Нормативтік талаптардың мақсаттары
Құрылыстық нормалардың мақсаттары - ғимараттар мен имараттар орынжайларында, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындар алаңдарының, теміржол жолдарының, қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің сыртқы жарықтандыруын, қолайлы табиғи, жасанды және аралас жарықтандыруды ұйымдастыру, нысандарды, жарықтандыру көздерін және қолданыстағы нысандардың технолгиялық жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2.1 Функционалдық талаптар
Мақсатқа жету үшін табиғи, жасанды және аралас жарықтандыру жүйелеріне
қойылатын функционалдық талаптарға мыналар жатқызылады:
- механикалық және өрт қауіпсіздігі, адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғау, тәуекелдер мен авариялардың пайда болуының алдын алу талаптарын сақтауды ескере отырып, табиғи, жасанды және аралас жарықтандыру нысандарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- әр түрлі табиғи және техногенді әсерлер мен құбылыстар кезінде ғимараттардың қажетті сақтандыру деңгейін қамтамасыз ету және қорғау;
- табиғи және жасанды жарықтандыру тиімділігін арттыру арқылы нысандардың
жеткілікті жарықтандырылуын қамтамасыз ету;
- нысандар құрылысын салу және пайдалану кезінде энергияны үнемдеуді,
жаңартылмайтын табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және шығынын қысқартуды ескере отырып, технологиялық жабдықтардың, аспаптар мен жарықтандыру құралдарының авариясыз жұмысын қамтамасыз ету.
2.2 Жұмыстық сипаттамаларға қойылатын талаптар
Жалпы талаптар
1 Адамдардың қызмет етуіне жеткілікті табиғи және жасанды жарықтандыру атқарылатын жұмыстардың жоғары сапалылығын, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, еңбек жағдайларын жақсартып өнімділігін арттырады, салдарынан, жұмыс жасаушылардың психологиялық күйіне әсер етеді.
Жұмыс орындарын жарықтандыру сапасы көру жағдайы мен бағаланады да мына жағдайлармен сипатталады:
- үнемі жарықтандырылумен;
- кереғарлықтың болмауы;
- бетті және қоршаған кеңістікті жарықтандырудың жеткілікті және біркелкі таралған жарықтықтың болуы;
- көзді шағылдырмау;
- жарық түсетін беттерде айқын және терең көлеңкелердің болмауы.
2 Кәсіпорындарда, кеңселерде, кабинеттерде, тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, өндірістік учаскелерде және басқа нысандарда оларды орналастыру қағидаты бойынша баолық жарықтандыру жүйелері табиғи, аралас және жасанды болып бөлінеді.
3 Табиғи жарықтандыру жарық беру ойықтары арқылы жүзеге асырылу керек, және бүйірлі, жоғарғы немесе қиыстырылған болуы мүмкін. Бүйірлі жарықтандырылу терезелер арқылы жүзеге асырылады. Жоғарғысы – әр түрлі пішінді және көлемді жарық шамдары арқылы, аражабындарда орналастырылатын иллюминаторлар арқылы. Қиыстырылған(аралас)- терезелер мен шамдар арқылы.
Қиыстырылған жарықтандыру табиғи жарығы жеткіліксіз орынжайларда қолданылады да жасанды жарық көздерімен толықтырылады.
Жасанды жарықтандыру табиғи жарықтандыру жеткіліксіз болғанда немесе тәуліктің қараңғы мезгілінде, сонымен бірге табиғи жарығы жоқ жерлерде орналастырылу керек.
4 Жұмыс орнындағы жарықтың жеткіліксіздігі адам денсаулығына кері әсерін тигізеді, шаршап-шалдығу ұлғаяды, еңбек өнімділігі төмендейді, жарақат алу жиілеп, ауырлығы көбейеді. Жақсы жарықтандырылған көшелерде жол-көліктік оқиғалар саны өзге де тең жағдайлардағы жарықтандырылмаған көшелермен салыстырғанда 30% -ға аз.
Жеткіліксіз жарықтандыру сығырлық пен пресбиопияның өршуіне түрткі болады, ағзаның қолайсыз құбылыстардың әсеріне төзімділігін төмендетеді.
5 Орынжайлардың жарықтандырылуының нормаланатын мәндері табиғи жарықтандырылу еселендіргішімен сипатталады (ТЖЕ), ол пайыз түрінде көрсетіледі де нормативтік құжаттарда ТЖЕ кез келген жарық көздері үшін жұмыс бетіндегі орташа жарықтандырылу үшін келтіріледі.жұмыс орындарының минимальды жарықтандырылуы нормаланатын жарықтандырылудан 10% артық төмен болмау керек.
6 Тұрғын, қоғамдық және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың орынжайларының жарықтандырылуына талап етілетін (ТЖЕ, нормаланатын жарықтық, цилиндрлі жарықтық, дискомфорттың біріктірілген көрсеткіші және жарықтандырылу толықсымасының еселендіргіші)нормаланатын еселендіргіштердің мәндерін нормативтерге сәйкес қабылдау керек.
7 Табиғи, жасанды және қиыстырылған жарықтандыруды жобалаған кезде, пайдалану барысында жарықтықтың төмендеуінің орнын толтыру үшін (компенсация) қор еселендіргішін енгізу керек Kз,.
8 Орынжайлардың инсоляциясы мен күннен қорғалуына қойылатын талаптар ұлттық санитарлық-гигиеналық нормаларға сай орындалады.