Фармацевтикалық факультет

Модуль Фармацевт- менеджер

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР (ОЖСӨЖ)

Курс 3

Пән: «ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ»

Тақырып: АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ №3

Құрастырушылар:

Доц. Радюк М.И.

Доц. Нурахов Д.Б.

Аға оқыт. Жумаева Г.Ш.

ТАҚЫРЫП: АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДЫ РЕТТЕЙТІН ЗАҢДАР

МАҚСАТЫ:

Студент міндетті

білуге:

· Халықты медициналық және фармацевтикалық көмекпен қамтамасыз ететін басқару органдарын.

· ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің міндеті мен функцияларын.

· Фармацевтикалық бақылау комитетінің міндеті мен функцияларын.

· Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Ұлттық сараптау орталығының міндеті және функциялары

Орындай білуге:

· Құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен функцияларын бөлуді

· ДЗ айналымына бақылауды басқаруды

· Дәрілік саясатты басқаруды

· Фармакопеялық орталықты басқаруды

· Фармакологиялық орталықты басқаруды

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

Жұптасып жұмыс жасау, тапсырмаларды орындау, сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды оқытушымен бірге талқылау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА:

1 тапсырма. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің фармацевтикалық қызметке қатысты негізгі міндеттерін жазбаша көрсетіңдер.

2 тапсырма. ҚР ДСМ функцияларын схема түрінде көрсетіңдер.

3 тапсырма. ҚР ДСМ ұйымдастыру құрылымын схема түрінде көрсетіңдер.

4 тапсырма. Фармацевтикалық бақылау Комитетінің құрылымын схема түрінде көрсетіңдер:

· жетекшілік;

· дәрілік саясатты басқару;

· фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру бөлімі;

· фармацевтикалық қызметке бақылау жасау бөлімі;

· дәрілік заттардың айналымына бақылауды басқару;

· дәрілік заттардың сапасына бақылау жасау бөлімі;

· дәрілік заттардың қолданылуына бақылау жасау бөлімі.

5 тапсырма. ҚР ДСМ шағым түсті:

· фармацевтикалық қызметке лицензияны беруді 2 айға кешіктіргені туралы;

· онкологиялық науқасқа дәрілік затты тегін беруден бас тартқаны туралы.

Шағымның кімге жолдануы керектігін; дәрілік затты тегін босатуды регламенттейтін нормативті құжатты жазбаша көрсетіңдер.

6 тапсырма. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Ұлттық сараптау орталығының функцияларын схема түрінде көрсетіңдер.

7 тапсырма. Схема түрінде көрсетіңдер:

· Фармакологиялық орталықтың мінедеттерін;

· Фармакопеялық орталықтың міндеттерін.

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

БДҰ-нің 1999 жылғы «Дәріні тиімді регламенттеу. Елдер не істей алады?» құжатында көрсетілген: дәрінің ерекше табиғаты мемлекеттік тұлғалардан және олардың саудаға тартқан тұлғаларынан арнайы ыңғайды, коммерциялық өнімдерді және халық тұтынатын тауарларды сатудан өзгеше ыңғайды талап етеді. Мемлекеттік құрылымдар дәрілік заттардың өндірісін, импорттын, экспортын, сақтауды, бөлуды, сатуды және олармен қамтамасыз етуді регламенттеуге жауапты болуы керек.

Азаматтардың днесаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын заңдылық үкімет органдары анықтайды, олардың қатарына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жатады. ҚР ДСМ құрылымына кіреді:

· медициналық көмек Комитеті;

· тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасына бақылау жасау Комитеті;

· санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі Ұлттық орталық;

· фармацевтикалық бақылау Комитеті.

Фармацевтикалық қызметті басқаруды республика деңгейінде ҚР ДСМ фармацевтикалық бақылау Комитеті, облыстық, қалалық (Алматы, Астана қ-ры) деңгейлерде – денсаулық сақтау Департаменті (фармацевтикалық бақылау комитеті) жүзеге асырады.

Фармацевтикалық бақылау Комитетінің ұйымдастыру құрылымы

    Фармацевтикалық бақылау Комитеті  
   
     
  Дәрілік заттардың айналымына бақылауды басқару     Дәрілік саясатты басқару   Фармация комите-тінің Астана, Алма-ты қ-ры, облыстар бойынша аумақтық бөлімшелері
   
       
Дәрілік зат-тардың сапасына бақылау жасау бөлімі   Дәрілік заттар-дың қолданы-луына бақылау жасау бөлімі   Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру бөлімі   Фармацевтикалық қызметке бақылау жасау бөлімі  
                     

«Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың Ұлттық сараптық орталығы» РМК

«Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техника-ның Ұлттық сараптық орталығы» РМК (әрі қарай – Ұлттық орталық) дәрілік заттардың айналым сферасындағы мемлекеттік сараптық ұйым болып табылады. Ол ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. №1081 қаулысымен құрылды.

Ұлттық орталықтың негізгі мақсаты денсаулық сақтау саласында дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

Міндеттеріне сәйкес Ұлттық орталық келесідей негізгі функцияларды жүзеге асырады:

· дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу кезіндегі сараптық жұмыстарды жүргізу бойынша;

· дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың сәйкестігін растауды жүзеге асыру бойынша;

· дәрілік заттардың айналым сферасында нормативті құқықтық актілерді жасауға қатысу, жарнама материалдарына сараптама жүргізу бойынша;

· ақпараттық-баспа қызметі бойынша.

Ұлттық орталық вертикальды құрылым болып келеді, оның құрамына республика аумағында орналасқан он екі аумақтық филиалдары кріеді. Аумақтық бөлімшелерінде, кәсіпорындарында ҚР техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде аккредитацияланған сәйкестікті растау бойынша органдар және сынау зертханалары бар.

    Басты директор

Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru

Экономикалық сұрақтар бойынша орынбасары   Өндірістік мәселелер бойынша орынбасары

Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru

Фармацевтикалық факультет - student2.ru Мемлекеттік тіркеу кезіндегі сараптық жұмыстар бөлімі   Фармаколо-гиялық орталық   Ақпараттық-аналитикалық мар-кетингтік орталық   Фармако-пеялық орталық     Фармацевтикалық факультет - student2.ru Жалпы бөлім  

Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru

Фармацевтикалық факультет - student2.ru Сынау орталығы Фармацевтикалық факультет - student2.ru Арнайыландырылған фармакологиялық сараптау бөлімі   Арнайыландырылған фармакопеялық сараптау бөлімі Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru Нормативті-құ-қықтық қамта-масыз ету бөлімі
Фармацевтикалық факультет - student2.ru Сертифика-ция бөлімі Фармацевтикалық факультет - student2.ru ДЗ жанама реакцияларының мониторингі және инструкция бөлімі   Стандартизация бөлімі Фармацевтикалық факультет - student2.ru Фармацевтикалық факультет - student2.ru Лицензия алдын-дағы жұмыс бөлімі
  Фармацевтикалық факультет - student2.ru Архив   Фармацевтикалық факультет - student2.ru «Фармация Казахстана» журналының редакциясы
Фармацевтикалық факультет - student2.ru Аумақтық филиалдары   Фармацевтикалық факультет - student2.ru Қаржылық-экономикалық талау және бухгалтерлік есеп бөлімі

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Постановление Правительства РК от 12.10.07 № 944 «О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан».

2. Постановление Правительства РК от 02.10.02 № 1081 «О создании РГП «Национальный центр экспертизы лекарственных средств и изделий медицинского назначения и медицинской техники».

3. Приказ МЗ РК от 26.12.07 № 755 «Об утверждении Положения о Комитете фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан».

Қосымша:

1. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Вариант 1

1. Халықты медициналық және фармацевтикалыө көмекпен қамтамасыз ететін басқару органдарын көрсетіңдер.

2. Фармакологиялық орталық (функциялары).

3. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін ұйымдастыру тәртібі.

Вариант 2

1. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің міндеттері.

2. Фармакопеялық орталық (функциялары).

3. ҚР ДСМ фармацевтикалық бақылау Комитеті туралы жалпы қағида.

Вариант 3

1. ҚР ДСМ фармацевтикалық бақылау Комитетінің функциялары.

2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық салаға қатысты функциялары.

3. Фармацевтикалық бақылау Комитетінің дәрілік саясат басқармасының міндеті және функциялары.

Вариант 4

1. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дәрілік заттар айналымы сферасындағы ведомостваларға жүктейтін функциялары.

2. ҚР ДСМ фармацевтикалық бақылау Комитетінің құқықтары.

3. Ақпараттық-аналитикалық маркетингтік орталық (функциялары).

Вариант 5

1. Ақпараттық-аналитикалық маркетингтік орталығының міндеттері.

2. Қазақстан Республикасының медициналық ЖОО-рын атаңдар.

3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Ұлттық сараптау орталығының сәйкестікті растау бөлімінің міндеттері.

Вариант 6

1. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дәрілік заттар айналымы сферасындағы ведомостваларға жүктейтін функцияларын көрсетіңдер.

2. Фармацевтикалық бақылау Комитетінің дәрілік заттардың айналым сферасындағы бақылау басқармасының міндеті және функциялары.

3. Медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника бойынша сараптау бөлімінің міндеттері.

ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

МАҚСАТЫ: Студент міндетті

білуге:

· фармацевтикалық көмек концепцияларын;

· «Фармацевтикалық көмек» түсінігінің анықтамасын;

· фармацевтикалық көмек көрсетуді ұйымдастырудың заңдылық-құқықтық негіздерін құрайтын республикалық институттарды;

орындай білуге:

· фармацевтикалық көмек жүйесінің айырмашылық белгілерін бөлуді;

· фармацевтикалық нарық субъектілерінің өзара әрекетінің институционалды шеңберлерін анықтауды;

· нормативті құжаттарды қолдануды.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ

Жұптасып жұмыс жасау, тапсырмаларды орындау, оқытушымен бірге сабақ тақырыбын талқылау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА

1 тапсырма. Фармацевтикалық көмек жүйесінің айырмашылық белгілерін схема түрінде көрсетіңдер.

2 тапсырма. Фармацевтикалық көмектің жүйешелерін схема түрінде көрсетіңдер.

3 тапсырма. Фармацевтикалық көмек көрсету кезінде фармацевтикалық нарық субъектілерінің өзара әрекеті қандай институциональды шеңберлерде өтетінін анықтаңдар.

Вариант А.

Конституция
 
  Фармацевтикалық факультет - student2.ru

Жалпы құқық және

республикалық заңдар

 
  Фармацевтикалық факультет - student2.ru

«Қолданбалы

стандарттар»

  · Билік · Реттеу · Бағыну · Мәжбүрлеу   · Фармацевтикалық нарықтағы бөлу және тұтыну жүйелерін ұйымдастыру (көтерме және бөлшек буын, логистикалық делдал-дар, институционалды тұтынушылар) · Фармацевтикалық ақпарат жүйесін ұйымдастыру · Қоғамдық фармацевтикалық ұйымдар

Вариант Б

· Айырбас · Бәсекелестік · Әріптестік · Контракт · Легализм (заң-дарды орындау)   · Мемлекет («ерекше түрдегі» ұйым ретінде) · Фармацевтикалық нарықтағы қатынастарды реттейтін министрліктер, ведомствалар және басқа да ұйымдар. · Фармацевтикалық және парафармацевтика-лық өнімдерді өндірушілер   · Мәдениет және дәстүр · Фармацевтикалық этика және деонтология · Іскерлік этика

Вариант В

· Фармацев-тикалық этика және деонтоло-гия · Іскерлік этика   Фармацевтикалық нарықтағы бөлу және тұтыну жүйелерін ұйымдастыру (көтерме және бөлшек буын, логистикалық делдалдар, институционалды тұтынушылар)   · Бәсеке-лестік · Әріптестік · Контракт   · Консти-туция · «Қолдан-балы стандарттар»   · Билік · Реттеу

4 тапсырма. Жаңк экономикалық жағдайларда денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуын анықтаған негізін құраушы құжаттарды жазбаша көрсетіңдер.

5 тапсырма. ҚР азаматтарының денсаулығын қорғаудың негізгі принциптері (схема түрінде көрсетіңдер).

6 тапсырма. Есірткі дәрілік зат жазылған рецептің реквизиттерін жазбаша көрсетіңдер.

7 тапсырма. Дәріханаға рецепті бар науқас келді. Оған есірткі дәрілік зат жазылып берілген. Рецепт қарағанды қаласында жазылған және тиісті үлгіде ресімделген. Фармацевт-технолог дәріні босатудан бас тартты. Түсініктеме беріңіз.

8 тапсырма. Есірткі дәрілік заттардың заттық-сандық есебін жүргізетін журналды ресімдеу тәртібін жазбаша көрсетіңдер.

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

Фармацевтикалық көмек концепциясы

Фармацевтикалық көмек концепциясын қалыптастыру көздері өте ертеден бастау алады және ол Египеттің фармаки (аудармасы-«айығуды немесе қауіпсіздікті сыйлайтын») және гректің фармакон (аудармасы –«дәрі») деген сөздерінен құралған. Түбірі фарма- немесе фармако- болатын, дәрілік заттарды қолдану негізінде тұрғындардың денсаулығын қорғаумен байланысты қанда бір қызметті анықтайтын терминдер осы мағынаны береді.

«Фармацевтикалық көмек» түсінігін (ағылш.-pharmaceutical care) алғаш рет шетелдерде ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында ауруханалар мен клиникалардағы фармацевтердің қызметінің мазмұнын сипаттау үшін қолдана бастады. Ол кездері фармацевтикалық көмек деп пациенттің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін фармакотерапияны қамтамасыз ету жүйесі түсінілді, өйткені клиникадағы немесе ауруханадағы әрбір фармацевт дәрігермен бірге адамның денсаулығы үшін жауапкершіліктің бір үлесін өздеріне алды. Фармацевтикалық көмекке тек фармакотерапия ғана емес, сонымен бірге қандай да бір дәрілік препараттың жекелеген курстарын тағайындаумен байланысты мәселелерді шешу де кірді.

Әрі қарай фармацевтикалық көмек концепциясы дәріханалық ұйымдарға да таралды және дәстүрлі дәрілік қамтамасыз етудің альтернативасы ретінде қарастырыла бастады. Фармацевтикалық көмек жүйесінің айырмашылық белгілеріне келесілер жатты:

· дәрігер – фармацевтикалық қызметкер – пациент тізбегіндегі қарым-қатынастың жаңа типі «терапевтикалық өзара қарым-қатынас»;

· жоғары фармацевтикалық білімі бар маманның емдік процесті басқаруына қатысуы, атап айтқанда: қажетті дәрілік препаратты таңдауды негіздеу, пациенттерге кеңес беру және үйрету, дәрілік терапия нәтижелеріне мониторинг жасау және бағалау;

· оптимальды экономикалық шығын жұмсай отырып клиникалық нәтижелерге қол жеткізу;

· дәрілік препараттарды бөлу жүйесін жетілдіру (сапаны толық басқару, әлеуметтік фармация және т.б.);

· дәрілік препараттар туралы халыққа арналған ақпаратты оптимизациялау (тұтынушыларға арналған ақпараттағы, этикеткадағы олардың формасын және мазмұнын жетілдіру).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша фармацевтикалық көмек деп көп деңгейлі денсаулық сақтау жүйесінің бірінші буыны ретінде дәріханада пациентпен және қоғаммен қарым-қатынас жасау тәжірибесінің философиясын түсінеді. Осы қарым-қатынастың принциптері 1996 жылы Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ассамблеясында бекітілген тиісті дәріханалық практика концепциясының негізіне алынған.

ХХ ғасырдың 90-жылдарының аяғына қарай фармацевтикалық көмек концепциясын практика жүзінде қолданатын елдер, оны енгізудің әлеуметтік және экономикалық нәтижелерін алды. Ол дәрілік препараттарды қолдану кезінде болатын жанама әсерлер жиілігінің төмендеуінен, дәрігерге қайталап көрінудің азаюынан, госпитализация мерзімінің қысқаруынан, рецептерді жазу кезінде болатын қателердің азаюынан және т.б. байқалды.

Фармацевтикалық көмекті денсаулық сақтау практикасына енгізген немесе енгізіп жатқан әрбір елде ұлттық спецификаны ескеретін модуль қолданылады. АҚШ фармацевтикалық көмектің ауруханалық және клиникалық фармацияға арналған моделі көбірек тараған, ал европалық елдерде тұрғындарға арналған дәріханаларға бағытталған моделі көп қолданылады. Бірақ бұл модельдердің барлығы да фармацевтикалық көмекті көрсету кезінде пациенттің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Алғаш рет біздің практикада фармацевтикалық көмек концепциясын 90-жылдардың басында профессор П.В.Лопатин ұсынды.

Фармацевтикалық көмек – бұл мақсаты, біріншіден, тұрғындарды және нақты әрбір адамды дәріхана ассортиментіндегі барлық тауарлармен қамтамасыз ету және екіншіден, тиімді және қауіпсіз дәрілік заттарды және дәріхана ассортиментіндегі басқа да бұйымдарды таңдау, оларды сақтау, қолдану тәсілдері, сатып алу тәртібі және т.б. мәселелері бойынша медициналық персоналға және тұрғындарға ғылыми-кеңестік қызмет көрсету болып табылатын қызмет.

Фармацевтикалық көмектің бұл моделінің басты айырмашылық белгісі оның тек дәрімен қамтамасыз етуге ғана емес, дәрілік заттардың айналым сферасына толығымен альтернативті болуы. Онан басқа, концепция тұтынушылардың әртүрлі типтерін тек дәрілік препараттармен ғана емес, сонымен бірге фармацевтикалық ұйымдардан сатылатын басқа да тауарлармен, және де фармацевтикалық қызмет көрсетудің логикалық жалғасы болып табылатын қызмет түрлерімен сапалы қамтамасыз етуді қарастырады. Жүйелерді декомпозициялау тәсілін қолданып автор, фармацевтикалық көмектің кедлесідей жүйешелерін бөлді:

· фармацевтикалық қызметті бақылау және қадағалау;

· мемлекеттік стандарттау, тіркеу және сертификаттау;

· дәріхана ассортиментіндегі тауарларды жасау және қайта шығару;

· өнеркәсіптік өндіріс және дәріханалық дайындау;

· тауарларды өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу;

· ақпарат және кеңес беру;

· үздіксіз фармацевтикалық білім;

· тұтынушылардың құқын қорғау.

Фармацевтикалық көмек денсаулық сақтаудың бір бөлігі ретінде медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық көмек жүйелерімен тығыз байланыста болады.

Фармацевтикалық көмектің мазмұны көп жағдайда құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және сыртқы ортаның басқа да шарттарымен анықталады. Фармацевтикалық көмектің сапасын бағалау үшін қолданылатын негізгі критерилерге дәріхана ассортиментіндегі тауарларды қолданудан болатын тиімділік (тиімділік, қауіпсіздік, өмір сүру көрсеткіштерін жақсарту және т.б.); фармацевтикалық сала мамандарының біліктілік деңгейі; өз уақытында болуы; тауарлар ассортиментінің болуы және бағасы бойынша жетімділігі жатады. Ұсынылған фармацевтикалық көмек концепциясы фармацевтикалық кадрларды дайындау бағдарламалары мен фармацевтикалық ұйымдар және мамандардың практикалық қызметінде көрініс тапты. Дегенмен осы уақытқа дейін заңдылық-құқықтық және нормативтік регламенттерде фармацевтикалық нарықтағы қызмет мазмұнын анықтау үшін «дәрілік заттардың айналымы» және «фармацевтикалық қызмет» түсініктері қолданылады.

Дәрілік заттардың айналымы – ДЗ айналым сферасындағы жасау, зерттеу, өндіру, дайныдау, сақтау, буып-түю, тасымалдау, мемлекеттік тіркеу, стандарттау және сапасын бақылау, сату, таңбалау, жанрамалау, ДЗ қолдану, жарамсыз жағдайға келген немесе мерзімі өткен ДЗ жою және басқа да іс-әрекеттер кіретін қазметтің жалпы түсінігі.

Фармацевтикалық қызметті ДЗ айналым сферасындағы дәріхана ұйымдары және көтерме сауда кәсіпорындары жүзеге асырады.

Фармацевтикалық көмекті көрсетудің заңдылық-құқықтық негізін құрайтын республикалық институттар

Фармацевтикалық көмекті көрсету кезіндегі фармацевтикалық нарық субъектілерінің өзара әрекеті белгілі бір институционалды шеңберде (схема) өтеді.

Институттар – бұл шектеулер түрінде берілген ереже, оны адамдар экономиканың альтернативті мүмкіндіктерінің жиынтығын анықтай отырып өзара қарым-қатынас жасау үшін қабылдайды. Институттар қалыптасу сипатына қарай біртекті емес, сондықтан оларды шартты түрде 2 үлкен топқа бөлуге болады: формальды және формальды емес.

Формальды ережелерді құру иерархиясы ерекшелендіреді. Иерархиялық сатының жоғарғысын өзгерістерге сирек ұшырайтын және төмендегілерге ережені анықтау үшін альтернативаны анықтайтын маңызды ережелер алады. Мұндай маңызды ереже ретінде ҚР Конституциясы алынады.

ҚР Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы, бірақ ол құқықтық акт қан емес, сонымен бірге біздің қоғамымыз үшін әділдіктің негізгі танымдық бағдары болып табылады. Фармацевтикалық сала үшін Конституцияның келесі қағидасының ерекше маңызы бар: «Жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, шығу тегіне, мүліктік және қызметтік жағдайына, тұратын жеріне, діндік көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге тиістілігіне, басқа да жағдайларға қарамастан мемлекет азаматтар мен адамдардың құқығы мен еркіндік теңдігіне кепілдік береді».

Біздің елімізде алғаш рет халықтың денсаулығын қорғаудың құқықтық нормалары жасалған, денсаулық сақтаудың тек ұйымдастыру аспктілерін ғана емес, сонымен бірге осы сферада пайда болатын қарым-қатынастарды да қамтиды.

ҚР азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңдылығының негіздері салалық заңдылықтардың дамуына бастама болды. Денсаулық сақтау мен фармация жүйесінің әртүрлі аспектілерін реттейтін заңдар қабылданып, күшіне енді.

Фармацевтикалық саланың негізгі заңдарына ҚР 10.07.98 № 279-I «Есірткі заттар, психотропты заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына және қолданылуына қарсы шаралар туралы» (өзгерістерімен) Заңы, ҚР 13.01.04 № 522-II «Дәрілік заттар туралы» Заңы, сонымен бірге ҚР ДСМ 07.04.05 № 173 «Қазақстан РЕспубликасында бақылауға жататын есірткі заттарды, психотропты заттарды және прекурсорларды медициналық мақсатта қолдану Ережелерін бекіту туралы» бұйрығы сияқты басқа нормативті құжаттар.

Бұйрықтың «Жалпы қағидалар» бөлімінде ҚР бақылауға жататын есірткі заттарды, психотропты заттарды және прекурсорларды медициналық мақсатта қолдану ережелері берілген, ҚР «Есірткі заттар, психотропты заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына және қолданылуына қарсы шаралар туралы» Заңына сәйкес жасалған және ҚР бақылауға жататын есірткі заттардың, психотропты заттардың және прекусрсорлардың Тізіміне енгізілген, құрамында есірткі заттары, психторпты заттары және прекурсорлары бар дәрілік заттарды, прекурсорларды қолдану, сонымен бірге құрамында есірткі заттары, психторпты заттары және прекурсорлары бар дәрілік заттарға рецепті жазу тәртібін белгілейді .

Құрамында есірткі заттары, психотропты заттары және прекурсорлары бар дәрілік заттарды медициналық мақсатта қолдану, есірткі заттардың, психотропты заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрінің біріне лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында жүзеге асырылады.

Құрамында есірткі заттары, психотропты заттары және прекурсорлары бар дәрілік заттарды науқастар, амбулаторлық емделу кезінде дәрігердің тағайындауы бойынша жазылған рецептке сәйкес қолданады.

Арнайы рецептуралық бланк құрамында есірткі заттары, психотропты заттары бар дәрілік заттарға рецепті жазуға арналған.

Сигнатура – құрамында есірткі заттары, психотропты заттары бар дәрілік заттарды сатып алудың заңдылығын дәлелдейтін құжат.

Есірткі заттар және психотропты заттар келесі топтарға бөлінеді:

I. Медициналық мақсатта қолдануға тиым салынған есірткі заттардың және психоторпты заттардың тізімі (есірткі заттар – 71 атау, психотропты заттар – 37 атау).

II. Медициналық мақсатта қолданылатын және қатаң бақылауда болатын есірткі заттар мен психотропты заттардың тізімі (есірткі заттар – 57 атау, психотропты заттар – 63 атау).

III. Прекусрорлардың тізімі (есірткі және психотропты заттарды заңсыз дайындауда жиі қолданылатын химиялық және өсімдік текті заттар (23 атау).

ҚР бақылауға алынатын есірткі заттарды,

психотропты заттарды және прекурсорларды

медициналық мақсатта пайдалану Ережесіне қосымша

Формат А6

Арнайы рецептуралық бланк формасы

  РЕЦЕПТ № ______ Код _______________ Денсаулық сақтау ұйымының мөртабаны Рецепт жазылған күн «____»_________________200___ж. Науқастың аты-жөні, жасы___________ Мекен-жайы________________________ Бөлімше № ________________________ Науқастың медцииналық құжаты- ның № __________________________ Дәрігердің аты-жөні_________________ Rp.: Дәрігердің қолы және жеке мөрі М.О. Түзетуге болмайды Түбіршек денсаулық сақтау ұйымында қалады   Бланк нөмірі   РЕЦЕПТ № ______ Код _______________ Денсаулық сақтау ұйымының мөртабаны Рецепт жазылған күн «____»_________________200___ж. Науқастың аты-жөні, жасы___________ Мекен-жайы________________________ Бөлімше № ________________________ Науқастың медцииналық құжаты- ның № __________________________ Дәрігердің аты-жөні_________________ Rp.: Дәрігердің қолы және жеке мөрі М.О. Түзетуге болмайды     Бланк нөмірі

СИГНАТУРА

Дәріхана ұйымының аты  
Код   рецепт №   Жазылған күні  
Науқастың Ф.А.Ж.  
Rp.:  
   
               

Құрамында есірткі заттары, психотропты заттары және

прекурсорлары бар дәрілік заттарды бір рецепте жазу және босатудың

рұқсат етілген шекті нормалары

  Аты Өлшем бірілігі   Саны
Бупренорфин 0,2 мг, тіл астына салатын таблеткалар таблетка
Бупренорфин 0,6 мг, 1 мл ампула
Бупренорфин 0,3 мг, 1 мл ампула
Кодеин грамм 0,2
Құрамында кодеині бар жөтелге қарсы таблеткалар (кодтермопс, кодтерпин) таблетка
Морфин грамм 0,3
Омнопон грамм 0,1
Тримеперидин грамм 0,25
Просидол грамм 0,25
Этилморфин (дионин) грамм 0,2
Эфедрин гидрохлориді, псевдоэфедрин грамм 0,6
Натрия этаминалы грамм 1,0
Кестенің ІІІ Тізіміндегі психотропты заттар (барбитур қышқылы-ның туындыларының ұйықтататын препараттарынан басқа) ампула 50 көп емес 20 көп емес
Ұйықтататын препараттар – барбитур қышқылының туындылары таблетка 12 көп емес

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.

3. Закон РК от 07.07.06 № 170-III «Об охране здоровья граждан Республики Казахстан».

4. Закон РК от 13.01.04 № 522-II «О лекарственных средствах».

5. Приказ МЗ РК от 07.04.05 № 173 «Об утверждении Правил использования в медицинских целях наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан».

6. Постановление Правительства РК от 28.12.07 № 1341 «Об утверждении правил лицензиро-вания и квалификационных требований, предъявляемых к фармацевтической деятельности: производство, изготовление, оптовая и розничная реализация лекарственных средств».

7. Закон РК от 09.11.04 № 603-III «О техническом регулировании».

Қосымша:

1. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

Вариант 1

1. Фармацевтикалық ұйымдардың өзара әрекетінің нарықтық механизмдері.

2. Фармацевтикалық қызметпен айналысуға кімдердің құқысы бар?

3. Фармацевтикалық көмек жүйесінің айырмашылық белгілері.

Вариант 2

1. Фармацевтикалық қызмет түрлері және олардың түрлері.

2. Мамандығы бойынша 5 жылдан аса жұмыс істемеген фармацевтерді практикалық қызметке қандай жағдайларда жібереді?

3. Фармацевтикалық көмектің негізгі жүйешелері.

Вариант 3

1. Дәрілік заттардың айналымы.

2. Азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша ҚР ДСМ-нің құзырына қатысты мәселелер.

3. ПРофессор П.В. Лопатин ұсынған «Фармацевтикалық көмек» түсінігіне анықтама беріңдер.

Вариант 4

1. ҚР Конституциясының фармацевтикалық салаға қатысты негізгі қағидалары.

2. Халықаралық фармацевтикалық федерация декларациясына сәйкес «Фармацевтикалық көмек» түсінігіне анықтама беріңдер.

3. ҚР азаматтарының денсаулығын қорғаудың негізгі принциптері.

Вариант 5

1. «Азаматтардың днесаулығын қорғау» түсінігіне анықтама беріңдер.

2. Есірткі заттар және психотропты заттар қандай топтарға бөлінеді?

3. Фармацевтикалық көмек жүйесінің негізгі белгілері.

Вариант 6

1. Фармацевтикалық ұйымдардың өзара әрекетінің әкісмішілік механизмдері.

2. Құрамында психотропты заттары бар дәрілік заттарға жазылған рецептің жарамдылық мерзімі.

3. Фармацевтикалық көмек концепциясының қалыптасу көздері.

Вариант 7

1. «Фармацевтикалық көмек» түсінігіне анықтама беріңдер.

2. Құрамында есірткі заттары және психотропты заттары бар дәрілік заттарға рецепт жазған кезде қандай көресткіштер ескерілуі керек?

3. ҚР азаматтарының денсаулығын қорғаудың негізгі принциптері.

Вариант 8

1. Дәрілік заттардың айналымы.

2. Құрамында есірткі затары және психотропты заттары бар дәрілік заттарды тағайындау қандай құжаттарда көрсетіледі?

3. Фармацевтикалық көмек жүйесінің негізгі белгілері.

Вариант 9

1. Есірткі дәрілік заттарға рецепті тегін жазу тәртібі.

2. «Фармацевтикалық қызмет» түсінігіне анықтама беріңдер.

3. Фармацевтикалық нарық ортасының формальды емес институттары.

Вариант 10

1. Фармацевтикалық қызмет объектілері мен субъектілерін көрсетіңдер.

2. Арнайы рецептуралық бланкты есепке алу тәртібі.

3. Фармацевтикалық қызметті көрсетудің заңдылық-құқықтық кепіл негізін құрайтын формальды институттар.

ТАҚЫРЫП:ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫ. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ АЙНАЛЫМ СФЕРАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

МАҚСАТЫ: Студент міндетті

білуге:

· дәрілік заттардың айналымының құқықтық негіздерін регламенттейтін заңдарды;

орындай білуге:

· дәрілік заттардың айналым сферасында азаматтардың құқы мен міндеттерін регламенттейтін заңдарды дифференциялауды;

· дәріхана ассортиментіндегі тауарларды бөлшек саудада босататын кәсіпорындарды жіктеуді.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ

Жұптасып жұмыс істеу, тапсырмаларды орындау, сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды оқытушымен бірге талқылау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА

1 тапсырма. Фармацевтикалық қызметтің құқықтық және заңдылық негіздерін регламенттейтін негізгі заңдарды жазбаша көрсетіңдер.

2 тапсырма. Дәрілік заттарды соңғы тұтынушыларға бағытталған «тікелей жүріс (ход)» дәріханасының функциясын схема түрінде көрсетіңдер.

3 тапсырма. «Кері жүріс (ход)» дәріханасының функциясын схема түрінде көрсетіңіздер.

4 тапсырма. Дәріхана ассортиментіндегі тауарларды бөлшек саудада босататын кәсіпорындардың жіктелу белгілерін жазбаша көрсетіңдер.

5 тапсырма. «Дәріхана ұйымдарының қондырғылары, құрал-жабдықтары және эксплуатациясы» санитарлық нормалары мен ережелерінің негізгі бөлімдерін жазбаша көрсетіңдер».

6 тапсырма. Дәріхана бөлмелерінің құрамын (аттарын) жазбаша көрсетіңдер.

7 тапсырма. ҚР ДСМ 11.02.04 № 20 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы бөлшек саудада сату Ережелерін бекіту туралы» бұйрығының негізгі бөлімдерін схема түрінде көрсетіңдер.

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

ҚР 13.01.04 ж. «Дәрілік заттар туралы» Заңына сәйкес дәріхана ұйымдарына дәріхана ассортиментіндегі тауарларды бөлшек саудада босататын, дәрілік препараттарды дайындайтын және босататын кәсіпорындар жатады. Тауарқозғалысының логистикалық тізбегіндегі бөлшек сауда буынының көтерме сауда буынынан басты айырмашылығы тауарларды тікелей соңғы тұтынушыға сату болып табылады.

Дәріхана ұйымдарының қызметінің негізгі мақсаты екі басты нәтижеге жету болып табылады: маркетингтік (фармацевтикалық көмекті тұтынушылардың сұранысын барынша тиімді әдістермен қанағаттандыру) және экономикалық (қызмет рентабельділігін қолдау). Мақсатты жүзеге асыру бірқатар функцияларды орындаумен қамтамасыз етіледі, оларды шартты түрде «тікелей» және «кері» жүріс әрекеттерімен көрсетуге болады.

Соңғы тұтынушыға және ұйымның дамуына бағытталған «Тікелей жүріс» функцияларына келесілер жатады:

· логистикалық – тауар қорын басқару (жеткізу жиілігін, мөлшерін анықтау, қабылдау, сапасын қамтамасыз етуге кепіл беретін сақтауды ұйымдастыру);

· өтімдік – тауарлар мен қызмет түрлерін сату;

· өндірістік – рецептер және ЕАҰ талаптары бойынша экстемпоральды қалыптарды дайындау;

· ақпараттық-кеңес беретін;

· медициналық – қажет болған жағдайда алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсету;

· аналитикалық – шаруашылық-қаржы қызметін талдау;

· процестерді басқару – стратегиялық менеджмент: ассортимент, баға, жылжыту, таңдау, қою, персоналдарды оқыту тәсілдері және т.,б.;

· бақылау – дәріхана ұйымының жеке операциялық процедураларының сапасына бақылау жасау (қызмет көрсету, сұранысты қанағаттандыру, тапсырыстарды орындау және т.б.).

«Кері жүріс» функцияларына келесілер жатады:

· коммуникативтік – ұйымның сыртқы орта субъектілерімен өзара әрекетін қолдау (жабдықтаушылар, фармацевтикалық қызметті бақылау және қадағалау органдары, қоғамдық ұйымдар және т.б.);

· жүктерді тасымалдау және экспедициялау (дәріхана ұйымының көлігші болған жағдайда);

· ақпараттық және жарнамалық қызметтер.

1 кесте. Дәріхана ассортиментіндегі тауарларды бөлшек саудада босататын кәсіпорындардың жіктелуі

Жіктелу белгісі Бөлшек сауда кәсіпорындарының түрлері
Меншік формасы Жеке Мемлекеттік
Коммерциялық ұйым-дардың қызметінің ұйымдастыру-құ-қықтық формасы Шаруашылық қоғамдар (акционерлік, жауапкершілігі шектелген және қосымша жауапкершілігі бар) Шаруашылық серкітестіктер (толдық және коммандитті) Унитарлы кәсіпорындар (мемлекеттік)
Ұйымдастыру типі Дәріхана Дәріханалық пункт Дәріханалық дүкен
Қызмет көрсететін контингент Дәріханалық Ауруханалық Ауруханааралық
Тауарлық ассортимент сипаты Әмбебап Арнайы Профильді
Орналасқан жері Қалалық және ауылдық Іскерлік, сауда орталықтарында, тұрғын аудандарды және т.б. орналасқан
Өндірістік функциясының болуы Өндірістік Өндірістік емес
Жұмыс режимі Кәдімгі режим Кезекшілік Тәуліктік
Кооперация дәрежесі Дәріхана желілері Ассоциациялар

Тұрғындарға қызмет көрсететін дәріхана ұйымдарының қызмет стандарты

Дәріхана ұйымдары өз қызметін белгіленген тәртіпте фармацевтикалық қызметке берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

Тұрғындарға қызмет көрсететін дәріханаларға қойлыатын негізгі талаптар салалық стандартарда ССТ, № 3.01.078.2002 СанЕмН, ҚР ДСМ 10.05.99 № 238, 22.05.08 № 289 бұйрықтарында берілген, олар төмендегілерге талаптарды белгілейді:

· әртүрлі ұйымдастыру типтеріндегі дәріханалық кәсіпорындардың бөлмелерінің құрамы мен мөлшеріне;

· жұмыс орындарының жабдықталуына және құрал-жарақтарына;

· дәрілік препараттарды қабылдаудә және оларды сақтауды ұйымдастыруға;

· дәрілік препараттарды босатуға (сатуға);

· есепке алу және есеп беру тәртібіне;

· персоналға;

· қызмет сапасын қамтамасыз етуге.

Фармацевтикалық нарықтың бөлшек буынындағы тұрғындарға қызмет көрсететін дәріхананың функциялары спектрі өте үлкен. Мұндай дәріханалар жеке ғимаратта орналасуы мүмкін немесе ғимарат құрылымында болуы мүмкін. Дәріхана ұйымында ұйымның түрі - «Дәріхана»; ұйымдастыру-құқықтық формасы және меншік формасы; ұйымның фирмалық атауы; орналасқан жері; жұмыс режимі; мекен-жайы және телефондары көрсетілген көрсетілген тақтайшасы болуы керек.

Дәріханаға кіретін жерді жабдықтаған кезде тірек-қимыл аппараттары бұзылған адамдардың кіруіне ыңғайлы болу керектігін ескеру керек.

Дәріхана бөлмелерінің құрамы мен мөлшері жүргізілетін фармацевтикалық қызмет көлеміне және сипатына, есірткі және психотропты заттардың айналымына байланысты қызмет түрлеріне, сонымен бірге босатуға рұқсат етілген дәрілік препараттар мен басқа да тауарлардың сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоданыстағы нормативті актілерге сай болуы керек. Дайын дәрілік қалыптар дәріханасының бөлмелерінің құрамына өндірістік (сауда залы, тауарды қабылдау және бөлу бөлмесі, сақтау бөлмелері), әкімшілік-шаруашылық (жетекші мен бухгалтердің бөлек жұмыс орындары, шешінетін бөлме, персоналдарға арналған бөлме, мұражай), санитарлық-тұрмыстық (жинау құралдарын сақтауға арналған жер, шлюзі бар дәретхана) кіреді.

Бөлмелер техникалық, санитарлық, өртке қарсы және басқа лицензиялық талаптар мен шарттарға сай болуы керек, орталықтандырылған электр- және сумен қамтамасыз ету, жылыту жүйелері, канализациясы және сору вентиляциясы (қаладан жырақ орналасқан дәріханаларда автономды жылу сумен қамтамасыз ету жүйелері, канализациясы болуы мүмкін), тауарлық-материалды заттарды сақтаудың барлық шарттарын қамтамасыз ететін жарық-дыбысты және өртке қарсы дабыл болуы керек. Дәріхана ұймыдарындағы өндірістік бөлмелер дәріханалық жиһазбен, технологиялық, өлшегіш, бақылау-аналитикалық және дәріхана ұйымының функцияларын орындауға қажетті басқа да құрал-жабдықтармен жабдықталады.

Сауда залы дәріхана ассортиментіндегі тауарларды сақтауды және көрінуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін және де персоналдың жұмыс істеуіне ыңғайлы болатын сөрелермен жабдықталады.

Дәрілік препараттарды және басқа да тауарлық-материалды құндылықтарды сақтауға арналған бөлмелер сақталатын тауарлардың физикалық-химиялық, фармакологиялық, токсикологиялық қасиеттерін, сонымен бірге ҚР Мемлекеттік Фармакопеясы мен дәрілік заттардың сапа стандарттарының талаптарын ескере сақтауға мүмкіндік беретін арнайы құрал-жабдықтармен жарақталуы керек.

Дәріхана бөлмелерінде тиісті тазалық сақталуы керек.

Дәріхана ұйымдарындағы фармацевтикалық қызметтерде белгіленген тәртіпке сәйкес маман-фармацевтер болады. Дәріхана ұйымына маманның сертификаты бар және мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмайтын фармацевт жетекшілік жасайды.

Дәріхана ұйымының мамандары жеке гигиена ережелерін, арнайы киімді қолдану ережесін сақтауы керек. Санитарлық талапты қамтамасыз ету мақсатымен қызметкерлер медициналық тексеруден өтуі керек. Аурудың белгілері, ашық жаралары бар адамдар жұмысқа жіберілмейді.

Дәріхана ұйымындағы процестердің сапасын қамтамасыз ету үшін дәріханада сапаны басқару жүйесі қалыптасуы керек, оған ішкі еңбек тәртібінің ережелерін жасау, ішкі тексерулерді тұрақты жүргізу, қызметкерлердің кәсіби білімін үнемі жоғарылатып отыру және т.б. жатады.

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Дәріс конспектісі.

2. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

3. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.

4. Закон РК от 07.07.06 № 170-III «Об охране здоровья граждан Республики Казахстан».

5. Закон РК от 13.01.04 № 522-II «О лекарственных средствах».

6. Приказ МЗ РК от 11.02.04 № 20 «Об утверждении Правил розничной реализации лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники».

Қосымша:

1. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Вариант 1

1. Дәріханадан этил спиртін босату тәртібі.

2. Дәріхана ұйымының міндеттері.

Вариант 2

1. Сауда залында орналасатын ақпараттық материалдарды атаңдар.

2. Дәріхана ұйымының функциялары.

Вариант 3

1. Дәріханаға дәрілік заттарды қабылдау кезінде бақылау жүргізіледі …

2. Дәріхана ассортиментіндегі тауарларды бөлшек саудада босататын кәсіпорындардың жіктелуі.

Вариант 4

1. Дәріханада дәрілік заттарды сақтауды ұйымдастырудың жалпы принциптері.

2. Мемлекеттік және жеке дәріханалық ұйымдар, олардың қысқаша сипаттамасы.

Вариант 5

1. Сатылатын дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ететін ескерту іс-шаралары.

2. Дәріхана ассортиментіндегі тауарларды бөлшек саудада босатумен айналысатын шаруашылық қоғамдарға қысқаша сипаттама беріңдер (акционерлік, жауапкершілігі шектелген және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер).

Вариант 6

1. Пациенттерге берілетін ақпарат.

2. Дәріхана ассортиметіндегі тауарларды бөлшек саудада босататын кәсіпорындар - шаруашылық серіктестіктер (толық және коммандитті), унитарлы кәсіпорындар (мемлекеттік).

Вариант 7

1. Дәрілік заттардың заводтық бумасын бұзу арқылы сатуға қандай жағдайларда болады …

2. Дәріхана ассортиментіндегі тауарларды бөлшек саудада босататын кәсіпорындарды сипаттаңдар: дәріхана; дәріханалық пункт; дәріханалық дүкен.

Вариант 8

1. Дәрілік заттарды сатуға тиым салу тәртібі.

2. Тұрғындарға қызмет көрсететін дәріханаларға қойылатын негізгі талаптарды көрсетіңдер.

Вариант 9

1. Дәріхананың, дәріханалық пункттің, медтехника дүкенінің қызметін регламенттейтін нормативті құжаттарды көрсетіңдер.

2. Дәріхана бөлмелеріне және жабдықтарына қойлыатын талаптар.

Вариант 10

1. Сауда залында орналасатын дәріхана ұйымына келушілерге арналған ақпарат.

2. Бөлмелерді жинауға, дәріхана құрал-жабдықтарының күтіміне қойылатын талаптар.

Вариант 11

1. Дәріханадан дәрілік заттарды қандай құжат болған жағдайда сатуға болады?

2. Дәріхана ұйымдарында мамандар атқаратын фармацевтикалық қызметті көрсетіңдер.

Вариант 12

1. Дәрілік заттарды сатуды жүзеге асырудың негізгі принциптерін көрсетіңдер.

2. Дәріхана ұйымының персоналдарының жеке гигиенасына және тұрмыстық жағдайларына қойылатын талаптар.

ТАҚЫРЫП:ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ АЙНАЛЫМ СФЕРАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

МАҚСАТЫ: Студент міндетті

Наши рекомендации