық мысал», 1911 жылы жарияланған «Маса» жинақтары халықты оятуға себепші болды. Ғалымның «Оқу құрал» (1912), «Тіл құрал» (1914), «Әліпби» (1924), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Баяншы» (1926) еңбектері ұлт филологиясының негізін қалады. Ол 1926 жылы Бакуде өткен ІІ Түріктану съезіне қатынасты. Саяси себеппен 1929 жылы тұтқындалып, жер аударылды. 1937 жылы тағы да ұсталып, 1938 жылы нақақ атылды.
30. «Үш жүз» партиясы, бағдарлама тезисі, әдісі.
1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды.
31.«Алаш» және «Үш жүз» ұлттыұ саяси партиялары. Олардың бағдарламалық құжаттарының негіздері
1917 ж екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы. Екінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алашорда үкіметін жариялаған съез. Бұл съез Ресейде қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Сиез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Досжанов, Е.Омаров оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Ұйымдастыру кадеті тарапынан өр уезден, әр облыстық қазақ кадеттерінен келетін екі өкілден бөлек 30-ға жуық кісіге арнайы шақыру қағаздары жіберіліп, «Сарыарқа», «Ұран», «Бірлік туы», «Тіршілік» газеттері мен әртүрлі ұйымдардан бір-бір өкілден шақырылды. Сиезге Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарынан және Бөкей Ордасынан барлығы 200-ден астам өкіл қатысты. Осының ішінде сиезге Б.Құлманов, Ж.Досмұхамедұлы. Ғ.Қараш, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай т.б. белгілі тұлғалар арнайы шақырылды. Сиездің төралқасына Б.Құлманов (төраға), Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Кенесарин, Ғ.Қараш сайланды. Съездің күн тәртібіне Сібір, Түркістан автономиясы һәм оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ автономиясы, милиция, Ұлт Кеңесі, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мұфтилік мәселесі, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды.. Съез Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х.Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды. М.Дулатов оқу мәселесі туралы арнайы баяндама жасап, комиссия құруды ұсынды. Сиездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ.Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде М.Шоқай сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты съез аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Онда: «Қазақ-қырғыз автономиясы - «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені - «Алаш» мүлкі болсын», «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы - 25 болып, он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алашордасының уақытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алды» деген тарихи шешімдер болды. Бұдан соң Алаш автономиясын жариялау мәселесі көтерілді. Ол бойынша делегаттардың пікірінде келіспеушілік байқалды. Ресми жариялауды жақтаушылар: Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, А.Кенжин, У.Танашев, Ғ.Қараш, С.Досжанұлы және т.б. барлығы - 33 адам; ресми жариялауды тоқтата тұралық деушілер: Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, О.Алмасов, Х.Ғаббасов және т.б. барлығы - 42 адам, қалыс қалғандар - А.Шегіров, М.Шоқай, Ә.Кенесарин болды. Нәтижесінде, «ресми жариялауды сиез атынан сайланған қазақ-қырғыз ісін басқарушы 15 кісіге тапсыралық. Олар біздің Уақытша үкіметіміз (Алашорда) болсын» деген тоқтамға келді. Съез Сырдария облысы қазақтарының сиезін шақыруды қажет деп тауып, өз араларынан Б.Құлманов, Т.Құнанбаев, М.Дулатовты өкілдер ретінде жіберу туралы шешім қабылдады. Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң , Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады. 1918 жылы ұлан-байтақ қазақ даласын бір орталықтан басқарудың қиындықтарына байланысты Алашорданың Батыс бөлімшесі құрылып, оны белгілі заңгер және ағартушы Жанша Досмұхаммедов басқарды. 1918-1920 жылдардағы азамат соғыскынан кейін жеңіске жеткен Кеңес өкіметі «Алаш» үкіметін таратып, оның жетекшілерін қуғынға ұшыратты.