Азақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
Азақстан тарих
Сынып
Билет
- Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс (негізгі ошағы, кезеңдері жазалаушылар отрядымен шайқас).
1907-1912 жылдары 2млн 400 мың адам Қазақ өлкесіне қоныстандырылды. 1916 ж. қазақтардан 40 млн га жер алынды. 1916 ж. Петропавл уезінде 4000 тұтқын, ал Ақмола обл. 14 мың тұтқын ауылшаруашылық жұмысқа тартылды. Сляван тектес тұтқындар басым болды.1913 ж. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»,-деп жазды А.Байтұрсынұлы. Көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығының шығуы.1916 ж. қзандағы Үндеу хатында ә Тыңдаңыздар, қан төкпеніздер, қарсыласпаңыздар»-, деп жазған.
Лы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы жұмыс және майданға бүкілхалықтық көмек.
Тыл еңбеккерлерінің жаппай ерлігі. 1942 ж. Шығыс қоңырат молибден кеніші іске қосылды. Онда сол кезде Одақта өндірілетін 100 т кеннің 60 т-сы өндірілетін болды. 38 күн ішінде Жезді марганец кеніші өнім бере бастады. 1941-1945 жж. Барлығы 25 кеншілер, шахталар, карьерлер, 11 байыту фабрикалары іске қосылды. Қазақстан КСРО-да өндіретін қорғассынның 85%-ын, мыстық металдық висмуттың 65%-ын , полиметалл кенінің 70%-ын өндіретін деңгейге жетті.
1942 ж. қыркүйек айында-ақ «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданының жауынгерлеріне табыс етілді. Республикада танк колоныйлары мен авиация эскадрильялары үшін 480 лнсом жиналды. 1943 ж. желтоқсанда Алматы қалалық активі С.Луганскиймен кездесуге арналған жиналыста атақты жерлеріне жаңа ұшақ жасап беруге шешім қабылдады. 3 күн ішінде Алматы жастары 400 мың сомнан астам нақты ақша жинап, жаңа жылға қарай жастар делегациясы батырға жаңа ұшақты табыс етілді.1943 ж. республикадан зауыттардықалпына келтіру жұмыстарына 1439 комсомол жіберілді. Қазақстан тұрғындары фашистік отаршылықтың ауыртпалықтарын бастап кешірген 12 қала мен 45 ауданды қамқорлыққа алды.
Азақстанның тәуелсіздігін жариялау.
1991 ж. соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға болатын қолайлы жағдайда қалыптасты. 1991 ж. желтоқсанның 16-сында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігітуралы» ҚР-ның Конституциялық Заңы қабылданды. 1991 ж. 10 желтоқсаннан бастап республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақ Кеңестік Республикасы деп аталатын болды. Желтоқсанның 8-і күні Минскіде бас қосқан 3сляван мемлекетінің басшылары өзара келісіп, 1922 ж. КСРО-ны құру туралы шарттың өз күшін жоғанын жариялады. 1991ж. 13 желтоқсан күні Ашхабадта Орта Азия жетекшілері бас қосты. Олар Минскіде қабылданған шешімдерді жақтайтынын білдірді. 1990 ж. 25 қазақда Жоғарғы Кеңес «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады. 1990 ж. 25 қазан-Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланды.
Билет
- ХХ ғ-дың басындағы Қазақстандағы қоғамдағы-саяси үдерістер.
1930 ж. елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер, фабрикалар мен зауыттар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Елде 1936 ж. КСРО Конституциясы жарияланған бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жоқ. Оларға заң шығару құқығы берілмеді, одақтың өктемдігі астында өмір сүретін болды. Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды. Жазалау толқыны Қазақстанды да жаппай өтті. 1937-1938 ж. лаңкестік жаппа сипат алды. БК(б) П Орталық Комитетінің Қазақстанға жібергенкөптеген өкілдері, партияның тәжірибелі, адал қайраткерлері де бұл алапаттан құтыла алмады.
- Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Ұлы Отан соғысы-(1941-1945 жж.). 1940 ж. 18 желтоқсан фашистік Германия басшылығы «Барбаросса» соғыс жоспарын жасады. Мақсаты: КСРО-ға қарсы соғыс ашу; «Қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 ж. күзінде аяқтау. «Үлкен Түркістан» отарына енетін аймақтар: Қазақсатн, Орта Азия , Татарстан, Башқұртстан,
Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Қытайдың Шыңжаң аймағы, Ауғанстанның солтүстігі.1941 ж. 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Еңбекшілер Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Республикада 2 млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Армия қатарына 1196164 (1 млн 200 мың) қазақстандық қосылып, әрбір 5-ші адам майданға аттанды. Еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді.
- Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
1993 ж. соңында 3 саяси партия тіркелді.1991 ж. 7 қыркүйекте «Қазақстан социалистік партиясы» құрылды. Құрамында 47 мың мүшесі болды. Төреғасы-А.Әлімжанов, кейін П.Своик. 1991 ж. күзінде Қазақсатн коммунистік партиясы құрылды. Мүшесі 55 мың адам. Төрағасы- Б.Төлепбаев, кейін С.Әбділдин. 1991 ж. қыркүйекте Қазақсатнның азаматтық қозғалысы «Азат» негізінде «Қазақстан Республикалық партиясы» құрылды. Төрағасы-С. Ақатаев.1991 ж. 5 қазанда «Халықтық Конгресс партиясы» құрылды. Мүшесі- 30 мың адам. Төрағасы- О.Сүлейменов және М.Шаханов. 1991 ж. қарашада «Қазақстан демократиялық прогресс партиясы»(ҚДПП) құрылды. Төрағасы-А.Докучаева.1993 ж. ақпанда «Қазақсатн халық бірлігі одағы» құрылды. Жетекшісі- Н.Назарбаев. 1994 ж. женлтоқсанда «Қазақстан халықтық-кооперативтік партиясы» құрылды. Төрағасы-У.Сәрсенов.1995 ж. қаңтарда «Қазақстан өрлеу партиясы» құрылды. Төрайымы-А.Жағанова. 1995 ж. басында «Қазақстан аграрлық партиясы» құрылды. Мүшесі-42 мыңнан астам адам. 1995 ж. жазда «Қазақстан демократиялық партиясы» құрылды. Төрайымы-Т.Жөкеев. Мүшесі-19 мың адам.1990 ж. қаңтарда «Отан» партиясы құрылды.Төрайымы-С.Терещенко. 1990 ж. 14 қаңтарда «Қазақстан отаншылдар» партиясы құрылды. Мүшелері қатарына- Хасен ҚожаАхмет, жазушы- Н.Асышев, «Мемлекеттік тіл» қоғамының төрайымы А.Османова болды.
Билет
- 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстың басшылары.
Ұлт-азаттық қозғалысқа революцияшыл-демократияшыл зиялылардың Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ә. Мөлікөтов, С. Сейфуллин т.б. сияқты өкілдері де қатысты. Қозғалыстың басты күші тұтастай халық бұқарасы болатын көтеріліске шыққан халықтың қалауымен көтерілісшілерді Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурақов т.б. басқарды. Түркістан өлкесінде 347 адам атылды. 168 адам жер аударылды Сотсыз атылғандарда есеп болмады. Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың 238 мыңнан астам халқы Қытайға ауып кетуге мәжбүр болды. Торғай уезденің қыпшақ руының көтеріліске шыққанқазақтары Орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересі, аса беделді Әбдіғафар Жанбосыновты өздерінің ханы етіп сайлайды. Атақты Иман батырдың немересі Амангелдіні сардарбегі етіп тағайындайды. 1916 ж. қыркұйекте Торғай уезінде Амангелді Иманов көтерілісшілердің үлкен жасағын құрып, қару жасаушыларды ұйымдастырды, және көтерілісшілер әскериөнерге өзі үйретті. Патша үкіметі көтеріліс басшыларын шұғыл түрде жазалап отырдыЖетісудағы қозғалыс басшыларының бірі Бекболат Әсиекеев Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылды. Қарқарадағы көтеріліс жетекшілері бірі Жәмяңке Мәмбетов абақтыға қамалып, басқа да 12 басшымен бірге азаптап өлтірді.
- КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау.
1938 ж. қарашада Қиыр Шығыстағы Корей ұлт ауданынан Қазақстанға 100 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінді. Қызылорда және Алматы обл. Қоныс аударушы крейлерден тұратын 57 ұжымшар құрылды. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк күштеп әкелінген болатын. Еділ бойындағы неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатты, 360 мыңнан астам неміс Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілді. Немістерді соғысулы армиядан шығару туралы бұйрық берілді. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Басқармасының 1945 ж. қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны 2 млн 464 мыңға жуық адам болғанын айғақтайды 1941 ж. соңына қараған шақта көшіріліп әкелгендердің жалпы саны 286492 адамға жетті. Олардың 136,5 мыңы балалар болды. 1942 ж. Ресейдің түрлі облыстарынан республикаға 109807 адам әкелінді. 1942 ж. соңында Қазақстанға еріксіз көшіріліп әкелінгендердің саны 532,5 мың адамды құрады. 1941 ж. тамызынан бастап немістерді еріксіз көшіру басталды.
- Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында.
1 желтоқсан-Тұңғыш рет жалпыхалықтың дауыс беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау нәтижесінде Н.Ә:Назарбаев көпшілік дауыспен 98,76% жеңіске жетті.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан үшін өзін әлемге таныту жылы болды. БҰҰ-на және
басқа да ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Сонымен бірге 1992 ж. КСРО-
ныңкезігде басталған және Одақтың ыдырауымен күшейе түскен экономикалық дағдарысқа
қарсы жүйелі күрестің басталған жылы болды. Қазақстанда инфляция жыл аяғында 3000 пайызға
жетті.1993ж. соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Республикада 30-ден аса қоғамдық-
саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 ж. соңына қарай қоғамдық-саяси
қозғалыстар ұйымдасқан саяси күшке айналды.
Билет
- Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде.
1917 жү ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құтылды. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы,ұлттық-демократиялар қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды. Қазақтан патша билігінің құтылуына құптап, оны өздерінің ғасырлар бойы жүргізген күресінің нәтижесі, 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына алға тартқан мақсаттарының қанағаттандырылуы деп таныды.1917 ж. наурыз, сәуір айларында әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Жекелеген қалаларда (Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде, Әулиеатада) қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері пайда болды. 1917 ж. 20 наурызда ол Ресей азаматтарының белгілі бір дін ұстануына немесе қай ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын шектеуді жойды. Уақытша үкімет «бұратана жұмысшы жасақтарын» отанына қайтару туралы шешім қабылдады. Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы 8 сағ-тық жұмыс күнін енгізуге, Кеңестердің бағдарламасына помещиктердің жерін тәркілеу туралы алаптарды қосуға күш салды.
- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР-нің мәдениеті.
Соғыс жылдары Қазақстанға 23 театр, 146 балалар үйі көшіріліп әкелдінді. Кеңес мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлері ағайынды Васильевтер, М.Жаров, академик В.Вернадский және басқалар республикада кадр дайындаға және мәдениетті дамытуға көмек көрсетті. 1941 ж. қараша айында көшіріліп әкелінген «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары мен Алматы киностудиясы негізінде көркем фильмдердің біріккен орталық киностудиясы ұжымдасытрылды. Онда Кеңес киносының С.Эйзенштейн, Л.Трауберг, С.Юткевич, Ф.Эрмлер, Н. Черкасов, М.Жаров, Л.Орлова сияқты үздік шеберлері жұмыс істейді. 1942-1944 ж. Қазақстанға Майданнан 22 делегация келіп қайтты. Осының бәрі майдан мен тыл бірлігінің нығаюына жәрдемдесіп, кеңс адамдарының жеңіске деген сенімін күшейтті. Насихат тарату жұмыстарында ұлт қаһармандарының бейнелері пайдалынылды.
- КСРО-ның таралуы. ТМД-ның құрылуы.
КСРО-ның ыдырауы-1991 ж. 25 желтоқсан М.С.Горбачев КСРО Президенті қызметінен босатылды. 1991 ж. 26 желтоқсанда КСРО-ның өмір сүруін тоқтатқандығы туралы Декларация жарияланды. Республика егемендігің орнығуымен бірге Республика Президентін бүкілхалықтық сайлау қажеттігі туындады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында «Президент сайлау жөніндегі Заң» қабылданып, Президенттік қызметке Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды. ТМД-ның құрылуы- 1991 ж. тамыз төңкерісінен кейін КСРО-ның ыдырау үрдісі тез қарқынмен жүзеген аса бастады. 1991 ж. 8 желтоқсанда Минскідегі Беловеж келісімі. 1922ж. КСРО-ны құру туралы келісім-шартты жою. Тәуелсіз Мемлекет тер Одағын (ТМО) құру туралы келісімге келу.1991 ж. 13 желтоқсанда Ашхабад келісімі. 1991 ж. 17 наурызда референдумда Қазақстан халқының 94,1%-ы Одақты сақтау қажеттігін жақтап дауыс берді. 1991 ж. желтоқсанына дейін КСРО-ның құрамында болған республикалардың бәрі мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Қазақстанда туелсіздік алуға қарсы күштер белең алды. Орыс автономиясын құру идеясы. Солтүстік обл.-ды Ресейге қосу идеясы. 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматы келісімі. Қатысушы елдер: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, РКФСР, Украина, Беларусь, Молдова, Әзірбайжан, Армения. Барлығы- 11 республика. Грузия бақылаушы есебінде қатысты. КСРО Президенті М.С.Горбачев шақырылған жоқ.
Билет
- «Алаш» партиясының құрылуы.
«Алаш» партиясы (1917-1920)-1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құралған. Төрағасы- Әлихан Бөкейханов. 1917 ж. 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өміргекелуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында 2-ші Жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған мәселелер: қазақ-қығыз автономиясы; милицияқұру; ұлт кеңесі: оқу мәселесі; т.б.. 1917 ж. сәуірде Қазақстандың Жетісудағы съезі өтті. 1917 ж. 27 сәуір-7 мамыр аралығында қазақтардың Семей облыстық съезі болды.1917 ж. 21-26 шілдеде Орынбор жаалпықазақ съезі. 1917 ж. мамырда мұсылмандардың Бүкілресейлік съезі болды.
- Қазақстандықтар Мәскеу, Сталинград үшін шайқастарда.
Мәскеу шайқасы- 1941 ж. 30 қыркүйекте- 1941 ж. 6 желтоқсан. Батыс шекараны күзеткен 485 шекара заставасы жау шабуылын алғашқы қарсы алды. Брест қамалының қорғаушылары 1941 ж. 22 маусымынан 1 айдан астам уақыт жауға төтеп тұрды. 1941 ж. 16 қарашада 28 танк жоюшылар тобыДубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. 1941 ж. 24 маусымда Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті.
Сталинград – 1942 ж . 17 шілде – 1943 ж. аяқталы. 1942 ж. күзінде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласын жетті. 1942 ж. күзде Каспий алабына соғыс жағдайы енгізілді. Ерлік көрсеткен қазақтар- М.А.Баскаков, Ғани Сафиуллин, Нұркен Әбдіров, Қасым Аманжолов т.б.
- Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы.
1992 ж. қыркүйек, қазан айларында Алматыда дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті.
Әлемнің 70-ке жуық елдеріндегі қазақ диаспорасы-3 млн 200 мың. Түркиядан «Алаш»
сыйлығының иегері, қадірменді Халифа Алтай келді. 2002 ж. 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі
қазақтарының 2-ші құрылтайы өтті. 1993 ж. 17 желтоқсанда Қазақтардың дүние жүзілік
қауымдастығының тұсау керек салтанаты болды. 1993 ж. өзінде-ақ Қазақстанға Монғолияжан,
Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.1992 ж. 14
желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. 1995 ж. 12
желтоқсанда «Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалары туралы» Заң күші бар
Жарлыққа Елбасы қол қойды.
Билет
- Қазақстандағы бүкілресейлік саяси партиялардың қызметі.
Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін ғана
қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құралған
ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған
мынадай негіз келтірді: «Реседе осы күнде түрлі саяси партиялар» бар. 1917 ж. 21-26 шілде
аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құу туралы
мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын
тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ
өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеативтік парламенттік республикаға
құрылмақ...».
- Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.)
1947 ж. желтоқсанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы аша реформасы жүргізілді. Азық-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендеді. 1946 ж. КСРО-ның көптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді. Адамдар аштықтан өле бастады. Бірақ бұл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі экономикалық саясаттың басты қағидасы- ауыр өнеркәсептің біржақты жылдамдатылған дамуы болып қала берді. Материалдықмұқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағы 2-ші кезекке ығыстырылды.
- Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік даму бағдарламалары.
Ағымдағы жылдың 17-қаңтарында ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы- 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты» Жолдауын жариялады. Биылғы Жолдауының басты ерекшелігі әлемде дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспары және оны жүзеге асыру бағытында атқарылатын нақты іс-шаралар айқындалды. Нарықтық қатынастарға көшудің алғашқы жылдарында жоспарлау ісіне мән берілмеді, «нарық дегеніміз- жоспарсыз, стихиялы даму» деген түсінік белең алды. Н.Назарбаев кейіннен: «Нарықтың бас кезінде жоспар атаулыға жоламай кеткеніміз бар болатын. Енді байқап отырсақ, мәселе жалпы жоспарлауда емес, қалай жоспарлуда екен»,-деп жазды. Бүгінгі күнмен ғана өмір сүріп, ағымдағы міндеттерді шешумен ғана жүре беруге болмайтын еді. Сондықтан 1997 ж. соңында Президент Н.Назарбаев 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын анықтап, онымен халықты таныстырды. Президент бұл стратегияны блолашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалады. «Қазақстан-2030» стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттары- жеті бағыт бөле көрсетілді. Олар:1. Ұлттық қауіпсіздік; 2.Ішкі саяситұрақтылық пен қоғамның топтасуы; 3. Экономикалық өрлеу; 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; 5. Энергетика ресурстары; 6. Инфрақұрылым, көлік және байланыс; 7. Кәсіпқой мемлекет. 2012 ж. соңына қараған шақта «Қазақстан -2030» стратегиясының негізгі мақсаттары уақытынан бұрын толығымен орындалды. Қазақстан дүниежүзілік дамудың алдыңғы легіне шықты.
ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың кезекті жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 ж. Желтоқсанында, елдің Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жарияланды. Жолдада қоғамдық қызметтің барлық аялары қамтылған. Саясатта орталықсыздандыру бағыты жалғасын табады. Экономикада 2050 ж. Дейін дүниежүзінің дамыған 30 елінің қатарына қосылу көзделеді. 2025 ж. Дейін қазақ тілі елде жетекшілік межеге шығады. Соған қоса, аталған мерзім ішінде қазақ тілі латын әліпбиіне көшеді.
Билет
азақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
Кеңес үкіметінің орнауының 2 түрлі жолы болды: 1. Өнеркәсіп орталықтарымен темір жолға
жақын, жұмысшылар басым Оңт. және Солт. Аймақтарда- бейбіт жолмен. 2. Сібір, Орал, Жетісу
казактары мен офицерлер басым аудандарды күрес жолымен. Қазақ өлкесінде Кеңес билігі
алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1917 ж. қарашада Орынборда атаман Дутов
контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі қазақтардың «Әскери үкіметі» қолына көшті.
«Жетісу әсукери үкіметі» де бүкіл өкімет билігін басып алды. 1918 ж. 15-16 қаңтарда
Қостанайдағы Кеңестер съезінде бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды.
1918 ж. басында Ырғыз, Торғай уездерінде Кеңес үкіметі орнады. 1991 ж. наурызда Жетісу
облысында Кеңес үкіметі орнады. 1917 ж. қазақ-1918 ж. наурыз аралығы Кеңес үкметі өлкеде
түгел орнап бітті. Орал кеңес үкіметі қиын, жағдайда орнатылды: 1918 ж. қаңтар.Павлордар кеңес
үкіметі билігін өз қолына алды:1918 ж. қаңтар.