Ысқартылған сөздерге түсініктеме.
ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ
АРЖЫ ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП» КАФЕДРАСЫ
|
«Бухгалтерлік есеп қағидалары» пәнінен
Лекция тезистері
Түркістан 2013
Ф-ӘД-001/026
Лекция тезистерін құрастырған: аға оқытушы А.Р.Калымбетова
Лекция тезистері кафедраның «26»08 2013 ж. (хаттама № 1) мәжілісінде талқыланды.
Кафедра меңгерушісі ______________ э.ғ.д., профессор Б.С.Мырзалиев
Лекция тезистері факультеттің « 27 »08 2013 ж. (хаттама № 1) ОӘК-де қаралып, мақұлданды.
Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, (ғылыми атағы) аға оқытушы М.Ж.Оспанкулова
Олы
Лекция тезистері құрылымы университеттің «28 » 08 2013 ж. (хаттама № 1) ОӘК–де талқыланып, қолданысқа ұсынылды.
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдер әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес-субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Бухгалтерлік есеп - экономикалык білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны есепке алынады, қаржылық. жағдайы ашып көрсетіледі, Бухгалтерлік есеп субъектілердің меншігін сақтауды бақылауға әсіресе басқару шешімдерін қабылдауға қажетті акпаратты жинақтайды.
Қазіргі заман бухгалтерлері - бухгалтерлік есеп ауқымында алғап терең кәсіби білімі аркылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара білуі тиіс. Ол Қазакстан Республикасының азаматтық құқыктары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс.
-бухгалтерлік есепті үйымдастыру жуйесін;
- бухгалтерлік терминологияны;
есеп пеп қаржылық есеп берудің негізі принциптерін;
бухгалтерлік есептің стандарттары мен қаржы саясатын есеп берудіц хальщ-аралъщ стапдарттары үсынган талаптарга сэйкес бухгалтерлік есеп эдістемелігі мен оныц үйымдастырылуъш;
- каржылык есеп беруді пайдаланушылар және оларды шаруашылық қызметі
туралы сепімді ақпаратпен цамтамасыз ету тәртібін;
- шаруашылъщ қызметіп жүзеге асыру барысында субъектілердіц ҚР зацдарын
сацтауып бацылау үшіп мемлекеттік органдарын цажетті ақпараттармен
камтамасыз етуіи;
бухгалтерлік есептің экономиканы басцару жүйесіндегі ролін;
- бухгалтерлік есептің бацыяау-ақпараттъщ ролі
ПӘН ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТТЕР
1.1. Пән сипаттамасы. Бухгалтерлік есеп принциптері – кәсіпорынның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғары оқу орындарындағы оқитын студенттерге бизнес пен бухгалтерлік есепті таныстыруға арналған негізгі курс болып табылады. Бұл курс қаржылық есептің бастамасы, яғни бастапқы курсы болып табылады және де мұнда қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік есеп кезеңдеріне шолу жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есеп ақпараттарын дұрыс пайдалану үшін, қаржылық есепті енгізу тәртібі мен оның талаптарға сай әдістемесі және ұйымдастырылуы жайлы студенттерге қажетті білім береді
Курстың мақсаты.
-бухгалтерлік есеп принциптері мен негізгі концепцияларын игеру
-бухгалтерлік баланстың мазмұны мен құрылымын, шоттар жүесін, екі жақты жазуды,ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер есебін сондай ақ шаруашылық субъектілерінің капиталы мен міндеттемелерін оқып үйрену
-қаржылық есеп беру нәтижесін анықтау және дайын өнімді сату есебін ұйымдастыруды игеру.
1.3. Курстың міндеттері.Курс бағдарламасында лекция және семинар сабақтары қрастырылған. Пәнді игеру барысында бухгалтерлік есеп ақпараттарын дұрыс пайдалану үшін, қаржылық есепті енгізу тәртібі мен оың талаптарға сай әдістемесі және ұйымдастырылуы жайлы маркетинг пен менеджмент салаларында маманданып жатқан студенттерге қажетті білім береді
Пререквизиттер.
Экономикалық теория
Макроэкономика
Статистика
Қаржы
Постреквизиттер.
Аралық қаржылық есеп
Ілгерілмелі қаржылық есеп
Аудит
1.6. Кафедра талаптар Бухгалтерлік есеп принциптері курсын оқыту барысында студентттер сабақтың барлық түрлерінен берілетін тапсырмаларды міндетті түрде уақтында орындаулары керек. Дәріске келіп қана қоймай, оның барынсында белсенді түрде оқытушымен бірге жұмыс істеу, лекцияда қарастырылатын қаржылық проблемаларды көре білу және олардың мәнін түсінуге тырысу әрбір студенттің міндеті.
Студенттер семинар барысында үйге берген тапсырмаларды толық орындап қана қоймай, семинар сұрақтарын талдау барысында өз беттерімен ойлау, өз ойын басқаларға дәлелді түрде жеткізе білу, басқаның ойын түсіну және оған сын көзбен қарау арқылы қарсы дәлел келтіру сияқты қабілеттерін барынша толық көрсетуге тырысуы керек.
Студенттер алған білімдерін баянды ету үшін аралық бақылау жұмыстарын тапсыруға міндетті.
ысқартылған сөздерге түсініктеме.
СӨЖ- студент орындайтын өзіндік жұмысы
ОБСӨЖ- оқытушы басшылығымен орындайтын СӨЖ.