Рт сөндіргіштер, олардың жұмыс істеу принциптері

Өрт сөндіру автомобилі(ӨСА)

Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді. ӨСА негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді. Негізгі ӨСА-не автоцистернамен, қол сорғылармен, автосорғылармен, сорғы станциаларымен жабдықталған газды су, көбіктенген ауа, ұнтақты өрт сөндіргіш заттар шашатын автомобильдер жатады, олар өрт ошағына сөндіргіш заттар шашады. Автоцистерналы ӨСА өрт ошағына шашылатын өрт сөндіргіш заттармен бірге өрт сөндірушілерді де алып жүреді және өрт сөндіруге қажет әр түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталады. Өрт сөндіру сатысы, жарықтандыру, техникалық, т.б. мақсаттарға арналған құралдармен жабдықталған автомобиль арнайы ӨСА деп аталады. Техника қызметтің ӨСА өрт ошағына өрт сөндірушілерді, бөлме ішінен түтін соратын және оған таза ауа айдайтын, үйді бұзатын не тесетін, жөндейтін, т.б. құрал-жабдықтарды тасиды. Көмекші ӨСА ірі өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру техникасының жұмысына көмек (жанар май құяды, жөндейді, тех. қызмет көрсетеді) көрсетеді, т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады. Барлық ӨСА-н өзге көлік түрлерінен оңай ажырату үшін қызыл түске (немесе қызыл және ақ) бояйды. ӨСА көк сәулелі шамшырақпен және сиренамен жабдықталады.

Өрт сөндіру депосы (ӨСД)

Өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекшілері, өрт сөндіру автомобильдері мен құрал-жабдықтары орналастырылған ғимарат. ӨСД-ның құрамында: тұрақ, байланыс пункті, класс бөлмелері, кезекшілер тынығатын бөлмелер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, өрт сөндіру жабдықтарын күту посттары, өрт сөндіруге қажет құралдар мен жабдықтар қоймасы, т.б. бөлмелер болады. ӨСД-нда 2-ден 8-ге дейін (кейде одан да көп) өрт сөндіру автомобилі болады. Автомобильдер тұрақта бір қатар болып тұрады. Депо ауласында оқу-жаттығу қалашығы, жанар май ст. болады. Біздің республикамыз бойынша ең алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі 1877 жылы Верный (қазіргі Алматы қ.) қаласында ұйымдастырылған. Ол кезде өрт сөндірушілер және сорғылар мен су құйылған бөшкелер ат арбамен тасылған.

Өрт сөндіру кемесі (ӨСК)

Кемелерде және порт аймағындағы өртті сөндіруге арналған кеме. Ол арнаулы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады. ӨСК-нде суды лафеттік оқпанға айдайтын сорғы бар. Сорғы кемеқозғалтқышы немесе арнайы жетекпен жұмыс істейді. Сорғы сағатына 1000 м3-ге дейін су айдай алады. Су атқыш лафеттік оқпан кеменің тұмсық жағына не кормасына орнатылады. Лафеттік оқпандар алыстан басқарылады. ӨСК-нде көбікті от сөндіргіш заттар толтырылған ыдыстар болуы себепті танкерлер мен жағалаулардағы мұнай қоймаларында шыққан өртті сөндіруге де болады.

Өрт сөндіру сатысы (ӨСС)

Өрт сөндіру сатысы (ӨСС) – өрт болып жатқан үйдің үстіңгі қабатына өрт сөндірушілерді және құралдарды шығаруға әрі ол жердегі адамдарды өрттен құтқаруға арналған ұзын саты. ӨСС-ның қол саты, автомобильдік және орнықты саты деп аталатын түрлері бар. Қол сатысы жиналмалы және аспалы болады. Жиналмалы қол сатысы созылған кезде 10 метірге дейін ұзарады. Автомобильдік ӨСС (ұзындығы 16, 30 және 45 метірге дейін жетеді) және иінді автокөтергіш (18 не 30 м биіктікке дейін көтереді) деп екіге бөлінеді. ӨСС-ның жоғары иініне су атқыш лафеттік оқпан орнатылады. Орнықты ӨСС әр үйдің сыртына орнатылады.

2. Бақытсыз жағдай орын алғанда өндіріс тарапынан атқарылатын жұмыс

Бақытсыз жағдайлардың негізгі себептері:

1.машина, механизмдер, қондырғы, құрал-жабдықтар бөлуге, сақтауға
арналған қосымша жабдықтардың конструкциясында жетіспеушіліктің
болуынан;

2. дұрыс жөнделмегендігінен;

3.үй, жұмыс орындары және олардың элементтерінің техникалық күйінің
жеткіліксіздігінен;

4. технологиялық процестің жетілдірілмеуінен;

5.технологиялық процестің бұзылуынан, қажетті техникалық құжаттың
болмауынан;

6. жол қозғалысы ережелерінің бұзылуынан;

7.ұйымдастыру жұмысы қанағаттанарлық болса да, жұмыс орнының,
территория, өту жолы, демалу орындары дұрыс ұстамауынан;

8. техникалық қауіпсіз ережелерін администрация бұзса;

9.жеке қорғаныс құралдарының жоқтығынан, не дұрыс қолданбауынан, не
істемегендігінен;

10. инструктаж кезіндегі кемшіліктер болуынан;

11. жұмысшы мамандығына сәйкес болмаған жағдайда.

3. Өндірістік жарақаттану себептерінің классификациясы және сипаты

Жарақаттардың белгілері:

Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады.

Емтихан билеті № 26

1. Ғимараттардың өрт қаауіптілігі категориялары

Ғимараттар мен үймереттердің өрт тұрақтылығы. Ғимараттар мен үймереттердегі өрттің дамуы шарты көбінесе олардың өрт тұрақытылық дәрежесімен анықталады. Өрт тұрақтылық дәрежесі дегеніміз, ол өрт кезіндегі ғимараттардың бұзылуға толығымен қарсы тұру қабілеті. Өрт тұрақтылық дәрежесі бойынша ғимараттар мен үймереттер бес дәрежеге бөлінеді (I,II,III,IV,V). Ғимараттардың (үймереттердің) өрт тұрақтылық дәрежесі жануы мен негізгі құрылыстық құрылымдардың өрт тұрақтылығына және осы құрылымдардың бойымен өрттің таралу шегіне байланысты болады.

Өндірістің категориялары Өндірістегі материалдар мен заттардың сипаттамасы
А жарылыс өрт қауіпті өндірістер Жанғыш газдар, тұтану температура шегі 280С –дан жоғары емес жеңіл тұтанатын сұйықтар, сондай көлемде бу ауалы қоспа түзе отырып, жарылыс қауіпті жағдай туындатуы мүмкін, олардың тұтану кезінде ғимараттарда жарылыстың артық қысымы пайда болады, ол 5кПа-дан асып кетеді; ауадағы оттегімен, сумен немесе бір-бірімен әрекеттесуі кезінде жануы және жарылуыға қабілетті заттар мен материалдар.
Б жарылыс өрт қауіпті өндірістер Тұтану температура шегі 280С-дан жоғары жеңіл тұтанатын сұйықтар, жанғыш шаңдар немесе талшықты заттар, сондай көлемдегі жанғыш сұйықтар жарылыс қауіпті немесе бу ауа қауіпті қоспалар түзе отырып, жарылуы мүмкін, олардың ғимараттағы жарылыс кезіндегі артық қысымы 5 кПа-дан асып кетеді
В1-В4 өрт қауіпті өндірістер Жанғыш және қиын жанатын сұйықтар, қатты жанғыш заттар мен материалдар (сонымен бірге шаңдар мен талшықты заттар), заттар мен материалдар сумен, ауадағы оттегімен неемсе бір-бірімен әрекеттесуі кезінде ғана жарылыс қауіпті болады, олар ғимараттарда болса А және Б категориясына жатқызылмайды.
Г орташа өрт қауіпті өндірістер Ыстық күйінде, балқыған күйінде немесе ерігендегі, өңдеу кезіндегі жылу, ұшқын және өрт бөлінетін, жанбайтын заттар мен материалдар; жанғыш газдар, сұйықтар және қатты заттар отын ретінде жандырылады немесе жойылады
Д (өрт қауіптілігі төмен) Салқын күйіндегі жанбайтын заттар мен материалдар
Е жарылыс қауіпті өндірістер Сұйық фазаларсыз жанғыш газдар және сондай көлемдегі жарылыс қауіпті шаңдар, олар ғимарат көлемінде 5% асып кететін, көлемде жарылыс қауіпті қоспалар түзуі мүмкін және ауадағы оттегімен, сумен немесе бір-бірімен әрекеттесуі кезінде жануы және жарылуыға қабілетті заттар мен материалдар, олардың ғимараттардағы жарылыс кезіндегі артық қысымы 5 кПа-дан асып кетеді

2. Реагентпен күйікке ұшырағанда алғашқы көмекХимиялық күйік-денеге жинақталған қышқылдардың (тұз,күкірт,азот,карбол)және сілтілердің Күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий,мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк),фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздарының (хлорлы мырыш)әсерінен пайда болады.Зақымдалудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі мен жинақталуына,әсер ету созымдылығына,қай жер екендігіне байланысты.Химиялық заттардың әсеріне кілегейлі қабықша,тері жамылғышы мен мойын төтеп бере алмайды.Ал,табан мен алақан мейлінше төзімдірек.

Химиялық күйік алу кезінде ұлпалардың зақымдану тереңдігі көп жағдайда химиялық заттың әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Химиялық заттардың концентрациясын және оның әсер ету уақытын мүмкіндігінше тез арада азайту керек. Бұл үшін зақымданған жерді дереу краннан, резеңке құбыр арқылы ағатын ағынды немесе шелектегі салқын көп мөлшердегі сумен 15-20 минут көлемінде жуады.

Егер қышқыл немесе сілті киім арқылы теріге түссе, оны алдымен сумен киімнің сыртынан жуып, содан кейін абайлап оны кесіп, зардап шеккеннен ылғал киімді шешіп, бұдан соң теріні жуады.

Адамның терісіне күкірт қышқылы немесе қатты зат күйінде сілті тисе, оны құрғақ мақтамен немесе матаның бөлігімен алып тастау керек. Содан кейін зақымдалған жерді жақсылап сумен жуады.

Химиялық күйік алу кезінде химиялық заттарды толығымен сумен жууға болмайды. Сондықтан жуғаннан кейін зақымданған жер оған басатын таңғыш ретінде пайдаланатын тиісті залалсыздандыратын ерітіндімен тазаланады.

Билет

Наши рекомендации